
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
Торғай — тарихы терең, рухы биік, қазақ руханиятының алтын бесігі. Бұл қасиетті өңірде алғаш мектеп ашып, білім шырағын жаққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімі мәңгілік із қалдырды. Сол мектептің түлектері бүгінгі күнге дейін оның аманатын жалғастырып, білім мен өнерді дамытудың жолында еңбек етуде. Мен де — осы қасиетті мектептің 11-сынып оқушысы, болашақ түлегімін.Біздің мектеп — ауданның мақтанышы.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерінде ерекше ықыласпен қарсы алынды. Ақтаңгер ағамызды кіреберісте киіз үй тігіп, қазанда қайнаған құрт көже ұсынып, қазақы дәстүрмен қарсы алған халықтың жылы ықыласы кештің әр сәтіне шырақ қосып, туған топыраққа деген сүйіспеншілікті айшықтады.
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде Міржақып Дулатовтың орны ерекше. Оның туған жері — киелі Торғай топырағы — ақынның рухани әлемін қалыптастырып, шығармашылығына шексіз шабыт берген мекен.
Қазақ әдебиеті
Мақала
Барлық сыныптар
Қазақ поэзиясының падишасы Мұқағали Мақатаевтың тағдыры мен шығармашылығы Қарасаздың қайнар бұлағымен, жусанды даласымен, қоңыр тауларымен біте қайнасқан. Қарасаз — тек ақынның туған жері емес, қазақ поэзиясына деген махаббатын оятқан қасиетті мекен. Табиғаты тұмса, таңы тыныш, жұрты жаны жомарт бұл ауыл Мұқағалидың жыр әлемін тұлғаландырып, рухын биіктетті.
Мұқағали шығармашылығы — адамның жан дүниесін сыршылдықпен сөйлететін ерекше құбылыс. Ол туған жерін өлеңге айналдырып, Қарасаздың әр тасы мен әр талын жырға сыйғызды. Сондықтан да қазақ халқы үшін бұл ауыл — киелі жыр ордасы, поэзияның бесігі.
Қазақ әдебиеті
Мақала
Барлық сыныптар
Киелі өңірде дүниеге келген тархан Жәнібек батырдың өмірі жайлы ғылыми зерттеу жұмысы.Республикалық жарыста топ жарған үздік жоба
Қазақстан тарихы
Ғылыми жұмыстар
11 сынып