Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: бұл мақала директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған көмекші құрал. еееееееекпкеепеғеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұрыш мектеп бөбекжай» кешені» КММ-сі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Полатова Гүлмира Ермекқызы


Зорлық - зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?

Біз қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам бостандығы. Ал адамдар үшін бастысы уайым – қайғысыз өмір. Адамдардың бас бостандығы мен оның құқықтарын қорғау, денсаулығын сақтау мен нығайту, бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу бұл конституциялық заңның басты талабы. Конституциялық заңның талаптары қаншалықты орындалып жатқанымен, қоғамда зорлық - зомбылық мәселелері азаяр емес.

Мені бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылық әрекеттері қатты толғандырады. Осы әрекеттердің бастама алуы отбасынан басталады деп ойлаймын. Оған отбасындағы ата-ана арасындағы ұрыс-керіс, ішімдік зардаптары, эмоциялық зорлық (яғни балағаттау, қорлау, сөгу, балаларының жеке өміріне қол сұғу, мазақ ету), физикалық зорлық (ұрып-соғу, күш көрсету, әлімжеттік), балаларды анасына немесе әкесіне қарсы қою т.б жағдайлары басты фактор болып табылады. Осындай тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болатын көбіне әйелдер мен балалар болып отыр.

Бала дүниеге жоспарлы түрде келуі қажет. Қазір қаншама ана күнә жасап, балаларын далаға, қоқысқа тастап күнәһар болып жүр. Ол баланың болашағы не болмақ? Ол бала болашақта қандай адам болады? Бала жасынан қиындық, зорлық – зомбылықты көп көрген баланың болашағы бұлыңғыр емес пе? Жастайынан ата-ана мейірімін көрмеген, ата-ана махаббатына бөленбеген, өмірдің ащы дәмін көп татқан, белі бесіктен шыға сала қара жұмыс істеп, дұрыс жасамаған әрекеті үшін таяқ астында қалатын балаларды ойласам жүрегім ауырады. Жасыратыны жоқ күнделікті өмірде адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген жанұя мен бала-шағаларға өзінің зардабын шектіруде. Ішімдікті сіміріп алған ата-аналар отбасының ойран-топырын шығарып, оларға қол жұмсап, зорлық көрсетуде. Бірақ бұл іс-шаралардан қатігездік азаяр емес. Тағы бір айта кетерлігі отбасындағы кикілжіңді көп көрген бала өз анасынан, не әкесінен үлгі алып болашағында соны қайталап жатады.

Аз-маз ақша үшін бала сатып, балаларды ұрлап кетіп , оны саудалау, дене мүшелерін сатуда белең алып көбейіп жатыр. Мұндай жауыздық, зорлық-зомбылықтың алдын алып, балалардың өмірін қорғау қажет. Бар әлемде осы зорлық-зомбылықтың алдын-алу үшін түрлі шаралар өткізілуде. Бірақ бұл іс-шаралардан қатігездік азаяр емес.

Бала – өмірдің гүлі,

Бала еліміздің болашағы - дегенді естіп жатамыз. Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бір бөлек. Сәби дүниеге келісімен барынша махаббатқа бөленуі керек, кішкентай кезінен бастап мейірімділікке, кішіпейілділікке, сабырлы болуды барынша бойына сіңіру қажет деп ойлаймын. Оларға жақсы тәрбие беру, білім алу үшін жағдай жасау, өмірден өз орнын табуға көмектесу ата-ананың міндеті.

Қорыта келе, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала отбасында қандай тәрбие алса, болашақ өмірі де солай болады деп ойлаймын. Дұрыс тәрбиесі бар адамдар зорлықсыз, зомбылықсыз әлемді құрады және маңайындағы адамдарға да құнды адами қасиеттерді үйрете алады деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2022
333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі