Материалдар / ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбегін оқырманға қысқаша баяндап, терең мағлұматтар берілді. Мақала қазақ тілінде оқырмандарға түсінікті түрде жеңіл жазылған. Жазушының өмірі мен шығармашылығы, педагогикалық еңбек жетістіктері туралы жызылған. Автор өзінің зерттеу жұмысында Ы.Алтынсариннің әдеби шығармаларының мазмұнына тоқталып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2022
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ



Куанышбаев Данияр Аманович

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы


АННОТАЦИЯ:


Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбегін оқырманға қысқаша баяндап, терең мағлұматтар берілді. Мақала қазақ тілінде оқырмандарға түсінікті түрде жеңіл жазылған. Жазушының өмірі мен шығармашылығы, педагогикалық еңбек жетістіктері туралы жызылған.

Автор өзінің зерттеу жұмысында Ы.Алтынсариннің әдеби шығармаларының мазмұнына тоқталып, қазіргі таңда жазушы шығарма тақырыптарының өміршеңдігін дәлелдеген.


ТҮЙІН СӨЗДЕР:


Ыбырай педагогика жолында сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын атақты ұстазға айналды.






























ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ


«Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».

Мұхтар Омарханұлы Әуезов


Қазақ балаларының ұлы ұстазы, жаңашыл - педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Аққарағай ауылында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин қазақ мектептерін ашушы, алғашқы қазақ оқулығының авторы. Ыбырай Алтынсариннің азан шақырып қойған есімі - Ибраһим.

Орыс шығыстанушысы Ф.Д.Соколов Ыбырай Алтынсарин туралы былай деп мәлімдеді: «Ол халық өмірінің барысын жіті қадағалап отырды және оны жете түсінді. Ол барлық күш - жігерін, барша мүмкіндіктерін халқына білім беру ісіне жұмсауды мақсат етті», - деп жазды. Өзінің мінез - құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш болатын және нұрлы ақыл, жылы жүрек, көп қырлы дарын иесі болды. Кеңес педагогикасының тарихында орыс емес халык тар педагогикасының тарихы әлі күнге өзінің лайықты орнын ала қойған жоқ. Ақиқатына жүгінсек орыс емес халықтар тарихында да артына өшпес бағалы мұра қалдырған кемеңгер педагогтар қатары баршылық.

Қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысындағы тамаша педагогы Ыбырай Алтынсарин де сондай кемеңгер адамдар санатына қосылады.

Балғын шағынан бастап-ақ бар күш жігерін, қажыр - қайратын туған халқына қызмет істеуге арнады . Сондықтан да көзінің тірісінде - ақ қазақтардың Алтынсаринді халықтың ақыл - ойы мен мұң - мүддесін жоқтайтын , рухы мен мұратын танытатын ұлттық қаһарман ретінде қабылдауына таң қалуға болмайды. Олардың бағалауынша Алтынсариннің қазақтарға сіңірген еңбегінің ұлылығы сонша, оны тек Россияға сіңірген Ломоносов еңбегімен ғана салыстыруға болады («Қазақ» деп кол қойылған «Оренбургский листоктағы » 1884 ж.)

Ыбарай әкесінен 3 жасында айырылған. Ол қыр еліне есімі мәлім атасы Балқожа бидің қолында өскен. Ыбырайдың отбасы өте бай емес, орташа ғана өмір сүрген. Ол 1883 жылы Қостанайға көшіп келіп, қаладан үш шақырым жерден үй салған. Өзінің қызықты әңгімесімен, қайырымдылығымен адамдарды тарта білген. Ыбырай үйде бешпет-камзол, жеңіл шапан киіп, басына тақия киген және қолынан домбырасын тастамаған, ән айтып, қазақ музыкасын жақсы көрді. Әкесі Алтынсары Балғожаның үлкен ұлы, өмірден ерте озды. Ұлы атасы Тастемір Абылай хан тұсында өмір сүрген. Кіші атасы Жаңбыршы-Балғожаның әкесі. Өз атасы Балғожа Жаңбыршы-білімді, әскери, шені бар, Орынбор шекарасы комиссиясында қызмет істеген. Анасы Аймен-Шектінің Арғын руынан, Абылай хан тұсындағы Жәнібек батырдың шөбересі. Әйелі Айғаныс үй жұмысын түгел мойнына алып, Ыбырай көп уақытын қызмет бабымен мектептерді аралаумен сыртта жүргенде, үй шаруашылығымен, бала тәрбиесімен айналысқан. Ыбырай мен Айғаныс үш ұл, бір қыз тәрбиелеген. Үлкен ұлы Хамитбекті ағасы Оспаннан асырап алған бірақ ол 5-6 жасқа келгенде қайтыс болды. Ұлы Абдулла-1881 жылы дүниеге келгенде ата-анасы той жасап, қазақша күрес өткізіп, бәйгеге ат шаптырған. Әбдірахман ұлы 1882 жылы туған. Қызы Шәрипа 1886 жылы өмірге келген. Әбдірахман мен Шәрипа кішкентай кезінде ауырып қайтыс болды.

Балқожа өзінің талантты немересі Ыбырайды 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан ашылған 7-жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға берді. Патша әкімшілігі бұл мектепті ашқанда болашақта жергілікті әкімдіктерді басқаратын шенеуніктер даярлап, солар арқылы өз саясатын жүзеге асыруды мақсат етті. Сондықтан да шәкірттерге отаршылыдық рухта тәрбие берілді. Бірақ жастайынан еркін өсіп, өз ойын ғана мансұқ тұтуды бойына дарытқан Ыбырай Алтынсарин оқу бағдарламасымен шектеліп қалмай, әлемдік әдебиет шығармаларына көңіл бөліп,У.Шекспир, И.В.Гете, Д.Н.Байрон, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лерментов, И.А.Крылов, Ә.Фирдоуси, Низами, Науаи және басқа да көптеген авторлардың кітаптарын ерекше оқыды. Жеті жыл оқу Орынбордағы орыс зиялыларынан тәлім-білім алу Ыбырай Алтынсариннің рухани өсуіне кең жол ашты. Ол 1857 жылы мектепті бітіріп, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). 1859 жылы 1 тамыздан бастап Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш (аудармашы) болып тағайындалады. Ыбырай Алтынсарин өз халқының шынайы мақсаттарын көздеп жанындай жақсы көрді. Мансап пен шен-шекпеннен гөрі өз халқының сауатын ашуды өмірлік мақсат еткен дарынды жас 1860 жылдан бастап педагогтік қызметке белсене кірісіп, халықтың ұстазына айналды. Қазақ халқының болашағына зор үмітпен қараған Ыбырай өзінің барлық күш-жігерін жаңаша оқытатын мектептер ашу, оқыту, оқулықтар жазу ісіне арнады. Өйткені ол кезде қазақ жерінде аздаған орысша оқытатын мектептер мен діни мектептер ғана бар болатын. Ал қазақ тілінде білім мектептері атымен жоқ еді. Сол жылы Алтынсаринге Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылды. Оның тікелей араласуымен жеті бастауыш мектеп, төрт-екі сыныпты училище мен мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай балаларға сабақты өте қызықты, түсінікті етіп беруге тырысып бақты. Нәтижесінде молдадан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырай оқытқан балалар небәрі үш айда оқи алатын және орысша, татарша жаза білетін болды. Ыбырай өзінің ағарту ісін іске асыру жолында екі бірдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі – қазақ даласында ислам дініне негізделген татарша оқыту болса, екіншісі патша үкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік-орыстандыру саясаты еді. Облыстық әкімшілік бұл мектептерді ашып, одан әрі ұстауға қаражат бөлмегендіктен Ыбырай ауыл-ауылды аралап, халық арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, мектептердің аса қажеттігін, қазақ балаларына білім беретін уақыттың әлдеқашан жеткеніне көздерін жеткізді. Сөйтіп, мектептер халықтан жиналған қаржыға салынды. Дегенмен, Ыбырайдың біраз уақыт балаларды өз үйінде оқытуына тура келді.

Сөйтіп, 1964 жылы өз арманына жетіп, қазақ балаларына арналған жаңа үлгідегі алғашқы мектепті ашты. Мектеп жанынан интернат салынды.Жаңа үлгідегі алғашқы мектепте өзі арнап ағартушы-педагог «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» және «Қазақ хрестоматиясы» деген кітаптар жазды. Бұл оқу құралы орыс әліпбиінің негізінде 1879 жылы жеке кітап болып басылды. Аталған кітаптарға ежелгі қазақ поэзиясының, ауыз әдебиетінің үлгілері Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.А.Крылов шығармалары, сондай-ақ Ы.Алтынсариннің өз өлеңдері мен әңгімелері енгізілді. Ыбырайдың бүкіл өміріне арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Мектеп тәртіп пен тазалықтан тұрды. Қырда қолдарына сабын тимейтін балалар күн сайын моншаға түсіп, жұмасына екі рет төсек орындарын ауыстырып тұрады. Қырда өскен қазақ балаларының өміріне бірден көндіге алмайтындығы дұрыс ескерілген болатын, олар жиі ауырып, кейде тіпті қайғылы қазаға ұшырайтын. Мектеп 8 жастан жоғары жастағы жатып оқитын 30 оқушыға есептелген. Оқу мерзімі 7 жыл. Мектепте орыс тілі, арифметика, геометрия, география, татар тілі, іс жүргізу, музыка, гимнастика пәндері оқытылды. Алтынсарин қызмет барысында орыс демократтарының ағартушылық идеялары мен сол замандағы жетекші педагогтар - Я.А.Коменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Ясная Полянада шаруа балаларына арнап мектептер ашқан Толстойдың озық әдістемелерін зерттеу тиімді пайдалана білді. Алтынсарин пәндерді оқытудың үздік әдістемелерін зерттеу мақсатымен Санкт-Петербург, Қазан, Мәскеу қалаларында болды.

1884 жылы Ыбырай Алтынсариннің басшылығымен Қостанайда екі сыныптық орыс-қазақ училищесі ашылды. Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше көңіл бөліп, қолөнер және ауылшаруашылық училещелерін ашу үшін күш жігер жұмсады.1896 жылға қарай бұл оқу орындарында 211 қыз соның ішінде 70 қазақ қызы білім алды. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің бастауымен Қазақстанда орталық училещелер ашылды. Училищилерге мұғалімдер мен оқушыларды тарту жұмыстарыменде айналысты.

Алтынсарин балаларға саналы білім ғана беріп қойған жоқ, саналы тәрбиеде берді. Ол мектептің тәрбие жұмысына баса назар аударды. Балалар жүрегіне өз халқына деген махаббат нұрын құйып, елге шексіз беріле қызмет етуге баулыды. Мұғалімдік тәжірбиесі молыққан, мектебінің материалдық, ұйымдық құрылымы нығайған соңғы жылдарында Алтынсариннің оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері әлдеқайда жоғары болды.

Алтынсарин жасаған «Қырғыз хрестоматиясы» тарихи-мәдениеттік тұрғыдан және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылады. Сонымен қатар, Ұлы Октябрь социалистік ревалюциясына дейінгі дәуірде бұл хрестоматия ана тілінде жазылған балалар әдебиетінің бірден-бір үлгісі болғандығын да айта кету керек. Алтынсарин өзінің хрестоматиясын жасағанда сол кездегі орыс тілінде шыққан оқу кітаптарының барлық таңдаулыларын зор педагогтік шеберлікпен теріп алып, жас балалардың тілегін неғұрлым толық қанағаттандыруға, олардың саналылығын өзінің тәрбие беру жөніндегі мақсаттарына сай етіп жүргізуге тырысады.Кітаптың тағы бір ерекшелігі бар. Алтынсарин өзінің ана тілінде кітаптарын жасағанда әдебиеттік ана тілінің өмірге бейімді екенін, оның дамуға праволы екенін дәлелдеп отырады, сөйтіп сол заманда кең өріс алған арханизмдік араб жазуының үстемдігіне қарсы шығып отырады. Алтынсарин өзінің хрестоматиясын және мұғалімдер үшін методикалық оқу құралын жасағанда, әрине, жарты ғасыр өткеннен кейін, совет құрылысы тұсында қайта туған қазақ халқы оның өз еңбегін мәдениетке қосылған үлкен бағалы үлес ретінде ардақтайтынын, жете бағалайтынын, Алтынсариннің есімін ғалым, жазушы және аса көрнекті педагог ретінде дәріптейтінін білген жоқ. Алтынсариннің ағартушылық идеалары негізінен қазақ халқаның экономикалық және мәдениеттік мешеулігін жоюға бағытталған. Ол қазақ халқының цивилизациялы халықтардың қатарына жеткізуді арман етті. Алтынсариннің пікірінше, бұл мақсатқа жету үшін патриархалдық, рушылдық құрылысты негізінен өзгерту қажет болды. Ол білім алу құр мақсат емес, әлеуметтік ортаны өзгерту күресіне жастарды белсенділікпен қатыстырудың негізгі жолы деп біліді. Алтынсариннің көзқарастарында кемшіліктерде бар. Ол артта қалушылықтың, аяусыз қанаушылықтың себептерін дұрыс әшкерелей отырып, мұндай зұлымдықтан тек жастарды тәрбиелеу жолымен ғана құтылуға болады деп санады. Ауылдағы ескі дәстүрді, соқыр сенімді, мәдениетсіздікті, реакцияшыл күштерді жеңу өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ісі, оның игілікті міндеті деп есептеді. Алтынсарин мектептің білім беру жөніндегі міндетін өмір талаптарынан, бұқара халықтың талаптарынан шығарып белгілейді. Оның пікірінше, мектеп өмірге жанасымды нақтылы білім беріп, ақыл-ойдың өсуін, баланың саналылық жағынан жетілуін қамтамасыз етуге тиісті. Мектепте берілетін білім мен тәжірибені Алтынсарин формальдық білім беру жағынан емес, өмірге жанысымды, халыққа нақтылы пайда келтіру жағынан бағалады. Осы мақсатпен ол мектептерге керекті оқу пәндерін іріктеп, таңдап, қалай оқыту керек және не үшін оқыту керек деген сұрақ қойып, педагогикалық талдау жасайды. Ол ынталы педагог болғандықтан өзінің барлық бастаған жұмысында орыстың халықтық мектебінің тәжірибесін зерттей келіп, мектеп жұмысын одан сайын өркендету мүмкіншілігін белгілейді. Алтынсарин көзқарастарының жалпы тұрғысын алғанда, оның шыншылдық ғылыми идеалары, ғылымға бас иетіндегі айқын көрінеді.

«Шәкірттердің саналылығына барынша әсер етіп, олардың кейін парақор болып кетпеуі үшін бар күшіммен тырысудамын, - деп жазады Алтынсарин, - мен үнемі еліме пайдалы адам болу үшін әрекет етіп келдім, ал, қазір осы мақсатқа жеткен сияқты болғанымды сезген сайын өзіме үлкен бір жұбаныш тапқандаймын». Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдардағы педагогикалық жұмыстарының нәтижелеріне осылай қуанып, қанағаттанады. Алтынсарин қазақ мектептеріне керекті мұғалімнің маңызы және оны даярлау туралы мәселеге ерекше көңіл бөлген. Алтынсариннің мұғалімдерге арнап жазған көп хаттары оның мұғалімдердің тілегі мен мұқтажына ерекше қамқорлық жасап, көңіл қоятындығын көрсетеді. Өз пікірінше, педагогикалық жұмыста барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде.

Алтынсариннің пікірінше , педагогикалық жұмыста барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін та буында, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жол ға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа тұрпаттағы мектеп оқушыларды қызықтырып , оларды мәдениетке , еңбекке және ой жұмысына үйретуге тиіс , олардың білімге және орыс тілін білуге ынтасын мейлінше арттыруға тиіс . Алтынсарин мұғалімдерден методикалық шеберлікті талап етеді, тәжірибе сабақтары және түсіндіріп оқу сияқты тәсілдері мен әдістерді қолдануды талап етеді.

Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитті (әліппені) тұңғыш рет қолданды. Балаларға ана тілін оқытуда Алтынсарин Л.Н.Толстойдың методикалық көзқарасын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің даярлық сатысында ұзақ уақыт кідіруді қажет деп санамады

Педагогика бұл-адам ғылымының ең байырғы және қоғам дмуының ажырамас бір бөлшегі. Алтынсарин өз кезеңiнiң алдыңғы қатарлы педагоги калык идеясының жактасы болды. Педагогикалық Онын көзқарасы ушинский , Корф , Толстой , Водовозов , Бунаков сиякты орыс педагогтардан нәр алып жатты . Алтынсарин ұйымдастырған оқу орындары сапасы жағынан сол кезеңдегі озық орыс оқу орындарымен иық теңестіре алатын . Мектеп ісінде Алтынсарин бірінші кезекке мұғалімді койды . Ол жөнінде өзi былай дейді : « Халық мектебі үшін басты тұлға - мұғалім , ең тамаша деген педагогикалык басшылык , ең жомарт деген мемлекеттік жарлық та , тыңғылықты педагогикалық бақылау да онымен теңесе алмайды >> . Білім беру ісі жаңа жанданып келе жатқан қазақ да ласы үшін оның пікірінше , мұғалімнің маңызы ерекше жоғары , сондықтан да ол « жақсы мұғалімді дүниедегінің барлығынан жоғары бағалаймын » деген еді .

Ол өз мұғалімдерінің мәдени деңгейін көтеруге де тырысып отырды. Оларға арнап кітаптар сатыпалып отырды және оларды қалай оқу жөнiнде жазбаша кеңес те беретін. Олар көп жағдайда үлкен ғалым, педагогтардың еңбегі (мысалы, Реклю, Коменский және т. б. шығармалары) болып келетін. Мектептерде Алтынсариннің бастамасымен кітапханалар ұйымдастырылды. Ол өз мұғалімдерінің рухани өсуін жіті қадағалап, әрқашан көмектесіп отырды.

Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер:

1) 1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп.

2) 1884 жылы Ыбырай Алтынсарин құрған Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі.

3) Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1888 жылы Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орысқырғыз училищелерінің жақсы бітірген жастары алынды.

4) Торғайдағы қолөнер училищиесінің оқушылары (Яковлев).

5) Обағандағы болыстық мектеп.

6) Қазақ қыздар училищелері.

Қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған дербес оқу құралды жасай отырып, Алтынсарин «кітап» бойынша қалай болса солай үйретуді – оқу кітабы бойынша жаттауы керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету оның пікірінше, дұрыс сөйлей білуді, керекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу сабақтарынан құралуға тиіс.Алтынсариннің методикалық системасында орыс тілі сабағын түсіндіру үшін пайдалану – ана тілін оқыту болып табылмайды. Ана тілінде ауызекі және жазба түрде жаттығуды, хрестоматиядан материалдвр оқуды ол өз бетімен істейтін жұмыс ретінде кіргізуді, бірақ орыс тілі сабағына қосымша құрал еткен жоқ. Оның жүйесіндегі аударма әдісі сөйлеудің алғашқы даму сатысында ғана үлкен орын алады. Алтынсариннің ағартушылық қызметі жылдарында өте қауіпті іс еді, өіткені қазақ мектептерінің практикасына Алтынсарин енгізген дәл сол аталған кітаптарды патшаның оқу әкімшілігі «қауіпті» , «бүлікші» деп танып, бұл кітаптардың авторларын барынша қуғынға ұшыратқан болатын.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде Қостанай қаласынан үш шақырым жердегі көл жағасында салдырған ағаш үйінде ауырып өмірден өтті. Өлерінің алдында өзіне тиесілі жерлерді Қостанай қаласындағы ауыл шаруашылық училищесінің меншігіне беруді тапсырды. Ұлт ұстазының жасы бұл кезде небәрі 48-де еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, Ыбырай Алтынсарин қазақ тарихындағы педагогика саласында өзінің өщпес ізін таңбалап қалдырды. Өз жылдарында елеулі еңбектерінің арқасында қазақ балаларының сауатын ашуға өз үлесін қосуға бірден – бір себепкер ұлы тұлға болды.


































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Әнуар Дербісәлин: Ыбырай Алтынсарин// 2005. 38-40 б.

  2. Көркем суретті Қазақстан тарихы ІІІ том //Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2007. 160-162 б.

  3. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Сыдықов: Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары// Алматы, 2002 211-226б.

  4. Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. Құрастырушы: А.М.Сарбаева// Көкшетау, 110-112 б.

  5. Ы.Алтынсарин – ұстаз. Құрастырушы: Ә.Ламашов// 226-228б.

  6. Қазақ хрестоматиясы. Ы.Алтынсарин// Алматы, 2003. 156-159б.

  7. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы және қызметі. Б.Сүлейменов// 2006, 30-51б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!