
Шыныбаева Жазира Абеухановна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 6 материал
Мектепке дейінгі білім беру кезеңіндегі өзекті міндеттердің бірі балалардың тіл кемістігін түзету үдерісінің тиімділігін арттыру болып табылады. Тілі толық дамымаған балалардың сөздік қоры аз болады, сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыра білмейді, дыбыстарды дұрыс айтпайды. Оған қоса, олардың көпшілігіне сөзге дұрыс назар аудармаушылық, қисынды ойлаудың жетіспеушілігі тән. Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге баулу кезінде мнемотехника тәсілдері тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Сондықтан мнемотехника тәсілдерін біздің балабақша педагогтары Т.А. Ткаченко, Е.А. Иванова, В.П. Глухов, Л.Н.Ефименкова сияқты авторлардың еңбектеріне сүйене отырып қолданады.
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
Мектепке дейінгі жастағы этномәдени тәрбиенің мақсаты-балаларды өз халқының мәдениетімен таныстыру; ұлттық сананы дамыту; әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріне мейірімді қарым-қатынасты тәрбиелеу; басқа мәдени ұлттық құндылықтарды білуге және қабылдауға тұрақты қызығушылықты дамыту, этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін этномәдени құзыреттілік – дамып келе жатқан сипаттама. Баланың саналы қабылдауға, өзара әрекеттесуге, полиэтникалық шындықтағы ынтымақтастыққа толық дайындығы туралы айтудың қажеті жоқ. Көп жағдайда этномәдени құзыреттілік балаларда өздерінің ұлттық мәдениеті, полимәдени ортаның ерекшелігі, көрінетін сезімдер мен қатынастардың сипаты туралы идеялардың болуымен байланысты. Этномәдени құзыреттіліктің үш негізгі компонентін қарастырамыз.
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
1. Мейірімділік, шыдамдылық, ізденімпаздық; 2. Балалардың мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау; 3. Өз мамандығымды сүю және мақтан тұту.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттеерін дамыту қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса өз үлесімді қосып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
Ұрпақты тәрбиелеу, азаматты өсіру, білім беру ұстаздардың бірден бір қызметі болғандықтан, бұл ретте, мектеп ұстаздарымен қатар балабақша тәрбиешілеріне де артылар жүк қомақты. Әсіресе, мектеп бағдарламасын игерген тәрбиелеу талабын орындауда Рухани жаңғырудың басымдықтарын тиімді пайдаланудың артықшылықтары көп. Соның ішінде, балабақшада бүлдіршіндеріне үш тілділікті игертудің жауапкершілігін түсініп, олардың дүниетанымы мен зердесін кеңейтуге көңіл бөлінеді.
Қазіргі замандағы үштілділік негіздері әрине балабақшада қаланады, яғни балалар балабақша табалдырығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үйреніп, бекітілген бағдарламаларға сай жас ерекшеліктеріне сәйкес сөздермен танысады. Яғни, тіл мамандары балалардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ерекеше дыбыстарының айтылуын, сөздерді, шағын сөз тіркестерін және сөздің грамматикалық құрылымын дұрыс үйренуге машықтайды. Осыған орай қалалық қазақ тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобы құрастырған мектепке дейінгі балаларды үш тілге үйрет
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шандыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар