Материалдар / Зерттеушілік іс-әрекеттегі әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерттеушілік іс-әрекеттегі әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих, қазақ тілі, география, өлкетану мұғалімдері үшін құнды дүние
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
253
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шын білім – ақиқат, анық білім

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген Әл-Фараби бабамыздың сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. Иә, заманалар озған сайын ғылым жаңалығы өнікті енуде.

Қазақстан-даму жолындағы мемлекет. Оған қазір жеке кәсіпкерлікті дамыту керек-ақ. Елімізде толып жатқан кәсіпкерлер кәсібін шама келгенше дамыту үстінде. Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбің тіршілікті ойламауы қажет. Шын білім – ақиқат, анық білім. Расында, білім мен ғылым жолында алтын уақытын құрбан еткен ұлы ғалымдардың даралығы мен дарындылығы – жаңа нәрсені аша білу мен дәлелдей алуларында деп білеміз. Мысалы, осы ғасырдағы компьютер, медицина саласындағы ауру белгілерін анықтайтын түрлі аппараттар, соңғы жетілген ұялы телефондар, соңғы маркалы машиналар, робаттар - соның дәлелі.


Қазіргі таңда жаңартылған білім бағдарламасы енгізіліп сабақ әртүрлі форматта жаңа әдіс-тәсілдермен өтіліп жатыр. Осындай сәтте әрбір ұстаз өзінің оқып білген білімі бойынша жұмыстар жүргізіп өз қабілеттерін жан-жақты ашып жатыр деп ойлаймын.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. 

Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыздағы әлеуметтік жағдай күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші, бұрынғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе - білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.

Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс- тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ. Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог  қалыптастырады.

Жаңартылған Бағдарлама жаңашыл ой тудырды. Бала бақшадан бастап, мектепке дейінгі бағдарламада да ірі өзгерістер бар. Оның барлығы адамды дамыту жолында істелген саналы әрекеттер деп ұққан жөн. Айти бағдарламасын игеру –болашақ мамандықтардың бастауы. Қазіргі қазақ баласына компьютердің құлағында ойнайтын заман туды. Қашықтан оқытуда елімізде, соның ішінде, мұғалімдерге, бірқатар қиындықтар туды, ұстаздар қауымы ол қиындықтарды бірте-бірте еңсеріп кетеді деген ойдамыз. Қазақтың талай дарынды балалары өз елін көркейтіп, жаңалықтар ашады деп сендіруге болады. Шын білім ғана ақиқатты тудырады, ал анық білім-жаңалық. Ел ертеңі-жастар.

Дүйсенбаева Жанбибі Сенбайқызы, Ниязбаева Диана


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!