Материалдар / «ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шандыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ»

Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шандыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың арттыру қажет. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісіндегі төстіктің атына «Ер» сөзінің қосылып айтылуының өзі оның ер-жүрек, батыр екендігін көрсетеді.

Ертегі арқылы айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.

Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді, адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді.

Қазақ ертегілерінің алғашқы зерттеулері Диваев Әбубәкір есіміммен байланысты. «Дибаев ұстанған ғылыми бағыттың ерекшелігі: ол қазақтың ертегілерін этнографиялық материал ретінде танып, ұлттық әдет ғұрыптарды, ұлттық мінез, халықтың дүниеге көзқарасын анықтауды ниет етеді. Өзі жинаған ертегілердің көбісін «этнографиялық материалдар» деген атпен жарыққа шығарып жүруі де ертегілерге қазақтың әдет-ғұрыптарымен мол анықтамалар беруі де – соның нәтижесі еді» деп жазады Тұрсынов Едіге «Қазақ фольклористикасы» кітабында.

Балаланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмұнының мәніне ой жүгіртеді, өз түсінгенінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі мәтініне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, құлығына, қарым-қатынасына өз бағасын береді, басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.

Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың бейнелі ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы, «Арыстан мен түлкі», «Түлкі мен тырна», «Түлкі, тасбақа, кене», «Түлкі мен бөдене» сияқты ертегілерде қулық, аңқаулық, «Күшік пен мысық», «Түлкі, қойшы, аю», «Есірік торғай» ертегілерінде мақтаншақтық, бөспелік айтылса, «Қайырымды қоян», «Қарлығаш пен дәуіт» ертегілерінде қайырымдылық, достық дәріптеледі. Қазақ халқында өз ұрпағын «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін», балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілер көп.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!