Түркістан облысының білім басқармасының
«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі»МКҚК
«Адалдық - адамдықтың белгісі»
Тәрбие сағаты

Қатысқандар: Колледж студенттері
Орындаған: Кітапхана меңгерушісі Б.Раимкулова
Қарабұлақ-2024
Тақырыбы: «Адалдық - адамдықтың белгісі»
Мақсаты:
-
Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
-
Студенттердің адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу;
-
Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;
-
Студенттер мен дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
-Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер! Бүгінгі «Адалдық - адамдықтың белгісі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңііздер!
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Адалдық деген не?
"Адалдық” деген сөз- шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы.
Ары таза адал адам мінді өмір сүреді. Адалдық - әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.
Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
Ендеше біз адалдық, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
Сұрақтар:
-
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
-
Сендердің де адал достарың бар ма?
-
Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
-
«Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?
-
Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы
қандай?
-
Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау
деген не?
-
Адал болуға ұмтылу неге керек?
-
Әдептілік деген не? (Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері)
Ал енді достыққа байланысты ақын - жазушыларымыздың қай өлеңін айта аласыздар?
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
М. Мақатаев
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн. Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.
Ендеше адалдық туралы даналарымыз айтқан асыл сөздерді тыңдасақ:
“Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”.
Абай.
Адам болсаң, болғайсың адал жанды,
Жауыздықтан аулақ бол, сүй адамды.
Жақсылықты жақсылық табар іздеп,
Жамандықпен жақсы атақ кім шығарды?
Низами
Риясыз адалдық — қымбат тұрады, алайда арзан бағаланады.
Илья Шевелев
Кішкене болса да, адалдықпен жеткен жеңістеріңді, оған сенімділікпен жеткеніңді сырттай бақылайды. Көңіл тазалығы мен адалдық – нағыз мәдениетті жанға тән қасиет.
Ханбибі Есенқарақызы
Бақыт дегенiмiз адамның өзiмен-өзi бейбiт өмiр сүруi. Бұл да адал тiрлiк iстегенде келедi.
Максим Горький
Адамнан үш қасиетті іздеңіз: ақыл, қуат және адалдық. Егер оның соңғы ерекшелігі болмаса, қалған екеуі туралы да алаңдамаңыз.
Уоррен Баффет
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
Әл-Фараби
Адалдыққа бой ұрсаң өмірлік бақыт тапқаның.
Естеу Жүніс
Ендігі кезек «Мақалларды жалғастыр»: бұл жерде мақал-мәтелдердің жалғасын айтып беру керек.
Адал еңбек, алғыр ой – ... (анық досың біліп қой).
Адал еңбек аздырмас, ... (арамдық бойды жаздырмас).
Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, ... (адал сөйлеп, жұртқа жақ).
Адал кісі арымас, ... (арам кісі жарымас).
Арамнан алған түйеден, ... (адалдан алған ешкі жақсы).
Адал еңбек елге жеткізер, ... (арам қулық елден кеткізер)
Адалдық ойласаң , бал жұтасың, ... (Арамдық ойласаң, қан жұтасың).
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, ісәрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.
Қорытынды:
Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік. Белсенді қатысқандарын үшін көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз