Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 6 материал
Қазақстанның географиялық атауларын зерттеу
1500 ₸
1500 ₸
21 Қараша 2024
86
0
Қуандық Жасминнің «Қазақстанның географиялық атауларын зерттеу» деген тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысында Қазақстанның жеріндегі жер-су аттарының зерттелу тарихына, оларды топтау, топонимдерінің қалыптасу кезеңдеріне шолу жасай отырып, республика аумағындағы бүгінгі күнге дейін өзгертілген жер-су, елді мекен атауларын жұртшылыққа кеңінен таныстару мақсатында қысқаша қызғылықты әңгімелер мен өзгертілу себебі туралы мағлұмат беріп отыр. Бұл игі іс болашақта да жалғасын таппақ
География
Ғылыми жұмыстар
7 сынып
Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу жолдары
1500 ₸
1500 ₸
21 Қараша 2024
84
0
Жұқпалы аурулармен күресу шаралары жоспарлы және кешенді түрде жүзеге асырылған жағдайда ғана, яғни жүйелі түрде жүргізілген жағдайда ғана қысқа мерзімде тиімді және сенімді нәтиже бере алады. Анда-санда емес, алдын ала жасалған жоспар бойынша. Біздің күйзеліс және ластанған орта әлемінде әртүрлі аурулар, тіпті пандемиялар пайда болуда
Жаратылыстану
Ғылыми жұмыстар
4 сынып
Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту жолдары және мәтінмен жұмыс
21 Тамыз 2024
245
2
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөздік қор мен мәтінмен жұмыс мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі мәтін туралы білім негізін беру мектеп бағдарламасында қарала бастады.. Яғни, мәтіннің кейбір мәселелері өз шешімін тапқан сияқты.
Әйтсе де, мәтін синтаксисіндегі оның құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері туралы мәліметтер қазақ тіл білімінде әлі де маңызды мәселе болып табылатындықтан, әдістемелік жұмыс өзекті де проблемалы тақырыпқа арналған деп айта аламын.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
3 сынып
Оқушылардың оқылым сауаттылығын арттыру
21 Тамыз 2024
202
3
Әдістемеліктің көкейкестілігі. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқында өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр. Білім мемлекеттің интеллектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты рөл атқаратыны белгілі. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері ең алдымен, олардың білім жүйесімен, адамзаттарының білім деңгейімен анықталады
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
3 сынып
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
13 Тамыз 2024
187
1
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім – бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін белгілі табыстар және нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Директорға
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Көркем еңбек сабағында зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы
09 Тамыз 2024
191
0
Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл әдістемелік құралда көркем еңбек сабағында оқушыларды қазіргі заман талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері және зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы туралы нұсқаулықтар берілген. Сондықтан оқушылардың шығармашылық, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылып осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап әзірленді.
Технология
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар