Материалдар / мақала. Дүниежүзі тәжірибесінде инновациялық даму үрдісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала. Дүниежүзі тәжірибесінде инновациялық даму үрдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа технологиямен білім беру үшін жас амандарға және оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 378. 245 Н 23


Дүниежүзі тәжірибесінде инновациялық даму үрдісі.

Магистр, оқытушы Нарзуллаева Сарвирух Батырханқызы.

Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледж.


Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыс қазіргі қоғамның білім беру дәрежесін жоғарылату үшін инновациялық технологиялардың маңызы мен міндетін көрсету мақсатында түрлі практикалық жұмыстар, шетел және отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары негізінде жазылды. Әлем және Қазақстан елдерінің білім беру саясатының жаңа бағдарламаларының нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалынды. Рухан даму мен кәсіби білімге қол жеткізудің негізгі жолы рухан тәрбиелеу және жаңа жүйемен оқыту екені көрсетілді.

Кілт сөздер: инновация, ESG, технология, Сабақты зерттеу, SMART- педагог, интербелсенді, имитациялық оқыту, Macromedia Flash


Анатация

Данная научный работа была написана на основе исследовательских работ зарубежных и отечественных ученых с целью демонстрации сущности и миссии инновационных технологий для повышения уровня образования современного общества. Проведен сравнительный анализ результатов новых программ образовательной политики стран мира и Казахстана. Ключом к достижению психологического развития и приобретению профессиональных знаний было духовное образование и изучение новой системы.

Ключевые слова: инновация, ESG, урок исследования, SMART-преподаватель, интерактивное обучение, имитационное обучение, Macromedia Flash


Annotation

This scientific work has been written on the basis of research works of foreign and domestic scientists in order to demonstrate the essence and mission of innovative technologies to raise the level of education of modern society. A comparative analysis of the results of the new educational policy programs of the countries of the world and Kazakhstan was made. The key to achieving psychological development and acquiring professional knowledge was the spiritual education and learning of the new system.

Keywords: innovation, ESQ, technology, lesson study, Lesson research, SMART-teacher, interactive, simulation learning, Macromedia Flash.



Ғылым – қоғамдық дамудың маңызды факторы. Ғылым – зерттеу ұстанымдары мен зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалану оның практикалық іс-әрекетін ғылыми іс-әрекетге айналдыру деп түсіндіріледі.

ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі және ғылымның дамуы өзіне сәй белес алуда. ХХІ ғасырға тән маман даярлауда бізге көмек беретін түрлі инновациялық жүйелер бар. Қазіргі әлемдік білім жүйесінде халықаралық тұрғыда білім бере алатын Global Education Futures, 2014 жылдан бастап қоланысқа еніп, қазірде әлемнің 50 елінде, оның ішінде АҚШ, ОАР, Бразилия, Еуропа, Ресей, Үндістан, Жаңа Зеландия, Аргентина, т.б. елдердің үздік оқу орындарында жүреді. Center for Curriculum Redesign және Global Education Futures білім беру бағдарламаларына көптеген өзгерістер енгізуде. Соның бірі -«Төрт өлшемді білім» зерттеуі. Осы білім беру бағдарламасы арқылы білім берудің жаңа моделі құрылады, оқудың құзыреттілігі артады, инновациялық білім беру жүйесі күшейеді [1, 12 б.]

Жоғары оқу орындарында еуропалық кеңістігінде білім беру білім сапасының көрсеткішінің артуына әсер етеді. Сапа қамтамасыз ету үшін білім стандарттары мен нұсқауларына сай, елдің барлық аймақтарын талаптарға сай оқытуға жаңа үлгімен жұмыс жасалынды. ЖОО білім көрсеткішінің халықаралық ынтымақтастық және еуропалық кеңістікте сапасымен қаматмасыз етудің институционалдық және ұлттық жүйелер дамытута үлкен роль ойнайды. Еуропалық кеңістікте білім беру білім сапасының көрсеткішінің жоғары нәтиже беруіне, халықаралық деңгейге сеніммен қадам басуға, бағдарламалар мен жүйелердің жаңаруына үлес қосылды.

Еуропалық кеңістікте білім беру жүйесін қазіргі күнде барлық ЖОО қолдану жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйені сапаны қамтамасыз ететін агенттіктерде қолданады. Барлық талаптарға сай екенін тексеріп отырады.

ESG жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз етудің құсқаулықтары мен стандарттарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ғылым мен инновациялық жүйенің пайдалану стандарттарын еске ала отырып, білім берудің қашықтықта ықпал етуімен еуропалық кеңістігінде біліктілік шеңберінде қарастырады [2, 4 б.].

Дистанционалды білім беру. Дистанционалды білім беру – қашықтықтан білім бере отырып, білім алушыны өз бетінше жұмыс жасауға баулу. Дистанциналды білім беру алғаш Ангилияның ЖОО пайдалана бастады. Қазақстанға бұл білім беру жүйесі енді ғана ену үстінде. Қашықтықтан білім бере отырып мұғалім білім алушыны интеранктивті қарым-қатынас жасауға үйретеді.

Қашықтықтан оқыту мұғалім білім берушіні коммуникациялық және жаңа ақпараттық жүйе арқылы оқыту. Қазіргі күнде Батыс елдерінде дистанционалды білім беруге сұраныс өте көп. Сол себепті бұл жүйені мемлекетіміздің білім беру жүйесіне толық енгізу және қашықтықтан білім берудің маңыздылығын келешек мамандарға түсіндіре отырып, оның артықшылықтарын мен кемшіліктерін игеру.

Қашықтықтан білім беруде ескерілуі тиіс тармақар:

  • Түлектің жеке білім алу жоспары;

  • Әр түлектің жеке оқу қызметінің кестесі;

  • Арақашықтық білім ала алуға қатыса алу үшін психо-педагогикалық және медициналық келсімдер;

  • Білім алушының орнынан анықтама;

  • Білім алушының өтініші; [3, 21-22 бб.].

Жаңа инновациялық білім берудің басқа әдіс – тәсілдері.

Сабақты зерттеу (lesson study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді әдісі. Lesson study-зерттеу тәсілі қазіргі күнде білім жүйесінің дамуындағы бір көрініс. Бұл әдіс алғаш Жапонияда пайда болып, Еуропа елдері, АҚШ және Азия елдерінде кең тарады. Lesson study-педагогтың білім берудегі жетістіктерге қол жеткізуге көмек беруші құрал болып табылады. Қазіргі күнде Назарбаев Зияткерлік мектебінде бұл әдіс кеңінен қолданысқа енді. Барлық білім берушлер әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтың нәтижесі тиімді болуды көздейді. Педагогтың өз кәсібін әркүн дамытуға мүмкіндік береді.

Педагог сабақты сұрақ қою әдісі арқылы жүргізеді. Бұл мұғаліммен білім алушының қарым-қатынасына арттырады және педагог білім алушыны топпен жұмыс жасауға дағдыландырады. Жаңа термин сөздермен жұмыс жасауды үйретеді. Зерртеу сабағында педагог сабақ соңында өткен тақырыпқа зерттеу жүргізіп, қортындылауды, талқылау жолдарын үйренеді.

Lesson study-әдісінде мұғалім сабақ соңында білім алушылармен сұхбат жүргізеді. Сұрақтар тақырыпқа байланысты жүргізіліп, білім алушының алған әсері мен білімінің дәрежесін үйренеді және бағалайды [21, 8-10 бб.]. Lesson study үдерісі:

  • Жоспар жасау;

  • Жоспарға талдау жүргізу;

  • Қайта құру;

  • Практикалық сабақ жүргізу;

  • Сабақты қортындылау және талдау жүргізу;

Lesson study өткізудің үш түрі бар:

  1. Мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады, бір-бірімен пікір алмасады, белгілі бір тақырып аясында жұмыс жасайды және жылдық есеп өткізеді.

  2. Lesson study-ді білім беруші өз бетінше жүргізеді. Алғашқы сабақтың қортындысынан кейін, екінші сабақты өткізудің жоспарын жасайды.

  3. Әр мұғалім жеке-жеке бір тақырып барысында практикалық сабақ негізінде өткізеді. Бір жылда бір сабақ өткізілуі тиіс. Сабақтың соңында білім беруші барлық білім алушыны зерттейді, сабақты қалай игергенінің нәтижесін шығарады [4, 34-35 бб.].

Оқытудың «CLIL» (Content and language integrated learing) әдісі. Заман талабына сай маман даярлаудың бір кепілі – шет тілін меңгерту. CLIL – Еуропа және Азия елдерінде қазіргі күнде көп қолданылуда. Бұл әдіс білім берудің көптілділік жүйесі негізінде құралған. Білім беруде кіріктірілген әдісті қолдану арқылы тиімді нәтиже шығара аламыз. Кіріктірілген әдіс-екі пәнді біріктіріп оқыту, яғни гуманитарлық, жаратылыстарны, т.б. бағыттарды ағылшын тілінде оқытудың тиімді жолдары көрсетілді.

Ағылшын тілін тез меңгеруде білім алушы үшін тыңдалым және айтылым әдістерін пайдалана отырып сабақ өткізу қажет. Сабақта жаңа иннвациялық тәсілмен өту тілдік жүйесінің дамуына әсер етеді, тыңдалым есте сақтау қабілетінің артуны көмектеседі.

CLIL білім алушының ойлау дағдыларын қалыптастырады, тақырыпты түрлі сызба, кестелермен өткізу білім алушының ақпаратты тез қабылдауына, тілдік жүйесінің дамуына, сөйлеу белсенділігінің артуына, т.б. көмектеседі [5, 46-48 бб.].

Педагогикалық даму SMART-педагог. Еліміздің ғылым мен білімнің дамуы үшін әртүрлі стратегиялық бағдарламалар жасауда. 2016-2019 жылдарға арналған білім беру жүйесіндегі бағдарлама жаңа заман талабына сай білікті педагог даярлауды талап етеді. Қазіргі қоғам жаңа технологияның заманы. Сол заманға сай білікті маман даярлауда ең басты құрал – педагог. Педагогтың шығармашылық қабілетінің жетік болуы білім алушыны шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып дамытуға мүмкіндік алады.

Қазіргі қоғамға сай кәсіби-педагог – SMART педагог. SMART педагог дегеніміз жаңа заманға сай, жаңа технологияларды жетік меңгерген, компьютермен толық жұмыс істей алатын, инновациялық жүйеден толық хабардар, әлемдік білім беу жүйесінің озық технологиялары мен білім берудің әдіс-тәсілдерінен хабардар, өз шеберлігін көрсете алатын, тұлғалық қасиеттерге мол, білікті маман даярлай алатын, сабақты заман талабына сай ұйымдастыра алатын мұғалімді айтамыз [6, 59-61бб.].

Имитациялық оқыту технологиясы. Қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар білім алушыны әртарапты психологиялық тұрғыда дайындауды қажет етді. Білім беру барысында білім алушыға жан-жақты психологиялық дайындықтың маңызын түсіндіре өту керек.

Имитациялық оқыту технологиясы-білім беру мекемесінде өрт жағдайында немесе басқада оқыс жағдайлар болып қалған жағдайды білім алушылардың кез келген жағдайға дайын болуы үшін психологиялық дайындау. Білім алушыны психологиялық дайындау түрлі мәселелерді шешеуде үлкен көмек болады. Имимтациялық білім беруде педагогтың орны ерекше. Педагогтың түрлі тәжірибелер арқылы имитациялық оқыту технологиясы білім алушыларға тақырыпты тез меңгеруге көмек береді [ 7, 35 б.].

Macromedia Flash ортасында электронды оқу құралын жасау әдістемесі. Macromedia Flash технологиясы әлемдік жүйеде кең қолданылуда. Macromedia Flash технологиясы электронды оқулық жасаудың ең тиімді жолы. Macromedia Flash технологиясы мультимедиалық презинтация жасаудың құралы. Macromedia Flash технологиясы арқылы видеороликтер, ойындар, аудио жазбалар, анимациялар дайындай аласыз. Осы технология арқылы білім беру үлкен жетістікке қол жеткізерімізге көмек береді.

Осы программа арқылы электронды кешендер жасауғада болады. Бұл программаның тиімділігі-жинақтылығында.

Macromedia Flash технологиясы арқылы компьютермен оңай жұмыс жасай аласыз және компьютердегі графикалармен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар дыбыстық президентациялар жасауға, векторлық графика әдісін қолдануға, сайттар мен мультфильмдер жасап шығаруға, графикалық және дыбыстық файлдер қолдануға және электронды оқулықтарды қолдануға болады [8, 84-85 бб.].

Инклюзивті білім беру-білім алушылардың арасындағы құқықтың жүйені қамтамасыз етеді, олардың теңдік жүйесін сақтайды, топ ішінде бір-бірін силауға дағдыландырады. Психологиялық тұрғыда білім алып, түрлі кедергілерге тап болған жағдайды жаңа идеялар қалыптастыра алуға машықтанады және психологиялық білім алып, біліктілігі артады [9, 9 б.].



Пайдаланған әдебиеттер.

1.VІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату». Астана қ. Халықаралық мектебі. 27-28 қазан 2016 ж. 48-бет.

2. Жоғары білімнің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулары ESG. «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі». Қыркүйек 2015 ж.-29 б.

3.Масанов Е.Ж. «Дистанционалды білім берудегі өзекті мәселелер». Қазақстанның жоғары мектебі. №3.- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. 2016 ж. – 88 б.

4.Қараева А. «Lesson study туралы түсінік» Қазақ мектебі. №1(1116), 2019 қаңтар. 64 б.

5. Мурзакенова Ж.Ш., Белденбаева М.Т. «Оқытудың «CLIL» (Content and language integrated learing) әдісі». Білім берудегі менеджмент. №4 (91)2018.-Алматы.-2018 ж.-80 б.

6. Ержанова Ш. «Педагогикалық даму SMART-педагог». Қазақ мектебі. №2(1105). 2018 ақпан. 64 б.


7.Секенова Б., Кенесова С., Базарбай Ә., Бейсембаева А., Дузенова Н., Мухематкалиева М., «Имитациялық оқыту технологиясы» Педагогикалық мәселелер. Вопросы педагогики» №4 (52) 2018. Алматы.-56 б.

8. Қыдырбекұлы О. «Macromedia Flash ортасында электронды оқу құралын жасау әдістемесі». Білім берудегі менеджмент. №3 (90) 2018.-Алматы.-2018 ж.-116 б.

9. Бірманова Қ.И. «Инклюзивті білім беру-қабілеттердің өзіндік тұтастығы». Педагогикалық кеңес. Мектептегі оқу-тәрбие, басқару жұмысы. №2-3 (19-20) наурыз-сәуір, мамыр-маусым. 2018. Алматы.-28 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!