Материалдар / Көркем еңбек сабағында зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбек сабағында зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл әдістемелік құралда көркем еңбек сабағында оқушыларды қазіргі заман талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері және зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы туралы нұсқаулықтар берілген. Сондықтан оқушылардың шығармашылық, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылып осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап әзірленді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖShape1











«Көркем еңбек сабағында зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы"


ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ






Жарылсу ауылы

2024 жыл

амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Т. Рысқұлов ауданының білім бөлімі Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектебі








































УДК


ББК









Жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ



Назарбеков Іңкархан Қолаұлы – көркем еңбек пәні мұғалімі








Мазмұны

Кіріспе.........................................................................


І - тарау. Көркем еңбек сабағында оқушыларды қазіргі заман талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері

1.1. Көркем еңбек сабағын оқушылардың қабілеттеріне сай оқытудың мазмұны ...........

1.2. Көркем еңбек сабағында оқушыларды оқытудың тиімді әдістері мен формалары ................................................


ІІ - тарау. Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы.

2.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен өңдеу тәсілдерін таңдау..............................................

2.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Алқаның жасалу тәсілі.............

2.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы технологиялық реттіліктерді өңдеу............................................................


Қорытынды ......................................................................................


Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................






Кіріспе

Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Қазіргі заманда қолөнер бұйымдарын шығармашылықпен әзірлеу заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Бұл әдістемелік құралда көркем еңбек сабағында оқушыларды қазіргі заман талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері және зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы туралы нұсқаулықтар берілген. Сондықтан оқушылардың шығармашылық, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылып осы үрдістің психологиялық тетіктері мен педагогикалық әдістерін жан-жақты талдап әзірленді.

Мақсаты: қазақтың зергерлік бұйымдарын әшекейлеуді шығармашылықпен қолдануға қажетті іскерлік дағдылар жүйесін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін педагогикалық негіздеу.

Ғылыми болжамы: Көркем еңбек сабағында оқушылардың іскерлік жүйесін айқындап, оның технологиясын белгілейтін болсақ, онда бұл қазақтың зергерлік бұйымдарын шығармашылықпен әшекейлеуде қолданудың педагогикалық мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.

Міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру үрдісіне педагогикалық, психологиялық сипаттама беру;

- қазақтың зергерлік бұйымдарын шығармашылықпен даярлауда "іскер" ұғымына анықтама беру және ондағы дағдылар жүйесін айқындау;

Практикалық мәнділігі: жоғары сынып оқушыларына зергерлік бұйымын әзірлетуде олардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері анықталып, бұйымның материалдық және технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетіледі.



І - тарау. Көркем еңбек сабағында оқушыларды қазіргі заман талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері


1.1 Оқушыларды қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығының мазмұны Кесте

Компоненттері

Критерийлері

Көрсеткіштері

1

Мотивациялық

Оқушылардың қазіргі заман мәдениетке дұрыс қатынасының болуымен сипатталады.

  • қазіргі заман мәдениетін эмоционал- дық тұрғыда қабылдауы;

  • қызығушылық болуы;

  • мәдениет оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын түсінуі;

  • әлеуметтік құбылыс ретіндегі түйсігі;

  • іс-әркеттерде пайдалануы

2

Мазмұндық

Қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді

  • мәдениеттің шығу тарихынан білімі;

  • мәдениеттің мазмұндық жағынан ерекшеліктерінен білімі;

  • қазіргі мәдениет талаптарын іріктей білуі;

  • оларды оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалын білуі;

3

Процессуалдық

Қазіргі мәдениет талаптарын оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді

  • қазіргі мәдениетке қатысты мәліметтерді анықтаудағы ептілігі;

  • оқушылардың оларды әртүрлі іс - әрекеттерді ұйымдастыруға ептілігі;

  • шығармашылық жұмыстарда қолдану ептілігі


Орта: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы бар, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін түсінеді. Әлеуметтік құбылыс ретінде түсінбейді. Тек қана іс - әркеттерде пайдаландаы. Процессуалдық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген. Қазіргі заман мәдениет жайлы өз бетімен білуге талпынбайды.

Жоғары: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді.

Оқушылардың кәсіптік даярлығының бастапқы күйін анықтау мақсатында констатациялау (белгілеу) эксперименті жүргізілді. Экспериментке мектептің оқушылары мен көркем еңбек пәні мұғалімдері қамтылды.

Сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістерін қолдану негізінде оқушылардың қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіптік даярлығының (практикалық іс - әркетте қазіргі заман мәдениетін пайдалануға дұрыс қатынасының болуы, мәдениет түрлерінен білімі, оларды пайдалану ептілігін меңгеруі) бастапқы күйі анықталды.

Оқушылардың мәдениет ұғымының мәні жөніндегі білімін анықтау үшін жүргізген сауалнамадағы: "Қазіргі мәдениет дегенде нені түсінесіз?" сұрағына берілген жауаптарында мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде мүмкіндіктерінің бар екенін білмейтіндігін көрсетті.

Ал, мектеп мұғалімдерінен сабақ барысында "Қазіргі мәдниетке санауға болатын ақпараттық технологияларды пайдаланбауыңыздың себебі неде?" деп сұрағанымызда, бірқатар мұғалімдер "оны мектептің оқу - материалдық базасы көтермейді", екіншілері, " сағаттарының кемуінен" деп айтса, енді біреулері "ауылдық мектептерде оларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкін емес" дегенді айтады. Осындай жауаптарын кейін қазіргі шығып жатқан сәндік элементтер ретінде біз, ақпарттық технологияларда дайындалған "аппликация", "кесте", "сәндік материалдар", "гафре" т.б. шикізаттарды практикалық іс - әрекеттерде қолдану барысында қолөнер және тігін бұйымдарында қолдану барысында жүргізілген ІІ - ші бақылаудың нәтижесінде мектеп оқушылардың деңгейінің өскендігін бақыланды. Ол кестеде берілген.


Даярлық деңгейінің анықтаудағы І "бақылау" нәтижелері

Даярлық деңгейі

Бастапқы

І "бақылау"


"бақылау"

105

105

  1. Төменгі

  2. Орта

  3. Жоғары

58,3 % (63)

41,7% (45)

-

26,9% (29)

52,8 % (57)

20,3 %(22)


Көркем еңбек пәні мұғалімдердің дайын материалдарды қолданудан кейінгі нәтижелер, яғни мұғалімдермен жүргізген семинар сабақтарының ықпалы болуы мүмкін деп білеміз. Деңгейдің 20,3 %(22) болып артуы осының айғағы. Мәдениетті қамтамасыз ететін оқу материалдарды, оқытудың әдістер мен тәсілдерін көрсете білуі.

  1. Экономика талаптары. Өйткені, экономикалық іс - әрекеттен туындап жатқан қайта құру процесі жаңа ұмтылыстар мен дағдылармен толы.

  2. Білім беру ісін жаңа мазмұнмен байытып, ұлттық дәстүрмен, жаңа мен ескі жүйесінің қайсысы тиімді екенін анықтау, ондағы өзгерістерді өрістету.

  3. Әлеуметтік ықпал. Ата - аналардың оқушыларды еңбекке даярлау мазмұнына жаңалық енгізуге ынталы.

  4. Мәдени факторлар. Оқушыларды еңбекке даярлауға байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жайлы хабардар етіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары.

  5. Технологиялық факторлар. Технологиядағы прогресті қолдану аясын кеңейту. Кесте

Аталмыш факторлар оқушыларды кәсіпке қазіргі заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның күрделеніп, оның өзгерістері өсе түсуі. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың ескі құрылымдары жаңа талаптар үдесінен шыға алмайды. Осыған орай барлық жағдайға оңтайлы құрылымдар қажет болады. Факторлар оқушының кәсіптік және мәдени даярлығын арттыруға бағытталған. Нарық жағдайында зергерлік бұйымдарға сұраныстың арта түсуіне орай оқушылардың кәсіпкерлік біліммен де жан - жақты қарулануына кең жол ашылады.










1.2. Көркем еңбек сабағында оқушыларды оқытудың тиімді әдістері мен формалары


Бұрын еңбекке баулу сабағы оқушыларға екі бағытта ұлдарға техниканы, ал қыздарға үй шаруасынан ғана білім беретін. Ал бүгінгі көркем еңбек пәні орта білім стандарттарының талабына сай, сегіз бағытта білім береді. Оқушылардың қабілеттеріне қарай кәсіпкерлікке баулиды.

Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды.

Сондықтан, адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла басталды. Жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек.

Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялармен енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде екі - үш мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды. Технология білім саласы жалпы білімнің базалық негізіне кіреді. Мұнда технология білім саласының тұрақты бөлігі базалық мазмұнды игеруге жеткілікті.

Көркем еңбек” атты жаңа интегративті білім саласының базалық бөлімдерін оқып үйренуге лайықты оқу материалының базасына сай арнайы дайындықтан өткен мұғалім ұстаздардың жетекшілігі мен оқушылардың шығармашылық дамуы қарастырылатын жоба жүйесінде кең тараған және болашақ технология мен әдістемені іскерліктерін оқушылардың жалпы еңбек, жеке арнайы білім мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, олардың интелектуалдык, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Егер еңбектің политехникалық экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғары технологиялармен танысуға жеткілікті көңіл аударылса, ондағы жұмыстардың сан алуын орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақтық, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды қайта жаңғыртатын және сақтауға бағытталса аталған мақсаттарға жетуге болады.

Көркем еңбек білім саласының басты мақсаты оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Соған орай мына болжамдар қарастырылады:

1.Экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді қабылдау барысында затты, энергияны және ақпараттық материалдарды түрлендірудің қазіргі және болашақ технологиялармен жастардың танысуы олардың политехникалық дамуы.

2.Оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы оқушылардың өзін - өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін өзіндегі кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Көркем еңбек саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы қажет:

  1. Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық білімді ақыл - ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.

  2. Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету негіздерімен таныстыру.

  3. Оқушылардың өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен шығармашылық есептерді шешуін дамыту.

  4. Кәсіптіліктің өзіндік айқындалу мақсатында ҚР жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңестігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, оқушылардың өзін - өзі танып білуін қамтамасыз ету. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру.

  5. Нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

  6. Тұтыну бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. Мектеп жергілікті, ұлттық, аймақтық ерекшеліктері мен сол жердің материалдық қорын ескере отырып, әр түрлі кәсіпкердің бір түрі бойынша кәсіби оқыту жағдайын қарастыруға болады.

Жастарды еңбекке тәрбиелеу бағытындағы педагогикалық білім беру құрылымының негізгі мәселесі – көркем еңбек пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі мен кәсіптік дайындығын жақсарту. Қазіргі кезде әр түрлі мамандықты меңгерген алдыңғы қатарлы мұғалімдерді дайындау мақсатында жан - жақты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарында да осындай мақсатта жұмыс жоспарын құру қажеттілігі туындайды.

Педагогикалық зерттеулерде “модель” терминін нақты арнайы саладағы маманға берілетін кәсіптік баға ретінде қабылдаған жөн. Маман моделін талдау барысының бірнеше тұжырымдамасы бар. Түрлі мәселелерді зерттеу тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктері ескеріледі, кейде маман моделінің кейбір аспектілері бөлек қаралады. Біз Е.Смирнованың тұжырымдамасын жемісті деп есептеймін, себебі, ол тұжырымдамада маман моделін жасаудың кеңейтілген жиынтығы қарастырылған. Жоғары оқу орындары білімді мамандарды осы тұжырымдамаға сәйкес даярлауы керек.

Осы үлгі қазіргі талапқа ғана сай емес, болашақта да жетістікке, білім дағдымен қоса кәсіптік сапа, бағдар бүкіл адамзаттық мәдениет, дүниеге, қоршаған ортаға көзқарасты қамтиды. Осындай әдіспен құрылған маман моделінің практикалық қажеттілікті өтейтін жауапты маман даярлаудағы мүмкіндігі мол. Бұл модель ірі үш бөлімнен тұрады.

  1. Арнайы кәсіби ортада оқытылатын мамандардың қызметі.

  2. Маман қызметіне психологиялық мінездеме.

Мұғалімнің кәсіпқой маман ретінде құрылымын зерттей келе, тұжырымдамада көрсетілген талапқа сәйкес технология пәні мұғалімінің моделдік қызметін анықтауда біршама жұмыстар жүргізілді. Сондықтан технология пәні мұғалімінің қызметін сипаттайтын жалпы үш бөлімінің әрқайсысына жекелеп тоқталайын.

Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.

Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді - кәсіптік тәлім - тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман мұғалімдер даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі мұғалімнің мектептегі қоғамдық қызметін қамтиды.

Менің пайымдауымша, жалпы мұғалімнің қызметі, оның ішінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек. Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.

  1. Көркем еңбек пәні мұғалімінің шешетін мәселелері.

  2. Олардың орындайтын міндеті.

  3. Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.

  4. Мамандығына сәйкес білімі.

  5. Кәсіптік шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.

Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.

Көркем еңбек пәні мұғалімінің модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми - жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.

Маман моделінің қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді. Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап,қызметін атқарады және тиянақтайды.

Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған көркем еңбек пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптік деңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.

Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықтандыру қажеттігі баса айтылған. Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыларды дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір - бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.








Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы.

2.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен

өңдеу тәсілдерін таңдау.


Әйел әшекейі - әйел затының тиымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болатын ортаны сұлулықпен сүйкімділікпен толықтыра түседі. Осыншалықты сәнді киім кешекпен бұйымдарының ішінде кеудеге тағатын әшекей, алқалар айрықша ерекшеленеді. Сондықтан да алқаларды қыздар салтанатты жиындарға, үлкен тойларға ғана тағатын болған. Әйел алқасы әйел адамның және қыз баланың сән үшін тағатын бұйымы.

Әйел - әшекейі жасалу жолдары бірінші әйел алқасының жобасын ақ параққа жақсылап сызамыз. Жоба бойынша мельхиор сым жуаны жіңішкесі болу керек. Содан кейін тастар әр түрлі тастар мысалы; Асат, береза, малахит және т.б. болуы қажет. Тастар сопақша дөңгелек болады. Жоба бойынша қырқып алынған мельхиорға домалақ тастарды қойып көреміз. Тастарға жұқа мельхиордан тастың шетін қаст қырқып аламыз. Мельхиор листан биіктігі 5 мм, ал ұзындығы тастың көлемімен бірдей етіп қырқып алып газ балонға жалғанған гарелкамен қыздырып дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор сымдарды, электр бұрғысымен ширатып аламыз, сымды қыздырып болған соң кастың жиектеріне, бір ширатылған екінші түзу сымды дәнекерледім. Каст ол тастың шетіне қойылатын мельхиор болуы керек. Ал қаға кастар дәнекерленген соң орталарына ширатылған мельхиор сымнан ою жасап алқаның үстіне дәнекерленеді. Ою сымдардың қайырылған басына жанындағы бұрышына зерін қойылады. Зерін жасалу жолы; Мельхиор сымнан ұзындығы 4 мм етіп қырқып алып, оны кепкен қатты ағаштың үстіне қойып гарелкамен қатты қыздырамыз. Мельхиор сым қызған кезде домалақ болып қалады. Осы домалақты зерін дейміз. Үлкен және кіші етіп, әр түрлі етіп дайындап аламыз. Алқаға зерін дәнекерленіп болған соң, қышқыл құйылған ыдысқа темір қысқышпен саламыз. Ерімей қалған бураларды тазалап аппақ қылады. Қышқыл салынған ыдыстан алып тіс щеткасымен жақсылап шайып жуылады. Сөйтіп, электр моторына киіз шарықты салып, пастагой жағып тазалаймыз. Тазаланып болған соң алқа жылтырап тазаланғаннан кейін тасын саламыз. Тасты салар кезде кілей жағып астына содан кейін кастаға отырғызамыз. Кастың жиегін қатты ағашпен қысып шығамыз айналдыра. Тас өзі бекем болып қалады. Енді алқаның мойынға тағатын шынжырын тоқимыз диаметрі 6 мм етіп пружина сияқты қатты қысып ораймыз сөйтіп, темір қайшымен қырқып, домалақ сымды біртіндеп дәнекерледім. Оларды бір – біріне кигізіп тоқып шықтым. Ұзындығы басқа сиятындай етіп тоқылған соң, қышқылға салып тазалап, киізге пастагой жағып тазалаймыз. Тазалаған соң, тоқылған сымды алқаның екі басына іліп қысып қоямыз. Алқаға шынжыр тағылған соң әдемі бір рең беріп тұрады. Енді алқаның білезігін жүзігін істеу керек. Білезіктің істелу жолдары мельхиор шестан 17 см, енінен 3 см етіп қырқып аламыз, темір қайшымен қырқып алған соң, бұрыштарын егеумен егуледім, кейін қолға кигенде жырмас үшін. Білезіктің дәл ортасына домалақ тастың қасына қойып жұқа мельхиордан биіктігі 5 мм етіп қырқып алып дәнекерленеді. Білезік алқа сәйкес болады сондықтан кастың жанындағы ою сымдар ұқсас етіп жасалады. Ою сымдар дәнекерленіп болған соң оны диаметрі 6 см қалыңдығы 2 см домалақ темірге желім балғамен жайлап ұрып қайырамыз. Қайырып иіп болған соң киізге пастагой жағып тазалаймыз жылтырап тазарған соң тастарын отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны білезікті істеп болған соң жүзігін істейміз. Жүзік те алқаға сәйкес етіп жобасы істелінеді.

Қазақ зергерлері көбіне жеке дара жұмыс істеп, өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын - ала арнайы дайындықпен өтетін белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергердің соғатын заттарының түрлері өте көп. Оған әйелдердің әшекейлері киім – кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдар ас су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық асапаптар, қару – жарақтар, ат тұрман әбзелдері және т.б. жатады.


Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ қолданған. Зергер металдың өзін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп келетіндіктен оның үстіңгі бетін қатадан билазбен тазалау арқылы жалтыратып, майда нақыштармен шекім алу тәсілімен өрнектеп барып тартымды құлпырмадан түске келтіретін болған. Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот Стратон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан негізінен алғанда күміс пен мыс темірден жасалған әсемдік затарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған, оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған. Күмістер ер тұрманның кейбір бөліктері, қыз келіншектердің тағатын бұйымдары жасалып, ерлердің белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ, сандық, киім ілгіштер, жүзік, сырға, шашбау, тұмарша және тағы басқа неше түрлі зергерлік әшекей бұйымдарын жасап отырған. Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтауды, мысалы әр түрлі кездейсоқ пәле – жаладан қорғап жүреді деп бой тұмар болатын. Зергерлік бұйымдардың ұзақ уақыт осындай қасиеті болған. Халыққа бұйымның материалы түрлі – түсті өрнек оюдың діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын. Ертеден халық шеберлерінің жұмыстарының қолайлы жағдайы болмаған.

Көбіне зергерлер жұмысты өзінің жанұясының алдына киіз үйдің бір шетінде өз шәкіртін ертіп алып, (ел қайда болса, біз сондамыз) деп жайлауда жүріп үй иесінің халықтың тапсырмасын өз үйінде жасайтын болған. Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алды. Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері мен әйелдерде көбінесе айналысқан. Егер зергер дүниеден қайтып, оның жолын қуар ешкімі болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелдері атқарған. Қайта шебер қолынан түрлі асыл бұйымдарды музейлерде көріп тамашалаумен қатар, күнделікті жұмыста пайдалансақ болатын еді. Олар үшін халық қол өнерінің бай мұраларына жанашыр түр – сипат беріп, оларды жасап, техникасын жетілдіру қажет. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихын байқасақ, олар жасаған өнер туындылары табиғат құбылысы күнделікті затты ұрпақтан – ұрпаққа уақыт озса да бүгінгі күнге дейін жетті. Өткен заманда қазақтың халық қол өнерінің жете дамыған түрлерінің бір зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің түп тамыры сонау әріде жатыр. Бір замандардың өзінде Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын тағы қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын әшекей заттар мен әртүрлі бұйымдар жасалған.

Археологиялық заттар зерттеу нәтижелері осыны дәлелдеді. Қазақстан жерінде жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер кеңінен тараған және басқа да түсті металдардан жасаған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Сол табылған заттардың көпшілігін жас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындыларының қатарына жатқызуға болады. Мысалы: Қарғалы көмбесінен табылған бүкіл әлемді таңдандырған аяқ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бола алады. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан, лағыл, сафир, зүбір, жат гауһар, азат, эрозолит, інжу маржан, жауқуаттан, көз қондыру арқылы да әсемдей түскен түрлі – түсті шынылардың және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.

Күміс жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңдейтін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Металды көркемдеп өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері, созу, құю, басу, қалыптау зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылады. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен сыртқы формасын үйлестіреді. Күмістен шебер алуан түрлі бұйымдар жасайды.






2.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Алқаның жасалу тәсілі.

Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет – шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою - өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты, үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою - өрнектерді әшекейлеп жүргіземіз...


Алқаны қышқыл суға салып тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.


Білезіктің жасалу тәсілі.

Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп егеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасына ширатылған сымдардан иіп дәнекерледім. Білезікті толық дәнекерледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.





Жүзіктің жасалу тәсілі.

Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурьев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара алалап өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Балық, қошқар, мүйіз ұшқан құс, гүл жапырағы, шығыс қиярлы, күн, жұлдызды ай тұрпатында болып келетін тапсырмалар да көп түрлілігімен ерекшеленеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлылығы, көркемдегіш желелерінің тазалығы және композициялық құрылысының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астральды оралымдар алынған.



Сырға жасау тәсілі.

Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз. Шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою - өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құраққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын щеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз тазалап қоямыз.






2.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы

технологиялық реттіліктерді өңдеу.


Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет-шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою-өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты – үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою - өрнектерді әшекейлеп жүргізіледі. Алқаны қышқыл суға салып, тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.

Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп етеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасын ширатылған сымдардан иіп дәнекрледім. Білезікті толық дәнекрледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.

Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурбев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара аралас өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлығы, көркемдегіш желілерінің тазалығы және композициялық құрылымының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астальды оралымдар алынған.




Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз, шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою - өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құлаққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын шеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз, тазалап қоямыз.







Қорытынды.

Халықтық педогогика” дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде пайдаланған әрбір пән, нәтижелі ауқымды көрініс табады. Ал енді халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде халықтың тәрбие құралдары ( салт дәстүр, қолөнер ) арқылы іске асырылып жатыр.

Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде бұл әдістемелік озық тәжірибелері мен ой түйіндері көркем еңбек сабағында педагогтер үшін қозғаушы күш және көмекші құрал болары анық. Ендігі мәселе осы әдістемелікті пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын дұрыс жүргізу қажет. Осы мақсатта мектеп мұғалімдеріне тәлім-тәрбиелік мәні бар, қыз балаларға арналған “Қолөнер негіздері ” – бойынша бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл жұмыстың мазмұнының ерекшелігі – қазақ зергерлік өнерінің тек тамырымен ерекшелігін игеру тәсілдері бүгінгі күнгі талаптармен байланыстыра жазылған.

Атадан-балаға жалғасып келе жатқан қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің құралы болып, бүгінгі таңда кейбір мұғалімдеріміз үшін септігін тигізіп, осы тұрғыда ізденіп жүрген ұстаздарды көптеп айтуға болды.

Осы ұлттық педагогиканы насихаттап, қазақтың ұлттық зергерлік қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау етіп, игілікті істерімізді жалғастырып жүру өте маңызды. Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігін оқушыларға үйреткен зергерлік қол өнері түрлерімен ерекшеленіп отыр.

Бұл әдістемелікте көрсетілген нұсқаулықтар арқылы оқушыларға жалпы білім мен еңбек дағдысын игеруде, жаңа технологиялық талаптарды орындау жолында тынымсыз еңбек ету мен қатар ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету негізгі әдістемеліктің тұжырымдамасы болары анық.













Пайдаланылған әдебиеттер:

1. " Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал

2. Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе. "А-полиграфия" ЖШС 2003 ж

3. Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы "Ата-мұра" 2001 ж

4. Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002

5. Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995

6. Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002

7. "Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004

8. Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000

9. Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" 2004

10. Тәжімұратов Ә "Шебердің қолы ортақ" Алматы 1977

11. "Шаңырақ" үй тұрмысы энциклопедия, Алматы 2008

12. Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы.1985.

13. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.

  1. Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.

15. Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.

  1. Қалиев С. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан. 1994.

  2. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!