ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІК СИПАТЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІК СИПАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім балаға білім беріп қана қоймай, ата-анадан кейінгі тәрбие беретін екінші адам. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқаны бар еді ғой. Ендеше оқыту-тәрбиелеу процестерін қатар алып жүретін мұғалімнің жүгі екі есе ауыр деген сөз. Заманауи мұғалімнің міндеті – қоғам көшіне оңай ілесіп кете алатын рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІК СИПАТЫ»

Адамзат қоғамы дамуының қай кезеңін алсақ та, мұғалімдік мамандық ерекше жоғары бағаланған. Мұғалім үнемі өзін үздіксіз тәрбиелейтін, оқушылармен қарым - қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз пәнін жетік білетін әрі насихат жұмыстарын жүргізуді терең меңгерген, таланты мен тәжірибесі ұштасқан жан.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген еді бір сөзінде. Қазіргі заманға сай мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та талап етілуде. Ол заманауи талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана ұлағатты маман деп саналады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру қолға алынған. Мұғалім  өзі  иннотехник дәрежесіне көтерілу  үшін  инновациялық  технологияларды  меңгеруі талап етіледі.

Жаңашыл  мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі арқасында шеше алады, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындап, шәкіртінің шығармашылық дағдыларын жетілдіруде белсенділік танытады.

Бүгінде Ғылыми Техникалық Революцияның тағы бір жолға қойған контенті- цифрлық білім беру болып табылады.Бұл контенттің ерекшелігі- білім мен ғылым саласындағы оқытылатын пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдарды қолдану арқылы интерактивтік формадағы оқытудың әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Сондай-ақ сандық технология ауқымдылығы жағынан шексіздікке ие болып, интерактивтік моделдеу мен жоспарлау арқылы оқытудың түрлі дағдыларын қалыптастырады.

Білім беру саласында белгілі бір жүйемен қалыптасқан және әрбір оқушының тұлғалық жеке қасиеттерін ашып, оны өмірге бейімдеуде дағдылардың орны ерекше.Соның ішінде оқушының грамматикалық сауаттылығын, сыни ойлау тұрғысынан өз ойын дәлелдеуін, өз көзқарасын нақты білдіре отырып, қортынды шығаруын жетілдіру деңгейін дамытуға-жазылым дағдысы көмекке келеді.Ал бұл жазылым дағдысын электронды білім беру жүйесіне сай, цифрлық технологиялар аясында дұрыс қолдану оқушылардың оқу үрдісіндегі білім алу деңгейін жоғарлатып, түрлі қолданбалы бағдарламалар мен веб сайттар мүмкіншілігін пайдалана отырып, білім алудағы оқу-әдістемелік тәжірибенің тереңдеуіне жол ашады.

Цифрлық білім беру ресурстарының қайнар көзінің негізі көбінесе видео- мультимедиялық түсіндірмелер мен фотоларға бағытталады.

Бұл жүйедегі тапсырмалардың көпшілігі-диалог құру сипатында көрініс тауып,оқушының өзіндік ойлау қабілеті мен жазылым дағдысын дамытады. Жазылым дағдысының күрделі тіл жүйесіне бағынатынын ескерсек, белгілі бір ережеге сай тіл құрылымдарын, цифрлық технологияның әдіс-тәсілдеріне оңтайлы бағындырып, оның қолдану аясын кеңейтуге болады. Мәселен, дәстүрлі жазылым дағдысында қолданылатын бірлесе жұмыс жасау мен топтық ойласу әдістерінің аясын кеңейтіп, оқушыға берілген тақырып пен тапсырманың сан қырларын ашатын слайдты оңды қолдану соның айғағы.

Оқушының жазылым дағдысының қалыптасуына ерекше үлес қосатын әдіс-оның ой толғанысын, шығармашылық бағытын баяндайтын; эссе, шағын әңгіме, үндеу, хат, пікір, мақала жаздыруды цифрлық технологияға негізделіп, электронды мағлұматтар тақтасы немесе ең өзекті деген тақырыпқа сәйкес шағын мәтіндік слайдтар жүйесін құрастыру өзекті болмақ.Бұған қоса, тілдік қүрылымдарды талдауы мен грамматикалық сауаттылығын арттыру мақсатында мәтінге сәйкес түрлі мысалдар келтірілген үлгілер көрсетілуі оқушының функционалды сауаттылығын арттыруға көмегін тигізеді.

Мұғалім балаға білім беріп қана қоймай, ата-анадан кейінгі тәрбие беретін екінші адам. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқаны бар еді ғой. Ендеше оқыту-тәрбиелеу процестерін қатар алып жүретін мұғалімнің жүгі екі есе ауыр деген сөз. Заманауи мұғалімнің міндеті – қоғам көшіне оңай ілесіп кете алатын рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2023
228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі