Киелі Торғайдан түлеген дарын
Торғай — тарихы терең, рухы биік, қазақ руханиятының алтын бесігі. Бұл қасиетті өңірде алғаш мектеп ашып, білім шырағын жаққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімі мәңгілік із қалдырды. Сол мектептің түлектері бүгінгі күнге дейін оның аманатын жалғастырып, білім мен өнерді дамытудың жолында еңбек етуде. Мен де — осы қасиетті мектептің 11-сынып оқушысы, болашақ түлегімін.Біздің мектеп — ауданның мақтанышы. Мұнда 100-ге жуық тәжірибелі ұстаз, 600-ға жуық оқушы білім алып, өнерін шыңдап келеді. Мектеп тек оқу орны ғана емес, әр оқушының бойына көпқырлы қабілет, дарын, жауапкершілік пен тәрбие дарытатын киелі мекен. Торғайдай киелі өңірдің қарашаңырағы болып отырған мектебіміз әрдайым дарынды, алғыр, ойлы жастарды тәрбиелеп келе жатқан қасиетті білім ордасы екені тағы бір дәлелденді. Біздің қатарымызда ғылымға да, өнерге де, спортқа да бірдей құштар, көп салалы қабілетімен көзге түсіп жүрген оқушылар аз емес. Сол дарынды буынның бірі — өзім.Мен біліммен ғана шектеліп қалмай, өнер мен шығармашылықтың да қайнарынан сусындап келемін. Облыстық та, республикалық та деңгейде жүлдегер атанып, әрбір сынақтан сүрінбей өтуім — мектеп қабырғасындағы тәлімнің, ұстаздарымның өлшеусіз еңбегінің жемісі.Жетігеннің сырлы сазын меңгеруді үйреткен ұстазым — Перизат Қалабайқызы. Театр сахнасында басты рөлдерді сомдауды үйреткен Айнұр Сейдахметова мен Елугүл Бекетова, мәнерлеп оқуда биіктерді бағындыруға қолдау көрсеткен -Асем Серикбаевна.Пікір таластырып,дебатта өнер көрсетуге жол ашқан Сәулеш Батырхан — менің рухани қанатымды кеңейтті. Осындай талантты үйреткен, маған мүмкіндік берген білім ордасының ашқан қазынасы — мен үшін баға жетпес. Әдебиетке деген шексіз сүйіспеншілігім мен поэзия әлеміне деген құштарлығым — менің рухани тірегім. Әр өлең, әр жол мені биікке жетелейді, ойымды тереңдетеді, жүрегімді шабыттандырады. Осындай өнерге, білімге, мәдениетке баулыған барша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына шексіз ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, бойымдағы қабілетімді шындап, әр қадамымды қолдап, дұрыс бағыт берген Ақмарал Елеубаевнаға алғысым ерекше. Ұстаздың мейірімі мен талапшылдығының арқасында талай белеске батыл қадам жасай алдым. Мектеп басшысы Айгүл Әбдіғапарқызы,тәрбие маманы Алуа Мұхамедиярова,Айгерім Есекеева және мектептің барша ұстаздарына да алғысым шексіз. Қос осындай қолдау мен қамқорлықтың арқасында мен тек білім мен өнерде ғана емес, өмірге деген көзқарасымда да дұрыс бағыт таптым. Осындай сенімді ұстаздар мен тәрбиешілердің ортасында өскенім үшін өзімді бақытты сезінемін.Сонымен қатар, облыстық және республикалық деңгейге жеткен оқушыларымыздың бақтарын сынауға мүмкіндік берген ауданның білім бөлімінің басшысы Қасым Абай мен қолдау көрсеткен Жанат Темироваға алғысым шексіз. Осы кісілердің сенімі бізді алға жетелейді, жігер беріп, ұмтылысымызды күшейтеді.Менің болашағым — журналистикада. Болашақ журналист ретінде мен тек өз білімімді ғана емес, елдің мерейін, халқымыздың абыройын арттыруды мақсат етемін. Сөздің күшін дұрыс пайдаланып, қоғамға пайдасын тигізетін ақпарат жеткізгісі келетін жан ретінде, мен елімнің дамуына өз үлесімді қосқым келеді.
Алда бізді маңызды сынақ — Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күтіп тұр. Барлық 11-сынып оқушыларына зор сәттілік тілеймін! Өзім болса, еңбегімнің нәтижесінде «Алтын белгі» алуға талпынып жүрмін және оған қол жеткізетініме сенемін.Торғайдай киелі өлкеде туып, осындай қасиетті мектептің түлегі атану мен үшін ең үлкен мәртебе. Мектеп мені тек біліммен ғана емес, өнерге, мәдениетке, батылдыққа, өзімді дамытудың жолына баулыды.Өмір — үздіксіз ізденіс пен еңбектің жолы. Әрбір қадам, әрбір жеңіс мені шыңдап, жаңа мақсаттарға жетелей түсті. Мен туған өлкемнің атын сан мәрте шығарамын, мектебімнің, ұстаздарымның, Торғайдың даңқын биікке көтеремін. Болашақта журналистика саласында өз орнымды тауып, шындық пен руханияттың жаршысы болуды армандаймын. Мен үшін ең үлкен қуаныш — анамның жүзіндегі мейірім мен елімнің бейбіт аспаны. Ана қуанып, ел тыныш болса — одан асқан бақыт жоқ. Сондықтан мен бар күш-жігерімді жұмсап, еңбегіммен елге пайда тигізуді өмірлік ұстанымым етіп, болашағымды туған жеріме қызмет етуге арнаймын.Тәуелсіз еліміздің байрағы мәңгі желбіреп, халқымыздың мерейі әрдайым биік болсын!
Мен — киелі Торғайдан түлеген, арманы асқақ, туған өлкесіне адал, дарынды, болашаққа сеніммен қадам басқан болашақ түлекпін.Бұл қасиетті жолда менің жанымдағы әр ұстаз, әр дос, әр отбасы мүшесі — менің қанатым, менің шабыт көзім. Сол қолдаулар мен сенімдердің арқасында мен әрқашан биікке ұмтылатын боламын. Туған өлкемнің атағын әлемге паш етемін, өнеріммен, біліміммен, еңбегіммен халқымның жүрегіне жол табамын.
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан Серікқызы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз
уретте:Ғалымжан Аружан және Бақытжан
Ержан.