Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз - ұлт тәрбиесімен тікелей айналысатын тұлға. Ұстаздың ұлылығы бойындағы ізгі қасиетінде һәм баланы адамзат үшін қараңғы түнек секілді көрінер өмір жолдарында үнемі жарық берер қасиет - адамгершілікке баули білуінде. Адамға өмір сыйлаған ата-анасы болса, сол өмірді ең жақсы түрде сүруге жол көрсететін дара тұлға ұстаз. Қазақ халқының ұстазға деген құрметі ықылым заманнан бергі келе жатқанын даналардың сөзінен көре аламыз. Аты түркі халықтарының арасында мәлім болған Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» - деген сөзі де, осыған айқын дәлел бола алады. Қазақ халқында ұстаздық жолды қалыптастырған, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, сын заманында қазақ балаларын көштен қалдырмай, білім ордаларын ашуға үлес қосқан Жәңгір хан, Абай, Ыбырай, Ахмет сияқты ірі тұлғаларымыз бар. Осынау дара тұлғалардың сара жолын жалғап жүрген қазіргі таңдағы бірегей ұстаздарымыз да аз емес.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Ұстаз - ұлт тәрбиесімен тікелей айналысатын тұлға. Ұстаздың ұлылығы бойындағы ізгі қасиетінде һәм баланы адамзат үшін қараңғы түнек секілді көрінер өмір жолдарында үнемі жарық берер қасиет - адамгершілікке баули білуінде. Адамға өмір сыйлаған ата-анасы болса, сол өмірді ең жақсы түрде сүруге жол көрсететін дара тұлға ұстаз. Қазақ халқының ұстазға деген құрметі ықылым заманнан бергі келе жатқанын даналардың сөзінен көре аламыз. Аты түркі халықтарының арасында мәлім болған Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» - деген сөзі де, осыған айқын дәлел бола алады. Қазақ халқында ұстаздық жолды қалыптастырған, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, сын заманында қазақ балаларын көштен қалдырмай, білім ордаларын ашуға үлес қосқан Жәңгір хан, Абай, Ыбырай, Ахмет сияқты ірі тұлғаларымыз бар. Осынау дара тұлғалардың сара жолын жалғап жүрген қазіргі таңдағы бірегей ұстаздарымыз да аз емес. Аты көпке мәлім болмаса да, еліміздің әр түкпірінде адалдықтың символы болып жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың міндеті. Ойы озық, бәсекеге қабілетті оқушы дайындау ХХІ ғасырдың талабы екенін бәріміз білеміз. Дегенмен, ұлтттық рухани құндылықтар мен мәдени құндылықтарды ескілік демей, санамызға сіңген салт-дәстүрді дұрыс, парасатты түрде қолдануға баулу қажет. Ұстаз қаншалықты жаңашыл болуы керек десек, соншалық тарихты да ұмытпағаны жөн. Баланың бойына тарих толқынындағы қазақ халқының басынан өткен сын заманын оқыта отырып, еліміздің мәдени тарихын терең қозғап, баланың жүрегін Отанға деген махаббатпен сәулелендіре алады.

Ұлы ұстаз болу үшін, ережелер мен қағидаттар көп шығар, бірақ ең әуелі жақсы ұстаз әр баланы кемшілігімен қоса жақсы көре алуы қажет. Қоғамдағы халық пайдасына еңбек етер, көздерінде от ойнаған, азаматтық - патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың Отанға деген адалдығының символы болады. Осы орайда, қазақ жазушысы Мәлік Ғабдулиннің ұстаздықтың ерекшелігі жайлы мына бір нақылсөзін ескере кетсек, “Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді”. Демек, мұғалім бала үшін ерен еңбек етіп, мәңгілік мәртебеге ие болғысы келсе, алдымен өз жайын дұрыстамақ қажет. Артына өшпес із қалдырған, өмірі үзілгенімен келер ұрпаққа мол мұра қалдырған ұлт ұстазы Ахметтің, Міржақыптай арыстардың ізін жаласақ қана бүгінгінің ұлы ұстазы боларымыз анық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.08.2024
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі