§23 Мәдени-генетикалық код – ұлт негізі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
§21-22 моңғол дәуіріндегі Қазақстан
аумағындағы этногенез және этникалық
үдерістер
Оқу мақсаты:
10.2.1.2 – этникалық процестердің
сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан
аумағындағы этногенездің кезеңдерін
айқындау;
1 слайд
§21-22 моңғол дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер Оқу мақсаты: 10.2.1.2 – этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау;
2 слайд
Этногенездің түркі-моңғолдық
кезеңі
Моңғол шапқыншылығы ортаазиялық тайпалардың
батысқа ығысуына әкелді.
Түркі тайпалары Моңғол империясының құрамына
кірді және моңғол тайпаларымен бірге батысқа қарай
жылжыды.
Бұл Еуразия даласындағы түркілік белгілердің одан
әрі күшеюіне ықпал жасады.
Қыпшақ даласына монғол тайпаларының келуімен
қазақтардың, сондай-ақ кейбір басқа заманауи түркі
халықтары этногенезінің жаңа кезеңі басталды.
2 слайд
Этногенездің түркі-моңғолдық кезеңі Моңғол шапқыншылығы ортаазиялық тайпалардың батысқа ығысуына әкелді. Түркі тайпалары Моңғол империясының құрамына кірді және моңғол тайпаларымен бірге батысқа қарай жылжыды. Бұл Еуразия даласындағы түркілік белгілердің одан әрі күшеюіне ықпал жасады. Қыпшақ даласына монғол тайпаларының келуімен қазақтардың, сондай-ақ кейбір басқа заманауи түркі халықтары этногенезінің жаңа кезеңі басталды.
3 слайд
Қазақстанда моңғол этногенезінің
қалыптасуына әсер еткен
факторлар:
Рулар мен тайпалардың араласуы
Этнонимдердің алмасуы
Жаңа ру-тайпалық топтардың
қалыптасуы мен оларға жаңа ат беру
Моңғол тайпаларының түркіленуі
Жаңа этникалық қауымдастықтардың
қалыптасуы
3 слайд
Қазақстанда моңғол этногенезінің қалыптасуына әсер еткен факторлар: Рулар мен тайпалардың араласуы Этнонимдердің алмасуы Жаңа ру-тайпалық топтардың қалыптасуы мен оларға жаңа ат беру Моңғол тайпаларының түркіленуі Жаңа этникалық қауымдастықтардың қалыптасуы
4 слайд
Шыңғыс ханның 4 ұлы бар
1. Жошы
2. Шағатай
3. Үгедей
4. Төле
4 слайд
Шыңғыс ханның 4 ұлы бар 1. Жошы 2. Шағатай 3. Үгедей 4. Төле
5 слайд
Қазақстанда құрылған ұлыстар
Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның үш үлкен ұлы
ұлыстарының құрамына кірді.
Жошы ұлысы – Шығыс Дешті Қыпшақ (Алтын
Орда)
Шағатай ұлысы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
/отырықшы-егінші аймақ/
Үгедей ұлысы – Ертістен шығысқа қарайғы жерлер
ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті
Қыпшақта екі мемлекет - Ақ Орда мен Көк Орда
қалыптасты. Ақ Орда аумағында, негізінен, қазақ
халқы этногенезінің үдерісі аяқталды.
5 слайд
Қазақстанда құрылған ұлыстар Қазақстан аумағы Шыңғыс ханның үш үлкен ұлы ұлыстарының құрамына кірді. Жошы ұлысы – Шығыс Дешті Қыпшақ (Алтын Орда) Шағатай ұлысы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан /отырықшы-егінші аймақ/ Үгедей ұлысы – Ертістен шығысқа қарайғы жерлер ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақта екі мемлекет - Ақ Орда мен Көк Орда қалыптасты. Ақ Орда аумағында, негізінен, қазақ халқы этногенезінің үдерісі аяқталды.
6 слайд
6 слайд
7 слайд
Жошы ұлысы мен Ақ Орда тайпалары
Жошы ұлысындағы көшпелілер моңғолдар, татарлар, (әсіресе
Русьте), түркілер, қыпшақтар деп аталды.
ХІІІ-ХІV ғасырларда Жошы ұлысы мен Ақ Орда ру-
тайпаларының арасында барлас, жалайыр, қарлұқ, кереуіт,
қыпшақ, қоңырат, қият, маңғыт, меркіт, найман, оғыз, үйсін және
т.б. кездеседі.
Моңғол этнонимдерінің басым болуы алғашқы уақытта
моңғолдардың Қыпшақ даласында үстем топ болғандығын
білдіреді.
Алайда Орыс ханның (ХІҮ ғасырдың соңы) тұсында Ақ Орда
халқының құрамында қыпшақ тайпалары басым болды.
Моңғол тілдес шағын тайпалар түркіленіп, қыпшақ (ХІҮ
ғасырдан бастап қыпшақ-ноғай) тілінде сөйлейтін тайпалардың
арасына толықтай араласып кетті.
7 слайд
Жошы ұлысы мен Ақ Орда тайпалары Жошы ұлысындағы көшпелілер моңғолдар, татарлар, (әсіресе Русьте), түркілер, қыпшақтар деп аталды. ХІІІ-ХІV ғасырларда Жошы ұлысы мен Ақ Орда ру- тайпаларының арасында барлас, жалайыр, қарлұқ, кереуіт, қыпшақ, қоңырат, қият, маңғыт, меркіт, найман, оғыз, үйсін және т.б. кездеседі. Моңғол этнонимдерінің басым болуы алғашқы уақытта моңғолдардың Қыпшақ даласында үстем топ болғандығын білдіреді. Алайда Орыс ханның (ХІҮ ғасырдың соңы) тұсында Ақ Орда халқының құрамында қыпшақ тайпалары басым болды. Моңғол тілдес шағын тайпалар түркіленіп, қыпшақ (ХІҮ ғасырдан бастап қыпшақ-ноғай) тілінде сөйлейтін тайпалардың арасына толықтай араласып кетті.
8 слайд
«Өзбек» ұғымы туралы
ХІV ғасырдың ортасына қарай мұсылмандық
жазба деректерде Шығыс Дешті Қыпшақтың
халқы өзбектер деп атала бастады.
«Өзбек» ұғымы ол кезде этноним болған жоқ.
Алтын Орда ханы Өзбектің (1313-1342 жж) қол
астындағы халықты білдірді.
Біртіндеп Шығыс Дешті Қыпшақтың барлық
көшпелі халқы, қазақ этносының негізін
құраған тайпалар да өзбектер деп атала
бастады.
8 слайд
«Өзбек» ұғымы туралы ХІV ғасырдың ортасына қарай мұсылмандық жазба деректерде Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы өзбектер деп атала бастады. «Өзбек» ұғымы ол кезде этноним болған жоқ. Алтын Орда ханы Өзбектің (1313-1342 жж) қол астындағы халықты білдірді. Біртіндеп Шығыс Дешті Қыпшақтың барлық көшпелі халқы, қазақ этносының негізін құраған тайпалар да өзбектер деп атала бастады.
9 слайд
«Өзбек хандығы» ұғымы
Алтын Ордадан бөлінген Дешті Қыпшақ «Өзбек хандығы» деп атала
бастады. Бұны (Әбілқайыр хандығы) деп атайды.
ХV ғасырдың соңында Шайбани хан бастаған 300 мың далалық өзбек
оңтүстікке кетті.
Бұл жерде Мауереннахрды, оның орталықтары Бұхара мен Самарқанд
қалаларымен қоса басып алды.
«Өзбек» ұғымы Мәуереннахрға ауысып, егіншілерге (иран және түркітілдес)
қарама-қарсы көшпелілерді білдіре бастады.
Мәуереннахрдағы этникалық үдерістер қыпшақ, қарлұқ, оғыз және
көптеген тайпалар негізінде біртіндеп өзбек этносының қалыптасуына
әкелді.
Даладан Мауереннахрға кеткен көшпелі өзбектер 92 тайпаға бөлінді.
Бұл тайпалар аттарының арасында қазақтарда да кездесетін көптеген
этноним бар. Неғұрлым кейінгі тізімдерде қатағандар, қарлұқтар кездеседі.
Этнонимдердің сәйкес келуі қазіргі қазақтар мен өзбектердің этногенезіне
бірдей тайпалардың қатысқанын білдіреді.
9 слайд
«Өзбек хандығы» ұғымы Алтын Ордадан бөлінген Дешті Қыпшақ «Өзбек хандығы» деп атала бастады. Бұны (Әбілқайыр хандығы) деп атайды. ХV ғасырдың соңында Шайбани хан бастаған 300 мың далалық өзбек оңтүстікке кетті. Бұл жерде Мауереннахрды, оның орталықтары Бұхара мен Самарқанд қалаларымен қоса басып алды. «Өзбек» ұғымы Мәуереннахрға ауысып, егіншілерге (иран және түркітілдес) қарама-қарсы көшпелілерді білдіре бастады. Мәуереннахрдағы этникалық үдерістер қыпшақ, қарлұқ, оғыз және көптеген тайпалар негізінде біртіндеп өзбек этносының қалыптасуына әкелді. Даладан Мауереннахрға кеткен көшпелі өзбектер 92 тайпаға бөлінді. Бұл тайпалар аттарының арасында қазақтарда да кездесетін көптеген этноним бар. Неғұрлым кейінгі тізімдерде қатағандар, қарлұқтар кездеседі. Этнонимдердің сәйкес келуі қазіргі қазақтар мен өзбектердің этногенезіне бірдей тайпалардың қатысқанын білдіреді.
10 слайд
Қазақтар этногенезінің аяқталуы
Қазақтар этногенезінің аяқталуы ХІV -ХV ғасырдың бірінші
жартысына сәйкес келеді.
Осы уақытта Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай
Ордасының аумағында қазақ этносы қалыптасты.
ХҮ ғасырдағы Әбілқайыр хандығының құрамындағы тайпалар
ХІҮ ғасырдағы Ақ Орда құрамындағы тайпалармен сәйкес келеді.
Олардың арасында моңғол этнонимдері басым болды. Батыс
Қазақстан аумағын иеленген Маңғыт жұрты (Ноғай Ордасы)
тайпаларының бір бөлігі кейінірек қазақтардың құрамына кірді.
Аталған мемлекеттердің тайпалық құрамы айтарлықтай біркелкі
болды. Көшпелі тайпалар әртүрлі мемлекеттер құрамына кіріп,
олардың арасында орын ауыстыра алды. Сондай-ақ жекелеген
мемлекеттердің құрамында болу оларды бір-бірінен біртіндеп
алшақтата берді. Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай
ордасының негізінде бірыңғай қазақ этносының құрамында
жүздердің қалыптасуы орын алды.
10 слайд
Қазақтар этногенезінің аяқталуы Қазақтар этногенезінің аяқталуы ХІV -ХV ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. Осы уақытта Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай Ордасының аумағында қазақ этносы қалыптасты. ХҮ ғасырдағы Әбілқайыр хандығының құрамындағы тайпалар ХІҮ ғасырдағы Ақ Орда құрамындағы тайпалармен сәйкес келеді. Олардың арасында моңғол этнонимдері басым болды. Батыс Қазақстан аумағын иеленген Маңғыт жұрты (Ноғай Ордасы) тайпаларының бір бөлігі кейінірек қазақтардың құрамына кірді. Аталған мемлекеттердің тайпалық құрамы айтарлықтай біркелкі болды. Көшпелі тайпалар әртүрлі мемлекеттер құрамына кіріп, олардың арасында орын ауыстыра алды. Сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің құрамында болу оларды бір-бірінен біртіндеп алшақтата берді. Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай ордасының негізінде бірыңғай қазақ этносының құрамында жүздердің қалыптасуы орын алды.
11 слайд
11 слайд
12 слайд
12 слайд
13 слайд
Қазақ этнонимінің пайда болуы
ХҮ ғасырдың ортасында, 1459-1460 жылдары Орда Ежен мен
Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың
басшылығымен көшпелілердің бір бөлігі Әбілқайыр хандығынан
Батыс Жетісуға көшіп кетті. Көшіп кеткендерді қазақтар деп атай
бастады. Бұл оқиға қазақ халқы этногенезінің аяқталуында
маңызды роль атқарды.
Қазақ сөзінің нақты шығу тегі әлі де анықталмағанымен, оның
мәні белгілі. Түркілік қазақ сөзі еркін, тәуелсіз өмір сүру дегенді
білдіреді. Сондықтан Әбілқайыр ханның билігінен Моғолстанның
батыс шетіне Жәнібек пен Керей бастап кеткен көшпелі тайпалар
тобы өзбек-қазақтар (яғни «қазақты жасаушы өзбектер», «еркін,
тәуелсіз өзбектер») аталды.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде өзбек-
қазақтар ұғымын қоданған кезде, қазақ сөзі нақты этникалық
мәнге ие болған еді. Бұл ұғымды қолданған Дулати қазақтардың
Өзбек ұлысынан шыққанын ғана атап көрсеткен.
13 слайд
Қазақ этнонимінің пайда болуы ХҮ ғасырдың ортасында, 1459-1460 жылдары Орда Ежен мен Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың басшылығымен көшпелілердің бір бөлігі Әбілқайыр хандығынан Батыс Жетісуға көшіп кетті. Көшіп кеткендерді қазақтар деп атай бастады. Бұл оқиға қазақ халқы этногенезінің аяқталуында маңызды роль атқарды. Қазақ сөзінің нақты шығу тегі әлі де анықталмағанымен, оның мәні белгілі. Түркілік қазақ сөзі еркін, тәуелсіз өмір сүру дегенді білдіреді. Сондықтан Әбілқайыр ханның билігінен Моғолстанның батыс шетіне Жәнібек пен Керей бастап кеткен көшпелі тайпалар тобы өзбек-қазақтар (яғни «қазақты жасаушы өзбектер», «еркін, тәуелсіз өзбектер») аталды. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде өзбек- қазақтар ұғымын қоданған кезде, қазақ сөзі нақты этникалық мәнге ие болған еді. Бұл ұғымды қолданған Дулати қазақтардың Өзбек ұлысынан шыққанын ғана атап көрсеткен.
14 слайд
Қазақ хандығы құрылуының қазақтар
этногенезі үшін маңызы
Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр хандығынан бөлініп көшуі мен Қазақ
хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуына алып келді.
Ол ежелгі замандардан басталып, түрлі кезеңдерді бастан өткере отырып,
ХҮ ғасырда аяқталған үдеріс болды.
Осы уақытта Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орыс хан ұлысының халқын
құрайтын қазақ рулары мен тайпаларының бірлестігі қалыптасып болған
еді.
Орыс хан ұрпақтарының оған саяси тұтастық беруге ұмтылысы олардың
Әбілқайыр ханнан бөлініп кету үдерісін жылдамдатты.
Нәтижесінде Даланың түркі тайпаларының арасынан жаңа этнос бөлініп
шықты. Жаңадан құрылған қазақ хандығы өз иеліктерін бүкіл Шығыс
Дешті Қыпшаққа кеңейтіп, қазақ этносының шоғырлануы жалғасты.
Алтын Орданың ыдырауынан пайда болған басқа мемлекеттерде де
халықтардың қалыптасуына әкелген жағдайлар орын алды. (Қазан
хандығындағы татарлар, Ноғай Ордасындағы ноғайлар т.б.)
14 слайд
Қазақ хандығы құрылуының қазақтар этногенезі үшін маңызы Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр хандығынан бөлініп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуына алып келді. Ол ежелгі замандардан басталып, түрлі кезеңдерді бастан өткере отырып, ХҮ ғасырда аяқталған үдеріс болды. Осы уақытта Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орыс хан ұлысының халқын құрайтын қазақ рулары мен тайпаларының бірлестігі қалыптасып болған еді. Орыс хан ұрпақтарының оған саяси тұтастық беруге ұмтылысы олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп кету үдерісін жылдамдатты. Нәтижесінде Даланың түркі тайпаларының арасынан жаңа этнос бөлініп шықты. Жаңадан құрылған қазақ хандығы өз иеліктерін бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа кеңейтіп, қазақ этносының шоғырлануы жалғасты. Алтын Орданың ыдырауынан пайда болған басқа мемлекеттерде де халықтардың қалыптасуына әкелген жағдайлар орын алды. (Қазан хандығындағы татарлар, Ноғай Ордасындағы ноғайлар т.б.)
15 слайд
Қорытынды
Қазақ этногенезінің моңғолдық кезеңінде оған моңғолдар
келіп қосылды. Бірақ олар жылдам түркіленді.
Жошы ұлысы мен Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған
түркі-моңғол мемлекеттері тайпалардың шоғырлануына және
түркі этностарының, соның ішінде қазақтардың
қалыптасуына жағдай жасады.
Тайпалардың жекелеген бөліктері көші-қонның нәтижесінде
әртүрлі мемлекеттеің және оның салдары ретінде этностардың
құрамына келіп қосылды.
Көпғасырлық этникалық үдерістің нәтижесінде 15 ғасырдың
бірінші жартысында қазақ этносы қалыптасты.
Оның негізін Шығыс Дешті Қыпшақтың, сондай-ақ
Моғолстан мен Ноғай Ордасының далалық тайпалары
құрады.
15 слайд
Қорытынды Қазақ этногенезінің моңғолдық кезеңінде оған моңғолдар келіп қосылды. Бірақ олар жылдам түркіленді. Жошы ұлысы мен Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған түркі-моңғол мемлекеттері тайпалардың шоғырлануына және түркі этностарының, соның ішінде қазақтардың қалыптасуына жағдай жасады. Тайпалардың жекелеген бөліктері көші-қонның нәтижесінде әртүрлі мемлекеттеің және оның салдары ретінде этностардың құрамына келіп қосылды. Көпғасырлық этникалық үдерістің нәтижесінде 15 ғасырдың бірінші жартысында қазақ этносы қалыптасты. Оның негізін Шығыс Дешті Қыпшақтың, сондай-ақ Моғолстан мен Ноғай Ордасының далалық тайпалары құрады.