Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұлтжанды тәрбие беру-ең маңызды шара "баяндама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Қайыңды негізгі орта мектебі
Жобаның тақырыбы: «Ұлтжанды тәрбие беру-ең маңызды шара»
Жобаның авторы: Мухаева Гульнара Ақылбековна
Бағыты: Әртүрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы
Лауазымы: география пәні мұғалімі
Жұмыс орны: Қайыңды негізгі орта мектебі
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы облысы,
Күршім ауданы, Қайыңды ауылы,Береговая көшесі №4
Жұмыс орнының телефоны: 8 (71232) 24398
Ұялы телефоны:87777495586
Электрондық пошта Mukhaeva18g @mail.ru
Аңдау хат
-
Мухаева Гульнара Ақылбековна
-
Білімі: арнайы орта
-
Педагогикалық стаж: 19ж
-
Жұмыс орны: Мектеп көшесі. №2 М. Қайыңды негізгі орта мектебі
«Ұлтжанды тәрбие беру-ең маңызды шара» тақырыбындағы жоспарымда Елбасының Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.Көзқарасым мен шешімдерімді заманауи талаптарға сай жоба құрдым.
Мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Ұлтжанды тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын
айқындау;
2.Ұлтжанды тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру;
3.Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ
бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыру
4.Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін
айқындау;
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы , Қайыңды негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі Мухаева Гульнара Ақылбековна
«Ұлтжанды тәрбие беру – ең маңызды шара»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» «Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, тәрбиелеу» делінген.
Бүгінгі өркениетке бет бұрған кезде қоғамда қабілетті, қазіргі заманға бейімді, өз күшіне сенімді, сезімі ұшқыр, ой қызметімен айналысатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу – ең өзекті мәселе болып отыр. Бүкіл қазақ халқына, әсіресе, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ел болашағының негізі екенін ескерсек, болашақта жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, қажеттілігі туындайды.
Білімнің қоғам мен адам дамуында айқындаушы рөлі басым. Бұл білімсіз, тәрбиесіз қоғамның алға жылжуы мүмкін еместігін көрсетеді. Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Айналадағы таңсық нәрселерді, құбылыстарды білгісі келіп тұратын кезінде балаға түрлі тәрбие бере білу керек.
Республикамызда ұлттық тәрбие беруде олардың мақсаттары мен міндеттері айқын белгіленген. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуде бүгінгі педагогтар мен ата-аналар алдында тұрған зор міндеттердің бірі.
Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Ұлтжанды тәрбие, ең алдымен, ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Отанды, туған елді, жерді, туған тілді сүюді бала бойына терең сіңіре білу керек. Туған тілін сүймеген, оны құрметтемеген, қадірлемеген адам өз елінің патриоты бола алмайды. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, оны құрметтеуге әрбір азамат міндетті.
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтының мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
«Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, жол - жорасы» деген қазақтың асқақ ойлы жазушысы Мағжан Жұмабаев. Демек, әдебиетін, тарихын, мәдениетін білген, оны барынша сақтай алған адам өз ұлтының патриоты бола алары сөзсіз.
«Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан – жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек» - деп, атап өтті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында.
Ұлт болу үшін, елдігіңді сақтау үшін, жеріңе мәңгі өзің ие болып қалу үшін, тіліңді, дініңді, мәдениетіңді сақтап қалу үшін ел жастарына жан – жақты тәрбие берілуі керек. Себебі ұлт болашағы жастар, яғни болашақ тізгінін ұстайтындар бүгінгі өскелең ұрпақ. Сондықтан дұрыс тәрбиемен сусындаған, адал, шыншыл, ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың басты парызымыз болмағы ләзім.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата – бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы – сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлеңдері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Тәуелсіздік туы желбіреген егемен еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу барысында олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңірсек, осы жолда ата – бабамыздың салт – дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұтымды болары даусыз.
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен – өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдыретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”-деген.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді.
Елбасы 2050 стратегиясында: «2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің бабаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс», - деп мақсат қойған. Осы мақсаттарға жету үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы маңызды мәселелерді қарастыруымыз керек.
Ұлтжандылықты қалыптастырудағы бірнеше деңгейлер бар, соның ішінен ең негізгілері:
-
Отбасы;
-
Балабақша;
-
Мектеп;
Балабақша белесіндегі патриоттық тәрбие туралы қарастырайық. Бөбек отбасы және қоғам тарапынан екі жақты ықпалда болады:
-
Отбасы тарапынан: ол ата – ананың Қазақстан туралы мәліметтер беруі. Ұлттық ертегілер, дастандар, батырлар жырларын айту арқылы, ұлттық кейіпкерлермен танысу, оларға еліктеу, соның нәтижесінде Отанға деген сүйіспеншілік, Отанды қорғау сезімдері қалыптасады.
-
Қоғам тарапынан: мемлекеттік рәміздерді насихаттау барысында, мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауды санасына тоқу.
Қазақстандық мультфильмдерді көрсету. Себебі, кішкентай жасынан отандық мультфильмдерді көрген бөбек, ұлттық құндылықтарды жанына сіңіреді.
Ұлттық телеарналардан ,мысалы, «Балапан» телеарнасын қарастырсақ, оны көрген қазіргі балабақша жасындағы балалар – әдемі, қазақи сөздерді қолданып сөйлейді. Ол да мемлекеттік тілді дамытудағы бір жетістік.
Келесі мектеп белесіндегі патриоттық тәрбие:
-
Отбасы тарапынан: ата – ананың Қазақстан туралы қосымша мәліметтер беруі. Сонымен қатар, қазақстандық патриоттыққа толы фильмдер көрсету. Қазіргі таңда Қазақстанда бетке ұстар тарихи сипаттағы патриоттық сезімді оятатын екі көркем фильм бар, олар «Көшпенділер» және «Жау жүрек мың бала». Бала құр сөзден гөрі, фильмдер арқылы айтылған мәселені тезірек қабылдайды.
-
Қоғам тарапынанан: гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру
Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, ұстаздың мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар.
Қорытынды
-
Ұлтжанды тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын
айқындалды;
-
Ұлтжандытәрбие берудің педагогикалық негізін қарастырылды;
-
Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ
бойындағы ұлтжандылықты қалыптастырылды;
-
Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін
айқындалды;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына отаншылдық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, отаншылдық тәрбие ұғымдарына, ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Ұлтжанды тәрбие”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді. Тұлғаның бойындағы ұлтжандылық -Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын, халықтар арасындағы достықты нығайтатын, Отанды қорғауға, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот азамат тұрғысынан қарастырылады.
2. Тұлғаның бойында отаншылдық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері және патриоттық құндылықтар жүйесі, жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмi) тұрғыда қарастырылғанда патриот тұлғаны қалыптастыруға болады. бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.
Ұлтжанды тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады.
Оқушыларға ұлтжанды тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн Қазақстан, алыс және жақын шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасай отырып, тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазіргі қоғамның әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленді.
Сонымен, қорыта айтарым, Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі тиіс. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да на даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.
Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істерді атқарған жөн.
Мектеп оқушыларын ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.
Қазіргі таңда қоғам үздіксіз
дамып отырған шақта ақыл - ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары,
ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын
артып отыр. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, ерекше
ізгі қасиеттермен қатар Отансүйгіштіктің де керемет үлгілерін
көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып
отыруымыздың өзі ата - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.
Отансүйгіштік сезімді, білім мен біліктілікті, дағды мен
шеберлікті, адамгершілік қадір - қасиеттерді қалыптастыру үлкен
қажеттілік. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады.
Сондықтан ұстаздың алдында жас ұрпақты адал, шыншыл, сергек, өмірге
құштар, көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса
алатын, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын,
еркін ойлау қабілеті бар, мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие,
рухани жан дүниесі бай, жаны, ары таза азамат тәрбиелеу міндеті
тұр.
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Қайыңды негізгі орта мектебі
Жоба тақырыбы:
«Ұлтжанды тәрбие беру -
ең маңызды шара»
орындаған: Мухаева Г.А.