Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерін тербеткен рухани кеш өткізді
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерінде ерекше ықыласпен қарсы алынды. Ақтаңгер ағамызды кіреберісте киіз үй тігіп, қазанда қайнаған құрт көже ұсынып, қазақы дәстүрмен қарсы алған халықтың жылы ықыласы кештің әр сәтіне шырақ қосып, туған топыраққа деген сүйіспеншілікті айшықтады. Торғай жұртының шынайы құрметі ерекше көрініс тапты – ағамызға тұлпар мінгізу салтанаты өткізілді. Бұл – тек дәстүрлі құрметтің белгісі емес, халықтың жүрегінен шыққан шынайы мейірім мен өнерге деген сүйіспеншіліктің айғағы еді. Көрермендер әр қадам сайын ағамызға қошемет көрсетіп, мерекенің әр сәтіне бірдей қатысып, бірге қуанды. Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен рухани кештің өзі ерекше әсер қалдырды. Зал лық толып, әрбір көздің алдында сүйіспеншілік пен қуаныштың оты жарқырады. Мен, Ғалымжан Аружан Серікқызы, сыныптасым Айтан Ерболатпен сахнаға шығып, ағамызға арнау арнадық. Ақтаңгердің жас шәкірті Ернұр Әуезхан те өз арнауын айтып, кештің шырайын аша түсті. Кештің көркін арттырған өнерпаздар да аз емес еді. Абылай Мауданов сахнада өз өнерін паш етсе, Марғұлан Оспанов тұсаукесер өлеңін шырқап, көрерменнің жүрегіне үңілді. Кештің жүргізушісі Батырлан аға тапқырлығы мен шеберлігі арқылы залдың көңілін сергітіп, мерекенің әуенін үнемі жандандырып отырды. Айбек ағамыз тек айтыскер ғана емес, сазгерлік талантымен де ерекшеленеді. Мәдениет үйінің әртістері оның сөзі мен әніне жазылған шығармаларын орындап, пролог оқып, көрініс қойып,көрерменнің ықыласына бөленді. Әр сөз, әр әуен – жүректерді тербеп, рухқа серпін берді. Мен үшін кештің ең ұмытылмас сәті – нағашым Айбек ағамның қолтаңба беруі болды. “Айналайын Аружан, Алла жар болсын, жиенім!” –ақ деп батасын беріп,маңдайымнан сүюі еді.Сол сәт – менің жүрегімде мәңгі сақталатын ерекше естелік болды.
Кеш соңында аудан әкімі Айбек ағамызға шапан жауып, сый-сияпат жасап, халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін паш етті. Артынша берілген ас – өнерге деген ілтипат пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі еді.
Бұл күн – Торғай халқы үшін өнер мен рухтың тоғысы, ұрпаққа үлгі боларлық, есінде мәңгі қалатын тарихи сәт болды.
Әрбір жүрек осы кеш арқылы өнердің, дәстүрдің, туған жердің қадірін терең сезінді, ал Торғай даласы Айбек ағамыздың үнімен тағы бір мәрте тербелді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы
Ғалымжан Аружан Серікқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерін тербеткен рухани кеш өткізді
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерін тербеткен рухани кеш өткізді
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерін тербеткен рухани кеш өткізді
Алтын домбыра иегері Торғай өңірінде туған жерінде ерекше ықыласпен қарсы алынды. Ақтаңгер ағамызды кіреберісте киіз үй тігіп, қазанда қайнаған құрт көже ұсынып, қазақы дәстүрмен қарсы алған халықтың жылы ықыласы кештің әр сәтіне шырақ қосып, туған топыраққа деген сүйіспеншілікті айшықтады. Торғай жұртының шынайы құрметі ерекше көрініс тапты – ағамызға тұлпар мінгізу салтанаты өткізілді. Бұл – тек дәстүрлі құрметтің белгісі емес, халықтың жүрегінен шыққан шынайы мейірім мен өнерге деген сүйіспеншіліктің айғағы еді. Көрермендер әр қадам сайын ағамызға қошемет көрсетіп, мерекенің әр сәтіне бірдей қатысып, бірге қуанды. Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен рухани кештің өзі ерекше әсер қалдырды. Зал лық толып, әрбір көздің алдында сүйіспеншілік пен қуаныштың оты жарқырады. Мен, Ғалымжан Аружан Серікқызы, сыныптасым Айтан Ерболатпен сахнаға шығып, ағамызға арнау арнадық. Ақтаңгердің жас шәкірті Ернұр Әуезхан те өз арнауын айтып, кештің шырайын аша түсті. Кештің көркін арттырған өнерпаздар да аз емес еді. Абылай Мауданов сахнада өз өнерін паш етсе, Марғұлан Оспанов тұсаукесер өлеңін шырқап, көрерменнің жүрегіне үңілді. Кештің жүргізушісі Батырлан аға тапқырлығы мен шеберлігі арқылы залдың көңілін сергітіп, мерекенің әуенін үнемі жандандырып отырды. Айбек ағамыз тек айтыскер ғана емес, сазгерлік талантымен де ерекшеленеді. Мәдениет үйінің әртістері оның сөзі мен әніне жазылған шығармаларын орындап, пролог оқып, көрініс қойып,көрерменнің ықыласына бөленді. Әр сөз, әр әуен – жүректерді тербеп, рухқа серпін берді. Мен үшін кештің ең ұмытылмас сәті – нағашым Айбек ағамның қолтаңба беруі болды. “Айналайын Аружан, Алла жар болсын, жиенім!” –ақ деп батасын беріп,маңдайымнан сүюі еді.Сол сәт – менің жүрегімде мәңгі сақталатын ерекше естелік болды.
Кеш соңында аудан әкімі Айбек ағамызға шапан жауып, сый-сияпат жасап, халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін паш етті. Артынша берілген ас – өнерге деген ілтипат пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі еді.
Бұл күн – Торғай халқы үшін өнер мен рухтың тоғысы, ұрпаққа үлгі боларлық, есінде мәңгі қалатын тарихи сәт болды.
Әрбір жүрек осы кеш арқылы өнердің, дәстүрдің, туған жердің қадірін терең сезінді, ал Торғай даласы Айбек ағамыздың үнімен тағы бір мәрте тербелді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы
Ғалымжан Аружан Серікқызы
шағым қалдыра аласыз














