Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстанның географиялық атауларын зерттеу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аннотация
Қуандық Жасминнің «Қазақстанның географиялық атауларын зерттеу» деген тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысында Қазақстанның жеріндегі жер-су аттарының зерттелу тарихына, оларды топтау, топонимдерінің қалыптасу кезеңдеріне шолу жасай отырып, республика аумағындағы бүгінгі күнге дейін өзгертілген жер-су, елді мекен атауларын жұртшылыққа кеңінен таныстару мақсатында қысқаша қызғылықты әңгімелер мен өзгертілу себебі туралы мағлұмат беріп отыр. Бұл игі іс болашақта да жалғасын таппақ.
Аннотация
В научно-исследовательской работе Куандык Жасмина на тему «Изучение географических названий Казахстана» предлагается авторская позиция по вопросам истории изучения географических названий на территории Казахстана6 сбора и обработки имеющихся материалов в области топонимики, а также периодизации появления топонимов. С целью ознакомления читателей с историей и причинами переименования некоторых географических названий на территории Казахстана дается интересная и познавательная информация. Работа в данном направлении будет продолжена.
Annotation
In scientifically – on a theme “Studying of place names of Kazakhstan” the author`s position on questions of history of studying of place names in territory of Kazakhstan, gathering and processing of available materials in the field of toponymics , and also a periodization of occurrence toponymics is offered to research work of Kuandyk Zhasmin.For the purpose of acquaintance of readers with history and the reasons of renaming of some place names in territory of Kazakhstan the interesting and informative information is given. Workinthegivendirectionwillbecontinued.
Мазмұны
I. Кіріспе .................................................................................................... 4
ІІ. Негізгі бөлім
-
Қазақстанның жер-су аттарының зерттелу тарихы .......................... 5
-
Географиялық атауларды топтау (классификациялау)...................... 9
-
Луговой ауылының географиялық атауының шығу тарихы ......... 15
ІІІ . Эксперименттік бөлім................................................................... 18
IV. Қорытынды ...................................................................................... 19
V.Пайдаланған әдебиеттер..................................................................... 20
Кіріспе
Мектепте география, биология,
тарих т.б. сабақтарда географиялық атаулар барлық тақырыптарында
күнбе-күн кездесіп отыратыны белгілі. Географиялық атауларды
білу-картаны оқып білудің негізі.
Өкінішке орай, қазіргі таңда бұл мәселе дұрыс жолға қойылды деп
айту қиын. Көпшілік жағдайда географиялық атауларды құрғақ
жаттаумен шектеледі. Бұл жаттату білім бола алмайды. Осы жаттаған
атауларды тез ұмытып немесе шатастырып
аламыз.
Ал, Қазақстан топономикасы жөнінде бізді ғылыми зерттеу жұмысына баулу, олардың әрқайсысын өзі туған ауылы мен ауданның географиялық жер атауларының тарихымен, яғни о бастағы байырғы елді мекен атауларының әртүрлі кезеңдерде орын алған саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқа атаулармен ауыстырудың нақтылы себептерін танып біле алатындай, оларды өзінше талдап, пікір жүргізе алатын дәрежеге көтеру керек. Әуел бастан қалыптасқан тарихи елді мекен атауларының өзгеру, бөгде атпен өзгеру, мүлде жойылып өшіп кету немесе сырттан зорлықпенендірілген бөтен тілдегі атаулармен алмастыру процестеріндегі басты себептер, негізінен әр кезеңде жүргізілген отаршылдық саясатпен тікелей байланыста жататын әлеуметтік құбылыс екенін оқушыға шыншылдықпен, нақтылы деректі айғақтармен ашып көрсетудің танымдық мәні ерекше.
Географиялық атауларда халықтың тарихы және тарихи география жөнінде қыруар бай материал, құнды деректер сақталған. Олар жер астында тұнып жатқан қазба байлық немесе археологтарға сирек кездесетін құнды көне заттар іспеттес. Демек, оның қойнауында замандар бойы сақталған, талай ғасырдың куәсі болған сол-тарихи атаулар бар. Сондықтан да халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан атаулар тіл арқылы өткен тарихымыз жайлы көп мәлімет аларымыз сөзсіз.
Бұл күнде әрбір тілдің сөздік қорындағы географиялық атауларды ғылыми жүйеде зерттеуге үлкен мән беріліп отыр. Кезінде қазақтың жер-су атауы жөнінде халқымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов: «Біздің қазақ-жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда қандай бір өлкеге барсаңда жер-су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде ханшама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»-деп өте орынды айтқан.
Әрбір мекен-жай, халық, қала атаулары белгілі-бір халықтың тарихына қатысты болғанын ондағы жер-су атаулары мұра болып танылады.
Осы жер-су атаулары арқылы сол жерде өмір сүрген халық, тайпа, ру туралы мағлұмат аламыз. Қазақ даласындағы елді-мекен атауларының ұзына-бойғы тұрқына назар аударсақ, біздің ата жұртымыздың өткендегі қанды тарихында, басқыншылық, отаршылдық жорықтардың, саяси-идеологиялық мақсаттағы саясаттардың түрлі қатпарлы іздері жатыр. Халқымызда «Жердің аты- тарихтың хаты» деген аталы сөз бар. Атамекен атаулары атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына, тарихи жәдігер.
Ғылыми жұмысты жазу барысында А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Ә.Мурзаев, Ә.Бірмағамбетов, Т.Жанұзақов, Е.Керімбаев, т.б. еңбектері басшылыққа алынды.
Алға қойған мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттерді шешу:
а) Қазақстан жеріндегі топонимдердің шығу, пайда болу, даму жолдарын талдау;
ә) топонимдерді топтарға жіктеу;
б) Қазақстан жер-су аттарын шолу;
в)Луговой ауылының географиялық атауының шығу тарихын қарастыру;
Ғылыми жұмыс кіріспе мен негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Ғылыми жұмысты жазу үшін монографиялық еңбектер, ғылыми мақалалар, мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалармен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясына жиналған «хабарлармен» қатар, Қазақстанның масштабы 1:2 500 000 болатын физикалық картасы, саяси- әкімшілік карталары, Қазақстан Республикасының 2 томдық атласы пайдаланылды.
Қазақстанның жер-су аттарының зерттелу тарихы
Жер бетінің бедеріне ат қою адамзат қоғамымен бірге туып, ежелден келе жатыр. Жер-су аттары немесе географиялық атаулар арнаулы ғылыми әдебиетке топонимдер деп аталатыны белгілі. Ал географиялық атаулардың шығу тегін, қалыптасу заңдылығын, мағынасын, грамматикалық құрылымын география мен тіл біліміне ортақ ғылым саласы- топонимика зерттейді. Топономика гректің «topos» - жер, орын, «онома»-атау, есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдер); тау, сай-сала, қарат, жоталар, асулар, орман, тоғай, жайлау (оронимдерді); елді-мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді.
Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі мемлекеттерінің ішінде 9-шы орын алады, яғни ұлан-байтақ Қазақстан жерінде миллиондаған жер-су аттары бар. Сол жер-су аттары қашан және қалай пайда болған?
Мыңдаған өзендерге, көлдерге, тау-төбелерге, қалаларға, ауылдарға кімдер ат қойған? Географиялық атауларда қандай сыр жатыр?
Міне, осындай сұрақтар ғалымдарды ғана емес, өз халқының өткен тарихын білуге құштар ынтызар әрбір саналы азаматты толғандырмай қоймайды.
Географиялық атаулардың шығу төркіні, олардың аталу себебі адамдарды ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Кейбір географиялық атаулардың аталу тарихы тым арғы дәуірге барып тіріледі.
Көне дәуірде адам өзінің сөз қорының аздығына байланысты географиялық объектілердің түр –түсіне, ерекшелігіне орай сипаттама бере алмаған, сол себептен орай ол өзенді де, көлді де, теңізді де жалпы түрде «су» деп, ал шоқы, қырат, сілемдерді бір сөзбен «тау» деп атаған деген пікір айтады ғалым Э.М.Мурзаев. Белгілі ғалым А.Гумбольдт «Орталық Азия» деген кітабында таулардың және өзендердің «су» деген мағына білдіреді-деп жазады.
Қазақстан территориясына қатысты жер-су аттары Герадот, Страбон, Птоломей, Плиний еңбектерінде, ежелгі саяхатшы,жиһанкездер мен елшілердің Марко Поло, Земарос Каликийдің жазбаларында кездеседі. Көне жер-су аттары орыс жылнамаларында, араб географтарының еңбектерінде, Қазақстан жерін басып өткен Батыс Еуропа саяхатшыларының, елшілерінің (Плано Карпини, Андре Лонжюмо,Вилгельм де Рубрук) жазбаларында кездеседі.
1.Қазвқстанның орта ғасырдағы географиялық зерттеуге үлес қосқан ғалымдар
Қазақстан жеріндегі біраз атауларды он төртінші ғасырда жазылған Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» деген еңбегінде кездестіреміз. Мухаммед Хайдар қазіргі Балқаш көлін Көкшетеңіз деп атаған. Хайдар Мухаммед Хайдар өмір сүрген кезде, яғни он төртінші ғасырда, Тараз қаласы Яны деп аталған, ол сол қаланың тұрғындарын Янылық деп аталғанын, «Тарихи Рашиди» кітабынан білеміз.
2.Мухаммед Хайдари жасаған карта
Қазақстан топонимдері-құрамында басқа тілдерден енгендердің ішіндегі ең жаңа тобы-орыс топонимдері.
Он сегізінші- он тоғызыншы ғасырларда Қазақстанның көптеген жерлерінде, жаңа қоныстанушылардың келуімен байланысты ірі бекіністер салынып, селолар мен деревнялар саны көбейді. Оларға жаңаша ат қойылды. Мысалы: Қарқалы-1824, Ақмола-1832, Верный-1854, Атбасар-1848, Аягөз-1831, Баянауыл-1833, Қапал-1850 жылдары салынғанын тарихи деректер көрсетеді.
Бұл дәуірдегі қазақ жерінің топографиясы, тарихы мен этнографиясы орыс оқымыстыларының еңбектерінен ерекше орын алды. Әсіресе, Қазақстанның ұлан-байтақ жері, оның сан мыңдаған жер-су атаулары орыс мемлекетінің географиялық картасынан (17-18 ж.ж) тиісті көрініс тапты.
Орыс география қоғамының басшылығымен өткен ғасырларда Қазақстан жеріне жиі-жиі экспедиция жіберіліп отырды. Осы тұста еңбек еткен П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов, Л.Мейер, М.Красовский, А.И.Добромыслов, А.Левшин, Н.Аристов сынды ғалымдардың географиялық, тарихи-этнографиялық зерттеулерінің маңызы аса ерекше.
3.ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы Қазақстанның жер су аттарына үлес қасқан ғалымдар
Қазақстанның жер-су аттарын арнаулы зерттеу жұмыстары қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен басталады. Оның есімі география тарихында қазақ даласын, Орта және Орталық Азияны тұңғыш зерттеушілердің бірі ретінде енді
Жер-су аттары-халық қазынасы, халықтық өткен өмірінің айнасы. Оны қалай болса солай өзгертуга болмайды. Сондықтан жер-су аттары үкімет тарапынан қамқорлыққа алынып, оның зерттелуі мәселелеріне бағыт-бағдар беріліп отыру қажет екендігі туралы қорытынды жасалды.
Географиялық атауларды топтау
(классификациялау)
Қазақстандағы ірі объектілік топонимдердің аталуында да жалпы топонимдердің аталуындағы сияқты белгілі заңдылық бар. Өйткені, топонимдер кейде кісі, я ру атына, немесе өсімдік, жануарлар дүниесіне, объектінің түр-түсіне, қасиетіне немесе сол объектіні басқа бір затқа ұқсатуға, теңеуге байланысты аталған. Осындай заңдылықты дәлелдей отырып, А.Әбдірахманов географиялық атаулардың мағыналарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
-
Өсімдік атына байланысты атаулар.
Қазақстан- ертеден мал шаруашылығымен шұғылданған ел. Ондай елдердің топонимдері өсімдіктердің, жануарлардың аттарымен аталуы заңды құбылыс. Өйткені, малдың негізгі қорегі-шөп. Мысалы: Қаулы, Қаудантал, Миялы, Өлеңті, Жантақты, Құрайлы, Жуалы, Қоғалы сияқты ұсақ объектілі топонимдердің аты сол жерлерде аты аталған өсімдіктердің өсетінін білдіреді. Мұндай атаулар ірі объектілік топонимдерде де кездеседі. Мысалы: Жуалы(аудан Оңтүстік Қазақстан облысында), Жыңғылды (станция, Алматы облысында) т.б.
-
Жануарларға байланысты атаулар
Топонимдер құрамындағы аң, жануар, құс атаулары Қазақстанда аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және солардың аңшылық маңызы болғандығын аңғартады.
Ғ.Қ.Қонқашбаевтың пікірінше, көшпелілердің күн көрісіне жер бедері (рельеф), ауа райы (климат), су (гидрография), өсі мдіктер және аңдар үлкен септігін тигізген.
Аң аулау, құс салу халықтың мергенділік, төзімділік, алғырлық қасиеттерін шыңдаумен қатар көңіл құмарын қандыратын қызығы мол демалысы да болған.
Халық өмірінің айнасы іспеттес топонимияда аң, құс, жан-жануарлар да өз іздерін қалдырып отырған. Қазақстан жерінде бүгінде сирек кездесетін құлан, көне заманда үйір-үйір болып жүрген. Құландардың ұзақ мекендеген жері Сарыарқа, Бетпақдала аймағы. Оған дәлел Көкшетау жеріндегі Құлансу, Ақмола облысындағы Құланөтпес өзені, Құланкетпес аңғары, Орталық Қазақстан облысында Басқұлан, Жамбыл облысында Құланши көлі т.б. Кезінде Құлан Қазақстанның көптеген аймақтарында болған көрінеді. Педагог ғалым Р.Сәтімбеков Қазақстан территориясында құланға қатысты 54 жер-су аттарын анықтап отыр.
-
Қазақстанның географиялық объектілерінің түр-түсіне, санына байланысты атаулар.
Қазақстан картасының құрамында «ақ», «қара», «көк», «қоңыр», «боз», «сары», «қызыл» т.б. түсті білдіретін сөздер бар жер-су, елді-мекен аттарын көруге болады. Мысалы: Қарасу, Ақсу, Сарысу, Көксу атты өзендер, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Сарыбұлақ т.батты бұлақтар; Ақтау, Қаратау, Ақшатау, Көктау, Көкшетау, Қоңыртау, Сарытау, Қызылтау, Қызылтас атты тау шоқылар; Ақсай, Қызылсай, Бозсай, Көксай т.б. атты сай-салалар; Ақтөбе, Қаратөбе, Бозтөбе, Қоңыртөбе атты төбелер Қазақстанның барлық аймақтарында бар десек қателеспейміз. Тіпті, бір ауданның өзінде түске байланысты бірнеше географиялық атаулар ұшырасып отырады. Мысалы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында Ақсу, Қарасу, Қызылсу атты өзендер бар. Қызылтас, Қызылтау, Қызылсеңгір, Қызылмойнақ, Қызылқия, Қоңырат шоқысы т.б. географиялық объектілердің тасы, жері қызыл, қоңыр, сары түсті болғандықтан солай аталған
-
Объектінің санына байланысты қойылған атаулар.
Қазақстан картасында «бір», «екі», «үш», «бес», «жүз», «мың» т.б. сияқты сандар, «сегіз» «қос», «көп» деген сияқты сөздерге географиялық жалпы атау қосылу арқылы жасалған топонимдер көп. Мысалы: Жаңғызқұдық-елді-мекен, Жалғызтас-шатқал, Бірайық-өзен, Екібастұз- қала, Жүзағаш-станция (Семей), Мыңадыр-станция (Қарағанды), Үшарал-қала (Талдықорған), Жалғызағашталдық-өзен т.б.
-
Адам, ру, халық атына қойылған топонимдер.
Қазақстан картасында көп таралған атаулардың бірі- адам атына қойылған географиялық атаулар. Мұндай атаулар өте ертеден бері келеді. Және көбінесе сол жерді жаз жайлап, қыс қыстаған, иемденген адамдардың атына байланысты туған. Мысалы: Абралы-тау, Амантоғай-тоғай, елді- мекен, Шерубайнұра-өзен, Жәнібек-елді- мекен, Мырғалымсай, Байжансай-сай, елді-мекен, Медеу-жер аты т.б.
Ру аттарына қойылған топонимдер-Айдабол-жұмысшы поселкасы (Көкшетау), Жанысбай-станция (Қостанай), Қоңырат-қала (Қарағанды), Ырғыз-аудан (Ақтөбе облысы), Қарабас-станция (Қарағанды), Малайсары-санция (Талдықорған).
-
Белгілі оқиғаға байланысты атаулар.
1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс боолды. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдарын мен жасақтары қалмақ әскеріне қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған даусы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Сарыарқадағы Қалмақемел, Қалмақжатқан, Қарашат атаулары да осы жаугершілік замандағы оқиғамен байланысты.
-
Бір нәрсеге ұқсатудан, теңеуден туған атаулар да аз емес.
Мысалы: Айғыржыл станциясы, Аягөз станциясы, Қазашұңқыр-ауыл (Семей), Айнабұлақ станциясы, Керегетас станциясы, Мойынқұм станциясы (Талдықорған), Айрық станциясы, Босаға станциясы, Шүмек станциясы (Қарағанды), Жалтыр аудан орталығы, Құлақшын станциясы, Маймақ станциясы, Шоқпар станциясы (Жамбыл облысы) т.б.
-
Географиялық және басқа да терминдерден жасалған атаулар.
Мысалы: Адыр, Айрық станциялары, Балқаш қаласы, Бұрма станциясы, Дария станциясы (Қарағанды), Арыс станциясы (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қайнар –аудан орталығы, Ауыл станциясы, Жарма-жұмысшы ауылы (Семей) т.б.
-
Географиялық объектінің сапасына, қасиетіне, көлеміне
байланысты атаулар. Мысалы: Ащысай-жұмысшы ауылы, Сазтөбе станциясы (Оңтүстік Қазақстан), Белқұдық станциясы, Жаңаарқа-аудан, Ұлытау-аудан (Қарағанды), Жалпақтөбе-аудан орталығы (Жамбыл), Сұлутөбе станциясы, Жаңақорған-аудан, станция (Қызылорда), Суықбұлақ станциясы (Семей)т.б.
-
Қазба байлықтарға байланысты қойылған атаулар.
Жезді «Мұнайлы, Теміртау, Қорғасын сияқты» атаулар қандай кен орны екенін айтпай-ақ білдіріп тұр. Бұрын қазақ тілінде қазба байлықтармен байланысты атаулар бірен-саран ғана кездесетін. Мұның себебі- революцияға дейін Қазақстан кен байлығының белгісіз жатуынан. Қазан төңкерісінен кейін республиканың жер қойнауынан пайдалықазбалардың шын мәніндегі сарқылмас қорының барлануы географиялық атаулардың да көбеюіне себеп болды.
-
Түрлі әлеуметтік оқиғаларға байланысты атаулар.
Қазан төңкерісінен кейін социалистік құрылыстың орнауы нәтижесінде жаңа объектілер пайда болды. Республика аумағында облыс, аудан, ауылдық
совет, селолық совет, колхоз, совхоз, жұмысшы поселкалары, кәсіпшіліктері т.б. ұйымдастырылды. Осы объектілердің, атаулардың біразы сол жерлердің ескі атымен аталса, олардың басым көпшілігі Ұлы Қазан төңкерісі тудырған қоғамдық құрылыстағы, оқиғаларға, халық сүйген ардагерлер аттары мен фамилияларына, елді коллективтендіруге, тың игеруге, космосқа т.б. сан алуан өзгерістерге тікелей байланысты болды. Мысалы: Азат станциясы (Көкшетау), Алға-аудан орталығы (Ақтөбе), Алғабас станциясы (Шығыс Қазақстан облысы), Еңбекшіқазақ-аудан (Алматы облысы), Еркіншілік-аудан (Ақмола облысы), Қызылту-аудан (Көкшетау), Совет-аудан (Солтүстік Қазақстан облысы) т.б.
-
Басқа тілдерден енген атаулар.
Қазақстанда монғол, қалмақ, араб, иран, орыс тілдерінен енген топонимдер де баршылық. Мұның ішіндегі ең көбі-орыс тілінен енген атаулар. Бір қызығы-орыс тілінде қойылған бірқатар атаулар қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес бейімделіп, қазақша атауларға ұқсас болып қалыптасып кеткен. Мәселен, Семей, Өскемен, Кереку, Бурабай т.б.
Монғол тілінен енген жер-су атаулары: Зеренді, Сілеті, Зайсан, Қорғалжын, Долан, Сүмбе, Тарбағатай, Кеген, Нарынқол, Дегерес, Дағанды, Борғустай, Баянауыл, Нарын, Шаған, Арасан, Шар т.б.
Араб тілінен енген жер-су атаулары: Талғар, Бетпақдала, Қобда, Бадам, Шолақдара, Шалдуар, Фараб, Айдарлы т.б.
Қалмақ тілінен енген жер-су аттары: Мақаншы, Текес т.б.
Луговой ауылының географиялық атауының шығу тарихы
Тарихи деректер бойынша 1927 жылы 21 қараша күні осы Луговая станцасында темір жолдың алғашқы рельстері салынған. Ал аталған станциясы 1930 жылы пайдалануға берілген.Әңгімені әріден бастайтын болсақ, біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап Құлан жері Үйсін мемлекетінің құрамына кірді.Орта ғасырларда Құлан қаласы тек жер өңдеудің ғана емес, қолөнер мен сауда мәдениетінің орталығына айналды. Ертеден ақ Луговой жері тоғыз жолдың торабында орналасқан мекен болған. Дерек көздеріне сәйкес елді мекен жерін Ұлы Жібек жолы басып өткен. Сол Жібек жолы саудагерлері осы Луговой жерін «Тартпа» деп атаған екен.
Ұлы Жібек жолы басып өткен ежелгі қалалар
Себебі бұл елді мекенде жер асты сулары жақын орналасуымен қатаржері батпақты болып келеді. Тарихи дерке көздерінен осы саудагерлер Тартпа жерін басып өту үшін киізден жасалған кілем төсеніштерді төсеп түйелерін өткізген екен.1936 жылы Құлан ауылының маңындағы бір төбені зерттеген кезде үйсіндердің қала жұртының орны ашылды. Бұған дәлел балшыққа сабан араластырып құйылған саз кірпіштің қалдықтары, алғашқы ағаштан жасалған шатырлардың қаңқасы табылды.
ХІХ ғасырда Ресей империясы Ұлы жүз даласын қол астына қаратқаннан кейін, ішкі аймақ тұрғындарын құнарлы қазақ жеріне қоныстандыру жұмыстары жедел қолға алынды. Соның нәтижесінде 1875 жылы ішкі Ресейден келген орыс переселендерінің алғашқы легі Құлан аймағына қоныстана бастады. Жердің көк майса сұлулығына тәнті болған орыс ағайындар: «Ой, какая Луга!» деп тамсанған екен. Ал «Луга» сөзі ол қазақ тіліне аударғанда көк майса дегенді білдіреді. Жалпы бұл жерлердің көк майса болуы ол осы елді мекенде өсетін, Бессаусақ қарашығыр немесе ажырақ шөбіне көп таралған. Ажырақ шөбі сортаң және шөлді өңірлерінде өседі, тұзға өте төзімді. Тамыры 50-70 см тереңдікке кететінжалпы ең маңызды мал азығы. Ажырақ шөбі суармалы егістіктің шөбі, ал Луговой ауылынада жер асты сулары жақын болғандықтан бұл шөп үнемі көктеп жасыл майса қалпын сақтап тұрады. Тіпті суық түсіп алғашқы қар жауғанша жерде көк майса қалпын сақтап жатады.
Яғни зерттеу жұмысы барысында географиялық атауларды классификациялаудың ішінде Луговой атауының шығу тегі географиялық объектінің сапасына, қасиетіне, көлеміне байланысты және басқа тілден енген атау екендігін көреміз.
1928-30 жылдары салынған Түркістан-Сібір теміржолының бір шеті осы Луговой станциясынан басталып, ғасыр құрылысына Тұрар Рысқұлов осы арадан басшылық жасаған. Сонымен бірге, 1916 жылы Меркі, Луговой және Шу өңірлерін қамтыған Ақкөз батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілісін барынша қолдап, ақыл-кеңес беріп отырған.
Түрксіб «Жаңа өмір жолы»
Оның үстіне Тұрардай тұлғаны өмірге әкелген әз-ананың өз ауданымыздың тумасы екенін мақтаныш тұтамыз.Қарапайым халықтың ерлігінің нәтижесінде дүниеге келген Түрксібті ел «Жаңа өмір жолы» деп атайды. Кейін магистраль бойында қалалар мен жұмысшы поселкелері пайда болды. Сол кезеңде бүгінгі Т.Рысқұлов ауданының аумағына қарайтын Луговой ауылы да құрылды. Ал ауданның аты Алаштың осындай біртуар азаматының атымен аталуы бүгінгі елдің рухын оятып, өнегелі ісімен жас ұрпаққа күш-қуат беруде.
Эксперименттік бөлім
Қоғамның ой-пікірін біліп, сараптама жасау көзделді. Біз жетекшімізбен бірге сауалнама жүргіздік. Нәтижесі былай болды.
Зерттеу нәтижесінен шыққан өнім
-
Зерттеу жұмысымызды қорытандылай отырып, мынадай ұсыныс айтқымыз келеді
-
1. Өлкеміздің топонимика атауларын терең зерттеліп, келер ұрпаққа мұрағат ретінде қалдырылса.
-
2.Қарапайым халық арасында өз өлкеміздің географиялық атауының шығу тарихын кеңінен насихаттаса.
-
3. Луговой ауылындағы 1927 ж «Түркісіб» теміржолының салынуына байланысты, тек бекер атауы емес ауыл атауын «Түркісіб» атауына өзгерту.
Қорытынды
Қазақстан жер-су аттарын зерттеу он тоғызыншы ғасырдан бастап жүргізіліп келеді. Оған Қазан төңкерісіне дейін П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов, А.Левшин, Л.Аристов сынды ғалымдар, кеңес үкіметі жылдарында А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Э.М.Мурзаев, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Керімбаев, Ә.Бірмағамбетов сияқты ғалымдар көп еңбек сіңірді. Осы ғалымдардың нәтижесінде жер-су аттарының шығу тегі, талдау жолдары, түрлері, жазылу ережесі тағайындалды. Осыларды негізгі ала отырып, жер-су аттарының зерттелу тарихына мынадай топтарға бөлдім:
-
Өсімдік атына байланысты атаулар
-
Жануар атына байланысты атаулар
-
Түске байланысты атаулар
-
Санға байланысты атаулар
-
Адам, ру, халық атына байланысты атаулар
-
Оқиғаға байланысты атаулар
-
Бір нәрсеге ұқсатудан, теңеуден туған атаулар
-
Географиялықиижәне басқа да терминдерден жасалған атаулар
-
Географиялық объектінің сапасына, қасиетіне, көлеміне байланысты атаулар
-
Қазба байлықтарға байланысты атаулар
-
Түрлі әлеуметтік оқиғаға байланысты атаулар
-
Басқа тілдерден енген атаулар.
Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқу барысында жер-су аттарының біздің аса зор білімдік және практикалық маңызы бар екендігін көреміз. Жергілікті жер-су аттарын бұрмаламай дұрыс қолдану елдің егемендігінің басты белгісі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Ә.Бірмағамбетов «Бұлай деп неге атаймыз?» Алматы . 1971
-
Д.Жүнісов «Өзен-көл атаулары» Алматы 1990
-
«Қазақстан географиялық атауларының сөздігі» Т.Жанұзақов Алматы. 1990
-
Т.Өтегенов «Есімді қалай ескеріп жүрміз» Қазақ әдебиеті. 1988.
16 желтоқсан
-
Е.Керімбаев «Атаулар сыры» Алматы 1984
-
А.Әбдірахманов «Қазақстанның жер-су аттары» Алматы 1959
-
С.Қасенов «Жер тарихы-ел тарихы» Қазақстан мектебі 1993
-
Ә.Бірмағамбетов «Толғауы тоқсан топонимдер» Білім және еңбек 1985 №4
-
Е.Қойшыбаев «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» Алматы 1985
-
Е.Қойшыбаев «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі» Алматы
-
Сейдімбеков «Күңгір-күңгір күмбездер» Алматы, 1968
-
М.Жақыпов «Жерге атты ел берген» қазақ әдебиеті
-
Х.Маданов. Ч.Мусин «Ұлы дала тарихы» Алматы, 1994
-
М.Мырзахметов «Әдебиет және топонимика» Қазақ тілі мен әдебиеті, 1991 №1
-
Т.Иманбаев Сөзтізбек «Көлдер» ойлан-тап. Алматы, 1992
13