Жаңа сабақ Вв дыбысы мен әрпі даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа сабақ Вв дыбысы мен әрпі даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайтқа алғаш жариялап отырған сабақ жоспарым даярлық тобының мұғалімдеріне арналады. Тақырыбы: "Вв дыбысы мен әрпі". Даярлық тобының сауат ашу негіздері пәнінде күнтізбелік жоспарға сай өткізілетін тақырып болып табылады. Мұнда жаңа сабақты игертуге арналған элементтердің бірнеше түрі кездеседі. Пәнаралық байланыс та орын алған. Сонымен қатар, сергіту сәті тиімді түрде іске асырылады. Даярлық тобы оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұнда уақыт мөлшері де талапқа сай жасалған. Жаңа сабақтан меңгерген білімдеріне сай күтілетін нәтижені де аңғара аламыз. Қорыта айтқанда бұл сабақ жоспары даярлық тобы мұғалімдеріне сауат ашу пәнінде пайдаланатын көмекші құралы, сабақ өткізуге қажетті жоспары бола алады деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО.,Үржар ауданы, Егінсу ауылы «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп- бақша» КММ»

Даярлық тобының жетекшісі: Абижанова Айдана Солдатбековна

Сынып: мектепалды даярлық тобы

Пән: Сауат ашу негіздері Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

«Дәрумендер. Вв дыбысы мен әрпі »

Оқу мақсаттары:

0.1.3.1 өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу. Вв дыбысы мен әріпімен таныстыру.

0.2.1.1. сөйлемді оқу.

0.3.1.1. жазу бетін бағдарлау. Жазу жазып, жол аралық кеңістікті ажырату. Көркем дәптерге кең сызықтар , әріп элементтерін жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Тақырып аясында диалогке қатысады.

Вв дыбысын ажырату

Сөз,буын,сөйлем оқиды.

Жол аралық кеңістікті бағдарлап әріп элементтерін жазады.

Көптеген оқушылар:Сурет бойынша сөйлем құрастырады.Жұмбақ оқиды.

Кейбір оқушылар:Сызбамен сөйлем құрайды.Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып аясында диалогке қатысады.

Вв дыбысын ажыратады.

Сөз,буын,сөйлем оқиды.

Жол аралық кеңістікті бағдарлап әріп элементтерін жазады.

Тілдік мақсаты:

Тәрбиеленушілер: дыбысты ажыратады,буын оқиды, әріп элементтерін жазады. Шығармашылық жұмыс жасайды.

Негізгі терминдер:Әріп, дыбыс, сөйлем,

диалогті сұрақ.

Ұ.О.Қ тапсырмасы диалогі:

Автобус сөзінің ортасында қандай дыбыс естіледі?

Құндылықтарды дарыту:

Ағзаға керекті дәрумендер туралы айта отырып, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау;

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

дәрумендерге бай екенін айту;

Топтық, жұптық жұмыстар жасай отырып

ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыс:

Жұмбақ оқи отырып көркем әдебиетпен байланыстыру, шығармашылық жұмыс арқылы таным, жануарлар туралы айта отырып жаратылыстанумен ұштастыру.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Басы

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Тәрбиелі баламыз

Шынығып бір аламыз!

  • Балалар көңіл-күйлерің қалай?

(бас бармақ әдісімен көрсетеді)

  • Бүгін сабақта

Вв әріпімен танысамыз. Вв дыбысы туралы мағлұмат айтамыз, дәптерімізге жаңа әріпті жазып үйренемі . Жұмбақ шешеміз,ойындар ойнаймыз.

- Сендер сабақ соңында бірнеше сұрактарға жауап берулерің керек. Мұқият тыңдаңдар, келістік пе?!

- Балалар дауысты дыбысты қандай түспен белгілелейміз?

-Қандай көліктерді білесіңдер?





музыка

Ортасы

Балалар, жұмбақты шешіп көріңдерші.

1.1.Тыңдаймын.велосипед

1.2.Қайталап айт.

2.Айтамын.Ойланамын.

а.Велосипед жақынан көрдіңбе?

ә.Ол қандай болады ? суреттеп берші.

б.Велосипед сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

- Қалай ойлайсың? В дыбысы қай үйге

кіреді? Неліктен?

Әрбір тапсырмадан кейін бағалап отырамын.

3.1.Әріптермен танысамын.

Ереже: арқамызды тік ұстаймыз. Партада түзу отырамыз. Дәптерді көлбеу қойып, қалам ұстап жаза бастаймыз.

4.Оқып үйренемін.

а.Буындарды оқу;

ә.Сөйлем оқу;

Сергіту сәті

Қоян,қоян тұршы,

Беті- қолды жушы.

Айналаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

5.Ойнаймын.Ойлаймын.

Атауында в дыбысы кездесетін суреттерді тап: трамвай, велосипед, автобус


Оқулық суреттер

Диск

Сергіту сәті

Соңы

Рефлекция:

  • Балалар, нені үйрендіңдер?

  • Не түсініксіз болды?

Дыбыстық талдау жасау, буын оқу, сөйлем оқу қажет

  • Не қызықты болды?

Велосипед туралы жұмбақты есімізге түсірейікші.

Кері байланыс: сатымен бағалау

Суреттер

Интерактивті тақта



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі