Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Айгөлек Д» балабақшасы.
Тәжірибе тақырыбы: «Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру»
Тәжірибе авторы: Хайратбай Гулстан
І. Тарау ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Тәжірибенің пайда болу жағдайлары.
Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата – бабамыздан қалған қазынаның бірі салт – дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес.
Салт - дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт - дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет - ғұрыптар, салт – дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт - сана болып қалған. Халықтың салт – дәстүрлері, рәсімдер мен жөн - жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді.
Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет - ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан - ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының, іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріліп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - қазақ халқы. Оның тәрбие - тәсілдері өт е көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек, қыруар жұмыс. Оның бәрін қамти алсақ та, сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден - ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт, дәстүр, әдет - ғұрып бойына сіңіре білу қажет. Бала тәрбиесі - ықылым заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі.
Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып тәрбиелеп отырған. Қазақ тың салт - дәстүрі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы - ел мүддесі заман талабы.
Қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігі сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына қазақтың салт - дәстүрлерін жатқызамыз. Қазіргі жас ата - аналардың көпшілігі өкінішке орай өз ана тілін білмегендіктен салт - дәстүрді де толық білмейді.
Салт - дәстүр бағзы заманнан бергі ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді атам қазақ. Болашақтың ірге тасы саналатын бала әуелі отбасында, содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде, одан мектепте қалыптасатыны баршамызға белгілі. Сол себептен қазақтың салт - дәстүрі «Сәлемдесу», «Сүйінші», «Көрімдік», «Базарлық», «Бата беру», «Шілдехана», «Бесікке салу»,»Балаға ат қою»,»Тұсау кесер», «Сүндет той», «Атқа мінгізу», «Тіл ашар» өткізу арқылы балаларымыздың бұл дәстүрлер жөнінде кеңірек түсінулеріне мүмкіншіліктер береміз. Бала салт - дәстүрде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған іс - әрекетке еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тән бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талаптанады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі. Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы сан - сезімі мен тәжірибесінің молдығы ғана. Сондықтан өз білгенін балаға үйретуден жалықпау ересек адамдардың борышы.
Ал адам бойында әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, имандылық қасиеттер бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бала қазақтың салт - дәстүрлері арқылы дүниені танып түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. Қазақтың салт - дәстүрлеріне сүйене отырып, баланы ізеттілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу тәрбиешілердің және аналардың парызы. «Елдің ертеңі бүгінен басталады», «Ұяда не көрсең - ұшқанда соны ілесің»деген сөздердің мағынасы терең, тәлім - тәрбиелік бастау жатыр. Қазақтың салт - дәстүріне, оның ерекшелігіне, оны әрі қарай жалғастыруға, оның алғашқы негіздерін балалар саналарына ұялату.
Біздің №33 «Күншуақ» КМҚК бөбекжай балабақшасында 10 топ бар. Барлық топтар қазақтың салт - дәстүріне арналған бұрыштармен жабдықталған. Балабақшада ұлттық салт - дәстүрге байланысты ата - аналармен бірлесіп жұмыс жүргізуде де ерекше мән беріп отырамыз. Жақсы өнеге баулуға арналған осынау ҰОІ әрекетте балаларды «Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру»арқылы еліміздің өткені мен бүгінгісіне ілтипатпен қарауға, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, ақылды кені данышпан даналарымыздың мәнді сөзін түсініп, үйренуге, Отанын, тілін, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасап келеміз.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден - бір парызы. Оқу - тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата - аналармен жұмыстың орны орасан.
Тәжірибенің өзектілігі.
«Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру» балалардың қабілетін және эмоциялық қабылдауға арналған мектепке дейінгі білім беру саласының мазмұнын дамытуға бағытталған.
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі тұтастай жеке тұлғаны қалыптастыруға, оның шығармашылық қасиеттерін дамытуға пайдалану. Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі арқылы баланың өзін - өзі ұстау, эмоцияларын, мінез - құлқын қадағалау қабілетін ұштай отырып, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін және қызығушылығын арттырады.
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі таныстыру барысында бала өз сезімдерін, көңіл - күйлерін белсенді білдіреді: тыңдай білуге, қоршаған әлемге өз пікірін білдіруге, өзінің оған деген қарым – қатынасын сезіндіреді».
Өсіп келе жатқан ұрпақтың ата - анасы отбасындағы тәрбиені әдет - ғұрып, ұлттық салт - дәстүрді тәжірибені қолға алса рухани жағынан бай болары сөзсіз. Сәби дүниеге келгеннен бастап оның ақыл - ойының дұрыс қалыптасуына ұлттық дәстүрдің тигізер пайдасы мол. Бала бойына адалдық әділдік, мейірімділік, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерімізді сіңіре отырып тәрбие беру ата - анамен мектепке дейінгі мекемеден басталады.
«Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру» барысында бала өз сезімдерін, көңіл - күйлерін белсенді білдіреді: тыңдай білуге, қоршаған әлемге өз пікірін білдіруге, өзінің оған деген қарым – қатынасын сезіндіреді.» Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру мен тыңдауды дамыту арқасында қызықтырақ бола бастайды, оған деген қызығушылық пайда болады, әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау ұсыныстарды, тұжырымдарды түсінуге көмектеседі. Балабақшада балаларға арналған салт - дәстүрдің түрлері: «Амандасу салты», «Шілдехана», «Бесік - тәрбие бастауы», «Бесік жырлары», «Балаға ат қою рәсімі», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу тойы», Бата», «Сүндет тойы», « Тіл ашар тойы».
біріншіден балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұлттық тәрбиеге
байланысты материалды ыждағатты түрде жинау:
екіншіден ұлттық тәрбие жұмысының түрлі бағыттар мен балалардың
әрекет түрлерінің (әлеументтендіру, табиғатпен таныстыру, түрлі ойындар) жұмыс итеграциялары;
- үшіншіден балалардың белсенді қатысулары;
- төртіншіден тілдік ортаны құруда ұлттық дәстүрдің дамытушы потенциалын қолдану.
1. Пәндік дамытушы орта. Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру. қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін ҰОІ өткізу арқылы балаларға қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін танысып, мағлұмат алып отырды.
2. Музыкалық - ән ортасын Балаға музыкалық қабілетің қалыптасуы музыкалық - ән ортасының іргетасы болып табылады. Бұл уақыт балаға берілетін дауыс өзінің қоршаған ортасындағы үлкендерге байланысты. Әннің баланың өмірінде ерекше орны болуы шарт. Ән айту баланың табиғаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес қолданылады. Күнделікті ән айту арқылы баланың ой - өрісін жақсарта аламыз, мысалы: балаға бесік жырын, жұбату әні, ойнату әні барлығы балаға есте сақтау, есту, ырғақ, сөйлеу және ән айту дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.
3. Отбасында. Әрбір тұлғаның тәрбиесі обасынан басталады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ата - анасы отбасындағы тәрбиені әдет - ғұрып, ұлттық салт - дәстүрді тәжірибені қолға алса рухани жағынан бай болары сөзсіз. Отбасында қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін жүргізу ата - ананың балаға сенімінен болады.
4. сахналау орталығы Бала тұлғасын қалыптастыру кезінде оның ән қабілеттерін дамыту үшін қолайлы алғышарттар процесі құрылады. Алайда, балалардың дағдыларында ән жобалық әдісін дамыту үшін ғылыми әдебиеттер жеткіліксіз.
Осылайша, мектепке дейінгі білім беретін мекеменің ересек жас топ балаларының жобаларды дамытуда жеткіліксіз қарама - қайшылығы анықталады.
3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ән қабілеттерін дамыту процесінің даму жолдарының арттыру тиімділігін айқындау үшін тәжірибеде жетекші педогогикалық идея жасалады.
4 Тәжірибенің жұмыс істеу ұзақтығы. Жұмыс тәжірибесі 2015жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп, бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
I кезең – бастапқы – 2015 жыл, қыркүйек – 2015 жылғы қараша,
ІІ негізгі кезең – 2016 жыл, желтоқсан – 2017 жылдың сәуір айы,
ІІІ кезең – қорытынды – мамыр 2018 жыл.
5 Тәжірибе диапазоны. Ұсынылған жұмыс тәжірибесі әдістерін пайдаланатын мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының ата - аналары«Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін насихаттау арқылы патриоттық тәрбие беру» мен педогогтардың бірлескен біртұтас жүйесі болып табылады.
Тәжірибедегі теориялық база Қалиев С., Оразаев М., Смайлова С. Қазақ халқының салт - дәстүрлері. - Алматы, 1994ж. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы - пайымды, білімді, мәдениетті, іскер еңбекшіл азамат тәрбиелеуде адамзаттың ақыл - ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына педагогтық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ал мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор
Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы, 2005ж.
Қазақтың салт - дәстүрлерін білу, әдет - ғұрыптары мен тәлім - тәрбие үрдісімен арнайы сабақтар беріп, ұлт мәдениетінің нәрмен сусындануына, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруге жағдай жасау.
Әдістемелік жұмыс бағыты Б. Асафьев, А. Бурениной, А. Г. Гогоберидзе, Леонтьева, Н. А. Метлова, К. Тарасовой сынды қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен теориялық еңбектерінде негізделген. Дифференциялды және кезеңділік тәрбие процесін қалыптастыруда балалардың ән аппаратын авторлар қарайды. Балалардың дауысын және мүмкіндіктерін, дыбыс қабылдауын зерртеу терең атап көрсетіледі.
Отандық және шетелдік психологтар (Дж. Грузек; Х. Литтон; А. В. Запорожец; С. А. Козлова; В. А. Петровский) атап өтеді: баланың ақыл - ой және физикалық мүмкіндіктерін, қуанғанын, жағымды әсерлерін көрсетеді, және баланы жақсы жағына тәрбиелейді. Бала осындай қызметтерді өз беттерінше жасай алмайды. Мұны тек үлкендер ғана қазіргі технологияны қолданып жасай алады. Мұндай технологиямен жасалынып жатқан жобалар « ересек - бала» деген мағынаны ашып көрсетеді.
Жаңа технологияны қолдану арқылы педагог та, бала да өзіне көп нәрсе игереді: ынтымақтастық, жасампаздық, диалог, достық, толеранттылық – компоненттер "мәдениет, әлем» ұғымдарын меңгереді. Ересек топ балаларымен бірлескен жобаның барысында жеке бас мәдениеті: балалардың табиғат және қоғам арасындағы жағымдылығы; өзіне, табиғатқа, қоршаған ортаға бейімділігі дамиды.
Сондықтан ән қабілеттерін дамыту әдісі негізгі құралдарының бірі болып табылады. Н. Н. Подъякова; Д. Б. Эльконина сынды психологтардың зерттеуінше ересек топ балаларының ой өрісі, өз - өзіне сенімділігі, қоршаған орта мен байланысқа түсуі жобалық қызмет барысында артатыны көрсетілген.
7. Тәжірибенің жаңалығы Біздің алдымызға қойған мақсатымыз да осы тұрғыға байланысты бала бойына ұлттық салт - дәстүрдің құндылықтарын сусындата отырып, ой - өрісі кең тұлға қалыптастыру. мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды үдерісінде жобалау әдісінде жұмыс жүйесін дамыту қызығушылығынан тұрады.
ІІ тарау. ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мақсаты мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға жобалық әдісті пайдалану процесінде бала бойына ұлттық салт - дәстүрдің құндылықтарын сусындата отырып, ой - өрісі кең тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі қаблеттерін дамыту мақсатында психологиялық - педагогикалық тәсілдер мен жобалау әдістерін пайдалану;
2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі дамытуда және тәрбиелеуде сараланған көзқарасты жүзеге асыру;
3 Ата - аналармен және педагогтармен ағарту жұмыстарын дамыту мәселелері бойынша қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі қабілеттерін ұйымдастыру;
Балалармен бағдарлама жұмыс әдісі кезең - кезеңімен жүзеге асырылды. Жобаның бірінші кезеңі қамтиды: балалардың қажеттіліктерін шешу мәселелері, жобаның мақсаттары мен мотивациясын қоюды қарастырды. Екінші кезеңде – мақсатқа қол жеткізу үшін қандай тәсілдерді қолдануға болатыны, соған байланысты жұмыстарды жоспарлау қажеттігі қаралды. Үшінші кезең – практикалық бөлім. Ересек топтар мен даярлық топтары бір - біріне көмектесуді, қойылған мақсатқа жетуді, творчестволық қабілеттерін көрсетуді үйренді. Төртінші кезең – жаңа жобаны қорытындылау және міндеттерді анықтау. Жұмыс барысында әрбір себебін анықтау мен сәтсіздіктердің нәтижесін талқылау анықталды.
Ересек топ балаларымен келесі тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілді: Зияткерлік бастамалардың іздестіру қызметтерінің алғышарттарын қалыптастыру; үлкендердің көмегімен жұмысты орындай алу, кейін өз бетінше жұмыс жасау; Зерттеу барысында терминологияны жүргізу үшін талпыныстарын ояту.
ІІІ бөлім ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛІЛІГІ
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, балалардың танымдық, қарым - қатынас, қоршаған ортамен дамытудағы қабілеттері артып, өсуде, қорытынды кезінде жақсы нәтижеге ие болды: жоғары деңгейі 30% - ға, орташа 15 % өсті. Балалардың деңгейі төмен дерлік қалған жоқ.
Тәрбиеленушілер балабақшада ұйымдастырылған әртүрлі іс - шараларға қатысып, өз танымдық потенцияларын көрсете алды.
Ата - аналар мектепке дейінгі ересек топ жасындағы балалардың ән қабілеттерінің даму ерекшеліктерімен танысып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті.
Байқаулар қорытындысы, жүзеге асырылған жұмыс процесінде мүмкіндік жасауға оң нәтижелі қорытынды береді.
Балалар халқымыздың салт - дәстүріне және мәдениетіне қызығушылықтаны танытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз беттерімен дербес мерекелік іс - шаралар ұйымдастыруға ынталары ашылды.
Балалардың сюжеттік - рөлдік ойындардағы ролдерді сомдауға шығармашылыққа қызығушылықтың пайда болуы.
Балабақшада бала өзін жіті тануға үлкен рөл атқарады. Дегенмен патриоттық сезім өз отбасынан басталады. Жақындарының сүйіспеншілігінен, туған өлкесін сүюден бастау алады. Тәрбиешілер мен ата - аналардың міндеті балаларды ерте кезден туған өлкесін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу керек. Ертеңгі күні үлкен азамат болып өсулеріне, елінің мақтанышы болуларына үлкен септігін тигізеді. Балалардың қабылдау дағдылары әртүрлі, сондықтан білім деңгейлерін біліп отыру үшін тоқсан сайын мониторинг жүргізілуде, білімдерін көтеріп жан - жақты даму үшін әрі қарай жұмыс жүргізілуде.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Кітап «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» С. Қалиев. М. Оразбаев.
М. Смайылова Алматы 1994ж.
2. Халық ауыз әдебиеті. «Көркем әдебиет хрестоматиясы.
3. Арғынбаев Х. «Қазақтың отбасының дәстүрі» Алматы 2005ж.
4. «Отбасы және балабақша» №1 - 2 1995 ж.
5. «Отбасы және балабақша» № 1 - 2 1996ж.
6. «Отбасында баланы мектепке дайындау» Алматы 2000ж.
7. «Отбасында баланы мектепке дайындау» (әдістемелік нұсқаулар)
8. «Бабалар дәстүрі «кітап А. Жүнісов
9. «Бөбектерге байғазы» «Балабақшаға арналған әдеби - хрестоматиялық
жинақ 1995ж.
Қосымша тізімі:
1. Қосымша № 1 – «Бесікке салу» конспекті
2. Қосымша № 2 – ойын сауық ортаңғы топ «Салт - дәстүрді жалғайық!»
3. Қосымша № 3 – ертеңгілік ересектер тобы «Тәуелсіздік ел тірегі» сценарий
4. Қосымша № 4 – ертеңгілік ересектер тобы «Наурыз - жыл басы» сценарииі ортаңғы топ
5. Қосымша № 5 – ортанғы топ «көбелек» тобы «Қазақтың ұлттық киімдері»
Қосымша № 1
Тақырыбы: «Бесікке салу»
ҰОҚ мақсаты: балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұлттық қасиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиешінің берген нұсқауын бұлжытпай орындауға үйрету. Сөз қорларын байытып, дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап.
Көрнекілік: бесік, шірпі, қуыршақ, тәттілер.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды күтіп отырған әжемен амандасады.
ІІ. Тәрбиеші сөзі.
- Балалар, сендер таңертең балабақшаға келе жатқанда жоғарыдан не көрдіңдер?
- Аспанды, бұлтты, күнді.
- Жерден не көрдіңдер?
- Тасты, топырақты, талды, машиналарды.
Балалар, әжеміз бүгін нәрестені бесікке салады. Сендердің пішкен итжейделеріңді тігіп әкеліпті, сол жейдені кигізіп қойды.
Әже: /балаларға түсіндіре отырып, баланы бесікке бөлеп көрсетеді/.
Балалар қазақ өмірінде бесіктің алатын орыны зор. Ол көшпелі өмірге де өте ыңғайлы – жеңіл, мықты, баланың ұйықтап, дем алуына да қолайлы, ең негізі – бесік тазалық пен денсаулық кепілі, ал анаға көмекші, үйреншікті шаруашылыққа қолын босатады. Бала бесікте жатқанда, жыласа аяқпен тербетуге болмайды, өйткені ол адам. Баланы бесікке салар бұрын бесікті шырпымен аластайды, бала тыныш ұйықтасын деп, сосын «тыштырма» ырымын жасайды. Жастығының астына тарақ, айна, пышақ сияқты бұйымдарды салады. Бұл бұйымдардың өзіндік мәні бар, сендер қалай ойлайсыңдар?
Балалар: Айна, тарақ – жинақы болсын дегені.
Пышақ - өткір, батыл, батыр, келген жамандықты қиып кетсін дегені.
Әже: Дұрыс айтасыңдар. Бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі, қырандай болсын деп, немесе тұмар байлайды тіл көзден сақтасын деп. Баланы бесікке салып, арнаулы ақ жаймасын жауып, үстіне ырымдап, жеті түрлі зат жабады: ер адамның жағалы киімі – шапан, тон, ат әбзелдері – жүген, қамшы, анасының бір киімі және қап. Тон мен шапан – есейгенде елшіл, халықшыл өжет мінезді болуды меңзесе, жүген мен қамшы – ат үстінен түспейтін ер болсын, қап – ұйқысы қатты, тыныш болсын деген ырым. Балалар мен үйіме барайын, сау болыңдар! /қоштасып кетеді/.
ІІІ. Сергіту сәті:
Жапырақтай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап,
Билеп, билеп аламыз.
ІҮ. Дос туралы, жаман - жақсы қасиеттер туралы мақал - мәтелдер:
Жақсы дос үшін жан пида.
Жақсы туса – ел ырысы.
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Жақсы адамда жаттық жоқ.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Ү. Ойын: «Түйілген орамал»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ойын барысы: Шеңбер сызылады, ішінде балалар тұрады. Бастаушы 3 - ке дейін санайды, балалар бытырап жан - жаққа қашады. Бірақ шеңберден шықпау керек. Бастаушы қолында орамалы бар адамды қуып жетіп, орамалын алып қоюы керек. Бастаушы жете бергенде, ойыншы қолындағы орамалды басқа біреуге бере салады, сөйтіп орамал қолдан қолға көшіп отырады. Егер бастаушы ептілік көрсетіп орамалды қолға түсірсе, айрылып қалған ойыншы орынын алмастырады.
ҮІ. ҰОҚ қорытындылау:
- Балалар бүгін қандай дәстүрмен таныстық?
- Бесік дегеніміз не?
- Нәрестені не үшін бесікке салады?
- Мақал - мәтелдерді естеріңе сақтаңдар.