
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
Бұл тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оның адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру. Кітап тек ақпарат көзі ғана емес, рухани байлықтың, парасат пен білімнің қайнар көзі екендігі айқындалады. Іс-шара барысында студенттер кітаптың тарихи және мәдени құндылықтарымен танысып, оның адамзат өркениетінің дамуындағы орны туралы тың мәліметтер алады.
Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады.
Сайыс сұрақтары әдебиет тарихын, қазақ жазушыларының өмірі мен шығармашылығын, мақал-мәтелдер мен көркем шығармалардан үзінділерді қамтиды. Бұл сайыс жастардың әдеби сауатын кеңейтіп қана қоймай, топпен жұмыс істеу, ойды жүйелі жеткізу, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Кітапханашылар
Тәрбие сағаты
Барлық сыныптар
«Бейімбет Майлин – Қазақ әдебиетінің кемеңгері» атты тәрбие сағаты қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналды. Шараның мақсаты – студенттерге жазушының әдеби мұрасын таныстырып, оның шығармалары арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін түсіндіру.
Іс-шара барысында Майлиннің өмір жолы мен шығармашылық қызметі талқыланып, «Шұғаның белгісі» шығармасы таныстырылды. Студенттер көркем оқу сайысына қатысып, «Дұрыс-қате» ойыны арқылы жазушының өмірі жайлы білімдерін бекітті. Іс-шара соңында Б.Майлиннің қазақ әдебиетіндегі орны мен тарихи маңызы қорытындыланып, студенттер алған әсерлерімен бөлісті.
Кітапханашылар
Тәрбие сағаты
Барлық сыныптар
«Сезім мен сырдың ақыны – Мұқағали» атты тәрбие сағаты қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Шараның мақсаты – ақынның өлеңдеріндегі философиялық тереңдікті ашу, жастарды рухани жетілуге тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шара барысында Мұқағали поэзиясындағы өмір, махаббат, уақыт, ұлттық құндылықтар сынды терең тақырыптар талданды. Сонымен қатар, танымдық ойындар мен сұрақ-жауап арқылы студенттердің белсенділігі артады. Тәрбие сағаты студенттерге ақын шығармашылығы арқылы өмірдің мәнін ұғынуға ықпал етеді.
Кітапханашылар
Тәрбие сағаты
Барлық сыныптар
"Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы" атты тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның құндылығын терең ұғындыру, сондай-ақ білімнің адам өміріндегі маңызын көрсету. Бұл шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың рухани және интеллектуалды дамуына ықпал етеді. Студенттер кітаптың тек білімнің ғана емес, өмірдің жарық шырағы екенін тағы да сезіне түседі.
Кітапханашылар
Тәрбие сағаты
Барлық сыныптар
Адалдық – адамгершіліктің асыл қасиеті, шыншылдық пен әділдіктің айнасы. Колледжімізде өткен «Адалдық – адамдықтың белгісі» атты ашық тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге адалдықтың мәнін ұғындырып, шыншыл болуға, әділдікке және достық қарым-қатынасты нығайтуға баулу.
Шара барысында студенттер адалдық, шыншылдық, әділдік ұғымдарына терең бойлап, олардың қоғамдағы және жеке өмірдегі маңызын талқылады. Көрнекті ақын-жазушылардың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдер арқылы адалдықтың адам болмысына әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қызықты сұрақ-жауаптар, ойталқы және мақал-мәтелдерді жалғастыру секілді белсенді ойындар ұйымдастырылып, жастардың ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейтілді.
Бұл тәрбиелік іс-шара студенттерді шынайылық пен әділеттілікке жетелеп, адамдық қасиеттерді бойларына сіңіруге ықпал етті. «Адалдық – адамдықтың белгісі» деген ұстанымды жүрегіне түйген әрбір жас адал өмір сүрудің қадірін ұғына түсіп, қоғамда әділдік пен парасаттылықты насихаттауға үлес қосады
Кітапханашылар
Тәрбие сағаты
Басқа