Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
2. Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады?
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарында оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет
Екінші тіл (қазақ/орыс тілі)
Үшінші тіл: ағылшын
Т1 қазақ тілі
Т2 орыс тілі
Ағылшын тілі
3. Топтық жұмыс: І- топ Оқылым
ІІ- топ Тыңдалым
ІІІ- топ Айтылым
ІV- топ Жазылым ұғымдарына сипаттама береді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?
1. Ықтимал себептері
Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
Бағалау үшін;
Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
Тақырыпты қайта қарау үшін;
Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
Күрделендіру үшін;
Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
Түсінуге көмектесу үшін;
Бағамдау үшін.
2. Тиімді сұрақтар қандай болады?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Жабық сұрақтар "иә”/"жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлемде болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
• Біз …қалай істей аламыз?
• Сен қалай …?
• Егер …, не болады?
• Маған …туралы айтып бере аласың ба?
• Сен …туралы не ойлайсың?
Алматы облысы Алакөл ауданы
«М.Әубәкіров атындағы орта
мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің үйлестірушісі, математика пәнінің мұғалімі
Окпебаев Ербол Шерниязұлы
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Тәуелсіз елді өркениетті
әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш
– білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев
өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің
жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін
назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік,
экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана
қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал
ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші
кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық,
терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру
үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу
қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір
жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің
өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің
артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму
керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны
, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың
нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау
қажет.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын
жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа
сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін
анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын
айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін
жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім
және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз
етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер
үшін:
• Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер
алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға
арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар
енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау
деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін
көрсетуге
Ата-аналар
үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік
туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу
жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге,
бағалауға мүмкіндік береді;
• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті
дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері –
оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі
(сипаттама).
Дескриптор – жетістік деңгейінің
сипаттамасы.
Критерийлер
Дескрипторлар
А .Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В. Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С. Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D. Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері
«
Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А.Байтұрсынов
Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табылады
.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев : «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде? 1. Ен бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді. 2. Оқу мақсатарына жету.3 Ортақ тақырыптардың берілуі. 4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді , орта мерзімді , ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу.
. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. 1. Қалыртастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары : 1.Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі; 2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы ; 3.Оқушылардыңөзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы; 4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі; 5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі; Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады: 1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды; 2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін. Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын
және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
-Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
-Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
-Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары,рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жекежұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар
1-кесте математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау үлгісі, 1 сынып
Бөлім |
1А «Сандар мен цифрлар» |
Бөлімше |
1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер» |
Оқу мақсаты: |
1.1.1.1Натурал сандар және нөл санының құрылужолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау;натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. |
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі: |
Білу және түсіну |
Бағалау критерийі: |
Білім алушы:10 көлеміндегі сандардың құрылу жолынтүсіндіреді.10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.Сандардың натурал сандар қатарындағыорнынанықтайды. |
1-тапсырмаСурет бойынша 3санының құрылу жолынтүсіндіріңіз. |
|
Дескриптор: |
Білім алушы- 3 санының құрылу жолын түсіндіреді. |
2-тапсырмаГүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз. |
|
Дескриптор: |
Білім алушы- гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкессанменбайланыстырады;- 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады. |
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру дейн тіркеу, анықтау үшін жүзеге асырылады.Жиынтық бағалау тоқсан барысында, тоқсан соңында, және білім беру деңгейін аяқтағанда жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл қойылады. Баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады.Әр білім алушының жұмысы бойынша дискрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына сәйкес тоқсан барысында бөлім немесе ортақ тақырыптар аяқталған кезде жүргізіледі. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрылады.
Жиынтық бағалауда мұғалім тек өтілген тақырыптарды алу қажет. Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалім өзі қолдануына болады немесе әдістемелік ұсыныста берген тапсырманы ала алады. Тоқсандық жиынтық бағалау спецификацияға сәйкес болу керек. Спецификация тапсырмалары әдістемелік ұсыныста берілген.Күнтізбелік жоспарта тақырып бойынша сағат қарастырылмаған. Себебі жиынтық бағалау сабақ үстінде өткізіледі. Жиынтық бағалауда бал қойылады. Жиынтық бағалау қалай ұйымдастырылады.?Оған арнайы сағат бөлінбеген. Жиынтық бағалау тоқсан барысында , бөлім аяқталғанда, тоқсан аяғында өткізіледі. Оқу бағдарламаласы-бөлімдер,оқу жоспары- оқу мақсаттары, Сабақ жоспарлары-жетістік критерийлері, тапсырмалар.
2-кесте математика пәні бойынша жиынтық бағалау үлгісі, 1 сынып
Бөлім |
|
Бөлімше |
«4А Күнделікті өмірдегі есептеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау |
Оқу мақсаты: |
1.1.3.6. 1тг, 2 тг, 5тг,10 тг, 20 теңгелікмонеталарментүрліше төлемжасау.1.5.1.6 Қосу мен азайтуға берілгенесептерге қатыстытаңдаған амалдарыннегіздеу, шығару әдісінтүсіндіру. |
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі: |
ҚолдануАнализ |
Бағалау критерийі: |
Монеталар мен олардың тобынсалыстырады.1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік монеталардықолданып,қажетті соманы жинақтайды.Қосындыныжәне қалдықты табуға берілгенесептішығарады.Кері есеп құрастырадыжәне шығарады. |
Орындау уақыты: |
15 минут |
1-тапсырма Салыстырыңыз. |
|
2-тапсырмаСәкен анасына арнап гүл шоғын сатып алды. Гүлшоғы 20теңге тұрады. Сәкен бұл соманы қандаймонеталармен төлейалады?Екі нұсқасын жазып көрсетіңіз.Бірдей монеталарды бірнешерет қолдануғаболады.Төмендегідей монеталарды қолданыңыз.20 теңге =
____________________________20 теңге =
___________________________ |
|
3- тапсырма .Есепті шығарыңыз.Анам себетке 4 алма және одан 3-еуі артық алмұрт салды. Анам себетке нешеалмұрт салды? |
|
4-тапсырма Алдында берілген есепке кері есеп құрастырыңыз және шығарыңыз. |
|
Бағалау критерийі |
Тапсырма№ |
Дескриптор |
Балл |
|
|
Білім алушы |
|
Монеталар менолардың тобынсалыстырады. |
1 |
>, <, = таңбаларын қолданаотырып, екі монетаныңноминалды құнын салыстырады; |
1 |
|
|
>, <, = таңбаларын қолданаотырып,монеталардың тобынсалыстырады; |
1 |
1тг, 2тг, 5тг, 10тг,20теңгелікмонеталардықолданып,қажеттісоманы жинақтайды. |
2 |
қажетті соманы жинақтаудыңбірінші нұсқасын жазады; |
1 |
|
|
қажетті соманы жинақтаудыңекінші нұсқасын жазады; |
1 |
Қосындыны жәнеқалдықты табуғаберілген есептішығарады. |
3 |
есептің қысқаша шартынжазады немесе сызбасын сызады; |
1 |
|
|
есептің сұрағын жазады; |
1 |
|
|
амал таңбасын таңдайды жәнеөрнек жазады; |
1 |
|
|
өрнектің мәнін табады; |
1 |
|
|
есептің жауабын жазады; |
1 |
Кері есепқұрастырады жәнеоны шығарады |
4 |
кері есептің қысқаша шартынтолықтырып жазады; |
1 |
|
|
амал таңбасын таңдайды жәнеөрнек жазады; |
1 |
|
|
өрнектің мәнін табады; |
1 |
|
|
есептің жауабын жазады. |
1 |
Барлығы |
13 |
|
|
Бағалау әдістері
. Бағалау әдістерінің бірнеше түрлері бар.
«Бас бармақ» әдісі.
1. Мен ... түсініп жатырмын және оны түсіндіре аламын (бас бармақ жоғары қарай көтерілген) 2. Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр); 3. Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).
«Бағдаршам» әдісі .
Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушылардан материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендер (барлығын түсіндім); «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды . Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру , пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
«Индекс карточкалары» әдісі.
Мұғалім кей кезде оқушыларға екі бетінде де тапсырмалары бар карточкаларды таратып тұрады. 1-ші беті: өтілген материал бойынша негізгі идеяларды атап өтіп, оларды жинақтау. 2-ші беті: өтілген материал бойынша нені түсінбегеніңді анықтап, сұрақтарын жазу.
«Температураны өлшеу» әдісі.
Бұл әдіс оқушылар тапсырманықаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім
оқушылардын «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды.Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе орындау ретін түсінгенін анықтай алады.
«Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісі.
Мұғалім шаршыны төртке бөліп, әр бөлікке келесі сөздерді жазып қояды.: болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушыларға өздеріне белгілі бір бөлікті таңдап алу ұсынады. Мұғалім оқушыға осылай ол өзіне тақырып бойынша тапсырма түрін таңдайтынын түсіндіреді. Таңдауына қарай мұғалім тапсырма береді.
«Аяқталмаған сөйлем»
әдісі. 1. Мен бүгін....білдім. 2. Маған....қызықты болды. 3. Маған....қиын болды. 4.Мен келесі тапсырмаларды орындадым..... 5.Мен енді... жасай аламын. 6. Мен .... жасап көремін. 7.Мен ..... таңқалдым. 8. Мен өмірде ..... қолданамын. 9. Маған .... ұнамады.
«Шеңбер бойынша жазу» әдісі.
Топтағы әрбір оқушының өз парағы болу керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарынатақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады.Солай парақтар бір-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келу керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Бір маңызды мәлімет қалып қойса, жазулар толықтырылады.
«Сауалнама» әдісі.
1. Сабақта мен белсенді болдым/ белсенді болмадым. 2. Сабақтағы жұмысыма –қанағаттандым/қанағаттанбадым. 3. Сабақ мен үшін-жылдам аяқталды / аяқталмай кетті. 4. Сабақта мен- шаршадым / шаршамадым. 5. Менің көңіл-*күйім –жақсарды / нашарлады. 6. Сабақтағы материал- түсінікті/ түсініксіз
«Сұрақ конверті» әдісі.
Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады. Бүгін сабақта не білдің? Немесе жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды? Оқушылар конвертті бір-біріне беріп, әрқайсысы өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.
«Желкенді кеме» әдісі.
Желкенді үш түске бояу қажет. 1. Егер сабақ саған ұнаған болса, бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түске боя. 2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. 3. Егер саған сабақ барысында тапсырмалар қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері бастауыш сыныпта қолдану жүзеге асуда.
Математика пәні бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстың бағдарламасы
Ғылыми тәжірибенің тақырыбы:
«Жаңартылған бағдарламаның білім саласына тиімділігі мен ерекшеліктері.»
Ғылыми тәжірибе жүргізуші:
Опкебаева Майгул Кайратовна,О.Бөкей атындағы №44 лицейдің математика мұғалімі.
Мазмұны:
Кіріспе
Актуалдылығы:
1.Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі.
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері
3.Оқушылардың қазіргі заманауи техникаларды білуі ,жұмыс жасауы.
4.Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы топтық жұмыстың тиімділігі.
5. Оқыту мен оқу үрдісін жақсартудағы кері байланыстың әсері.
Зерттеу нысанасы: Оқушы
Зерттеу аумағы:Жаңартылған бағдарламамен оқыту жағынан оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы ерекшеліктер мен тиімділіктер.
Ғылыми – тәжірибиенің мақсаты:
Оқушылардың жаңартылған бағдарламаға деген танымын ұлғайту және ерекшеліктермен таныстыру.
Міндеттері:
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5].
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда[3,6]. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Ақкөл ауданының
білім бөлімі
«П.Исаков атындағы
№ 1 Ақкөл орта мектебі» ММ
Баяндама
« Жаңартылған оқу
бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі»
Дайындаған: Тілеухан А.
Аскер Р.
Баяндама
Жаңартылған оқу
бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі
«Қазақ тілі» пəнін
оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді
қадірлейтін, оның
қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап,
дұрыс қолдана
білетін жеке тұлға қалыптастыру.
Жаңа
білім беру бағдарламасы толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты
көрсетілген.Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін
де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын жеке
тұлға ғана білімді ұрпақ бола алады.
Жаңартылған білім беру
мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды
бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске
ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың
үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.Оқушылардың
пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және
жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау
күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан
бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле
отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу
үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының
бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы,
орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында
балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Жаңартылған білім беру
бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының
төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге
бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны
қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдарлама «Біз пəн бойынша не білеміз
жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн
бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша
ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды
қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр
бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары
жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік
береді.Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді.
Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін,
төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді.
Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып,
«2.1» - бөлімше, «1» - оқу
мақсатының реттік саны.
Жаңартылған білім
берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру
ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе
жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта
жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу
тиімді болып табылады.Белсенді оқыту оқушылардың белсенді
қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған
білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы:
Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі
тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен
айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.
Үштілділік саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік,
лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.Бұл мақсатқа жету
үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге
асырады.1-сыныптан қазақ, орыс жəне
ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.Үштілді оқу оқушының сөйлеу əрекетінің
(тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін жəне
сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақ тілі» пəн бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Қазақ
тілі» пəні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз
байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа
еркін түсуді жəне оқушының ойлау
қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын
кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның
білім
мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық
жəне
рухани мəдениетін, қазақ халқының салт-дəстүрін, қазақша сөйлеу
əдебін,
қазақ əдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді жəне алған білімдерін
өмірдің
қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.
«Қазақ
тілі» пəні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге,
танып-білген
нəрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған,
көрген
не білген нəрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен
бөлісуге,
армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге,
репродуктивтік,
продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды
орындата
отырып үйретеді. Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап,
түсініп,
көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды жəне
оған
қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-
əдеби,
ақпараттық-танымдық сипаттағы мəтіндерді өзінің оқу мақсатына сай
іріктеп,
оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын
жасауға
үйренеді, қысқа мəтіндерді жазуға дағдыланады.
Бастауыш
мектептегі «Қазақ тілі» пəні бойынша оқушылардың білім,
білік,
дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы
еуропалық
құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге алып
айқындалған
жəне əр деңгейдің соңында күтілетін нəтижелер берілген.
«Қазақ
тілі» пəнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді
қадірлейтін,
оның қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап,
дұрыс
қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазақ
тілі» пəнін оқу арқылы оқушылар:
-
мемлекеттік тілге құрмет сезімін жəне Қазақстан халқына деген
сыйластық
сезімін қалыптастырады;
-
қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту əдістерін меңгереді;
-
қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
-
сөздерді тіркестіру жəне жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде
қазақша
ойлау дағдылары қалыптасады;
-
жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;
-
тұрмыстық, оқу, əлеуметттік-тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени салаларда
туындайтын
түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға
дағдыланады;
-
меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-əрекеттеріне
сүйене
отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;
-
қазақ тілінің қоғамдық-əлеуметтік қызметін түсінеді;
-
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.
«Қазақ тілі» пəнін оқытуда қолданылатын
педагогикалық əдіс-
тəсілдер
ҚР білім беру ұйымдары (мектеп,
гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде
«білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға
қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары,
өзіне сенімді, жауапкершілігі
жоғары,
өзінің жəне өзгенің іс-əрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға
бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың
бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын
қолдану
арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Атап айтқанда, олар:
диалогтік
негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-
əрекеті
үдерісін ұйымдастыру;
-
мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық
қатынаста
білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
-
оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының
ынтымақтасқан
шығармашылық ізденіс əдістерін қолдану;
-
оқу проблемаларын шешудің əдіс-тəсілдерін оқушыларға дамыта
оқыту
ұстанымына сай жолмен құру жəне көрсету;
-
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері
мен
қалыптасқан түсініктерін əрі қарай дамыту үшін оны қолданудың
маңыздылығын
мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісін
ынтымақтасқан
білім алмасу үдерісіне айналдыру;
-
өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік жəне сөйлеу
жағдаяттары
мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-əрекет түрлерінің
көмегімен
оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;
-
оқу ойындарын қолдану;
-
ойын жəне зерттеу əдісі;
-
қазақ ұлттық салт-дəстүрлерінен, қазақ фольклорынан
театрландырылған
үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;
-
қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді
пайдалану;
-
оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау
көрсету;
-
жоба əдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне
жəне
зерттеу əдіс-тəсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;
-
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
-
жеке жəне жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара
үйлесімділікпен
қолдану.
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта,
компьютер,
телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардың
қазақ
тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруды қамту .
-
«Қазақ тілі» пəнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
-
қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу жəне жазу бойынша
функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру;
-
оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету
үшін
оқыту керек;
-
оқушы мен мұғалім арасында сыйластық əрі ынтымақтастық қарым-
қатынас
қалыптастыру;
-
оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-
əрекет
түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;
-
жоба əдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта
өзге
топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: əр балаға топтың
белсенді
мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
-
өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
-
тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра
отырып
қолдану жəне өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;
-
түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын
оқу
дағдыларын қалыптастыру;
-
өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін
тапсырмаларды
орындау;
-
«Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері
байланысты
жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;
-
оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
-
оқушының өз білімін жетілдіру жəне бағалауға ынталандыратын
мүмкіндіктер
жасау;
-
оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (əрі қарай – АКТ)
қолдану
құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, өз
бетімен
іздену жəне зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс
барысында
орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны
қолданудың
негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Бастауыш
мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу жəне
дайындау,
ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау
жəне жетілдіру, алуан
түрлі
жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы
дамытады.
«Қазақ
тілі» оқу бағдарламасында ол төмендегідей жұмыстар негізінде
іске
асырылады:
-
қазақ тілі сабақтарында жəне сабақтан тыс кезде интернет
ресурстарымен
жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті
материалды
іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру жəне сақтау);
-
онлайн сабақтарында инновациялық əдістер мен ақпараттық
технологияларды
жүйелі түрде қолдану;
-
мəтін жəне слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан
күрделірек
бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint, электрондық тренажерлер,
электрондық
оқу құралдары, электрондық тестілеу т.б.);
-
ақпаратты өңдеп, баспа жəне электронды түрде сақтау үшін
жабдықтарды
(принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
-
электронды оқулықтарды пайдалану;
-
«подкаст» жасау;
-
тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
-
ақпаратты саралау, зерттеу.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың
функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында
алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты
болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі
бастағалы отырмыз. Жаңартылған
білім – болашақтың кепілі.