Материалдар / Инновациялық технология білім беру үрдісінде.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инновациялық технология білім беру үрдісінде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. Заман өзгерген сайын білім беру жүйесінде қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2022
303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тойбекова Рымтай Аскатовна

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Я. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі

Инновациялық технология білім беру үрдісінде.

Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезеңдегі дамуында терең сапалық өзгерістерге бетбұрыс жасауда. Елбасының “Қазақстан-2050”стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет”,- деп айтылған. Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.

Қазіргі таңда еліміз бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Бүгінгі таңда мектептерде бағалаудың жаңа жүйесі қалыптасты. Сонымен қатар инновациялық білім беру заман талабы болып отыр.

«Инновация» термині – ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы жаңарудың сатысы ретінде қаралып, латын тілінінен аударғанда «жаңару», «өзгеру», ал ағылшын тілінен аударғанда «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар» деген ұғымды білдіретін термин.
«Инновация » ұғымына ғалымдардың көбі әр түрлі анықтамалар берген. Мәселен, Э.Раджерстің айтуы бойынша «Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» - десе, Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама беріп өткен ғалым Немербай Нұрахметов болды. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелер – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтама берген. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, технологияда, оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, білім беру жүйесін басқаруда көрніс табады деп қарастырған.

Заман өзгерген сайын білім беру жүйесінде қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген инновациялық технологияларды атап көрсететін болсақ:

  • цифрлық білім беру ресурстары;

  • кейс-стади;

  • дәстүрлі оқыту;

  • дамыта оқыту;

  • деңгейлеп оқыту;

  • сұрақ-жауап ойындары;

  • проблемалық оқыту.

Бұл атылып өткен инновациялық технологиялар күнделікті сабақ үрдісінде болсын, сыныптан тыс жұмыстар болсын қолданысқа ие.

Осының ішіндегі цифрлық білім беру ресурстарына тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. Цифрлық білім беру контентін электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік  зерттеулер, интебелсенді тақтамен жұмыстар, білім сайт порталдары құрайды.

Сонымен қатар сабақ барысында интерактивті тақта, электронды оқулық, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше баланың білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, яғни бұл арқылы бізге баланың білім деңгейін қадағалауға ең тиімді жолы.

Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы болып отыр. Өз тәжірибиеммен бөліссем.

10 сыныптарға арналған «Перпендикуляр және көлбеу» тақырыбында өткізілген сабақтың кейбір кезеңдерін ұсынамын. Сабақтың күтілетін нәтиже: оқушылар жазықтыққа түсірілген перпендикуляр жəне көлбеу ұғымдарын біледі, есептер шығаруда қолданады, өз ойын еркін айта алады, сонымен қатар басқаларға көмектеседі. Бұл сабаққа көздеген нәтижеге жету үшін инновациялық білім беру үрдісі кеңінен жүрді. Сабақ барысында өткен материалды тексеру мақсатында http://der.nis.edu.kz білім сайты арқылы оқушыларға тапсырма берілді.

Бұл тапсырманы оқушылар компьютер арқылы орындаған соң, нәтижесі онлайн түрде шығады. Қай топ тез жауап берді уақытымен анықтауға да мүмкіндік болды. Оқушылар өз бағаларын көре алды.

Сонымен қатар https://bilimland.kz білім порталы да өз мүмкіндіктерімен көмекші құрал ретінде таң қалдырмай қоймайды. Әр сабақта бейне таспаларын пайдалануға мүмкіндік болады. Бұл порталдың интерактивті мүмкіндіктері өте жоғары.

Б ұл https://bilimland.kz порталы арқылы оқушыларға сабақта тапсымалар берілді.

1 топ:Кубтың төбелері арқылы өтетін және оның ABCD жағы жатқан жазықтыққа перпендикуляр емес түзулерді көрсет.

2 топ: Кубтың төбелері арқылы өтетін және оның ABCD жағы жатқан жазықтыққа перпендикуляр түзулерді көрсет.


Сайттың тағы бір ерекшелігі өмірге байланысты тапсырмалардың көп болуы. Оны осы сабақта мына тапсырмадан көруге болады.

https://www.bilimland.kz сайты бойынша оқушылар сабақ соңында тест орындады.

Мен үнемі сабақтарымда интернет сайттары арқылы жаңаша мәліметтер көрсетуге тырысамын.

Kahoot!, Socrative, nearpod.com сайттарының тапсырмаларын орындату арқылы ҰБТ дайындау мақсатында математикалық сауаттылықтан жарыстар өткіземін. Бұл оқушыларды жылдамдыққа және тез ойлануға машықтандырады. http://ymnik.kz сайты бойынша тақырыптық тесттермен жұмыс жүргіземін.

matHelp.kz cайты арқылы сабаққа қажетті мәліметтер алып, күнделікті сабақтарыма жоспарыма қолданамын.

Инновациялық білім беруде электронды оқулықтың да маңызы зор. Оқушымен ғылыми –практикалық конференцияға дайындалу барысында төмендегідей электронды оқулық жасап шығардық. Тригонометриялық теңдеулерді шешу тақырыбын өткенде оқушыларға әр тәсілді осы оқулық арқылы көрсетемін.

Тағы бір электронды оқулық ретінде интерактивті оқыту бойынша ағылшын тілінде электронды оқулық дайындадым.

Мен жұмыс атқарып отырған оқу орнында https://kundelik.kz сайтымен жұмыс жасаймыз. Білім беру мекемесінің Kundelik.kz сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және басқа да құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның бөлімдерінің жариялылығын реттеуге болады. Есептер бөлімінде толық статистикалық мәлімет алуға болады. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады. Барлық деректер нақты уақыт режимінде жаңартылады. Мұғалімдерге есептер жасауға көмекші құрал. Мектеп әскери тұрғыдағы республикалық оқу орны болғандықтан тәрбиеленушілеріміз Қазақстанның барлық облыстарынан оқуға келеді. Ата-аналарға деген бөлімі бойынша ата –аналар үйде отырып, балаларының жетістіктерін көруге мүмкіндік бар.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Білім беру жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, яғни оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату арқылы білім мен тәрбие беруді көздейді.

Қорыта келгенде, кез келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.

Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, техникалық және гуманитарлық синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. — Алматы, 2005. –137 бет. 2

  2. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.

  3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

  4. «Қазақстан-2050» даму стратегиясы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!