Материалдар / 10 сынып Физиканың қазіргі замандағы рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

10 сынып Физиканың қазіргі замандағы рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып Физиканың қазіргі замандағы рөлі тақырыбына презентация
Авторы:
04 Қырқүйек 2023
674
110 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Физиканың қазіргі замандағы рөлі 10 сынып

1 слайд
Физиканың қазіргі замандағы рөлі 10 сынып

Жаңа ғылымдар биофизика4 химиялық физика1 геофизика2 агрофизика3 психофизика5

2 слайд
Жаңа ғылымдар биофизика4 химиялық физика1 геофизика2 агрофизика3 психофизика5

Химиялық физика • Химиялық физика — заттардың химиялық құрылысы мен химиялық түрленулерін түсіндіретін физикалық заңдылық

3 слайд
Химиялық физика • Химиялық физика — заттардың химиялық құрылысы мен химиялық түрленулерін түсіндіретін физикалық заңдылықтар туралы ғылым. • Химиялық физиканың ғылым болып қалыптасуына кванттық механика, атом мен молекулалар құрылысы физикасының жедел өркендеуі үлкен әсер етті. Бір мезгілде көптеген бөлшектердің қатысуымен жүзеге асатын химиялық процестерді қарастыратын физика химиядан негізгі айырмашылығы — химиялық физика жеке бөлшектердің және олардың өзара әрекеттесуін зерттейді.

Геофизика • Геофизика — Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өте

4 слайд
Геофизика • Геофизика — Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр ішінде дамып келеді. 17 ғ-да мұхит деңгейінің көтерілуі жөнінде алғашқы теориялық болжамдар жасала бастады. Кейінірек ауырлық күшінің өрісі, ауадағы физ. құбылыстар, Жердің ішкі құрылысы және оның магнит өрісі, жер сілкіну туралы ілімдер кеңінен өріс алды. Геофизика көп салалы ғылым ретінде тек 20 ғ-дың 40 — 60-жылдарында ғана қалыптасты. Геофизиканың геомагнетизм ( Жер шарының және оның бөліктерінің магнит өрісі туралы ілім), аэрономия (атмосфераның ең жоғ. қабаттарындағы құбылыстар туралы ілім), метеорология (атмосф. құбылыстар туралы ілім) сияқты негізгі салалары бар. Оның ішінде метеорология : динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология және климатология болып бөлінеді.

Агрофизика Агрофизика ( агрономдық физика ) — «топырақ – өсімдік - атмосфера» агроэкологиялық жүйесінде жүретін физикалық, ф

5 слайд
Агрофизика Агрофизика ( агрономдық физика ) — «топырақ – өсімдік - атмосфера» агроэкологиялық жүйесінде жүретін физикалық, физико – химиялық және биофизикалық процестер туралы ғылым.

Биофизика Биофизика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйеле

6 слайд
Биофизика Биофизика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика , химия , математика ғылымдарының идеясы , теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.

Психофизика • Психофизика — жалпы психологияның психикалық және физикалық процестер мен құбылыстардың байланысын зерттейтін с

7 слайд
Психофизика • Психофизика — жалпы психологияның психикалық және физикалық процестер мен құбылыстардың байланысын зерттейтін саласы. Психофизиканың негізін неміс психологі Г.Т.Фехнер (1801 — 1887) қалады. Психофизиканың ерекшелігін ол былайша сипаттайды: әр түрлі мінез-құлық пен психиканың күйі физикалық құбылыстар мен ахуалдың айырмашылығынан туындайды. Психофизика сенсорлық процесті, ондағы түйсік шебін және психофизикалық шкаланы құрастыруды айқындайды.

Қазақстандық ғылым

8 слайд
Қазақстандық ғылым

Денсаулыққа арналған лазер 1994 жылы медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Алшынбай Рах

9 слайд
Денсаулыққа арналған лазер 1994 жылы медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Алшынбай Рахышев Ұлттық патенттік ведомстводан өнертабысқа медициналық мақсаттағы лазерге сертификат алды. Отандық ғалым төмен энергиялы лазердің адамның қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне оң ынталандырушы әсерін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл жаңалық адам денсаулығын жақсарту үшін лазерлік сәулеленуді қолдануға мүмкіндік берді.

Отандық «Казахстанский» қорытпасы 2008 жылы «Казахстанский» қорытпасы патенттелді. Жаңа материал металлургияда болатты тотықсыз

10 слайд
Отандық «Казахстанский» қорытпасы 2008 жылы «Казахстанский» қорытпасы патенттелді. Жаңа материал металлургияда болатты тотықсыздандыру, легірлеу және модификациялау үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, отандық қорытпа металл емес қоспалар мен көрінетін ыстық жарықтарды азайту арқылы болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады.

• Супераккумуляторлар ойлап табылды • 2015 жылы қазақстандық ғалым Толғанай Темірғалиева мен жапон профессоры Сугуру Нода супер

11 слайд
• Супераккумуляторлар ойлап табылды • 2015 жылы қазақстандық ғалым Толғанай Темірғалиева мен жапон профессоры Сугуру Нода суперконденсаторлар жасау жобасын бастады. Егер қарапайым конденсаторларда (немесе аккумуляторларда) заряд ресурсы шектеулі болса, онда суперконденсаторлар энергияны өте тез (бірнеше минут ішінде) зарядтап, босата алады. • Суперконденсаторлар көлемінің әр текше сантиметрі үшін көбірек энергия жинайды. Бұл әсерге күріш қабығы мен өрік шұңқырынан алынған кеуекті белсендірілген көмірді қолдану арқылы қол жеткізіледі. • Отандық дамудың артықшылығы: үлкен сыйымдылық пен төмен баға. Шын мәнінде, көміртектер қалдықтардан (күріш қауызы мен өрік дәндері) жасалады, олар қоршаған ортаны ластамайды және дәстүрлі аккумуляторлар сияқты арнайы жоюды қажет етпейді.

тапсырмалар 1. Осы жаңа ғылымдар тізімін қалай толықтырар едің? 2. Неліктен әлемнің механикалық көрінісі электромагниттік көрі

12 слайд
тапсырмалар 1. Осы жаңа ғылымдар тізімін қалай толықтырар едің? 2. Неліктен әлемнің механикалық көрінісі электромагниттік көрінісінен бұрын қалыптасқан? 1. 1 – кесте бойынша физиканың бір бөлімін таңдап алып, соған сәйкес техникалық құрал жайында хабарлама жаз. 2. 1 жаттығудың 3 тапсырмасы