1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Алматы облысы
Панфилов ауданы
Қырыққұдық ауылы
«Жаркент орта мектебі» КММ
педагог-психолог: Кусбанова Ф.Ж.
1-сынып о қушыларының
оқуға бейімделу
мәселесі »
1 слайд
Алматы облысы Панфилов ауданы Қырыққұдық ауылы «Жаркент орта мектебі» КММ педагог-психолог: Кусбанова Ф.Ж. 1-сынып о қушыларының оқуға бейімделу мәселесі »
2 слайд
1-сынып оқушыларында қандай
қиындықтар туындауы мүмкін?
Мектепке келген алғашқы күндерде бала
ағзасының қарсы тұру қабілеті төмендеп,
ұйқысы, тәбеті бұзылуы, дене қызуы көтерілуі
мүмкін.
1-сынып оқушылары тез қозғыш,
эмоционалды.
Тәртіптері ұйымдаспаған, шашыраңқы болып
келеді.
Балалар тез шаршағыш.
2 слайд
1-сынып оқушыларында қандай қиындықтар туындауы мүмкін? Мектепке келген алғашқы күндерде бала ағзасының қарсы тұру қабілеті төмендеп, ұйқысы, тәбеті бұзылуы, дене қызуы көтерілуі мүмкін. 1-сынып оқушылары тез қозғыш, эмоционалды. Тәртіптері ұйымдаспаған, шашыраңқы болып келеді. Балалар тез шаршағыш.
3 слайд
Қандай жағдайда баланың оқуы үшін
мазасыздану керек?
Әдетте
Алғашқы кездегіге қарағанда мектепке, оқуға деген қызығушылық төмендейді
Арасында оқығым келмейді деп жылай бастайды(әсіресе аптаның , тоқсанның соңында),
бірақ басқаның барлығы қызықтырады .
Үй жұмысын орындамайтындығы үшін қуанады.
Уақыт өткен сайын сабақ босатып,үйде қалғысы келеді,
Кейде мұғалімнің іс-әрекетіне қанағаттанбай қарсылық білдіруі мүмкін.
Қауіпті
Оқуға деген қызығушылықтың толық болмауы.
Үй жұмысын қорыққанын ғана орындайды.
Мектепке барғысы келмейтіндігін әрдайым көрсетіп, ауырып тұрғандығын білдіреді
Мұғалімді жек көреді, одан қорқады, агрессия білдіреді.
Ештеңе қызықтырмайды, барлығына немқұрайлы, тіпті ойын ойнауға да қарсылық
білдіреді.
Мектеп, сабақ туралы мәселе болған кезде өте сылбыр, инициативсіз
Егер баланың мекетептегі оқуға деген қызығушылығының жоқтығы қалыпты жағдайға
айналса, мектепке деген көзқарасының негізгісіне айналса ата-аналар мазасыздана
бастау керек.
3 слайд
Қандай жағдайда баланың оқуы үшін мазасыздану керек? Әдетте Алғашқы кездегіге қарағанда мектепке, оқуға деген қызығушылық төмендейді Арасында оқығым келмейді деп жылай бастайды(әсіресе аптаның , тоқсанның соңында), бірақ басқаның барлығы қызықтырады . Үй жұмысын орындамайтындығы үшін қуанады. Уақыт өткен сайын сабақ босатып,үйде қалғысы келеді, Кейде мұғалімнің іс-әрекетіне қанағаттанбай қарсылық білдіруі мүмкін. Қауіпті Оқуға деген қызығушылықтың толық болмауы. Үй жұмысын қорыққанын ғана орындайды. Мектепке барғысы келмейтіндігін әрдайым көрсетіп, ауырып тұрғандығын білдіреді Мұғалімді жек көреді, одан қорқады, агрессия білдіреді. Ештеңе қызықтырмайды, барлығына немқұрайлы, тіпті ойын ойнауға да қарсылық білдіреді. Мектеп, сабақ туралы мәселе болған кезде өте сылбыр, инициативсіз Егер баланың мекетептегі оқуға деген қызығушылығының жоқтығы қалыпты жағдайға айналса, мектепке деген көзқарасының негізгісіне айналса ата-аналар мазасыздана бастау керек.
4 слайд
Бейімделудің деңгейлері:
Қолайлы – адекватты жағдайда жоғары
адаптациялық көрсеткіштер;
Жоғары – бейімделушілік көрсеткіштер психикалық
және моральдық қысымшылықтың әсерінен тым
жо ғары ;
Төмен – өз-өзіне деген талаптың төмендігімен
сипатталады;
Дезадаптациялық – өзін эмоционалды нашар
сезінеді, невротикалық белгілер бар; (мектеп өміріне
икемделе алмаушылық).
4 слайд
Бейімделудің деңгейлері: Қолайлы – адекватты жағдайда жоғары адаптациялық көрсеткіштер; Жоғары – бейімделушілік көрсеткіштер психикалық және моральдық қысымшылықтың әсерінен тым жо ғары ; Төмен – өз-өзіне деген талаптың төмендігімен сипатталады; Дезадаптациялық – өзін эмоционалды нашар сезінеді, невротикалық белгілер бар; (мектеп өміріне икемделе алмаушылық).
5 слайд
Ата-аналарға кеңес :
Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау
керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.
Сұрақ қоя білуге үйрету керек,ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға,
кітапханада жұмыс істеуге т.с.с Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап
беруге тырысуы керек.
Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана , әңгіме, пікірталас
түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек.
Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек
Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген
іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады.
Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы
қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз.
Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек.
Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп , мақтап, мадақтаған жөн.Бұл баланың
өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі
жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен
салыстырмаңыз.
Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы
үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай
айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз
істелді”
Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді
есіңізге түсіріп отырыңыз.
5 слайд
Ата-аналарға кеңес : Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек. Сұрақ қоя білуге үйрету керек,ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек. Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана , әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады. Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз. Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек. Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп , мақтап, мадақтаған жөн.Бұл баланың өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен салыстырмаңыз. Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз істелді” Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді есіңізге түсіріп отырыңыз.
6 слайд
1-сынып оқушыларының ата-
аналарына жадынама
1.1-сынып оқушысына толық еркіндік берген ата-ана да немесе қатаң бақылау
жасайтын ата-ана да қателеседі.
«Үй тапсырмасы саған берілді сен орындауың керек, - бұл кешке жұмыстан шаршап келген
ата-ананың сөзі. Бұндай сөзді естіген оқушы сіздің оның мәселелеріне немқұрайлы
екендігіңізді естиді.
- апасы немересінің портфелін ашып кітап, дәптерлерін көріп жатып «Ал бүгін бізге не берген
екен үй жұмысына?»- дейді. Бұндай жағдайда 1-сынып оқушысы оқудың оған емес көбінесе
үлкендерге керек екен деп ұғады. Сондықтан тапсырманы да өздері орындай салады деген
ой қалыптасады.
Ең дұрысы –баланың қасында отырып үй тапсырмасын орындағанын бақылау, кез-келген
уақытта көмекке дайын екендігіңді сезіндіру,бірақ өз қалауынсыз жағаласпау. Жұмыстың
соңынан кейін нәтижесін сұрау, бірлесіп талдау.
2. Сабақ қарауға мектептен келгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін отыруға болады . Бала
демалып үлгереді, ойын ойнап шаршап үлгермейді.
3. 15-20 минут тапсырма орындағаннан кейін 5 минут демалтыңыз.
4. Жазбаша, ауызша тапсырмаларды кезектестіріп отырыңыз. Сабаққа дайындалуды
күрделі немесе ауқымды тапсырмадан бастаңыз, немесе балаға қиындау соғатын
пәннен бастаңыз.
6 слайд
1-сынып оқушыларының ата- аналарына жадынама 1.1-сынып оқушысына толық еркіндік берген ата-ана да немесе қатаң бақылау жасайтын ата-ана да қателеседі. «Үй тапсырмасы саған берілді сен орындауың керек, - бұл кешке жұмыстан шаршап келген ата-ананың сөзі. Бұндай сөзді естіген оқушы сіздің оның мәселелеріне немқұрайлы екендігіңізді естиді. - апасы немересінің портфелін ашып кітап, дәптерлерін көріп жатып «Ал бүгін бізге не берген екен үй жұмысына?»- дейді. Бұндай жағдайда 1-сынып оқушысы оқудың оған емес көбінесе үлкендерге керек екен деп ұғады. Сондықтан тапсырманы да өздері орындай салады деген ой қалыптасады. Ең дұрысы –баланың қасында отырып үй тапсырмасын орындағанын бақылау, кез-келген уақытта көмекке дайын екендігіңді сезіндіру,бірақ өз қалауынсыз жағаласпау. Жұмыстың соңынан кейін нәтижесін сұрау, бірлесіп талдау. 2. Сабақ қарауға мектептен келгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін отыруға болады . Бала демалып үлгереді, ойын ойнап шаршап үлгермейді. 3. 15-20 минут тапсырма орындағаннан кейін 5 минут демалтыңыз. 4. Жазбаша, ауызша тапсырмаларды кезектестіріп отырыңыз. Сабаққа дайындалуды күрделі немесе ауқымды тапсырмадан бастаңыз, немесе балаға қиындау соғатын пәннен бастаңыз.
7 слайд
1-сынып оқушыларының ата-
аналарына жадынама
5. Мектептен балаңызды қарсы алған кезде ең қызықты, жағымды сәттерге
көңілін аударуға тырысыңыз. Сұрақ қойғанда “ Бүгін саған не ұнады?” ,Сені не
қызықтырды?
8. Сабақты орындап болғаннан кейін баланы мақтап мадақтап қойыңыз.:
“ Сен бүгін барлығын өте дұрыс істедің” “Өзің көп нәрсеге үйреніп қалыпсың”
9. Сәттіліктің кілті – баланың кез-келген қиындығын ата-ананың толықтай түсінуі
және ол қиындықты оның баласы жеңе алатындығына толықтай сенімінің
болғандығы. Осындай қолдау көрсетілгенде ғана бала қауіпсіздікте болып және
кез-келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алады.
10. Ал ұйықтар кезде балаңыздың құлағына: “Сендей баламның болғандығы
мен үшін қандай бақыт, мен сені өте жақсы көремін!” деп қойыңыз
7 слайд
1-сынып оқушыларының ата- аналарына жадынама 5. Мектептен балаңызды қарсы алған кезде ең қызықты, жағымды сәттерге көңілін аударуға тырысыңыз. Сұрақ қойғанда “ Бүгін саған не ұнады?” ,Сені не қызықтырды? 8. Сабақты орындап болғаннан кейін баланы мақтап мадақтап қойыңыз.: “ Сен бүгін барлығын өте дұрыс істедің” “Өзің көп нәрсеге үйреніп қалыпсың” 9. Сәттіліктің кілті – баланың кез-келген қиындығын ата-ананың толықтай түсінуі және ол қиындықты оның баласы жеңе алатындығына толықтай сенімінің болғандығы. Осындай қолдау көрсетілгенде ғана бала қауіпсіздікте болып және кез-келген қиындыққа мойымай қарсы тұра алады. 10. Ал ұйықтар кезде балаңыздың құлағына: “Сендей баламның болғандығы мен үшін қандай бақыт, мен сені өте жақсы көремін!” деп қойыңыз