Шақшақ Жәнібек Тархан
Шақшақ Жәнібек Тархан

#1 слайд
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин
ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы
білім беретін мектебі» ко ммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Махамбет оқулары» байқауының «Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» бағытының «Батырлар» тақырыбы
бойынша жасалған жоба жұмысы
Жоба тақырыбы: Шақшақ Жәнібек
тархан
Жоба авторы: Ғалымжан Аружан Серікқызы
Сыныбы: 11-сынып
Жетекші мұғалімі: Серикбаева Асем Кыстаубаевна
1 слайд
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» ко ммуналдық мемлекеттік мекемесі «Махамбет оқулары» байқауының «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағытының «Батырлар» тақырыбы бойынша жасалған жоба жұмысы Жоба тақырыбы: Шақшақ Жәнібек тархан Жоба авторы: Ғалымжан Аружан Серікқызы Сыныбы: 11-сынып Жетекші мұғалімі: Серикбаева Асем Кыстаубаевна
#2 слайд
АННОТАЦИЯ
Бұл ғылыми жұмыс XVIII ғасырда қазақ халқының бірлігін
нығайтып, елді қорғауда ерекше рөл атқарған тарихи тұлға –
Шақшақ Жәнібек Тарханның өмір жолы мен қоғамдық-саяси
қызметін жан-жақты талдауға арналған. Зерттеуде батырдың
ұрпақтары, мәмілегерлік және шешендік қырлары
қарастырылып, оның қазақ-жоңғар соғыстарындағы орны
мен Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен
байланысы тарихи деректер негізінде көрсетіледі. Сондай-ақ
шежірелер мен аңыздардың деректік маңызы ашылып,
тарихи шындықты анықтаудағы орны айқындалады. Жұмыс
нәтижелері отандық тарих ғылымын толықтырып қана
қоймай, жас ұрпақтың ұлттық рухани санасын
қалыптастыруға үлес қосуға бағытталған.
2 слайд
АННОТАЦИЯ Бұл ғылыми жұмыс XVIII ғасырда қазақ халқының бірлігін нығайтып, елді қорғауда ерекше рөл атқарған тарихи тұлға – Шақшақ Жәнібек Тарханның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты талдауға арналған. Зерттеуде батырдың ұрпақтары, мәмілегерлік және шешендік қырлары қарастырылып, оның қазақ-жоңғар соғыстарындағы орны мен Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысы тарихи деректер негізінде көрсетіледі. Сондай-ақ шежірелер мен аңыздардың деректік маңызы ашылып, тарихи шындықты анықтаудағы орны айқындалады. Жұмыс нәтижелері отандық тарих ғылымын толықтырып қана қоймай, жас ұрпақтың ұлттық рухани санасын қалыптастыруға үлес қосуға бағытталған.
#3 слайд
ҰЛТҚА ҰЙТҚЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА
3 слайд
ҰЛТҚА ҰЙТҚЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА
#4 слайд
Махамбет жырларындағы өрлік пен
батырлық сарын – XVIII ғасырда ел
тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың да
рухани жалғасы. Солардың бірі –
халқымыздың бірлігі мен елдігін сақтауда
ерекше рөл атқарған Шақшақ Жәнібек
тархан. Ол да Махамбет сияқты қол бастап,
сөз бастап, халқының болашағы үшін күресті.
Егер Махамбет ХІХ ғасырдың зар заманында
отаршылдыққа қарсы найза мен жырын
қатар ұстаса, Жәнібек XVIII ғасырдағы
жоңғар шапқыншылығында елдің қорғаны,
мәмілегерлік пен батырлықтың үлгісін
көрсетті.
4 слайд
Махамбет жырларындағы өрлік пен батырлық сарын – XVIII ғасырда ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың да рухани жалғасы. Солардың бірі – халқымыздың бірлігі мен елдігін сақтауда ерекше рөл атқарған Шақшақ Жәнібек тархан. Ол да Махамбет сияқты қол бастап, сөз бастап, халқының болашағы үшін күресті. Егер Махамбет ХІХ ғасырдың зар заманында отаршылдыққа қарсы найза мен жырын қатар ұстаса, Жәнібек XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығында елдің қорғаны, мәмілегерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.
#5 слайд
Осы зерттеу жұмысын жазудағы басты мақсатым –
Шақшақ Жәнібек батырдың өмірін, ерлігін, ел
алдындағы еңбегін айшықтап көрсету, оның қазақ
тарихындағы орнын ғылыми тұрғыда таныту.
Сонымен бірге Жәнібектің елін қорғаудағы
қайсарлығы мен саяси көрегендігін кейінгі ұрпаққа
өнеге ету арқылы жас ұрпақтың бойына
ұлтжандылық пен патриоттық сезім ұялату.
Сондықтан Шақшақ Жәнібек туралы бұл зерттеу
жұмысын «Махамбет оқуларының» «Батырлар»
бөлімінде қорғау – тарихи сабақтастықты,
батырлық пен елдік рухтың үзілмейтінін
айғақтайды. Махамбет рухы – азаттыққа деген
арман болса, Жәнібек бейнесі – сол арман
жолындағы күрестің шынайы көрінісі. Екеуін
байланыстырып тұрған ортақ қасиет – халық үшін
жанын қиған батырлық, елдік мүддеге адалдық.
5 слайд
Осы зерттеу жұмысын жазудағы басты мақсатым – Шақшақ Жәнібек батырдың өмірін, ерлігін, ел алдындағы еңбегін айшықтап көрсету, оның қазақ тарихындағы орнын ғылыми тұрғыда таныту. Сонымен бірге Жәнібектің елін қорғаудағы қайсарлығы мен саяси көрегендігін кейінгі ұрпаққа өнеге ету арқылы жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық пен патриоттық сезім ұялату. Сондықтан Шақшақ Жәнібек туралы бұл зерттеу жұмысын «Махамбет оқуларының» «Батырлар» бөлімінде қорғау – тарихи сабақтастықты, батырлық пен елдік рухтың үзілмейтінін айғақтайды. Махамбет рухы – азаттыққа деген арман болса, Жәнібек бейнесі – сол арман жолындағы күрестің шынайы көрінісі. Екеуін байланыстырып тұрған ортақ қасиет – халық үшін жанын қиған батырлық, елдік мүддеге адалдық.
#6 слайд
Ғылыми жұмыстың өзектілігі –
тәуелсіздік дәуірінде тарихи
әділеттілікті қалпына келтіріп,
жоңғар шапқыншылығына қарсы
күресте ел бастаған тұлғалардың,
соның ішінде Шақшақ Жәнібектің
орнын айқындау. Кеңестік дәуірде
батырлар бейнесі бұрмаланып,
«таптық тұрғыдан» қарастырылды.
Бүгінгі міндет – олардың шынайы
тұлғасын жаңғырту.
6 слайд
Ғылыми жұмыстың өзектілігі – тәуелсіздік дәуірінде тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ел бастаған тұлғалардың, соның ішінде Шақшақ Жәнібектің орнын айқындау. Кеңестік дәуірде батырлар бейнесі бұрмаланып, «таптық тұрғыдан» қарастырылды. Бүгінгі міндет – олардың шынайы тұлғасын жаңғырту.
#7 слайд
Зерттеу мақсаты – ХVІІІ ғасыр-
дағы қазақ хандығының саяси-
әлеуметтік жағдайын ашу, Жәнібек
тарханның қолбасшылық қабілеті
мен саяси көрегендігін көрсету. Ол
– үш жүзді біріктіріп, жауға қарсы
тұрған, тарихтың беталысына
ықпал еткен қайраткер.
7 слайд
Зерттеу мақсаты – ХVІІІ ғасыр- дағы қазақ хандығының саяси- әлеуметтік жағдайын ашу, Жәнібек тарханның қолбасшылық қабілеті мен саяси көрегендігін көрсету. Ол – үш жүзді біріктіріп, жауға қарсы тұрған, тарихтың беталысына ықпал еткен қайраткер.
#8 слайд
Зерттелу деңгейі. Жәнібек туралы
деректер Ресей архивтерінде сақталған
грамоталар мен указдардан, елшілердің
жазбаларынан бастау алады. Бұл жөнінде
Б.П. Гуревич, Р.Б. Сүлейменов, В.А.
Моисеев сияқты ғалымдар еңбектер
жазды. Шоқан Уәлиханов, В. Левшин, И.
Крафт, В. Бартольд еңбектерінде де
Жәнібек бейнесі аталады. Сонымен қатар
А.Левшиннің «Описание киргиз-
казахских орд и степей» (1832), П.
Рычковтың «История Оренбуржья»
(1896) сияқты дерекнамалық еңбектер
құнды мәлімет береді.
Қазақ зиялылары Шәкәрім, Ахмет
Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев,
Міржақып Дулатов шығармаларында
Жәнібек батырдың ерлігі көркем
бейнеленсе, Ә. Кекілбаев көркем прозада
тұлғаның биік келбетін сомдады. Осы
ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты –
тарих бетінде ескерусіз қалған Шақшақ
Жәнібек бейнесін айқындап, оның ел
тарихындағы орнын көрсету.
8 слайд
Зерттелу деңгейі. Жәнібек туралы деректер Ресей архивтерінде сақталған грамоталар мен указдардан, елшілердің жазбаларынан бастау алады. Бұл жөнінде Б.П. Гуревич, Р.Б. Сүлейменов, В.А. Моисеев сияқты ғалымдар еңбектер жазды. Шоқан Уәлиханов, В. Левшин, И. Крафт, В. Бартольд еңбектерінде де Жәнібек бейнесі аталады. Сонымен қатар А.Левшиннің «Описание киргиз- казахских орд и степей» (1832), П. Рычковтың «История Оренбуржья» (1896) сияқты дерекнамалық еңбектер құнды мәлімет береді. Қазақ зиялылары Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов шығармаларында Жәнібек батырдың ерлігі көркем бейнеленсе, Ә. Кекілбаев көркем прозада тұлғаның биік келбетін сомдады. Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – тарих бетінде ескерусіз қалған Шақшақ Жәнібек бейнесін айқындап, оның ел тарихындағы орнын көрсету.
#9 слайд
1726 жылы Бұланты өзені маңында болған тарихи шайқаста
Жәнібек батырдың қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Бұл
жеңіс халық жадында «Қалмаққырылған» деген атпен
сақталып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте бетбұрыс
кезеңге айналды. Бұдан кейінгі 1729 жылғы Аңырақай
шайқасында да Жәнібек батырдың ерлігі мен
ұйымдастырушылық шеберлігі халыққа күш-қуат берді.
9 слайд
1726 жылы Бұланты өзені маңында болған тарихи шайқаста Жәнібек батырдың қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Бұл жеңіс халық жадында «Қалмаққырылған» деген атпен сақталып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте бетбұрыс кезеңге айналды. Бұдан кейінгі 1729 жылғы Аңырақай шайқасында да Жәнібек батырдың ерлігі мен ұйымдастырушылық шеберлігі халыққа күш-қуат берді.
#10 слайд
1717 жылғы Аягөз шайқасында қазақ жасағын
бастап, жоңғарларға ойсырата соққы бергені
мәлім. 1726 жылы Ордабасыдағы үш жүздің бас
қосқан тарихи құрылтайында Жәнібек орта жүз
қолын басқарды. Бұл жорық қазақ
жасақтарының мерейін көтеріп, елге рух берді.
10 слайд
1717 жылғы Аягөз шайқасында қазақ жасағын бастап, жоңғарларға ойсырата соққы бергені мәлім. 1726 жылы Ордабасыдағы үш жүздің бас қосқан тарихи құрылтайында Жәнібек орта жүз қолын басқарды. Бұл жорық қазақ жасақтарының мерейін көтеріп, елге рух берді.
#11 слайд
1729 жылғы әйгілі Аңырақай шайқасында Жәнібек
Абылайды (Сабалақты) алғаш танып, оның батырлық
жолына дем берді. Кейіннен Абылайдың сенімді серігі,
ақылшысы болып, батагөй абыз ретінде танылды. Жәнібек
тек қол бастаған батыр ғана емес, мәмілегер, әділ би ретінде
де елдің бірлігін сақтауға зор үлес қосты. Оның шешендігі
мен көрегендігі арқасында көптеген дау-дамай бейбіт
шешіліп отырған. Сондықтан халық Жәнібекті әділдігімен –
би, жаужүректігімен – батыр, ақыл-парасатымен – абыз,
елдік тұлғасы тұрғысынан – қамал қорғаны деп бағалаған.
11 слайд
1729 жылғы әйгілі Аңырақай шайқасында Жәнібек Абылайды (Сабалақты) алғаш танып, оның батырлық жолына дем берді. Кейіннен Абылайдың сенімді серігі, ақылшысы болып, батагөй абыз ретінде танылды. Жәнібек тек қол бастаған батыр ғана емес, мәмілегер, әділ би ретінде де елдің бірлігін сақтауға зор үлес қосты. Оның шешендігі мен көрегендігі арқасында көптеген дау-дамай бейбіт шешіліп отырған. Сондықтан халық Жәнібекті әділдігімен – би, жаужүректігімен – батыр, ақыл-парасатымен – абыз, елдік тұлғасы тұрғысынан – қамал қорғаны деп бағалаған.
#12 слайд
Торғайда Ыбырай Алтынсарин ашқан алғашқы
мектептің қалыптасуына Шақшақ Жәнібек
батырдың ұрпақтары да тікелей қолдау
көрсеткені тарихтан белгілі
12 слайд
Торғайда Ыбырай Алтынсарин ашқан алғашқы мектептің қалыптасуына Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпақтары да тікелей қолдау көрсеткені тарихтан белгілі
#13 слайд
Шақшақ Жәнібек 1752 жылы дүниеден өтті.
Оның мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи
мавзолейінде жерленген.
13 слайд
Шақшақ Жәнібек 1752 жылы дүниеден өтті. Оның мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінде жерленген.
#14 слайд
Өз заманында ғұмыр кешкен Жәнібек
батырдың бойында ерекше қасиеттер
мол болды. Ол – батылдығымен де,
шешендігімен де, әділдігімен де
халықтың бақытына жаралған тұлға.
Сондықтан, оның мәртебесі мен ұлы
істері кейінгі тарихи үрдістерден
жалғасын тауып, ұрпақ санасында
мәңгі сақталуға тиіс.
14 слайд
Өз заманында ғұмыр кешкен Жәнібек батырдың бойында ерекше қасиеттер мол болды. Ол – батылдығымен де, шешендігімен де, әділдігімен де халықтың бақытына жаралған тұлға. Сондықтан, оның мәртебесі мен ұлы істері кейінгі тарихи үрдістерден жалғасын тауып, ұрпақ санасында мәңгі сақталуға тиіс.
шағым қалдыра аласыз













