Материалдар / Дарындылардды дәстүрлі өнер құшақ жая қарсы алады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарындылардды дәстүрлі өнер құшақ жая қарсы алады

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2019
293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәстүрлі өнер дарындылар үшінҚазақ халқының рухани өміріндегі күрделі де өзіндік ерекшелігі мол айрықша мұраның бірі – ән өнері, әншілік дәстүр. Біздің үйірме ғасырдан жалғасып келе жатқан, халқымыздың қанымен бірге пайда болып, ажырамас серігі болып кеткен ән өнерін жастарға яғни, келешек ұрпаққа таза жеткізуді мақсат етеді. Ән – сезімді сыртқа шығарудағы өнер адамының табиғи құралының бірі. Оқушылар сарайындағы «Домбырамен дәстүрлі ән айту үйірмесі» өз оқушыларына қазақ халық әндерін және халық композиторларының әндерінің төл нұсқасын сақтап жеткізеді әрі үйретеді. Үйірмеде оқушылар әндердің шығу тарихы, халық композиторларының өмір жолымен, шығармашылығымен танысады. Әннің ішкі қыр-сырын үйреніп, оны тыңдаушыға жеткізетін халық әндерінің қалпын сақтап қалатын, осы үйірмеде оқып жатқан оқушылар. Домбырамен ән айту сабағы оқушыларды кәсіби деңгейде болуға үйретеді. Дәстүрлі әнімізді насихаттайды, кішкене әншілерді даярлайды, халық әндері мен халық композиторларының өмір жолы мен шығармаларынан мағлұмат береді. Істеу қабілеті арқылы үйренетін дәстүрлі әндер, ырғақты сезіну, дыбысты таза есту, әнді тез арада есте сақтау сияқты қабілеттеріне қарап, онымен қоса дауыс көлеміне байқап репертуар таңдау арқылы сабақтың тақырыптық деңгейіндегі өзара жалғастығы белгілі жүйемен жүреді. Оқушының алған ән репертуары ұстаздың біліктілігімен қаралып, айту үрдісін көрсетіп, әнге төселіп үйренгенше мұқият тексеріп отырылады. Әнді үйренген соң, оның орындаушылық шеберлігі, мазмұны талданып, ішкі жан дүниемен айтуға көңіл бөлу қажет. Оқушыға әнді үйретер алдында әннің шығу тарихы, ән жайында аңыз-әңгімелер мен ән авторларының өмірлік ортасы, тұрмыс-тіршілігі жайлы айтып, әннің жанрлық және дәстүрлік сипатын, орындаушылық ерекшелігін барынша түсіндіріп отырамын. Оқушының орындаушылық шеберлігімен қатар, көркемдік әдеби ойы мен, әуендік талғамының да тұрақты өсіп тұруына үнемі назар аударылады. Оқушының жан-жақты дамуы, шеберлік деңгейі мен адами және рухани байлығының астасып жатуы қадағаланады. Сонымен қатар, музыкалық қабілет бар оқушының оқу үрдісінде кәсіптік деңгейге көтерілуі пәннің жан-жақты оқытылуына байланысты. Мысалы, оқушы Кенен Әзірбаевтың «Туған жер» әнін алды дейік, біріншіден ән тарихын әңгімелеу, жүрегіне қондыра білу керек. Ол әнді өзі түсінген жағдайда, тыңдаушыға жеткізе алады. Әннің шығу тарихы, мазмұны, аймақтық ерекшелігі айтылады. Оқушы дұрыс түсіну үшін, ән әуенін таспа арқылы тыңдап, құйма құлақтыққа үйренеді. Осылай тыңдау арқылы санаға құюмен ән иірімінің әуенін таза алатын болады. Сонан кейін домбыра қағысы, шертісіне көңіл бөлінеді. Жетісу әндеріне көбіне шертпе қағыстары ауадай қажет. Қосалқы сабақ, домбыра сабағының көмегі болу әбден керек, әнші күйшідей домбыра ұстаса, еш артығы жоқ. Әншімен күйшінің домбырадағы оң қол, сол қол қойылымдарын еш бөліп жарудың қажеті жоқ. Әрі қарай дауыс тазалығы, сөз мәтінін дұрыс жеткізу мен сахналық мәдениетіне қараймыз. Дыбыс тазалығына қол жеткізу үшін жоғарғы төменгі, кеуде резонаторларының жұмыстарын қадағалаймын. Ауыз қуыс, мұрын кеңірдек арқылы тербелістерді қалыпқа келтірегеннен кейін кеуде резонаторларын қалыптастыру қажет. Дұрыс дем алу мен дем шығаруды үйренеміз. Әншілік дауыс – табиғаттан әр адамның өзіне тән дауыс биіктігі тембрімен қуаты болады. Қазақы дәстүрлерді сақтай отырып, дыбыстың қуаттылығымен сапасын арттыруға қол жеткізу үшін вокалды әртүрлі жаттығулар жасап отырамыз. Айнаға қарап орындаушылық ерекшеліктерін жетілдіреміз. Үнтаспа тыңдап, дикциямен жұмыс істейміз. Әннің сөзін мағыналы жаттауға үйретемін. Осының бәрін біле отырып, кей оқушылар ән буынын таза буындағанымен, ән айтқанда ән әуенін бөлек-бөлшек орындайды. Одан құтылу үшін таспаны көп тыңдаған жөн және әнді соғұрлым көбірек орындау қажет. Сонда ғана ән жалғасымы үзілмей әдемі естіле орындалады. Ән айту әңгіме айтумен тең деп түсінген дұрыс.Домбырамен  сүйемелдеудегі  дәстүрлі ән айту  арқылы  жас ұрпақтың  дүниетанымын  қалыптастыру  - ұлттық  тәрбиенің  қайнар көзі.   Өткен ғасырдың аса құндылығы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде  жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалық-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр. «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», — деп Бауыржан Момышұлы бекер айтпаса керек.Астана қаласы М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы «Домбырамен дәстүрлі ән айту» үйірмесінің жетекшісі Баимбетов Марат Мейірханұлы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!