Ағылшын тілін білу –
заман талабы
Юлдашова Назыма
Жумамуратқызы,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекттің университетінің, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар
факультетінің 1-курс студенті
Тараз қаласы, 2018
жыл.
Ағылын тілі ең ежелгі тілдер
қатарына жатады және ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып
алған Англосоксондардың тілі. Ағылшын тілі – Үндіеуропа тілдерінің
батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілінің жалпы тарихы V-VI
ғасырлардан бастау алады. Ағылшындар VII – VIII ғасырларда руна
жазуын пайдаланса,VI – VII ғасырларда ағылшындарда христиандар діні
кең таралған кезеңде руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі
еңгізілді. Осы кезеңдерде еңбекқор ағылшындар латын әліпбиін
дамытып оған W, J, V әріптерін қосты. Бірақ 1066 жылы Англияны
норман тайпалары басып алғаннан кейін Англияның мемлекеттік тілі –
француз тілі болып, ағылшын тілі тек өзара байланыс жасайтын тіл
болып сақталды. 1476 жылы Англияда ағылшын тілінде кітап басылып
шаға бастады. Дәл осы кезеңдер ағылшын тілі үшін даму кезеңі болды.
Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөліеді.
Британдық ағылшын тілі өз ішінде тағы да бірнеше тармақтарға
жіктеледі.Жалпы ағылшын әліпбиі 26 әрәптен тұратын болып
қалыптасты. Осындай күрделі кезеңдерді басынан өткерген ағылшын
тілі қазірде бүкіл дүние жүзінде ойып тұрып орын алған. Осындай
жоғары мәртебеге ие ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар саны 400
милллионнан асып отыр[4].
Ағылшын тілі – кең
қолданысағы халықаралық тіл. Қазіргі таңда ағылшын
тілін қолданыста ана тілі деп есептеген халқы көп тілдердің
арасынан қытай тілі мен испан тілінен кейінгі орынды алады.
Ұлыбритания,Америка Құрама Штаттары,Жаңа Зеландия, Аустралия(тағы
да басқа көптеген елдер бар) сынды елдер ағылшын тілін ана тіліміз
деп есептейді. Сонымен қатар ағылшын тілі – Біріккен ұлттар
ұйымының тілі болып табылады. Канада да ағылшын тілі мен француз
тілі, Ирландияда ирлан тілі мен ағылшын тілі қатар қолданылады.
Үндістанның да бірнеше аймақтарында ағылшын тілі кеңінен қолданысқа
ие. Ағылшын тілінің Үндістанда кеңінен таралуына басты себеп –
ежелде Үнді елі ежелгі ағылшын тайпаларының біріне бағынышты болған
деген деректер бар[4].
Ағылшын тілі тек шет
мемлекеттерде емес Қазақ елінде де өзіндік орнын таба алған тіл.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлылығы туралы ойды алғаш
рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2014 жылғы
“Жаңа әлемдегі Қазақстан” жолдауыда Елбасы “Тілдердің үш
тұғырлылығы” - “Триединство языков” мәдени жобасын кезеңдеп іске
асыру қажет екенін баяндады. Белгіленген үш тілдің бірі –Қазақ
тілі,екіншісі – орыс тілі болса, ал үшінші тіл – ағылшын тілі болып
отыр.Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы әр тілге жеке анықтама
берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас
тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Осы жоба аясында ағылшын тілі мектептегі барлық сыныптарға міндетті
пән ретінде еңгізілді және химия,физика мен математика, информатика
сынды піндер үш тілде жүргізілуі басталды. ХХ ғасырдың 50 –
жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік халықаралық
қатынастар жіне әлем тілдері университетінде ағылшын тілі тереңінен
оқытыла бастаған болатын. Ал қазірде Қазақстанда көптеген Жоғарғы
оқу орындарында шет тілі мамандықтары және басқа ғылым салаларын да
ағылшын тілінде оқитын жоғарғы оқу орындары
бар.
Қазіргі таңда ағылшын тілін
жетік меңгеру ең өзекті тақырып болып отыр. Мейлі сіз мектепте
оқысаңыз да, жоғарғы оқу орынындағы білім алушы болсаңыз да,
кәсіпорынға немесе басқа да мекемеге жұмыс жасайтын болсаңыз да,
саяхатқа шықсаңыз да ағылшын тілі сізге қажет, ол сізбен бірге
жүріп отырады. Егер сіз ағылшын тілін жетік меңгерсеңіз кез –
келген ортада өз біліміңізді көрсетіп, жоғары дәрежеге ие бола
аласыз. Үш тілді білу заман талабы. Ал бірнеше тілде еркін сөйлей
алу сізді жарқын болашаққа жетелейтін кілт іспетті. Ағылшын тілін
мектепте негізгі пән ретінде қарастырып, жақсы баға алу үшін ғана
оқып жүрген білім алушылар бар. Олар ол тілді кейіннен дамытпай,
сол мектептегі дәреже бойынша қалып, жүре келе бар білетін
ағылшыншасын да ұмытып қалады. Оның себебі неде? Себебі ол оқушының
мақсаты тек жақсы баға алу ғана болатын, сондықтан ол оқушының
тілге деген қызығушылығы болмай, ол тілді меңгеруді тастап кетті.
Осылай ол өзі білетін бірнеше ақпаратты ұмытты десек те болады.
Айтпағым, кез келген істі ынтамен, қызығушылықпен бастап, әрдайым
ізденісте болғанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Ынта мен
ізденіссіз білім болмайды .
Шетел тілін үйрену – жас
ұрпақтың бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі. XXI ғасырда толықтай
дамыған, әрбір тұлға ағылшын тілін білуге міндетті десек те артық
болмайды. Ағылшын тілі әрбір көзі ашық, көкірегі ояу, болашағын
жарқын етіп елестететін жеке тұлға үшін қажет. «Қазақстан халқы
бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға
тиіс»,- деп Елбасымыз айтқан болатын.
Бірнеше тілде сөйлеу әрбір
тұлғаны қызықтырары анық.Бірнеше тілде еркін сөйлей алатын адам
әрбір ортада сыйлы, табысты болары анық. Себебі қазіргі таңда
барлық жұмыс орындарында да, жоғарғы оқу орындары мен мектептерге
де үш тілді нақты білетін тұлға қажет. Ағылшын тілінің ұтымды
екенін ескере отырып осы тілді меңгерушілер саны да артуда. Алайда
олардың барлығы дерлік өз мақсаттарна толық жете алмай жатады.
Себебі мақсатына жету жолындағы қадамдары анық емес немесе «Тілдік
барьер» кедергі жасайды. «Шет тілін тез арада үйрену жолдары»
қазіргі таңдағы ең өзекті тақырып болып табылады. Ағылшын тілін
үйрену үшін түрлі сайттар мен кітаптарды пайдалануға болады. Алайда
ағылшын тілін жетік меңгеру үшін бұл қадамдар жеткіліксіз болуы да
мүмкін. Сондықтан ағылшын тілін қызықты әрі тез арада үйренудің
жолдарын анықтап көрдім.
1. Ағылшын тілі әлемінде өмір
сүру. Өз бөлмеңізге кішігірім тақта орнатып сол тақтаға ағылшын
тіліндегі сөздерді, мақал – мәтелдерді жазып қойыңыз.Бөлмеңізге әр
кірген сайын тақтаға көзіңіз түсіп, сөздерді жаттау жыдамдығыңыз
арта түседі. Бұл жерде ескеретін жағдай тақта көзге жиі түсетін
орында тұрғаны жөн. Сонымен қатар жазылған сөздерді де ерекше
түстермен, әсерлі етіп жазсаңыз жиі назар аударарыңыз
анық.
2.Әлеуметтік желлер мен
телефоныңыздағы қосымшалардың барығын дерлік ағылшын тіліне
ауыстырып қою арқылы да ағылшын тілін тез меңгеруге болады .
Телефоныңыздың тілін түсінбей қаламын деп қорқасыз ба? Тіпті жақсы.
Егер сіз телефоныңыздың тілін түсінбей жатсаңыз сол сөзді сөздіктен
іздеп табу арқылы сөздік қорыңызды толықтырасыз. Тапқан сөзіңізді
сөздік тақташасына жазып отыруды
ұмытпаңыз.
3.Біз ауызекі сөйлеу кезінде
орысша сөздерді немесе қазақ тіліндегі сөздерді қысқартып
қолданатынымыз белгілі. Бұлай сөйлеу мідениеттілік қағидаларына сай
келмесе де ағылшын тілін үйрену кезеңінде көп пайдасын
тигізеді.Әлеуметтік желіде де достарыңызбен ағылшын тілінде
сөйлесіп отыру көп пайдасын тигізері анық.
4.Ағылшын тілінде ән салу
немесе тыңдау. Бұл жағдайға арнайы уақыт бөлу қажет емес. Автобуста
отырғанда, үй шаруасын орындап жүргенде түрлі әуендерді тыңдауға
және ән салуға болады. Егер музыканы аса ұнатпайтын болсаңыз,
ағылшын тіліндегі әуендердің орнына ағылшын тіліндегі аудио
кітаптарды тыңдауыңыз. Ал бос уақытыңыз табылып жатса ағылшын
тіліндегі фильмдерді немесе мультфильмдерді тамашалауыңызға
болады.
5.Өз хоббиіңізді сөздік
қорыңызды толықтыруға пайдаланыңыз. Мысалы, сіз түрлі тағамдар мен
тәттілерді әзрлегенді ұнатасыз делік. Күнделікті түрлі тағамдарды
дайындау үшін оның құрамын ғаламтордан көретін боларсыз? Сіз ол
тағамның құрамын ағылшын тілінде оқып көріңіз немесе тағамның
дайындалу әдісінің видео нұсқасын ағылшын тілінде тамашалаңыз. Бұл
әдісті бір оқпен екі қоян ату десек те болады. Себебі, сіз бұл
кезеңде өз хоббиіңізбен айналысасыз және ағылшын тілне деген
қызығушылығыңызды арттыра отырып сөздік қорыңызды
молайтасыз.
6.Алдыңызға ҰЛЫ мақсат
қойыңыз. Ол мақсат мына үлгіде болса тіпті жақсы: «Мен Лондонға
барамын!», «Мен Англияда жұмыс істеймін».Бұл мақсатыңыз сізді
жігерлендіріп, ағылшын тілін тез арада үйренуіңізге көп септігін
тигізеді.
7. Ағылшын тіліндегі ертегілер
мен әзіл әңгімелерді оқу да өте пайдалы. Бұл әдіс арқылы сіз
көңіл-күйіңізді көтересіз және ағылшын тіліне қызығушылығыңызды
арттырасыз.
Осы әдіс-тәсілдердің арасынан
өзіңізге қолайлы деп тапқан түрлерін міндетті түрде орындайтын
болсаңыз, сіздің нәтижеңіз де іс-әрекетіңізге қарай анық
болады.
Қорыта келгенде, болашақ
жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, шет тілін де жоғары деңгейде
білуі – заман талабы. Ал бұл талап орындалса, еліміз көркейіп, биік
белестерді бағындырары анық.
Болашақ жастардың
қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Республикалық
ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Оқу инновациялық
технологиялар», 2016 жыл №4
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналы, «Ұлағат», 2018 жыл №7
3. Мұғалімдерге арналған
әдістемелік журналдар.
4.[
www.kwikipedia.org.]