Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жумадилова Бейбитгуль Толеубековна
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы
ШҚО Семей қаласы
«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары» ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін балабақшадан бастап, мектепте шешу маңызды.
Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсаты – оқушыға мектеп қабарығасында өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасау, оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру. Білім берудің денсаулық сақтау технологиясын ерекшелейтін көрсеткіш – білім алушылардың жағдайын үнемі экспресс-диагностикадан өткізу және оқушылардың денсаулық жағдайлары туралы сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ағзаның динамикалы дамуының негізгі параметрлерін тексеру.
Дене шынықтыру сабақтарында денсаулықты сақтау технологияларын қолдану мәселелерімен әр уақытта А. М. Максименко, Л. П. Матвеев, В. И. Лях, Ж. К. Холодов сияқты ғалымдар айналысса, ал Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан Г.Д.Әлімжанова, Р.Р. Амангелдиев, З.К.Дунаева, С.А. Жампеисованың еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі уақытта ғалымдар «денсаулық сақтауды» арнайы ұйымдастырылған дене шынықтыру-сауықтыру, білім беру, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық т.б. іс-шаралар жиынтығын қамтитын, балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, қалыптастыру бойынша барлық бағыттарын біріктіретін процесс ретінде қарастырады.
Денсаулық сақтау технологиясы – білім алушылардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және практикалық іс-әрекетін басқарудың ұйымдастырушылық тәсілдерінің функционалды жүйесі [1].
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - білім алушының білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.
Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады[2]:
1) жас ерекшеліктерін ескеру;
2) жүйелілік пен бірізділік;
3) қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді);
4) қауіпсіздік (орта сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары элементтерінің сәйкестілігін ұсынады);
5) вариативтілік (балалардың танымдық, қимыл, ойындағы белсенділігін ынталандыратын құрал-жабдықтар мезгілімен ауыстырылуы тиіс);
6) баланың жетістігін сезінуі.
Денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет атқарады: релаксациялық, коммуникативтік, түзету, профилактикалық.
Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді түрде кіріктіріледі: музыка - тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тыныс алу аппаратын нығайтады.
Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:
-
мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;
-
оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;
-
қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;
-
игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.
Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да - мұғалім сабағы - оның негізін құрайды.
Денсаулықты нығайтумен және ағзаның бейім қасиеттерін дамытуды бағыттаумен байланысты оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына жетудің гигиеналық құралдары [3]:
-
санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормалармен бекітілген санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
-
жеке және қоғамдық гигиена (дененің тазалығы, сабақ өтетін орын мен ауаның тазалығы және т.б.);
-
бөлмені желдету және сулап тазарту;
-
жалпы күн режимін, қозғалыс белсенділігінің режимін, тамақтану және ұйықтау режимін сақтау;
-
балаларды қол жуудың, жөтелу және түшкіру кезінде қол орамалды пайдаланудың және т.б. қарапайым дағдыларына баулу;
-
балаларға салауатты өмір сүру салтының (СӨС) қарапайым тәсілдерін, кесіп алу, күю, тістеу және жаралану жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің қарапайым дағдыларына үйрету;
-
инфекциялардан сақтандыру мақсатында оқушыларды егудің тәртібін ұйымдастыру;
-
қатты шаршаудың алдын алу үшін оқу жүктемесінің шамасын шектеу.
Сабақтарды өткізу барысында гигиеналық талаптарды сақтамау оқытуда білім берудің денсаулық сақтау технологиясының оң тиімділігін төмендетеді.
Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Және әр педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек. Педагогикалық факторлардың ішінде анағұрлым маңызды болып табылатыны педагогикалық әсердің күйзелісті әдісі.
Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді: сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінез-құлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңлі толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдайдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау – күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған класқа қарағанда, педагогы қатаң, мейірімсіз болған кластарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп. Күйзеліс факторы, физиологтардың пікірінше, белгілі бір қызмет уақытының шектелуі. Біздің дәстүрлі мектептерімізде жетістік, білім сапасы, сауаттылық сандық көрсеткіштермен ауыстырылып отыр. Бұл сондай-ақ жазу жылдамдығы мен оқу жылдамдығына да қатысты, оларды жылдамдату жас ерекшелік физиология институты зерттеулерінің мәліметтері бойынша олардың психофизиологиялық құрылымын бұзады.
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады[3]: қозғалысқа бағытталған құралдар; табиғаттың сауықтыру күштері; гигиеналық факторлар.
Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады: қозғалыс; физикалық жаттығулар; сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар; эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»; гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирациялық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған); емдік дене шынықтыру; қозғалысты ойындар; массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау
технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді. Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану). Мектепте фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.
Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді.Денсаулық сақтау құралдарын пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет. Олар:
- алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;
- функционалдық музыкаларды қолдану;
- сабақты аудио сүйемелдеу;
- жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою;
- қайта оралту іс-шаралары түрінде;
- жаппай спорттық - сауықтыру іс - шаралары арқылы;
- денсаулық мерекесі;
- табиғатқа серуендеу;
- экскурсия;
- оқушының ата - анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық
сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру - теориялық, практика-
лық сабақтарды өткізу;
- педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін.
Балалардың түрлі жас топтарында денсаулықтарын сақтау мен ынталандырудың заманауи технологиялары: стретчинг, динамикалық үзілістер, қимылды және спорттық ойындар, релаксация, коммуникативтік ойындар, саусақ жаттығулары, көзге арналған және тыныс алу жаттығулары, түзету жаттығулары, ортопедиялық гимнастика, құм терапиясы, музыка терапиясы, ароматерапия, шынықтыру, оттегі коктейлі, ритмопластика [4].
Түзету технологиялары: ертегі терапиясы, алыстан нашар көрудің үдеуінің алдын алу, суық тиюден болатын аурулардың алдын алу, массаж, өзіне-өзі массаж жасау [4].
Қарастырылған технологиялардың әрқайсысы сауықтыруға бағытталады, денсаулық сақтау қызметін кешенді қолдану нәтижесінде балада салауатты өмір салты дағдысы қалыптасады. Денсаулықты сақтаудың психологиялық негізі-оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге ынталандыру. Денсаулықты сақтау технологиясының ажырамас бөлігі денсаулық және салауатты өмір салты мәселелерінде хабардар болу. Өмірде табысқа қалай жету керек, алкогольдің немесе есірткінің құрбаны болмау керек-денсаулық мәдениетіне, осы сұрақтарға жауап беру үшін бала, жасөспірім мұғалімге, маманға жүгінеді. Сонда олардан алынған ақпарат практикада қолданылуға барынша мүмкіндігі болады.
Әдебиеттер тізімі:
-
Бекуирманов Н.С.Дене шынықтыру және спорт педагогикасы.-Алматы.: Евро, 2016.-112б.
-
Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы.: Білім, 2003.-250б.
-
Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе.- М.: АПК и ПРО, 2002. – 96 c.
-
Ахутина Т.В. Здоровьесберегающие технологии обучения: индивидуально-ориентированный подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. С.21 – 28