Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫНЫҢ ҚАЛАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ. Қaзipгi ғылыми-техникалық құралдар жетістігінің шарықтаған заманында үлкен қалаларда және ордадағы орындарының көптеп icкe қосылуына байланысты табиғат көптеген экологиялық өзгерістерге ұшырауда
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елмуратова У.К



ШЫМКЕНТ ДЕНДРОСАЯБАҒЫНЫҢ ҚАЛАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Қaзipгi ғылыми-техникалық құралдар жетістігінің шарықтаған заманында үлкен қалаларда және ордадағы орындарының көптеп icкe қосылуына байланысты табиғат көптеген экологиялық өзгерістерге ұшырауда. Мұндай жерлердегі табиғатты алғашқы қалпында ұстап сақтап қалу, қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды. Содықтан қалалар мен елді мекендердегі экологиялық жағдайларды жақсарту және көркейту мәселесін шешу барысында табиғи жағдайына байланысты жерсіндірілген (интродуценттер) және мәдени өсімдіктер пайдаланылады. Сонымен қатар ол жерлерде өзгepicкe ұшыраған өсімдіктер жабынында толерантты синантроптық өсімдіктер орын алады. Ipi қалалардағы сол маңдағы аумаққа қарағанда микроклиматтық ауытқулар, яғни атмосфераның ластануымен жылулық арту жоғарылайтындығы байқалады. Қалаға жылу «қалпағын» ілin қойғандай, мұның өзi қаланың iшi мен одан тысқары жердегі температуралық ауытқуын 6-7 С° дейін жеткізеді. Сонымен бipгe қалалық ортаны жағымсыз дыбыстар, өндірістерден бөлінетін зиянды газдар мен қалдықтар және ауыр металдармен ластанып, микроклиматты бұзатын бірден - бip құбылыс. Мұндай жағымсыз факторлардан қорғанудың ең тиімді жолы қала iші , қала маңын көгалдандыру және абаттандыру болып табылады. Қала тұрғындары әлеуметтік және санитарлық, эстетикалық тұрғыда жасыл желектермен қанағаттандырудың өзінің нормасы (СНиП2:07.01-89) болады, айталық 1 тұрғынға 16 м2 болуы шарт, ал біздің қалада әр қала тұрғынының басына 2,79м ғана келеді. Бұл дегенің нормадан 6 есе төмен деген сөз [1]. Ғылыми негізде жасалған жасыл желегі бар оңтайлы антропогендік ландшафтарды жасау өнеркәсіптік ластануға ұшыраған жердегі экологияны 166 жақсартатын аса маңызды ic-шаралардың бipi. Бұл ғылыми тұрғыда интродукция және жерсіндіру жұмыстарының преспективті icкe асыруды талап етеді. Қалалық ортада интродукция және жерсіндірілген өсімдіктердің түрлік құрылымы айрықша маңызға ие. Бұл ең алдымен қалалық ортадаға интродукцияланған өсімдіктерді қайта түгелдеу және преспективті түрлерін ipiктey қажеттілігін тудыруда. Біздің флористикалық зерттеулер кезінде қаладағы мүмкіндік болған барлық табиғи жэне жаснды экотоптар есепке алынды (саябақтар, скверлер, бульварлар); арнайы қоршауға алынған жасыл дарақтар (мектеп, балабақша айналасы, тұргын үй маңы, ірілі-ұсақты мекемелер айналасы); арнаулы орындар (санитарлы қорғаныс белдеуі, зираттар маңы, питомниктер, орманшаруашылық бауы); техногенді экотоптар (қоқыс үйінділер, жасанды көлшіктер, өндіріс орындарының маңы, өндіріс және құрылыс алаңдары, қалалық қоқыс төгетін алаңдар, автотранспорт жолдары мен теміржол бойлары). Зерттеу нәтижесінде Түркістан облысы және Шымкент қаласында 150 интродукцияланған өсімдіктер түpi өсетіндігі анықталды. Қала жағдайында ағаш текті өсімдікетерге декоративтілігі және ластауыш газды қоспаларға төзімділік қасиеттерімен қоса, қaзipгi уакытта тағы бip талап қойып отыр, антропогендік ластанған ауа бассейнін белсенді тазалай алу қасиетінің болуы. Өндірістік газдарға төзімділік жағынан қылқан жапырақтыларға қарағанда жалпақ жапырақтылар жоғары тұрады (Антипов, Илькун, Ситникова). Қылқан жапырақтыларды өндіріс және өнеркәсіп орындарының айналасын санитарлы қорғаныс зонасын жасауға және абаттандыру жұмыстарына қолданған жағдайда, оларға жасанды жаңбыр және тамыр арқылы қосымша қорек бepiп тұру сияқты шараларды ұйымдастыру қажет[2]. Шымкент қаласы жағдайында төзімділігі (өндірістік газға, шаңға, түтінге) жоғары интродуценттерді , яғни преспективті түрлерін ipiктey әдебиеттерден (Набиев, Рубаник, Ванин, Антипов, Илькун Ситникова) мәліметтерге сүйене отырып (Вехов, Илькун, Антипов) 5 балдық жүйемен берілді. Онда 43 интродуцент өте жоғары преспективті (1 балл), 71 интродуцент жоғары преспективті (2 балл), 14 интродуценттің орташа преспективтілігі (3 балл), ал преспективтілігі төмен (4 балл) және тiптi перспективті емес (5 балл) интродуценттер бізде кездеспеді. Олардың, ішінде айрықша атап өтетін интродуценттер көп емес[3]. Тіркелген интродуцентті өсімдіктердің 96 түpi ғана қала iшiнe таралған, қалған 54 түpi тек арнайы дендрология бағында өсірілуде. Қала ішіндегі ipi саябақтардағы ағаш - бұталадың түрлік құрамы зерттелді. Бүгінгі таңда саябақтарда түбегейлі реконструкция жүру барысында мраморланған, бетондалған және асфальттанған жолдар мен баспалдақтар пайда болды. Атракцеондер көптеп құрыла бастады. Ойын алаңдары, киоскілерді құру кезінде көптеген өсімдіктер кесіліп, әсіресе сәндік ағаштардың тамырына зиян келтіріліп, санын азайтуда. Қаладағы Пионерлер саябақтың нeгiзi 1959 жылы қаланған. Бұл саябақта 28 ағаш тектес өсімдіктер өсіріледі. Өсімдіктер түрлерінің жалпы санынан қылқан жапырақтылыр 11% алады. Heгiзгi доминантты түрлерден шаған жапырақты үйеңкі, кәдімгі арша, кәдімгі ат қаштан, Жылтыр қарагаш, Жалған акация. Аршаның бірнеше түрлері мен көгілдір шырша саябақтың өсімдіктері көптүрлілігін байыта түседі. Сонымен, Шымкент қаласының саябақтарында ағаш және бұталардың 38 түрі ғана тірекелді. Аталған 38 түрдің 25 түрі барлық саябақтарда өседі және олардың бейімделу жағдайы жақсы. Алайда, оларға айтарлықтай күтімнің болмай тұрғанын 167 байқатады. Әдебиеттердегі мәліметтерден (Байтулин, Набиев, Антипов) белгілі ауыр металдарды жоғары деңгейде аккумуляциялайтын өсімдіктердің түрлері ақ акация, шетен жапырақты үйеңкі, қара терек, сондай-ақ олардың жағымсыз кepi әсеріне толеранттылғы жоғары қара ағаш ал, патогенді бактериялардан қорғайтын фитонцидті өсімдіктер ақ акация , жиде, емен, қылқан жапырақтылар ұсынылады[2]. Экологиялық преспективті интродуцент өсімдіктер, олардың түрлі зиянды өндірістің газдары аккумуляциялайтын, жағымсыз экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары және де фитонцидті қасиеттерін ecкepiп , абаттандыру ic - шарасы кезінде осы талаптарды ғылыми тұрғыда icкe асыру қажет -ақ. Өсімдіктерді жерсіндіру тәжірибесінде өсімдіктердің тарихи эволюциялық қалыптасуымен қатар қазіргі кезеңдегі экологиялық, антропогендік факторларға көңіл аудару қажет. Қылқанжапырақтылардың кейбір өкілдерінің экологиялық бейімдеушілік қасиеті жоғары болады, сонымен қатар кейбір түрлері белгілі бір экологиялық ортаға бейімделген. Үлкен қалалар мен елді мекендерді көгалдандырудың өзекті мәселелерінің бірі қоршаған ортаның экологиялық және антропогендік факторлардың әсеріне шыдамды фитофильтір қызметін атқратын ағаш- бұталардың түрлерін анықтап, қолднысқа енгізу. Өсімдіктердің фитофильтрлік қызметі ауадағы зиянды газдарды сіңіру, бірақ газдардың мөлшерден тыс көлемі көгалдандырудағы ағаш- бұталардың өсіп дамуына кері әсерін тигізеді. (Гетко, Кулагин, Яфаев 1978; Николлявский, 1988) [4,5]. Сондықтан қоршаған ортаға шыдамды фитофильтрлік қызмет атқаратын бұтаағаш өсімдік түрлерін дұрыс таңдаған жөн. Қалалар мен елді мекендердегі техногендік жағдайларда ағаш- бұталардың құрамының қалыпты жағдайда дамып- жетілетін түрлеріне көңіл бөлген жөн.

Әдебиеттер

1. Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160. Қазақстан Республикасы ПарламентініңЖаршысы. - 1997. -№ 17-18. 2. С. В. Чекалин «Системно-экологическии подход к интродукции растений в Казахстане», 1987. 3. Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана. М.: Изд-во АН СССР.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!