Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы
Мерзімі:
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Кім жылдам?» интеллектуалдық ойыны
Тәрбие сағатының
мақсаты
Білімділік: «Кім жылдам?» интеллектуалды
ойын арқылы сауат ашу негіздері, сөйлеуді дамыту т.с.с пәндерден
алған білімдерін бақылау;
Дамытушылық:
Сөздік қорын байыту, ой-өрісін
және тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау ,
дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізуге баулу,
қарсыласын сыйлауға тәрбиелеу, жұрт алдында сөйлеуге және өзін –
өзі дұрыс ұстауға дағдыландыру. Зияткерлік және ақпараттық мәдениет
тәрбиесін жетілдіру
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу,
ойын
Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер,
жұлдызшалар, бағалау таяқшалары, бағалау парақшасы, қиынды
суреттер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер, мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылып отырған «Кім жылдам?» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойын шартын түсіндіріп өтейін. Ойынға сыныптағы барлық оқушы қатысады. Оқушылар қызыл және жасыл түсті жұлдызшаларды таңдай отыра екі топқа, яғни қызыл түс таңдағандар «Алғыр» тобына және жасыл түс таңдағандар «Тапқыр» тобына бөлінеді. Топқа бөлінген оқушылар топ атауына сәйкес орындарына жайғасады. Ойын төрт бөлімнен тұрады:
1) «Ұшқыр ой» (берілген әріптерге сөз ойлау қажет)
2) «101 жұмбақ» (жұмбақтарды шешіп, суреттерін табулары керек.)
3) «Озық болсаң, шауып көр» (әр топқа бес-бестен сұрақтар қойылады, шапшаң жауап берулері керек.)
4) «Біз дайындаған сыйлықтар» (қиынды суреттер арқылы коллаж жасау)
- Ойынымыздың ерекшелігі сайыс соңында оқушыларға арналған сыйлықтар болады. Сондықтан, барлығымыз күш салып, өз білімімізді жеткілікті дәрежеде көрсете білейік. Ойын шарты түсінікті ме?!
Әділқазылар алқасына ұпай санын жазуға бағалау парақшалары және ұпай санын көрсететін бағалау таяқшалары беріледі.
Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылармен таныс болайық:
1. Мектеп директоры - Житибаев Қызырқан Оралханұлы
2. Мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі - Мырзабекова Жұлдыз Тоқтауқызы
3. Мектеп әдіскері - Қойлышова Айкүміс Құрманқұлқызы
II. Негізгі бөлімі.
Ал, ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік, не білдік,
Соны ортаға тастайық.
1-бөлім: Алғашқы бөлімді бастаймыз. Екі топқа екі-екіден әртүрлі әріптер беріледі, сайыскерлер жылдамдық танытып берілген әріптерді қатыстырып сөз ойлап табулары керек. Ендеше, сәттілік!
(«Алғыр» : А,Ш әріптері) («Тапқыр» тобына Т,Қ әріптері)
2-бөлім: Балалар, бұл кезеңде бізге орыс тілі мен ағылшын тілінде меңгерген білімдеріміз көмекке келеді. Себебі, «101 жұмбақ» бөлімінде ойыншыларға жұмбақтар жасырылады шешуін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтулары керек. Ойын шарты түсінікті болса, онда бастаймыз!
1. Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады (аю – медведь
- bear)
2. Өзі айлакер, өзі бір
қу,
Жүрген жері айқайда-шу. (түлкі – лиса
- fox)
3. Ұйқысынан тұрғанда,
Аяқтарын созады.
Тықыр шықса тышқаннан,
Делебесі қозады.
(мысық – кошка -
cat)
4.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Сәбізді тамақ қылып,
Күртілдеп жұтады. (қоян –
заяц -
hare)
5. Адамға серік,
Күзетке берік. (ит – собака
-
dog)
6. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой –
баран -
sheep)
7. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе –
верблюд -
camel)
8. Жеміс-жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (аю –
медведь -
bear )
- Балалар, ойыннан шаршаған сиятысыңдар. Ендеше, барлығымыз сергіту жаттығуларын жасайық.
Сергіту сәті орындалады. Интерактивті тақтадан «Көңілді паровоздар» биі көрсетіледі. Оқушылар бірге жаттығулар жасайды.
Енді келесі бөлімге көшеміз. 3-бөлім: «Озық болсаң, шауып көр» деп аталады. Мұнде сендерге берілген сұрақтарға мүдірмей шапшаң жауап беру талап етіледі.
Бөлім сұрақтары:
1) Елбасымыз
кім? (Н.Ә
Назарбаев)
2) Қазақстан Республикасының рәміздерін
ата? (Ту, Елтаңба,
Әнұран)
3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
(2- ге бөлінеді: дауысты
және дауыссыз)
4) Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата, ерекшеліктерін есіңе
түсір. (Қыс мезгілі, Желтоқсан,
қаңтар, ақпан. Ерекшеліктері: қар жауады, аяз болады, боран соғады
т.б)
5) Нан туралы тақпақ
білесіңдер ме?
Нана қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып, қастарлеп,
Торғайларға
тастаңдар!
6) Қандай ертегілерді білесің?
(«Мақта қыз бен мысық»,
«Бауырсақ», «Ер Төстік», «Алдар көсе»
т.с.с)
7) Төрт түлік малды төлдерімен
ата? (Жылқының төлі – құлын,
Түйенің төлі – бота, қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ,
сиырдың төлі - бұзау)
8) Жабайы жануарларды
ата? (Аю, арыстан, түлкі, қасқыр
т.б.)
9) Бағдаршамда қанша көз
болады? (3 көз: қызыл, жасыл,
сары)
10) Бір жылда неше мезгіл болады? (4 мезгіл: жаз, күз, қыс, көктем)
Соңғы 4-бөлім: «Біз дайындаған сыйлықтар» деп аталады. Мұнда берілген суреттердің қиындыларынан мазмұнды суреттер құрау керек, яғни белгілі бір жануар, адам немесе зат бейнесі шығу қажет. Екі – екіден 4 сурет қиындылары берілген. Мұнда жауаптың дұрыстығы және жұмыстың жылдам орындалуы ескеріледі.
III. Қортынды:
-
Құрметті балалар, ойынға белсенді қатысқандарыңа ризамын. Бүгінгі зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әділқазылар алқасы есімдері аталып, ортаға шақырылады. Олар сайыс қорытындысын айтып, балаларға диплом табыстап, алғыс білдіреді.Әділқазылар мүшесі барлық оқушыларға ынталандыру мақсатында сыйлықтар таратады.
-
«Кім жылдам?» интеллектуалды ойыны қызықты өтті деп есептеймін. Баршаларыңызға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайысқа барынша әділ баға берген әділқазылар мүшесіне ризашылығымызды білдіреміз.
-
Балалар, белсенділік танытып қатысқандарыңа рахмет! Әрқашан тек үлгілі де, тәртіпті оқушы болыңдар. Әлі талай жарыстарда сыналып, жеңіске жететіндеріңе сенемін.
-
Осымен, сайысымыз мәресіне жетті, кездескенше аман болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Кім жылдам?" интеллектуалды ойыны мектепалды даярлық сыныбы

шағым қалдыра аласыз