Материалдар / Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
206
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сейсекина Д.С.

Дектолог-мұғалім,

Қарағанды облысы білім басқармасының

«Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі» КММ


ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ТҮЗЕТУДЕГІ ЛОГОРИТМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

«Адамзаттың ежелгі тілі, ым-ишара тілі немесе тіпті қолдар...»

Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмдер жүйесінің зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Логопедияның ғылым ретінде қалыптасуы Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, О.П. Правдина, Р.Е. Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты. Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер — есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің — дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады. Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу — есту және сөйлеу — қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.

Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:

  • Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады.

  • Әлеуметтік – психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз – ұзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.

  • Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс дыбысталмайды.

  • Ата-аналардың көпшілігі баласының тілі дұрыс шығып, шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, «мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер» деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес. 1 жасар бала кем дегенде 10 сөз айтуға тиіс. 2 жаста сөздік қоры  300-ге жуықтайды. Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да баланың былдырына еріп, соның «тілімен» емес, түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.

  • Сақаулық еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға сөйлеу тілі әлі дұрыс қалыптаспаған сәбидің қасында үнемі бірге ойнау зиян. Сонымен қатар баланың тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың қасында болуы да дұрыс емес.

Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.

Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.

  • Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар.

Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.

  1. Баланың терісі-құрғақ, таза болуы керек.

  2. Массаж жасаушының қолы таза, жылы, жарақатсыз болу тиіс.

  3. Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.

Қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Жаттығудың бір түрі мынадай: Алдымен қолды суық және ыстық суға салып алмастыру керек. Осыдан кейін ермек саз, сурет салу немесе графикалық жаттығуларды жасаймыз. Қамырмен жұмыс жасау да пайдалы. Қамырды домалату, сығу, содан кейін үш саусақпен кішкентай бөлшектерге бөлу арқылы саусақтарды жазуға дайындауға болады. Немесе моншақты, түймелерді жіпке тізу. Мұндай жаттығулардың баланың дамуына септігі көп. Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың арқасында балалар танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды орындайды, заттарды бір - бірімен салыстырады, ойын ережелерін сақтай алады, зейіні, қиялын дамытады. Өз құрбыларымен қарым - қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанады. Сондықтан да ойын тапсырмаларды, жаттығуларды таңдауда баланың жас ерекшелігін ескерген жөн.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!