Материалдар / «Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі алатын орны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі алатын орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі алатын орны»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
72
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі алатын орны»


















 Қазақтың ұлттық ойындары.


Мақсаты:балалардыңденсаулығыннығайту;дененішынықтыру
мәдениетінқалыптастыру;өзін-өзітәрбиелеу, өзін-өзіжетілдіру,

қажеттіденеқозғалысдағдыларын, танымдық-қозғалысбелсенділігінарттыру;балаларды намысшылдыққа, ұйымшылдыққа,отаншылдыққа тәрбиелеу.

Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағышу, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадың дамытып, әрекет үйлесімін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты:

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

-Балаларды ұлттық сана-сезімде тәрбиелеу, 
тиянақтылық пен 
тез шешім қабылдауға,бағдарлай 
білуге, 
арақашықтықты дұрыс есептей 
білуге,дәлдікке үйрету.

-Балалардың денсаулығының нығаюы, жан-жақты өсіп жетілуі

мен күш, епттілік қасиеттеріін дамыту.

















1. Арқан тартыс

2. Асық ату.

3.Арынды арқан.

4.Оқтау тартыс.

5.Жаяу тартыс.

6.Белбеуді тез алу.

7.Тымақ ұру.

8.Теңге алу.

9.Тақия тастамақ.

10.Сиқырлы таяқ.


1. «Арқантарту»

Мақсаты: Балалардыептілікке, шапшаңдыққатәрбиелеу;

Шарты:Бұлекітопқабөлінгенбалаларменнемесеекібаламенойналады. Арқанныңекіжағынанекібаланемесеекітопқабөлінгенбалалартартысады. Қайтопарқандыөзжағынатартып, алып, кесесолтопжеңіскежетеді. Екібалатартысқандақайбалаөзінеқарайарқандытартыпекіншібаланықұлатса, құламағанбалажеңіскежетеді.

















2.Асық ату.

Мақсаты:ептілікке,мергендікке баулу.

Ш арты:Аумағы 2-3 қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады.Ортасына әр ойыншы келісім бойынша 2-3 асық тігеді.Балалар 10-15 қадамнан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асқты ғана алады,ары қарай сақасының жатқан жерінен қайта ата бастайды.Егер ойнаушы асықтың бірде-біреуін сызықтың сыртына шығара алмаса,ойыншы шығады. Қайтадан асық тігіп,ойын жалғаса береді.













3.«Арынды арқан»

Мақсаты:жылдамдыққа,ептілікке баулу.

Шарты: Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.

4.«Оқтау тартыс»

Мақсаты: ептілікке,шапшаңдыққа,мықтылыққа баулу.

Шарты:бұл ойынды ойнау үшінде ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызылады және сол сызықтың екі жағына тұрады.Енді оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады.Қайсысы сызықтан өтсе,жеңіледі.Ал күші басым болып тартқан бала жеңіске жетеді.

5.«Жаяу тартыс»

Мақсаты: өзіне-өзі сенімділіктерін арттыру, дене күштерін мығым болуға баулу.

Шарты:Ойынына қатынасушылар екі-екіден ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді де, екеуі екі жаққа қарай еңбектеп, күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып жеткізулері керек. Қайсысы сүйреп, жеткізсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі..

6.«Белбеуді тез алу»

Мақсаты:тез қимылдауға,өз денелерін еркін меңгере білуге баулу.

Шарты:Ойын аулада, спорт залындаойналабереді.

Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі бала бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан белбеу тастайды да «бір, екі, үш»деп санайды. «Үш» дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады.


7.«Тымақ ұру»

Мақсаты: Балалардың қараңғыда бағыт-бағдар алуына,дәл қимыл жасауына қол жеткізу.  
Шарты:Ойын алдын-ала дайындалған ағаш ілгіштен 6-7 метр жерге барып әр топтың сап құруынан басталады. Ойыншы дайындалған ағаш ілгішке ілінген тымақты көзі байланған қалпында барып қолындағы таяқшамен ұрып немесе қағып түсіруі керек.Ойын шарты бойынша әріптесіне айтуға болмайды және қолындағы таяқшаны алға соза ұстап белгіленген межеге келгеннен кейін таяқшаны жан-жағына қозғап ілгішті іздеуге болмайды.Ойын басталмай тұрып таяқша мен ілгіш ағаш аралығын есептеп бағыт-бағдар алуға уақыт бөлінеді.Көзді байлар алдында бағыт-бағдар алуға рұхсат етіледі. Қай топ көп ұпай жинаса жеңімпаз болып есептеледі.

8.«Теңге алу»

Мақсаты:балалардың табандылық,сезімталдық қабілеттерін дамыту.

Шарты:Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.Әрқайсысы жеке-жеке «ат » мінеді.Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі орамалға түйілген теңгелер жерге тасталады. Содан екі топтан сайыскерлер шығып ,сызыққа келіп,қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша аттарына мініп құйғытып шаба жөнеледі,сол беттерімен жердегі орамалға түйілген теңгелерді жерден іліп алып ,әрі бағанды айналып алдындағы шелекке келіп салады да ,атты келесі балаға береді.Ойын осылай жалғаса береді ,қай топ бірінші жинаса сол топ жеңіске жетеді.

9.«Тақия тастамақ»

Мақсаты:Балалардыептілікке,жылдамдыққабаулу.

Шарты: Ойынғабірнешебалақатысады.Балаларшеңбержасап отырады.

Жүргізушішеңбердіңсыртынайналажүгіріпжүріп,бірбаланыңартынабілдірмейтақиятастапкетеді.Егерсезіпқойсажүргізушініқуыпжетуікерек.Алжүргізушіқуғанбаланыңорнынакеліпотырақалуғатырысады.Жүргізушігежетеалмағанбалаайыбынтөлейді,өнеркөрсетеді.

10. «Сиқырлы таяқ»

Мақсаты: Тез ойлауға,тапқырлыққа баулу.Халықтың салтын үйренуде ұлттық бұйымдарын,киімдерін,төрт түлікті тануда зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.Ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелейді.

Шарты:Ойынға жиналғандарқол ұстасып,шеңбер құрып тұрады, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындаймыз.Жүргізуші басына тақия киіп,қолына таяқ ұстап,шеңбердің ортасына шығады.Апай ойын тәртібін,жолдарын түсіндіреді.Шеңберде тұрған ойнаушылардың барлығына қазақтың ұлттық бұйымдардың,ұлттық киімдердің,жануарлардың атауын атап,суреттері беріледі.Содан кейін жүргізуші қолындағы таяғын тіке ұстап,ойынды бастайды:

Ақырын,аспаймын-саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Міне ойын басталды,

Сиқырлы таяқ тасталды,-деп ойынды өлеңмен бастап,кез-келген бір ойыншының суретінің атын атап,таяқты қоя береді.Мысалға:

ойынға ұлттық киімдерді таңдасақ , сәукеле немесе тымақ деп сол киімдердің аты аталса сол аталған ойыншы ести сала жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек.Егер ол дауысты аңғармай ,дереу алмай таяқты құлатып алса,онда ол ортада тұрып өнер көрсетеді. Егер таяққа тез жетіп жерге құлатпай ұстап алса,онда жүргізушімен орын ауыстырады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!