ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ
–ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ, ЖАСТАРЫМЫЗДЫҢ
БОЛАШАҒЫ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие,
жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам.
Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай алға
ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің толық концепциясын
жасады. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары,
болашағы айқындалған. Соның ішінде, қазақ жазуының латын әліпбиіне
көшуі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Біздің мемлекет ел болып етек
жинаған уақытта , жаңа белес, үлкен асуды алуға мақсатты түрде,
үлкен дайындықпен келді. Халықтың сана-сезімі өзгеріп, экономикалық
жағыдайлар тұрақталып, әлеуметтік мәселелер белгілі бір жолға
қойылған соң бүкіл халықпен бірлесе отырып, шешілген тарихи оқиға
болды. Өзге түркі тектес халықтардың барлығы дерлік өтіп, олардың
іс-тәжірибиесі, қаріпті өзгерту үдерісінің ерекшелігі ескеріліп,
талданып, таразыланып үлкен дайындықпен өтіп жатқан тарихи мәселе
оң шешілетініне халық та, Елбасы да сенімді. Латын әліпбиіне ауысу
заңдылық. Бұл әліпбидің ауысуы ертеңгі ұрпақ үшін жасалып отырған
нақты қадам . Тәуелсіздігіміздің шешуші кезеңі, әлемдік өркениетке
ұмтылудың, ілесудің негізгі шарттарының
бірі.
Әр қазақ баласы қуанып, ұлт
болып ұйысқан, жұдырық болып түйілген латын әліпбиі біз үшін жат
емес. 1929-1940 жылдар арасында енгізіліп, халық игеріп, әлеуметке
тереңдеп енген еді. «1929 жылдан бастап түркітілдес мемлекеттерде
латын әліпбиіне көшу туралы биліктің шешімі болған. Бірақ әртүрлі
себептермен Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің ішінде Қазақстанда латын
әліпбиіне көшу кейінге шегерілген. . Сондықтан 1928 жылдың аяғына
қарай бұл істі қолға алу туралы Орталық комитеттің арнайы қаулысы
болады. Соған байланысты 1928 жылдың желтоқсан айында сол уақыттағы
астана Қызылордада конференция өткен болатын. Отырыста латын
әліпбиін жақтаушылардан құрылған «Жақ» қоғамының ұсынысымен жаңа
әліпби талқыға салынады. Бас қосу өткеннен кейін мемлекеттік
комиссия құрылып, ол Ораз Жандосовтың басшылығына жүктелді. Ораз
Жандосов – өзіне тән іскерлігімен, ойшылдығымен жұмыстың тез арада
жолға қойылуын мемлекеттік, республикалық деңгейде орындалуына
мұрындық болған кісі. Бұл жұмыс кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге
асқан болатын. Оның ішінде жаңа әліпбиді оқытушыларды даярлау,
қазақтар шоғырланған елді мекендер мен аймақтарға жіберу, арнайы
аудиториялар дайындау сынды жұмыстардың барлығы сол қаулы аясында
жүзеге асты. Сондықтан латын әліпбиіне көшу бізге жаңалық емес.
1929-1940 жылдар арасында ресми түрде қазақ тілі латын әліпбиін
қолданып, ресми құжаттар, хаттамалар, газет-журналдар мен кітаптар
латын әліпбиімен басылып шықты» .
Латын әліпбиіне көшу біз үшін
қандай пайдасы бар? –деген сұрақта болуы мүмкін. Осыған жауап іздеп
көрейік .Ол бүкіл түркі баласының бірлігіне бағыттайды. ХХ ғасырдың
басында алаш арыстары армандаған түркі бірлігі түркі өркениетіне
жол ашады. Ежелгі түркі мемлекетінің айбыны мен қуаты бүкіл әлемді
таңқалдырғанды. Бұл туралы М.Жұмабаевтың «Орал тауы», «Алтай»
сияқты өлеңдерінде шабытпен жырлағаны белгілі. Бұл сипатты түркі
халықтарының бірлігін дәріптеген өлеңдер барлық түркі балаларының
әдебиетіндегі негізгі тақырыптардың бірі болды. Түркі халықтарының
бірлігінен қорыққан Ресей империясы кейін кирилл таңбасына
мәжбүрлеп енгізгені белгілі. «Сол секілді нағыз рухани репрессия –
түркі халықтарына ортақ латын әліпбиіндегі қазақ мемлекетін 1940
жылы бір күнде империалистік мақсатпен орыстың шовинистік
кириллицасына өткізіп жіберуі болатын. Енді міне, осы рухани
репрессияның зардабын жоюдың алғашқы қадамдары жасалып, Қазақ
мемлекеті 2025 жылы қайтадан Латын әліпбиіне өтетін болды! Ұлттық
рухани отарсыздану латын әліпбиіне көшу әрекетімен басталды!» .
Жетпіс жыл бойы Қазақ халқын езген отарлық саясаттың соңғы бұғауы
кирилл әлібиі тіліміздің төл табиғатына зиян келтіріп, жазылу мен
айтылу мәселесінде тіпті алшақ кетіп, айтылу жүйесі өрескел
бұзылғаны белгілі. Кей қазақтар өзінің аты-жөндерін ұлттық негізде
қабылдай алмайтындай деңгейге жетті. Ата-тегін ұлттық жүйеге
аударуда осы кедергінің бар екені жасырын емес. Латын әліпбиіне өту
осы негізгі проблеманы шешудің ең тиімді жолы екені анық. Толық
тәуелсіздік ең алдымен аты-жөнімізді ұлттық жүйеге көшіруден
басталатынын теріске шығаруға болмайды.Сондықтан елге белгілі
азаматтар аты-жөндерін қазақшалап, латын әліпбиімен жазу арқылы
өзге жұртқа өнеге көрсеткені орынды. Сонда қазақ тілі мен латын
әліпбиінің ертеңіне күмәнмен қарайтын кей азаматтардың күдігі
сейіліп, ұлттық санаға оралу жолы жеңілдер
еді.
Жаңа әліпбиді жасақтауда ең
негізгі назар аударар мәселе - қазақтың барлық төл дыбыстары енген
ұлттық әліпбиі болуы керек. Сондықтан бір әліпбиден екіншісіне өту
емес, қазақ жазуына реформа жасау деп түсінген дұрыс. «Ел бүгіншіл,
менікі – ертең үшін» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Біріншіден,
қазақ тілінде қанша төл дыбыс бар, соның басын ашып алу керек.
Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс, 17 дауыссыз дыбыс, бас-аяғы 28 дыбыс
бар. Яғни, бізге керегі 28 таңба. Латын әліпбиіне көшу шын
мәніндегі ұлттық сананың жаңғыруы. Жаңаша жазу- жаңаша ойлау, жаңа
интеллектуалдық деңгейге көшу. Латын әліпбиімен жадымыз жаңғырып,
құл болған кезең санамыздан жоқ болады. Санамыз тазарып, әлемдік
өркениетке еркін қосылып, терең сіңісетініміз
анық.
2017 жылдың қыркүйек айында
көптен күткен латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы таныстырылды.
Елбасының өзі ерекше назарда ұстап отырған бұл мәселеге көпшіліктің
қызығушылығы ерекше болды. Бүкіл ақпарат құралдары мен әлеуметтік
желі, барлық қоғамдық ұйымдар мен орындарда осы мәселенің
талқылануы қазақ халқының әрбір азаматының латын әліпбиі бойынша
өзіндік көзқарасының негізділігі мен қызығушылығының ерекшелігіне
назар аудартты. Бірақ әліпби жасаушы топтың нұсқамасы көпшіліктің
көңілінен шықпай, өз ұсыныстары мен нұсқаларын жолдаушылар
ұсынылыған жобаға қарсылық білдіріп, оның нәтижесінде екінші нұсқа
жасалуы ұсынылды.
«Мемлекеттік тілдің бірыңғай
стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми
принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған
нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия
мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқаларын жасап
шықтық. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларын
латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө –
ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданылуы
қиындық тудырмайды. Ал орыс тілінен енген ц, ф, х, в секілді
әріптер де латын әліпбиінде қолданыс табады» деді Ербол Тілешов»
.
12 қазанда Астанада өткен
баспасөз конференциясында Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту
республикалық үйлестіру-методикалық орталығының директоры Ербол
Тілешов пен Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының аға ғылыми
қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек 32 әріптен тұратын латын
әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған. Онда қазақ тіліне ғана тән кейбір
дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған. Әліпбидің
екінші апострофты нұсқасы бекітіліп, оны үйрету жұмыстары басталып
та кетті. Өзбектердің тілді компьютерге икемдеуге негізделген
қателігін біз де айналып өте алмадық. Біздің де әліпби жасаушылар
тобы пернетақтаны басым назарға алып, тілдің заңдылықтары
ескерілмей отыр. Мұндай апострофы өте көп әліпби жер бетінде біреу,
ол бізде ғана. Ол біздің болашағымыздың бастауына балап, тарихи
маңызды мәселе, ұлттық серпіліс деп таныған жаңа әліпбиіміз.
Халықтың көп күткен шешімі әрбір қазақты шын қуантқаны анық. Бірақ
әліпби жасаушы ұйым мен оның қызметкерлерінің әліпбидің екі нұсқасы
да халықтың көңілінен шықпай отырғаны бүкіл халықтық талқылау
барысында байқалып отыр. Алғашқы қостаңбалы нұсқа да, соңғы
апострофты нұсқа да қазақ тілін емес, пернетақтаны басшылыққа
алғандығын тіл ғалымдар да, өзге жанашыр азаматтар да айтып, жазып
жатыр. «Ал апостроф ағылшын және латын графикасын қолданатын өзге
де батыс тілдеріне тән таңба. Ол тілдердегі қолданылу жиілігі өте
аз болғандықтан мәтін ішінде оғаш көрінбейді. Латын әліпбиіне
көшкен екінші мемлекет - азербайжан елі. Латын әліпбиінің арқасында
орыс ықпалынан әжептеуір босап, Түркия мемлекетімен жақындығы
күшейгені белгілі. Ондағы жаңа ұрпақ орыс тілін білмейді, бірақ
олар әлемдік даму көшінен қалып отырған жоқ. Экономикасы да,
технологиясы да ілгері даму жолына түскендігін өздері де атап
көрсетіп, латын әліпбиінің ұлт дамуына тигізген игі ықпалын сезіп
отыр. Олар орыс идеологиясынан шығып әлемдік кеңістікке құлаш
ұрды.
«Латын әліпбиіне көшудің
қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл
әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден
енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын
әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және
қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа
керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле
ережені бірдей қамтиды.» - деген ғалым Ә.Жүнісбековтың пікірі қазақ
тілі бодандық жылдарада қазақ тілінің табиғи дамуының бұзылып, орыс
тілінің ықпалымен артикулляциялық өзгерістерге ұшырап, тіл тазалығы
сақталмағаны анық. Сондықтан ғалым латын әліпбиі тек таңба ауыстыру
ғана емес, тілді түбегейлі реформа жасап, өзіндік табиғи болмысын
қайтару деп ұғады.
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу заман сұранысы екенін
негіздеді. Латын әліпбиіне көшуде Өзбекстан, Түркіменстан,
Әзірбайжан мен Түркия мемлекетінің тәжірибесі жинақталып, Қазақстан
жағдайына қолайлы шешімін табуы қажет. Қазір әлемде 112 мемлекет –
латын әліпбиін, 48 мемлекет – араб әліпбиін, әлемдік банк жүйесі
бойынша экономикасы озық 30 елдің – 22-сі, ал экономикасы дамушы
іргелі 10 елдің 7-еуі латын әліпбиін пайдаланады»- деген деректерге
сүйенсек, әлемнің қаутты бөлшегі болғымыз келсе, ұрпақты әлемдік
өркениеттің бел ортасында жүрсін десек, латын әліпбиі біздің жаңа
биігіміз болуы керек. Соңғы ел көкейіндегі дөп басқан жаңалық
еліміздің сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың пікірі: «Ұлттық комиссия латын
әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі
қажет» . Бұл пікір арқылы халық апаострофты нұсқаны тоқтатып, оның
орнына дұрыс нұсқа енгізілу мүмкін деген үміті
бар.
«Елбасы: «Алдымен экономика,
содан соң саясат» деген ұстанымын тиянақтап, енді халқымызды
«тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз
керек» Олар, атап айтсақ, заман талабына сай – бәсекеге
қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білім салтанаты,
эволюциялық даму және сана ашықтығы. Осылардың діңгегі, іргетасы,
мазмұны әрі формасы – тіл екені бесенеден белгілі. Олай болса,
латын негізді қазақ жазуының реформасы – рухани жаңғыруымыздың
белортасы, шешуші факторы, терең мәнге ие бастама. Бұл тек қана
тілдің реформасы емес – діл реформасы, жанымыздың жаңғыруы, маңызды
стратегиялық бағдарлама. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
деген ұлағатты пайымның ұлыстық, этностық шеңберінен шығып –
ұлттық, мемлекеттік, азаматтық мәртебеге ие болуының айқын айғағы.
Бұл – болашағымыздың тізгінін өз қолымызға алудың, Президент
сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі,
Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын
кепілі.» - деген әліпби жасаушы ғалым Е.Қажыбектің пікірі әліпби
мен тіл мәселелсінің біртұтас екендігін айқындап, әліпби арқылы
тіліміздің де тұғырына қонатындығына сенім
ұялатады.
Әдебиет:
1 Латын әліпбиі – бірегейлік
пен жаңғыру негізі. https:// aikyn.kz/2017/09/26
/28088.html
2 Қазыбек ИСА Abai.kz 3.
Е.Қажыбек.
https://egemen.kz/article/158164-latyn-alipbiininh-ulgisi-tanystyryldy
4. Қ.Қыдырбайұлы.: http://e history.kz/publications/
view/3467
3 Қ.Қыдырбайұлы.:
http://e-history.kz/kz/publications/view/3467
4 Байынқол ҚАЛИҰЛЫ, Жас Алаш
№75 (16261) 21 қыркүйек, бейсенбі
2017