Тақырыбы: Денсаулық - зор байлықТәрбие сағатының мақсатыБілімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Зиянды әдеттерден аулақ болуға үйретуӘдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, «Иә-жоқ» диалогтік сұрақтарыКөрнекіліктер: тақырыпқа сәйкес пайдалы және зиянды әдеттер бойынша суреттер, пайдалы және зиянды тағамдардың суреттері, плакатСабақтың барысы:.I. Ұйымдастыру кезеңіАдамның денсаулығы – қоғам байлығы. Денсаулық әр адам үшін қымбат. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Денсаулық - зор байлық» деп аталады.II. Негізгі бөлім Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау болуы керек.Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?Әрине, денсаулық. Ал денсаулық дегеніміз не? (Осы орайда, балалар өз ойларын айтады)Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.Денсаулық - дұрыс тамақтану.Денсаулық - тәулігіне 8 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.Денсаулық - тазалық сақтау. Себебі, «Тазалық – денсаулық кепілі.»Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек?Күтілетін жауап: Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?Күтілетін жауап: тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі. Ал адамға зиянды әдеттерді білесіңдер ме?Күтілетін жауап: шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық т.с.с.Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(Әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)Балалар, келесі кезекте берілген сұрақтардың дұрыстығына байланысты иә немесе жоқ деп жауап беріңдер.«Иә-жоқ» диалогтік сұрақтары:1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын жақсылап жуып алу керек пе? Иә2. Тамақтану алдында және тамақтанғаннан кейін қолды жуу керек пе? Иә3. Ішімдік ішу дұрыс па? Жоқ4. Шылым шегу зиянды әдетке жата ма? Иә5. Тазалық сақтамай жүру дұрыс па? Жоқ6. Ден шынықтырумен айналысу керек пе? Иә7. Таза ауада серуендеу дұрыс па? Иә8. Көп ұйықтаған зиян ба? Иә Қорытынды. (Тәрбие сағатын қорытындылап, барлығына смайликтер таратамын)1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?2. Пайдалы және зиянды әдеттерді ата?Деніміз сау болсын десеңдер, жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.Баршамыздың әрқашанда деніміз сау болсын. Спортпен дос болайық. Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің гүлденуіне үлес қосайық, балалар!