ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ –
БАЛАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАЛЫПТАСУЫН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ.
Аяпбергенова Жаухар
Оразгалиевна
«Маған айтып берсең- ұмытып
қаламын,
көрсетсең –есте
сақтармын,
ал өзіме жасатсаң - үйренемін
»
Конфуций
Әлем бір орында тұрмайды,
ертеңгі күн бүгінгіден де асып түсуде, адамзат қоғамы алға қарай
ұмтылуда- бұның бәрі білімге келіп
тіреледі.
Қазіргі білім беру мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы
өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге
кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге
асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы
барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін
емес.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген
адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің
тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген
оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті,
шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап
етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын,
жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын
педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың үрдісінен
шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,
өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра
алады. Оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту,
білімдерін ашу, дұрыс түсінік
қалыптастыру.
Жас ұрпаққа білім
беру мен тәлім берудің сан жолы,көп қыры бар.Мына ғаламдық қарышты
даму дәуірінде шәкірттерге берілер білім мен білік күн өткен сайын
күрделеніп,жаңарып отырады. Мұғалім өзінің шеберлігін үнемі шыңдау
үстінде болуы керек. Сондықтан да мынадай нұсқаулықтарды басшылыққа
алып отыру қажет.
-
Жаңа
қоғам мұғалімі-ол рухани адамгершілігі жоғары,адамзаттық
жауапкершілігі мол,белсенді де жасампаз,рефлексияға қабілеті басым
құзырлылығы жоғары маман.
-
Мұғалім мектеп пен білім беру саласының алдында
тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп,өзін соған бағыттап
жұмыс ұйымдастыруы тиіс.
-
Мұғалімге өзіндік озық іс-тәжірибесін үнемі
жүйелеп және қорытындылап отыруды,сондай-ақ іс-тәжірибені қажет
ететіндерге түсінікті түрде жеткізе білу технологиясын үйретуді
үнемі есте ұстағанымыз абзал.
Мамандық таңдауда
қателеспегендігіме ,өз еңбек жолымды саралай отырып,физика пәні
мұғалімі-бұл менің мамандығым екендігіне және физика негіздері
бәріне де қажеттігіне көз жеткізіп келемін.Мәселе тек,шамды бұрау
немесе велосипедті жөндей білуде
емес.
Физика – оқушылардың
ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын.Ол
оқушылардың интеллектін,логикалық ойлауын және шығармашылық
қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге
ықпал жасайды. Олай болса, мен өз сабақтарымда заман талабына
сай,ақпараттық технологияларды пайдалануды мақсат еттім. Себебі,
ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін
атқарады.
Жаңа ақпараттық
технология құралдары оқыту құралы қызметін
атқарады.
Оларға мыналар
жатады.
Ақпараттық
технология құралдары:
PASCO құралдарын
қолдану бойынша жеке тәжірибем
-
“Физика GLX-пен бірге” атты
зертханалық жұмыстар жиынтығын
құрастырдым.
-
Жылдық физикалық
практикумдарды Pasport құралдарын негізге ала отырып
ұйымдастырамын.
-
Зертханалық жұмыстар мен
сабақтарда тақырыпқа сай келуіне байланысты Pasco сенсорларымен
тәжірибе ,физпрактикумдарда
қолданамын.
Xplorer GLX
тіркегішін сабақта қолданудың үзіндісін
келтірейін.
Xplorer GLX
тіркегіші мен түрлі сенсорларды жалғау арқылы,түрлі практикалық
сабақтарды,зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруға
болады. Төменде келтірілген мысалдар,
GLX мүмкіндіктерінің азғантай бір бөлігінің көрінісі ғана. Бұл шолу
GLX құрылғысын баптап, жұмысқа дайындау үшін кейбір белгіленген
опциялар сұлбасын көрсетеді: Осыдан кейін GLX бастапқы экранын GLX
құрылғысының бүкіл айналасына жүйеаралық ауысым түрінде қолдануға
болады.
Xplorer GLX - бұл
жаратылыстану ғылымдары топтамасы оқушылары мен оқытушыларына үшін
деректер жинау, сызбалар құрастыру мен талдауға арналған қүрылғы.
Xplorer GLX мамандандырылған порттарға жалғанған екі температуралық
сенсор мен кернеу сенсорларына қосымша PASPORT төрт сенсорын қатар
қолданады.
Жаңа
әдіс-тәсілдердің жүйелі әрі орынды қолданылуы – білім беру
үрдісімді қызықты , тартымды, мазмұнды және ең бастысы заманауи
сабақтарға айналдырғанына көз
жеткіздім.
Келешекте сыни
тұрғыдан ойлау модулін әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы енгізіп,
заманауи сабақтар өткізу, алған білімімді әріптестер арасында
насихаттау, жас мамандарды жаңа оқу үрдісіне ынталандыру жұмыстарын
жалғастырып отыру қажет. Оқушыларымды білім шыңына
жеткізу үшін өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдай түсу мақсатында
жұмысымды жалғастырмақпын.Яғни,оқушы өзі толғандырған сұраққа
жауап табу үшін күшіне,біліміне,қолынан келетіндігіне сендіре
білу.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
Мұғалімге
арналған Нұсқаулық .«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
ДББҰ,2012.
-
И.Далабайқызы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы. Журнал «Білім технологиялары»
№4,2011
-
С.
Есшанова. Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға
бағытталған білім беру. «Открытая школа» №8,2013
-
Жазықбаева
Ұ. Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті. «Қазақстан мектебі»
№9,2012.
-
«Лабораторное пособие по Физике с
Xplorer GLX» Учебная программа Pasco
,Дейф
Гриффит.