Қазақ халық
ертегілерінің тәрбиелік
мәні
Ертегілер өте ерте заманда,
тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз
күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.Ауыз
әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының
еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған.Жаратылыс
құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын
толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен,
өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде
өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам
баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер
еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен,
мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың
тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың бәрін халық
ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді.
Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды
адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге
баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық
жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық
ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан
шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған
адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі
етеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы,
көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі
бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік
шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене
түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік,
үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.Әсіресе адам
өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала
сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала
туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың
баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық
өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды
қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып,
қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын
әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп
жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
Қазақ халық ертегілері — ауыз
әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып
табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде
атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі
күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ
халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте
заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән
— мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын,
дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін
білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын
өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның
жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының
іске асқаның байқаймыз.