
Абижанова Айдана Солдатбекқызы
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
Материал тақырыбы: Мен санап үйренемін. Сандар құпиясы. Бұл мектепалды сыныптарда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыпатастыру пәні бойынша өтілетін ашық сабақ презентациясы. Қосымша көрнекіліктерді пайдалана отырып сабақ барысында презентация арқылы сабақ жүргізу заман талабы. Сонымен бірге жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты жүргізудің жаңа мазмұнды бағыты бойынша бұл өте тиімді және оқушыға берері мол. Түрлі анимация арқылы бала өткен білімді тереңірек меңгеріп, жаңа мәліметпен таныс болады. Мектепалды сыныптардың жетекшілеріне таптырмас құрал бола алады деп есептеймін.
Бастауыш сынып
Презентация
Мектепке дейінгі балалар
Жариялап отырған материал даярлық тобында өткізетін тәрбие сағатының жоспары. Бұл жоспарға сәйке іс-шара мектепалды сыныптарда денсаулық күніне орай өткізілетін ашық тәрбие сағаты негізінде өтіледі. Мұнда адамға пайдалы әдеттер мен зиянды әдеттер екіге бөлініп қарастырылады. Сонымен қатар, иә және жоқ деген сұрақ-жауап арқылы берілген мәлімет пысықталады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұстану мақсатында бұл тәрбие жұмысының маңызы зор деп есептеймін.
Бастауыш сынып
Тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі балалар
Бұл материал даярлық тобы оқушыларының математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні бойынша ашық сабақ жоспары. Даярлық тобының жетекшілеріне, жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынамын. Мұнда сандарды қайталау ретінде өтілген білімді тереңдетіп, өз бетімен санай білуге үйретеді. Осындай заттарды санай білу, артық-кемін анықтай, кейінгі - соңғысын білу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, орыс тілінде және ағылшынша санай білуін жетілдіреді. Қайталау сабағы ретінде оқушыға үйретері мол.
Математика
Ашық сабақ
Мектепке дейінгі балалар
Бұл тәрбие сағаты даярлық сыныбының мұғалімдеріне арналған. "Кім жылдам?" интеллектуалды ойыны деген тақырыпта мектепалды сыныптарда қосымша ой сергіту жұмыстары үшін және ойын арқылы баланың ой-өрісін дамытатын құрал болып табылады. Өзім еңбек жолын жаңа бастаған жас маман болғандықтан бұл жұмыстың әсіресе жас мамандарға көмегі тиер деген ойдамын.
Тәрбиенің 8 бағытының бірі зияткерлік және ақпараттық мәдениет тәрбиесін жетілдіретін, оқушының жұрт алдында сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейтуге септігін тигізетін материал болатынына сенемін
Мектепалды даярлық
Тәрбие сағаты
Мектепке дейінгі балалар
Сайтқа алғаш жариялап отырған сабақ жоспарым даярлық тобының мұғалімдеріне арналады. Тақырыбы: "Вв дыбысы мен әрпі". Даярлық тобының сауат ашу негіздері пәнінде күнтізбелік жоспарға сай өткізілетін тақырып болып табылады. Мұнда жаңа сабақты игертуге арналған элементтердің бірнеше түрі кездеседі. Пәнаралық байланыс та орын алған. Сонымен қатар, сергіту сәті тиімді түрде іске асырылады. Даярлық тобы оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұнда уақыт мөлшері де талапқа сай жасалған. Жаңа сабақтан меңгерген білімдеріне сай күтілетін нәтижені де аңғара аламыз.
Қорыта айтқанда бұл сабақ жоспары даярлық тобы мұғалімдеріне сауат ашу пәнінде пайдаланатын көмекші құралы, сабақ өткізуге қажетті жоспары бола алады деген сенімдемін.
Мектепалды даярлық
Сабақ жоспары
Мектепке дейінгі балалар