Материалдар / Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері.Тәрбие әдістері тәрбие процесі компоненттерінің әрқайсының міндеттерін табысты шешуді қамтамсыз ететін басты құралдар болып табылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

28 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Макулова Сагадат Сагадиевна



Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

Тәрбие әдісі (грек тілінің «методос»- «жол» сөзінен алынған) тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру тәсілі. Тәрбие әдістері тәрбие процесі компоненттерінің әрқайсының міндеттерін табысты шешуді қамтамсыз ететін басты құралдар болып табылады. Тәрбиенің дәстүрлі әдістері адамның өмірлік орталарына әсер етуші тәсілдер ретінде қарастырылады. Алайда, мұндай түсінік негізінде обьективті- субьективті әрекет жатқан біздің тәрбие процесі туралы түсінігімізге сәйкес келмейді.Бұл процесте тәрбиеленушілер тұлғасы қасиеттерінің даму деңгейінде өзгерістер орын алады.

Тәрбие мақсаттарына қол жеткізу әдістер үйлесімділігін жүзеге асыру процесінде жүргізіледі.Әрбір жағдайда бұл әдістердің үйлесуі қойылған мақсатқа және балалардың тәрбиелік деңгейіне адекватты. Осындай үйлесімділікті таңдау мен тәрбие әдістерін дұрыс қолдану педагогикалық кәсібиліктің шыңы.

Мұғалімнің негізгі міндеті-баланың дамуына жәрдем беру,сондықтан бүкіл гуманистік педагогикалық практика баланың барлық адами орталарының дамуы мен жетілдіруін қамтамсыз ету керек.Барлық әдістер адамның барлық өмірлік орталарына үйлесімді әсер етеді.

Интеллектуалды ортаға әрекет ету әдістері:түрлі көзқарастар мен түсініктерді қалыптастыру үшін сендіру әдістері қолданылады. Сендіру- балаға болып жатқан нәрсе,ұстанымы жайлы шынайы дәлел келтіру.Берілген ақпаратты қабылдай отырып,оқушылар түсініктер мен тұжырымдардан гөрі ұстаздардың өз ұстанымын баяндау логикасын қабылдайды.

Өзін сендіру әдісі-өзіндік тәрбие әдісі. Оған сәйкес балалар саналы түрде,өздігінше,қандай да бір әлеуметтік проблеманы шешуде көзқарастар кешенін қалыптастырады.Бұның негізінде баланың өзі түйіндеген логикалық қорытындылар жатыр.

Мотивациялық ортаға әркет ету әдістерінің құрамына түп негізінде оқушылардың бойында өмірлік қызметтің саналы сезімдерін қалыптастыру ,тұрақтандыру әдістері кіреді.Педагогикада мадақтау мен жазалау сияқты тұрақтандыру әдістерінің компоненттері кең тараған.

Мадақтау оқушы әрекетінің мадақтау алуға ұмтылысының салдары емес,табиғи салдары болуы керек.Мадақтауды қолдану кезінде мадақталған оқушының индивидуалды қасиеттерін ескеру қажет.

Жазалау -педагогикалық тұрақтандыру компоненті.Оны қолдану оқушылардың нашар әрекеттерінің алдын алып,оларды тежейді,оқушы сол арқылы өзі мен басқа адамдардың алдында айыпты сезінеді.

Тұрақтандыру әдістері адамға өз мінезін дұрыс бағалай білуді үйренуге жәрдем береді,сөйтіп өз мұқтаждықтарын -өмірлік қызметінің мәнін түсінуді,сәйкесінше мотивтер мен оған сәйкес келетін мақсаттарды,яғни мотивация мәнін құрайтын нәрселерді саналы түрде тануға септігін тигізеді.Сол себептен,тұрақтандыру әдісіне сәйкес келетін өзіндік тәрбие әдісі мотивация әдісі ретінде анықтала алады.

Ерікті ортаға әрекет ету әдістері; балаларда инициативаның, өз күштеріне нық сенімділіктің дамуы;мақсатшылдықтың дамуы, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде қиындықтарды жеңе білу;өзін -өзі ұстай білуді қалыптастыру; өзіндік мінез біліктерін жетілдіру және т.б Ерікті ортаны қалыптастыруға талап пен жаттығу әдістері доминатты әсер ете алады.

Қолданылатын әдістер оқушының әлеуметтік қоршаған ортасына ,өзі кіретін топқа,үйлесімділік деңгейіне,отбасында және оның айналасындағы әлеуметтік ортада түзілетін қатынас нормаларына тікелей байланысты.Әдістерді таңдауда ұстаз біліктілігінің деңгейі үлкен мәнге ие.Бұл үшін белгілі бір әдісті қолдану қандай нәтижелерге әкелетінін болжай алу қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!