Материалдар / Жеңіл атлетика спортының қазіргі жағдайы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жеңіл атлетика спортының қазіргі жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазіргі замандағы жеңіл атлетика 2. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың маңызы жайлы сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2021
592
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс № _____


Тақырыбы: Жеңіл атлетика спортының қазіргі жағдайы


Жоспары:

  1. Қазіргі замандағы жеңіл атлетика

  2. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың маңызды


Қазіргі замандағы жеңіл атлетика

Қазіргі жеңіл атлетика өзіндік құбылыс ретінде ерекшеленеді. Жеңіл атлетика мектептегі дене тәрбиесінің ең негізгі бір құрамы болып табылады. Жеңіл атлетикасыз мекептегі дене тәрбиесінің бірде бір сабағы өткізілмейді. Сондықтан ол өзінің салалығына және зор тынысты екендігіне қарай “спорт королевасы” деп аталады. Бұл өте дұрыс қойылған атау, өйткені жеңіл атлетиканың элементтері спорттың барлық түрлерінде қолданылады.

Жүру жаттығулары: денені тік ұстап жүру тек адамға ғана тән қимыл –қозғалыс. Жүру кезінде адамның барлық дене мүшелері, бұлшықеттері, буындары – бүкіл ағзасы қозғалыста болады, сондықтан жүру жаттығулары адамның дұрыс жетілуіне зор пайдасын тигізетін аса қажетті қимыл –әрекет түрі болып табылады. Адамның ең негізгі қозғалысы жүру. Жүріп жүрген адам аман сау, қалыпты өмір сүріп жүрген адам болып табылады. Жүрудің сан алуан түрі бар. Жүру көбінесе басқа жаттығуларға кірісер алдында және олардың аралығында, аяқталу кезіндегі пайдаланатын көмекші жаттығу болып табылады. Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары [3].

Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс.

Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған.

Жеңіл атлетика бойынша әйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі.

Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары.

Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондайақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік. Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі.

Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі кіреді[3].

Жеңіл атлетика топтарының түрін қарастырайық. Спорттық жүру- арнайы бағытты түрі, арнайы шыдамдылықты қажет етеді. Бұл ерлермен бірге әйелдерге де қатысты. Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км Репозиторий КарГУ 7 Манежде – 3,5 км Жол бойында -10,20 км Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км Манежде – 3,5 км Жол бойында – 35, 50 км Классикалық (К) түрі ерлерде – 20, 50 км, әйелдерде -20 км.

Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.

Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді. Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру [7].

Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

Шыдамдылылыққа жүгіру: - орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгірустадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін. Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда Репозиторий КарГУ 8 немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі. Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін [2;6].

Эстафеталық жүгіру – құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м әйелдерде [2;7].

Кросстық жүгіріс –(ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км [2;7].

Жеңіл атлетикалық секірулерекі топқа бөлінеді: биіктікке және ұзындыққа секіру. Біріншісіне: а) жүгіріп келіп биіктікке секіру; б) жүгіріп келіп сырықпен секіру. Екіншісіне: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру; б) жүгіріп келіп үштікке секіру [2;7].

Жеңіл атлетикалық секірулердің бірінші тобы:

а) жүгіріп келіп биіктікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті,ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі. Репозиторий КарГУ 9

б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан жеңіл атлетиканың ең қиын түрлерінің бірі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі [2;7].

Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы:

а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) - құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.

б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі [2;7].

Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итерудеп бөлуге болады:

1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.

2. Шеңберден снарядты лақтыру.

3. Снарядты шеңбер ішінен итеру.

Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әр түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек.

Допты және гранатаны лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секірудің периодтық емес түрі. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие.

Диск лақтыру және балға ( молот) лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Тек стадиондар да өткізіледі [2;7].

Ядро итеру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Стадиондар мен манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей[2;8].

Көпсайыс:

Көпсайыстың классикалық түрі: ерлерде онсайыс, әйелдерде жетісайыс. Онсайыстың құрамына: 100 м ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, найза, 1500 м. Әйелдердің жетісайыс құрамына: 100 м к/ж, ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді. Ал көпсайыстың классикалық емес түрі: сегізсайыс ер балаларға (100 м, ұзындық, биіктік, 400 м, 110 м к/ж, диск,сырықпен секіру, , 1500 м.) қыздар үшін бессайыс (100 м к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда анықталған: әйелдерде бессайыс, төртсайыс және үшсайыс, ал ерлерде тоғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын «пионер сайысы» деп аталған. 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнайы өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы спорттық классификациямен анықталады.Басқа спорт түрімен алмастыруға болмайды [2;8].

Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетиканың маңызды

Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ішінде жугіру үлкен маңызға ие. Жеңіл атлетикасыз, оның ішінде жүгірусіз мектептегі дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Жүгіру мен жүру - күнделікті өмірде кездесетін дене жатгыгуларының табиғи түрі. Осы екеуімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен жүйелерінің функцияларына оң әсерін тигізеді, жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, тыныс алу мүшелерінің қызметін жақсартады, бүкіл организмнің төзімділігін арттырады. Жүгіру стадиондағы, спорт алаңдарындағы жүгіру жолдарында, шеңбер бойымен әр түрлі қашыктыкга өткізіледі [6;59].

Жеңіл атлетикадан сабақгар өткізу үшін жүгіретін жолдардың ені 1 м 25 см ден кем болмауы қажет. Жолдардың аралығы 5 см сызықпен (әдетте, ақ сызықпен) белгіленеді, сөренің алдыңда 3-5 м, ал мәреден кейін 12-15 м бос жер болуы керек.

1-3 сыныптардағы жүгіру жаттығуларының кез келген қозғалыс қимылына үйретудің эдісін дайыңдау міндетті нақгылаудан басталады. Оларды белгілеуге бағдарламада қарастырылған тиісті оқу материалына жэне нақты іс-қимылды меңгерудің қисынына сәйкес келетін талаптар себегапі болады.

Осыған байланысты бастауыш мектепте жүгіру жөніндегі төмендегідей басты міндеттерді үсынуға болады:

  1. Жүгіру техникасының жалпы негіздеріне үйрету;

  2. Баяу жүгірудің ерекшеліктеріне үйрету;

  3. Баяу жүгірудің техникасын жетілдіру, оның үзақтығын біртіндеп өсіру жэне шьщамдылықгы көрсетуге талаптарды арттыру;

  4. Берілген шартгарды сақгай отырып (екпін, қиыңдылардың қашықгығы) баяу жүру мен жүгіруді кезектестіруге үйрету;

  5. Жылдам жүгіру техникасының ерекшеліктеріне үйрету;

  6. Шапшаң жүгіруге қойылатын талаптарды бірте-бірте арттыра жэне қозғалыс қасиеті есебіндегі жылдамдықгың дамуына көмектесе жылдам жүгіру техникасын жетілдіру;

  7. Қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс реакциясын дамытуга көмектесе, тұрған, отырған, жатқан қалыптардан жүгіруді бастау тэсілдеріне үйрету;

  8. Жүгірудің қалыптасқан дағдьшарьш мақсатқа сәйкес қолдануға, кеңістіктегі және уақыт өлшемдерін айыра білу біліктілігін (өз қимылын басқара білу біліктілігін меңгеруге көмектеседі) қалыптастыруға үйрету[6;59].

  1. сынып

Міндеттер:

  1. Жүгіру кезінде түлғаны дұрыс үстауға үйрету;

  2. Жүгіру кезінде еркін және ырғақты тыныс алуға үйрету;

  3. Жүгіру кезінде қолдармен тиімді қозғалыс жасауға үйрету;

  4. 30 м қашыктыкка жылдам жүгіруге үйрету;

  5. 1 минутке дейін баяу екпінде жүгіруге үйрету;

  1. сынып.

Міндеттер:

1 .Тар дэлізбен кең адымдап жүгіруге үйрету;

  1. Аяқтың ұшымен кең адымдап жүгіруге үйрету. Тар дәлізбен, бұл да сондай.

  2. 30 м-ге шапшаң жүгіруге үйрету;

  3. 1,5 мин дейін баяу жүгіруге үйрету.

Үйрету 1 сыныггга үйренген жүгіру жаттығуларын орындауды тексеруден басталады. Дұрыс жүгіру техникасын игеру үшін жаңа жаттығуларды үйренумен қайсыбір жагтығуларды көп деңгейде қатар қайталайды [6;62].

  1. сынып.

Міндеттер:

Аяқ табандарын дұрыс қойып жэне қолдарға белсенді жұмыс жасата түзу сызықгың бойымен жүгіруге үйрету.

500 м-ге дейін баяу жүгіруге үйрету.

Кедергілерден өте жүгіруге үйрету.

Жогары сөреден шығып жүгіруге үйрету [6;64].

Үйрету бір лекпен түрліше екпіндегі төмендегідей тапсырмалармен жүгіруден басталады:

  1. Соққылай, шапалақтай (таяқшаларды соққылай және тағы басқаларды), біркелкі баяу және орташа екпінде жүгіру. Дыбыстық белгілерсіз екпінді өзгерте де осылай жүгіру.

  2. Сегіз адымды есеппен, сегіз адымды есепсіз жүгіру. Берілген екпінді сақгай отырып (баяу немесе орташа) жүгіру.

  3. 10 сек соққьшай (таяқшаларды), 10 сек дыбыстық белгілерсіз жүгіру.

  4. 1,5 мин баяу екпінде бірқалыпты жүгіру. 500 м-ге дейін де осылай жүгіру.

  5. Айналмамен, ирелендеп баяу екпінде белгіленген орындарда 500 м-ге дейін мәнерлеп жүгіру. Белгіленбеген орындарда да осылай жүгіру.

  6. Кедергілерден өте жүгіру.


Жеңіл атлетика спорт түрімен шұғылдана бастайтын жас ерекшелігі

Спортгың түрлері

Қабылдау жасы (жылы)

Балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебі

Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық сыныптар

Мектеп- интер наттардың спорттық сыныптары

Бастапқы топтар

Мамандану топтары

Жеңіл атлетика

10-12

13-14

10-11

12-13


Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика — ең маңызды орын алады. Жеңіл атлетиканың элементтері енбейтін спорт түрлері жок десе де болады. Жүрудің, жүгірудің алуан түрлерін, секірулер мен лактыруларды қамтитын жеңіл атлетика көп қүрал-жабдыктарды кажет етпейді. Сондықтан да онымен айналысуға мүмкіндіктер мол.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында жеңіл атлетика бөлімінде 24 сағат бөлінген [1].

Жылдық сағат саны

Сынып

Апталық

жүктеме

5-сынып

3 сағат

102 сағат

6-сынып

3 сағат

102 сағат

7-сынып

3 сағат

102 сағат

8-сынып

3 сағат

102 сағат

9-сынып

3 сағат

  1. ғат


Қорытындылай келе, жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Сол себепті сәби дүние есігін ашқаннан бастап, біз баланың еңбектеуін, жүруін, жүгіруін күтеміз. Баланы еңбектеуге бізүйретпейміз, тек бақылаймыз. Алғашқы басқан қадамында біз үйретпейміз, ол туа бітетін қасиет. Ал жүгіру ше? Егер балаға жүгіруді үйретпесек, уақыт ӛте келе ол ӛзі үйренеді. Осылайша, қозғалыс техникасы туа біткен немесе жүре болған деп бӛлінеді. «Қимыл техникасы» терминінің ең қарапайым анықтамасы бұл – қозғалыс міндетін мақсатты шешетін белгілі бір қимылдың жүйесі. Сондықтанда біз бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сынып оқушыларын жүру мен жүгіру техникасын жетілдіріп:

  • жүгіру кезінде түлғаны дұрыс үстауға үйрету;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!