«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» МҰҒАЛІМІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» МҰҒАЛІМІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда да сол дәуірдің сәулесі сынды жарқырап, оқушыға ізгілік пен мейірімді үйретіп жүргендер бар.Жаhандану басталғалы ата-ана да, оқушы да, тіпті , қоғамның да ұстазға көзқарасы өзгерді.Неге дейсіз бе ? Заман талабына сай келмей, қызықтыру мен түсіну , қабылдау мен бағалау дұрыс емес.Бұл жерде ұстаздың біліктілігі төмен, білімі саяз деген ойдан аулақ болған жөн.Қателік тәрбиедегі мұғалім образының өзгеруі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» МҰҒАЛІМІ


Білім нұрын төгетін ұстаздардың қоғамдағы орны өте жоғары. Бұрынырақта мұғалімді құрметтеу, оған деген ата-ананың,оқушының ілтипаты керемет болатын.Сабақтан тыс уақытта көшеден мұғалімді көрсе үйге тығылып,артық сөз,ұнамсыз әрекетке баруды ұят санайтын.Бұл қорқу емес,ұстаздың алдындағы оқушының жауапкершілігі еді.Шамадан тыс ата- ананы мектепке шақырту, оқушыға таяқ, әке-шеше намысы тапталғандай күй кешетін. Бұл тәрбиенің қатаңдығы мен ұстанымның нақтылығы болатын.

Ұстаз қадірлі тұлға, салмақты, салиқалы, сыйлы адам еді.Ол заманның мұғалімдерінің қабілеті мен кәсібилігі жоғары болды.Ешқандай ақпарат көзінен көшірмей, фундаментальді білімнің өзегін пайдаланатын.Әр сабақта берілген білімі санаға кірпіштей қаланды.

Қазіргі таңда да сол дәуірдің сәулесі сынды жарқырап, оқушыға ізгілік пен мейірімді үйретіп жүргендер бар.Жаhандану басталғалы ата-ана да, оқушы да, тіпті , қоғамның да ұстазға көзқарасы өзгерді.Неге дейсіз бе ? Заман талабына сай келмей, қызықтыру мен түсіну , қабылдау мен бағалау дұрыс емес.Бұл жерде ұстаздың біліктілігі төмен, білімі саяз деген ойдан аулақ болған жөн.Қателік тәрбиедегі мұғалім образының өзгеруі.

Қанша жиналыс, есеп беру жиынына қатысып, теледидардан көріп жүрміз.Оқымаған оқушы емес,оқыта алмаған оқытушы кінәлі.Ата- ана да , мектеп басшылығы да «таздың әлі түлкіге келеді»-дегендей қисынсыз сынау, мардымсыз талап, қаптаған міндеттерді жаудыртып жатады. Иә, рас,

ақсап жүргендер, күн санап жүргендер жоқ емес.Әйтсе де, олардың қателігін өзгеге жабуға болмайды.

Бүгінде ұстаздар өз қабілеттерін арттыруға, біліктіліктерін көтеру мақсатында үкімет барлық жағдайды қарастырып, даярлық курстарды, ақылы-тегін семинарларды, дамыту мақсатында форумдар ұйымдастырып, өткізіп жүр.Болашаққа жол сілтейтін жастардың шамшырағы ұстаз болған соң, олардың заманға сай дамып, өсулері қажет.Өркениеттің дамып жатқан шағында ұстаздардың образы оқушының алдында үлгі тұтар тұлғасы болып қалыптасу үшін ерен еңбек қажет.Және оны ұстаздар түсінген жөн.

Заманауи ұстаздың тұлғасы қандай болуы керек ? Қазіргі таңдағы құрметті мұғалім қандай? Біздің елде тұлғалылыққа жол бастау жас маманның өз мойнында. Ал өркениеті ілгерілеу елдерде университет қабырғасынан бастап қалыптасу қарастырылған. Оларда мұғалімді қоғамдық ісшараларға жұмылдырып, сайлау науқанында көше аралатып, оқушыны үйінен оятып алып келуге тиым салынған, бұл - бір. Екіншіден, ұстаз өзінің еңбек жолында ізденуге, білімін үнемі шыңдап отыруға барлық жағдай жасалынған және жоспарлы түрде жүзеге асып отырады.Дамыған елдерде жұмысқа тұру тестілеу,иақылы практикум арқылы іріктеліп, қабылданған жас маманға арнайы тәлімгер бекітіледі.Бұл оның сенімін арттырып, өз ортасында құрметті болуға көместеседі.

Бұл елдердегі ұстаздың үздік сипаты мынандай критерилер арқылы бағаланып отыр:

1.Мұғалімнің коммуникативті дағдыларының деңгейі

2.Өз ісіне қызығушылығы

3.Оқушымен қарым-қатынас құра білу шеберлігі

4.Ұйымдастыру мен дайындауға бейімділігінің нәтижесі

5.Моральдық және психологиялық көмек көрсете алатын қабілеттілігі

Бұның бәрі арнайы әдіс-тәсілдермен сыналып, балдық жүйемен бағаланады.

Ертеңгі ұрпақ-ұстаздың айнасы.Ата-анасына, оның қоғамдағы шеніне қарап бағалау, әр оқушыға жағдайына қарай салыстыра қарау мұғалімнің қателігі.Білікті маман үшін балаға сіңіре алған білімі, оны қорытуы маңызды. Ынталандыру керек.Жұмылдырған да бір тәсіл.Қабілет пен

шамасына қарай бағалаған да дұрыс.Оқушыға қойған баға өзін бағалауы деп түсінген ұстаз ізденіп,оқытудың толық әдіс-тәсілдерін зертегенде ғана білім деңгейі жоғарылайды.

XXI ғасыр – өркендеу,жаңару ғасыры.Кешегі ақпараттың бүгін актуальды болмай қалуы әбден мүмкін Ақпараттың зулап жатқан заманында оқушыға айтар қызық қалмай бара жатыр деген қорқыныш та белең алуда.Әйтсе де,ізденіп, еңбектеніп, зерттеп, ғылымға бет бұрып,сан сұраққа жауап тауып, соны креативті жандандырып, оперативті қабілетін дамыту арқылы оқушыға жеткізіп отырса,білім алушы білімнің тұңығиығына сүңгуі әбден мүмкін.

«Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы» деген сөз бекер емес.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2023
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі