§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

#1 слайд
§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі
қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Оқу мақсаты:
- Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың
қоғамдық-саяси идеяларын анықтау;
- Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи
қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.
1 слайд
§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы Оқу мақсаты: - Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау; - Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.
#2 слайд
Тірек сөздер:
«Жеті жарғы» – Тәуке хан тұсында
қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-
ғұрып заңдарының жинағы.
Империя – отары бар ірі монархиялық
мемлекет.
2 слайд
Тірек сөздер: «Жеті жарғы» – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет- ғұрып заңдарының жинағы. Империя – отары бар ірі монархиялық мемлекет.
#3 слайд
1. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы
кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың ерекшелігі
Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі Мұхаммед Хайдар
Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 1465–1466 жылдар болып
белгіленген.
Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан
мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты.
1465 жылы әлемнің тарихи картасында жаңа мемлекет – Қазақ хандығы
пайда болды.
Хандықтың негізін салушы – Керей мен Жәнібек хандар Алтын Орда
мемлекетінің мұрагері ретінде қол астындағы рулар мен тайпалардың бірлігі
мен қауіпсіздігін сақтап қалды.
Қазақ хандығы құрылғанға дейін әлеуметтік мағынаға ие болған «қазақ»
атауы саяси мазмұн алды. Бұдан былай «қазақ» ұғымы мемлекеттің атауы
ретінде бекітілді.
3 слайд
1. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 1465–1466 жылдар болып белгіленген. Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты. 1465 жылы әлемнің тарихи картасында жаңа мемлекет – Қазақ хандығы пайда болды. Хандықтың негізін салушы – Керей мен Жәнібек хандар Алтын Орда мемлекетінің мұрагері ретінде қол астындағы рулар мен тайпалардың бірлігі мен қауіпсіздігін сақтап қалды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін әлеуметтік мағынаға ие болған «қазақ» атауы саяси мазмұн алды. Бұдан былай «қазақ» ұғымы мемлекеттің атауы ретінде бекітілді.
#4 слайд
Керей мен Жәнібек ескерткіші
4 слайд
Керей мен Жәнібек ескерткіші
#5 слайд
2. Қасым хан және оның қоғамдық-саяси
көзқарасы
XVI ғасырдың басындағы ірі саяси тұлғаның бірі ретінде танылған, «қазақ
жерлерін біріктіруші» Қасым хан болды.
Оның билік құрған кезінде Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды.
Қасым хан ел басқарған жылдары Еділ мен Жайыққа дейінгі аймақ біржола
хандық құрамына енді.
Кең-байтақ аумақта қоныстанған далалықтардың билеушісі ретінде ол қазақ
халқының этникалық аумағының қалыптасу үдерісін жүзеге асырды.
Хан қарамағында 160 мыңға жуық жауынгері болды. Ал жасақ жинаған
жағдайда қазақ әскерінің саны 300 мыңға дейін жетті.
Әлихан Бөкейхан: «Қасым хан қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери
күшке ие болды. Қарауындағылардың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік
саясатымен халықтың ыстық ықыласына бөленді, есімі ерекше әйгілі болды», –
деп сипаттап кетеді.
5 слайд
2. Қасым хан және оның қоғамдық-саяси көзқарасы XVI ғасырдың басындағы ірі саяси тұлғаның бірі ретінде танылған, «қазақ жерлерін біріктіруші» Қасым хан болды. Оның билік құрған кезінде Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды. Қасым хан ел басқарған жылдары Еділ мен Жайыққа дейінгі аймақ біржола хандық құрамына енді. Кең-байтақ аумақта қоныстанған далалықтардың билеушісі ретінде ол қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үдерісін жүзеге асырды. Хан қарамағында 160 мыңға жуық жауынгері болды. Ал жасақ жинаған жағдайда қазақ әскерінің саны 300 мыңға дейін жетті. Әлихан Бөкейхан: «Қасым хан қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағылардың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік саясатымен халықтың ыстық ықыласына бөленді, есімі ерекше әйгілі болды», – деп сипаттап кетеді.
#6 слайд
Авторы белгісіз «Алам-ара-йи
шах Исмаил» шығармасында
Қасым хан туралы
таңғажайып дерек кездеседі:
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и
Рашиди» еңбегінде:
«Қасым хан өз билігін Дешті Қыпшаққа
таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан
құдіретті хан болған емес» деді.
Қасым ханның өз заманында ерекше беделді
болғанын аңғартады. Оның саяси ұстанымы
мен халқына деген қамқорлығын ұлы
Мамашқа айтқан мына сөзінен айқын білуге
болады: «Менің бар арманым – қазақ жерін
тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған
қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді
дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың
атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәстүрін
әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін
ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірлікте бол. Егер
сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе,
елде бүліншілікке жол берме!»
«Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек
сұлтанның көзі бір сәт Қасым ханға
түседі. Қараса, патша өзінің тағында
аруақтанып отыр екен! Тағы таза саф
алтыннан жасалыпты. Тақтың төрт
бұрышы арыстанның, жолбарыстың,
қабыланның, аждаһаның бастарымен
және құстардың суреттерімен
өрнектеліпті. Басына әшекей тастармен
көмкерілген «шыңғысхандық» үлгідегі
баскиім киіпті… 1200 әміршісі жанында
отыр».
6 слайд
Авторы белгісіз «Алам-ара-йи шах Исмаил» шығармасында Қасым хан туралы таңғажайып дерек кездеседі: Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде: «Қасым хан өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан құдіретті хан болған емес» деді. Қасым ханның өз заманында ерекше беделді болғанын аңғартады. Оның саяси ұстанымы мен халқына деген қамқорлығын ұлы Мамашқа айтқан мына сөзінен айқын білуге болады: «Менің бар арманым – қазақ жерін тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәстүрін әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірлікте бол. Егер сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе, елде бүліншілікке жол берме!» «Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек сұлтанның көзі бір сәт Қасым ханға түседі. Қараса, патша өзінің тағында аруақтанып отыр екен! Тағы таза саф алтыннан жасалыпты. Тақтың төрт бұрышы арыстанның, жолбарыстың, қабыланның, аждаһаның бастарымен және құстардың суреттерімен өрнектеліпті. Басына әшекей тастармен көмкерілген «шыңғысхандық» үлгідегі баскиім киіпті… 1200 әміршісі жанында отыр».
#7 слайд
Қасым ханды «Хан көтеру» рәсімі
7 слайд
Қасым ханды «Хан көтеру» рәсімі
#8 слайд
3. Хақназар мен Есім хан
Қазақ хандығының айтулы саяси қайраткерлерінің бірі Хақназар хан. Ол қазақ халқын біріктірген,
мемлекеттің жерін аймақтық жағынан ұлғайтып, халықаралық жағдайын нығайтқан тұлға ретінде
тарихта қалды. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастырды. Хақназар
бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағындағы елдер алдында хандықтың ықпалын
қалпына келтіруге күш салды. Түркі тілдес көрші мемлекеттер билеушілері онымен санасуға мәжбүр
болды. Хақназар төңірегіндегі елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Қазақ
хандығының қуатын арттырды.
Халық жадында өшпестей із қалдырған қазақ хандарының бірі Есім хан. Ол мемлекеттің аумағын
одан әрі кеңейтіп, Орта Азия елдерінің біраз жерін Қазақ хандығына қаратты. Есім қалыптасқан
күрделі саяси жағдайлардан дұрыс жол таба білген ақылды және кемеңгер басшы ретінде
танылды. Ішкі саяси тұтастықты қалыптастырып, Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет
етуді көздеген Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасым ханның заңдарын іс
жүзінде қолдануды енгізді. «Қасым ханның қасқа жолы» аталып кеткен заңды Есім сол дәуірдің
әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес
жетілдірді.
Заң ережелері жер, мал, қылмыстық іс (ұрлық, кісі өлтіру), әскери міндеттілік т.б. мәселелерді
қарады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне «Есім ханның ескі жолы» аталды. Есім ханның
елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арналған заңдары оның ірі мемлекет қайраткері екенін
көрсетті.
8 слайд
3. Хақназар мен Есім хан Қазақ хандығының айтулы саяси қайраткерлерінің бірі Хақназар хан. Ол қазақ халқын біріктірген, мемлекеттің жерін аймақтық жағынан ұлғайтып, халықаралық жағдайын нығайтқан тұлға ретінде тарихта қалды. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастырды. Хақназар бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағындағы елдер алдында хандықтың ықпалын қалпына келтіруге күш салды. Түркі тілдес көрші мемлекеттер билеушілері онымен санасуға мәжбүр болды. Хақназар төңірегіндегі елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Қазақ хандығының қуатын арттырды. Халық жадында өшпестей із қалдырған қазақ хандарының бірі Есім хан. Ол мемлекеттің аумағын одан әрі кеңейтіп, Орта Азия елдерінің біраз жерін Қазақ хандығына қаратты. Есім қалыптасқан күрделі саяси жағдайлардан дұрыс жол таба білген ақылды және кемеңгер басшы ретінде танылды. Ішкі саяси тұтастықты қалыптастырып, Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етуді көздеген Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасым ханның заңдарын іс жүзінде қолдануды енгізді. «Қасым ханның қасқа жолы» аталып кеткен заңды Есім сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірді. Заң ережелері жер, мал, қылмыстық іс (ұрлық, кісі өлтіру), әскери міндеттілік т.б. мәселелерді қарады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне «Есім ханның ескі жолы» аталды. Есім ханның елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арналған заңдары оның ірі мемлекет қайраткері екенін көрсетті.
#9 слайд
4. Тәуке хан заманындағы
қоғамдық-саяси жағдай.
Тәуке хан елдегі тәртіпті әскери күш есебімен ғана емес, неғұрлым ақылмен, тіл табысумен, дипломатиялық шеберлігі және ел
басқарудағы біліктілігімен қамтамасыз етті. Елдің бірлігін және оның мемлекеттік шегараларының қауіпсіздігін қорғау мақсатымен
Тәуке хан көрші жатқан елдермен тиімді көпвекторлы сыртқы саясат жүргізді. Хан Алатау қырғыздарымен және Арал
қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізді. Қазақ хандығының жеріне жоңғарлардың шабуыл жасауынан төнген қатер
тоқтатылды. Қазақ-қырғыз-қарақалпақ бірлескен әскері жау шабуылына тойтарыс беріп отырды.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен достық қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға
бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. Оларға жүктелген
міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құру еді. Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп,
дәуірлеген уақыты саналды. Жеке бас бостандығы, құлдықтың жоқтығы, кең-байтақ дала мен жайылымдар, жауынгер рухты
адамдарды құрметтеу дәстүрі Ұлы далада ерекше маңызға ие болды. Тәуке хан билік кезеңі қазақ халқының «алтын ғасыры» аталады.
Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы»
және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-
жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін
кеңінен қамтыды.
Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді талқылайтын хан кеңесін құрды. Кеңеске барлық қазақ руларының билері мен әскербасылары
енгізілді. Кеңеске қатысушы үш жүздің таңдаулы да беделді өкілдері жыл сайын күзде бас қосып, халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты
ойларын ортаға салатын құрылтай өткізіп отырған. Бұл туралы өз кезінде Я.П. Гавердовский былай жазып кеткен: «Тәуке ханның
ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді (Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек би, Кіші
жүзде Әйтеке би) сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау
міндетін жүктеді. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың келісімімен әр рудың көшуіне қыстау және
жайлау қоныстарын белгілеп берді, рулар ішінде ауылбасыларды бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында
қалған кейбір ежелгі жол-жораларды қосып, рубасылардың дара билігін шектеді және сол заңдарын балаларға үйретіп жаттауға
міндеттеді».
Ресей зерттеушісі М.И. Красовский Тәукені: «Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі
әділетті билеуші хан. Оған дейін де, одан кейін де далада дәл сондай билік болған емес», – деп жоғары бағалайды.
Тәуке Қазақ хандығының ыдырауына жол бермей, мемлекеттің абыройы мен күш-қуатын арттырды. Тарихқа «Жеті жарғы» деген
атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейін қолданылып келген құқық нормаларының бір жүйеге
келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. «Жеті жарғы » хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты.
9 слайд
4. Тәуке хан заманындағы қоғамдық-саяси жағдай. Тәуке хан елдегі тәртіпті әскери күш есебімен ғана емес, неғұрлым ақылмен, тіл табысумен, дипломатиялық шеберлігі және ел басқарудағы біліктілігімен қамтамасыз етті. Елдің бірлігін және оның мемлекеттік шегараларының қауіпсіздігін қорғау мақсатымен Тәуке хан көрші жатқан елдермен тиімді көпвекторлы сыртқы саясат жүргізді. Хан Алатау қырғыздарымен және Арал қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізді. Қазақ хандығының жеріне жоңғарлардың шабуыл жасауынан төнген қатер тоқтатылды. Қазақ-қырғыз-қарақалпақ бірлескен әскері жау шабуылына тойтарыс беріп отырды. Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен достық қарым-қатынас орнатуға және ел аумағын сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құру еді. Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген уақыты саналды. Жеке бас бостандығы, құлдықтың жоқтығы, кең-байтақ дала мен жайылымдар, жауынгер рухты адамдарды құрметтеу дәстүрі Ұлы далада ерекше маңызға ие болды. Тәуке хан билік кезеңі қазақ халқының «алтын ғасыры» аталады. Қазақ қоғамының тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Тәуке хан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады. Үш жүздің атақты билерін жинап, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталған заңдар жинағын қабылдады. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау- жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының барлық өмірлік мәселелерін кеңінен қамтыды. Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді талқылайтын хан кеңесін құрды. Кеңеске барлық қазақ руларының билері мен әскербасылары енгізілді. Кеңеске қатысушы үш жүздің таңдаулы да беделді өкілдері жыл сайын күзде бас қосып, халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты ойларын ортаға салатын құрылтай өткізіп отырған. Бұл туралы өз кезінде Я.П. Гавердовский былай жазып кеткен: «Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді (Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек би, Кіші жүзде Әйтеке би) сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау міндетін жүктеді. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың келісімімен әр рудың көшуіне қыстау және жайлау қоныстарын белгілеп берді, рулар ішінде ауылбасыларды бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында қалған кейбір ежелгі жол-жораларды қосып, рубасылардың дара билігін шектеді және сол заңдарын балаларға үйретіп жаттауға міндеттеді». Ресей зерттеушісі М.И. Красовский Тәукені: «Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі әділетті билеуші хан. Оған дейін де, одан кейін де далада дәл сондай билік болған емес», – деп жоғары бағалайды. Тәуке Қазақ хандығының ыдырауына жол бермей, мемлекеттің абыройы мен күш-қуатын арттырды. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейін қолданылып келген құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. «Жеті жарғы » хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты.
#10 слайд
Тәуке хан
10 слайд
Тәуке хан
#11 слайд
5. Әбілқайыр ханның
көзқарасы.
Елдің болашағын ойлаған, халқының тыныштықта бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етіп, жерінің
тұтастығын сақтауға тырысқан, алдағы сан ғасырларды болжаған көреген хандарымыздың бірі
Әбілқайыр болды. Кіші жүздің ханы «Ресей бодандығын» қабылдаған кезде Ресей империясы өзінің
еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатынын күтпеді. Әбілқайыр хан далалықтардың мал
жайылымдарының біртіндеп қысқаруына және Ресей бекіністерінің салынуына қарсы шықты.
Ресей империясы Әбілқайырдың билігін әлсіретіп, кейін оны биліктен мүлдем аластатуға тырысты.
Ресей үкіметі ұлын аманатқа алып, империя бодандығындағы басқа халықтарды Әбілқайырға айдап
салып отырды.
Патша үкіметінің шынайы мақсатына көзі жеткен Әбілқайыр үш жүз қазақтарының дербестігін
сақтап қалуға тырысты. Ал Ресей Әбілқайырдың күшеюіне жол бермеуді көздеді. Өмірінің соңғы
жылдары Әбілқайыр патша үкіметіне сенімсіздік білдірді, ел тәуелсіздігін қорғауға тырысып,
отаршылдыққа қарсы шықты.
Әбілқайыр халқын қорғауда ерен ерлік пен табандылық танытып, досқа мейірімді, дұшпанға
қаһарлы батыр болды. Ресей империясының жүргізген отарлау саясатымен келіспеді, жер мәселесі
оны қатты алаңдатты. Еділ-Жайық аралығын сақтап қалу үшін қазақтардың Ресей империясымен
күресі ұзақ жылдар бойы жалғасып келді. Әбілқайырдың: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы
кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді», – деп ашық айтқан сөзі отарлаушы билікке қарсы
күресінің дәлелі болып табылады.
11 слайд
5. Әбілқайыр ханның көзқарасы. Елдің болашағын ойлаған, халқының тыныштықта бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етіп, жерінің тұтастығын сақтауға тырысқан, алдағы сан ғасырларды болжаған көреген хандарымыздың бірі Әбілқайыр болды. Кіші жүздің ханы «Ресей бодандығын» қабылдаған кезде Ресей империясы өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатынын күтпеді. Әбілқайыр хан далалықтардың мал жайылымдарының біртіндеп қысқаруына және Ресей бекіністерінің салынуына қарсы шықты. Ресей империясы Әбілқайырдың билігін әлсіретіп, кейін оны биліктен мүлдем аластатуға тырысты. Ресей үкіметі ұлын аманатқа алып, империя бодандығындағы басқа халықтарды Әбілқайырға айдап салып отырды. Патша үкіметінің шынайы мақсатына көзі жеткен Әбілқайыр үш жүз қазақтарының дербестігін сақтап қалуға тырысты. Ал Ресей Әбілқайырдың күшеюіне жол бермеуді көздеді. Өмірінің соңғы жылдары Әбілқайыр патша үкіметіне сенімсіздік білдірді, ел тәуелсіздігін қорғауға тырысып, отаршылдыққа қарсы шықты. Әбілқайыр халқын қорғауда ерен ерлік пен табандылық танытып, досқа мейірімді, дұшпанға қаһарлы батыр болды. Ресей империясының жүргізген отарлау саясатымен келіспеді, жер мәселесі оны қатты алаңдатты. Еділ-Жайық аралығын сақтап қалу үшін қазақтардың Ресей империясымен күресі ұзақ жылдар бойы жалғасып келді. Әбілқайырдың: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді», – деп ашық айтқан сөзі отарлаушы билікке қарсы күресінің дәлелі болып табылады.
#12 слайд
Әбілқайыр хан
12 слайд
Әбілқайыр хан
#13 слайд
6. Абылай ханның қоғамдық-
саяси көзқарасы.
ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай хан өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән
қасиеттерімен көрсете білді. Абылай ханның бүкіл ішкі және сыртқы саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі
тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Бұл туралы әйгілі ғалым,
ағартушы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып
саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ».
1771 жылы Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ол Ресей империясының мүддесіне мүлдем сәйкес
келмейтін Тәуке хан дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығының қалпына келуін мақсат етті. Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы
Ресей патшасына арнайы хат жолдайды: «Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті.
Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды», – деп әрі қарай ол Түркістан қаласында хан сайлауының
рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: «Мені қазақтың үш Алашының
ханы етіп, ақ киізге көтерді». Абылай саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Абылайдың салиқалы және көреген
сыртқы саясаты Қазақ хандығының аумағына бөтен елдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталды. Ол ең алдымен
Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді.
Абылай өз иеліктерінде екі алып мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен барынша ымырашылдықта
болуға тырысты. Қазақ мемлекетін шығыстағы және солтүстіктегі көршілердің ықпалынан оқшау ұстау қажет еді.
Абылай хан екі алып империяның арасында билік құрғандықтан Ресеймен байланысқа көп көңіл бөлуді дұрыс көрді.
Алайда патшалы Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуі оны шығыс көршісімен жақындасуға да мәжбүр етті. Қытай
Қазақ хандығына қатысты хан билігін жою немесе әлсірету үшін белсенді әрекеттер жасаған жоқ. Тіпті 1767 жылы Қытай
өкімет билігі қазақтарға бұрынғы Жоңғар аумағының бір бөлігіне көшіп-қонып жүруіне рұқсат берді. Қазақтар ол
жайылымдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды.
Абылай билігі кезінде Орынборға аманат жіберуден және солтүстік көршісінің өкілдерімен Орынборға барып кездесуден
бас тартты. Солтүстік көршілерінен келген елшілерді қабылдамай, түрлі сылтаулар айтып, қайтарып жіберген. Абылайды
аманатқа балаларын алу үшін Орынборға талай рет шақырып келтіре алмаған соң, патша үкіметі ханмен санасатын
болды. Абылай хан Ресеймен өзара тең тұрғыда қарым-қатынас орнатты.
13 слайд
6. Абылай ханның қоғамдық- саяси көзқарасы. ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай хан өзін аса көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай ханның бүкіл ішкі және сыртқы саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды. Ол шексіз билікке ие болды, оны халық қолдады. Бұл туралы әйгілі ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ». 1771 жылы Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ол Ресей империясының мүддесіне мүлдем сәйкес келмейтін Тәуке хан дәуіріндегі біртұтас Қазақ хандығының қалпына келуін мақсат етті. Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы Ресей патшасына арнайы хат жолдайды: «Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды», – деп әрі қарай ол Түркістан қаласында хан сайлауының рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: «Мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді». Абылай саясатта ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойды. Абылайдың салиқалы және көреген сыртқы саясаты Қазақ хандығының аумағына бөтен елдің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге бағытталды. Ол ең алдымен Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Абылай өз иеліктерінде екі алып мемлекеттің ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен барынша ымырашылдықта болуға тырысты. Қазақ мемлекетін шығыстағы және солтүстіктегі көршілердің ықпалынан оқшау ұстау қажет еді. Абылай хан екі алып империяның арасында билік құрғандықтан Ресеймен байланысқа көп көңіл бөлуді дұрыс көрді. Алайда патшалы Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуі оны шығыс көршісімен жақындасуға да мәжбүр етті. Қытай Қазақ хандығына қатысты хан билігін жою немесе әлсірету үшін белсенді әрекеттер жасаған жоқ. Тіпті 1767 жылы Қытай өкімет билігі қазақтарға бұрынғы Жоңғар аумағының бір бөлігіне көшіп-қонып жүруіне рұқсат берді. Қазақтар ол жайылымдарды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды. Абылай билігі кезінде Орынборға аманат жіберуден және солтүстік көршісінің өкілдерімен Орынборға барып кездесуден бас тартты. Солтүстік көршілерінен келген елшілерді қабылдамай, түрлі сылтаулар айтып, қайтарып жіберген. Абылайды аманатқа балаларын алу үшін Орынборға талай рет шақырып келтіре алмаған соң, патша үкіметі ханмен санасатын болды. Абылай хан Ресеймен өзара тең тұрғыда қарым-қатынас орнатты.
#14 слайд
Абылай хан
14 слайд
Абылай хан
#15 слайд
7. Ақында...
15 слайд
7. Ақында...
шағым қалдыра аласыз













