Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 4 материал
Эссе жазу стратегиясы (вариатив)
450 ₸
Ауданбаева Арна
450 ₸
05 Қараша 2024
80
0
Эссе жазу стратегиясы бойынша вариатив сабақ
Қазақ тілі
Басқа
Барлық сыныптар
Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы
700 ₸
Кабакова Жайна Алипбаевна
700 ₸
21 Тамыз 2024
133
0
Ұстаз - ұлт тәрбиесімен тікелей айналысатын тұлға. Ұстаздың ұлылығы бойындағы ізгі қасиетінде һәм баланы адамзат үшін қараңғы түнек секілді көрінер өмір жолдарында үнемі жарық берер қасиет - адамгершілікке баули білуінде. Адамға өмір сыйлаған ата-анасы болса, сол өмірді ең жақсы түрде сүруге жол көрсететін дара тұлға ұстаз. Қазақ халқының ұстазға деген құрметі ықылым заманнан бергі келе жатқанын даналардың сөзінен көре аламыз. Аты түркі халықтарының арасында мәлім болған Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» - деген сөзі де, осыған айқын дәлел бола алады. Қазақ халқында ұстаздық жолды қалыптастырған, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, сын заманында қазақ балаларын көштен қалдырмай, білім ордаларын ашуға үлес қосқан Жәңгір хан, Абай, Ыбырай, Ахмет сияқты ірі тұлғаларымыз бар. Осынау дара тұлғалардың сара жолын жалғап жүрген қазіргі таңдағы бірегей ұстаздарымыз да аз емес.
Завучтарға
Мақала
Басқа
Құпияға толы Қараман ата қорымы
Минкан Нұрсәуле Ақылбекқызы
23 Мамыр 2024
136
0
Құпияға толы Қараман ата қорымы Қазіргі таңда Маңғыстау – ежелгі өркениетиеттің мәдени ошағы екенідігін білгенімізбен олардың тарихи деректерімен таныс емеспіз. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде он бір мың тарихи ескерткіш анықталған. Маңғыстау ашық аспан астындағы мұражай, ерекше діни ғимараттар мен мешіттер өлкесі. Сондай киелі орындардың бірі- талайларды таңғалдырып келе жатқан Қараман ата жерасты мешітінің тарихына тереңірек тоқталсақ. Қараман ата кесенесі Шетпеден отыз бес км жерде, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу жерде, Қандыбас қыстағының батысында бес км жерде орналасқан. Қараман Ата жерасты мешіті үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Қараман ата мешіті жазық тегіс даладағы жер астындағы қалың бор қабатын ойып салған.
Қазақстан тарихы
Мақала
Барлық сыныптар
Мағжан үміті-жастар
250 ₸
Ормуханова Ұлжан Оразғалиқызы
250 ₸
25 Қазан 2023
235
0
Кіріспе Халқымыздың даналық рухы мен биік болмысын тану жолында қазақ ойының дамуына ерекше үлес қосқан ойшыл тұлға, Мағжан Жұмабаевтың философиялық дүниетанымын зерттеу бүгінгі күннің өзекті мəселесі болып қала бермек. Қазақтың қандай ойшылын алып қарасақ та, олардың шығармашылығы белгілі бір тарихи кезеңмен байланысты, қоғамдық қарама-қайшылықтардың негізінде қалыптасқандығын көруге болады. Мағжан Жұмабаевтың философиялық дүниетанымы мен шығармашылығы XIX ғасырдың екінші жартысындағы жəне XX ғасыр басындағы замана қайшылығымен, халқымыздың тарихымен тығыз байланысты. Оның үстіне поэзия мен терең ойлылықты бір-бірімен тамаша ұштастырған, соның өзара кірігуі нəтижесінде ерекше шығармашылыққа қол жеткізген ақынның ойлау машығы мен сөз саптау əлемі қазақ халқының ұлттық философиясында ерекше орын алады. Мағжан Жұмабаевтың дүниетанымы Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық ілімдері мен поэзиясын өз бойында жинақтап жəне сол ілімдердің негізінде қалыптасып, жаңа жол – адам іліміне қар
Қазақ әдебиеті
Мақала
11 сынып