§27-28 "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§27-28 "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
§27-28 "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
§27-28 "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары  Оқу мақсаты:  11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілі

#1 слайд
§27-28 "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары  Оқу мақсаты:  11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру;  11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау

1 слайд

«Зар заман» ұғымы қайдан шыққан? «Зар заман» – ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі

#2 слайд
«Зар заман» ұғымы қайдан шыққан? «Зар заман»  – ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тәртібін жойып, 1867– 1868 жылдары қазақтарды басқару жөніндегі ереже бойынша жаңа тәртіп орнатқан кезде туған ағым.

2 слайд

«Зар заман» ұғымын тарихқа кім енгізген? Қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылы М.Әуезов енгізді. «Зар

#3 слайд
«Зар заман» ұғымын тарихқа кім енгізген? Қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылы М.Әуезов енгізді. «Зар заман» кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Әуезов «зар заман» ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырады.

3 слайд

«Зар заман» өкілдеріне кімдер жатады? Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы Мұрат Мөңкеұлы Әбубәкір Кердері

#4 слайд

4 слайд

1. «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары  ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әнші

#5 слайд
 1. «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары    ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады.  ХІХ ғасырдан бастап күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды, оның ішкі дүниесі мен мінез- құлықтарын жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Бұл отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін жырлаған ағым еді.     Сонымен қатар қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік орталықтарының құрылысы жүріп жатты. Кіші және Орта жүз қазақтары ежелден бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды. Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Бір кездегі дамыған көшпелі малшаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады.    1822–1824 жылдары хандық билік жойылды. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды. Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Бөкей Ордасында хан билігі 1845 жылға дейін сақталғанымен, патша империясына толық тәуелді болып, әскери бекіністер қоршауында қалды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс- әрекеттер күшейе түсті. 1810 жылы патша үкіметі Кіші жүз жерінің бір бөлігін тартып алып, Жаңаелек шебін құрды. Қазақтар 600 мың десятинаға жуық ең шұрайлы жайылымдарынан айырылды. Жергілікті тұрғындар ол жерлерден күшпен ығыстырылды.    1835 жылы осы этноаумақтық бірлестікте патша үкіметі Новолинейный (Жаңа шеп) аймағын құрып, 3 млн 400 мың жерді тағы да тартып алды. Жергілікті халық өз жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды. Осы оқиғалардың барлығы И. Тайманұлы және М. Өтемісұлы, К. Қасымұлы, Ж. Нұрмұхамедұлы, Е. Көтібарұлы бастаған бірқатар көтерілістердің басталуына себеп болды. Бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, отаршылдық биліктің орнауы ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылығында басты тақырыпқа айналды.

5 слайд

2. «Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары  Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар за

#6 слайд
2. «Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары  Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Бұл тығырықтан шығу жолын кейбір ақындар о дүниемен ғана салыстыруға барды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді.    ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады.    «Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.    «Зар заман» дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы – өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп, келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды. Бұл дәуірдің ақындары өлеңдерінде патша үкіметінің әлеуметтік- экономикалық, саяси, мәдени, шаруашылық отаршылдығына ашық түрде қарсылық білдірді. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі ерекше шабытпен жырланды.    «Зар заман» дәуірі ақындарының көз алдында дала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт нашарлады. Олар заман куәгерлері ретінде патша үкіметі қазақтардың жерлерін тартып алуы салдарынан мал жайылымдарының тарылуы, отаршыл биліктің озбырлығы, әртүрлі дәрежедегі шенеуніктердің парақорлығы сияқты келеңсіз құбылыстарды жырға қосты. Бұл ағымның ақындары халық үшін хандық дәуірдегі жауға қарсы аттанған хандардай билеушілерді армандады. Олардың шығармаларында өткен заманды аңсау, келер күннен үмітінің жоқтығы, отаршылдардың озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі.    ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар «Зар заман» дәуірінің ақындары аталды.

6 слайд

3. Дулат Бабатайұлы Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 182

#7 слайд
3. Дулат Бабатайұлы Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістерді көзімен көріп, жанымен сезінген Дулат Бабатайұлы өз өлеңдерінде халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды. «О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын суреттейді. «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады. Өз халқын жаудай талаған, сатылған әкімдерді отарлаушылардың қолшоқпарына айналды деп айыптайды. Ақын ұлы Абылай заманындағы Қазақ хандығы қалпына келтірілген күндерді армандайды. Ақын «Өсиетнама» өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлады. Ол кезеңде далалықтардың өмірін реттеп отыратын салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптардың заңнамалық маңызы зор еді. Жаңа дәуірде дәстүрлі қазақ қоғамы дағдарысқа ұшырап бара жатқанын ақын күйінішпен жеткізеді. Дулат Бабатайұлы біртұтас Қазақ хандығының жерін Ресей империясына беріп қойған хандар мен сұлтандардың іс-әрекетін, патшалық үкіметке қызмет еткен жергілікті шенеуніктерді сынады.

7 слайд

4. Шортанбай Қанайұлы Зар заман кезеңінің белгілі ақыны Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген.  Ол өз дә

#8 слайд
4. Шортанбай Қанайұлы Зар заман кезеңінің белгілі ақыны Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген.   Ол өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі.  Өзінің жырларында ақын қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады. Ақын өлеңдерінде елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылған, отарлық жағдайға түскен халқының ащы зары мен өшпес өкінішін жырлайды. «Зар заман» өлеңінде қазақтардың Ресей бодандығына қабылдануы үрдісіне қарсылығын білдіріп, патша үкіметі отарлау саясатының теріс салдары: шоқындыру, шаруалардың жаппай қоныс аударуы, әскери шептер мен бекіністер салынуын батыл айыптады. Шортанбай қазақтың егіншілікке көшуімен дәстүрлі малшаруашылығына нұқсан келеді деп түсінді. «Билер, пара жемеңдер» деген өлеңінде ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді жырға қосып, төрелік айтатын билердің парақорлық қылықтарын айыптады.   Шортанбай әрдайым дін қағидаларын тірек етіп, діннен қорғаныс іздейді. Ол азаматтарға ислам құндылықтарын естен шығармай, парыздарын орындау қажеттілігін еске салады.  Кезінде ол Орынбай, Шөже ақындармен сөз сайысына түсіп, елдің есінде қалған. 1888 жылы Шортанбай ақынның кейбір шығармалары («Қисса Шортанбай», «Бала зары») Қазан қаласында жарық көрді.

8 слайд

5. Мұрат Мөңкеұлы  Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жері

#9 слайд
5. Мұрат Мөңкеұлы  Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жерінен айырылғанына қатты күйінді.  Ақын елдің бірлігін, жерін сақтаған бұрынғы дара билеушілер саясатының арқасында отарлауға жол берілмеген өткен күнді еске түсіреді.  «Сарыарқа» өлеңінде Мұрат Мөңке ұлы отаршылдық саясатының салдарынан туған халқының ежелгі қонысынан айырылғанын ашық түрде айыптайды.  Ол мұсылмандықты күшейтуді рухани қорған ретінде көреді.    Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді:    «Үш қиян» толғауымен жер, құтты қоныс жайлы «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес келеді.  «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде білімді игермейінше елдің өркендемейтінін айтады.  «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» атты жыры ақынның отаншылдық өршіл рухын білдіреді.

9 слайд

6. Әбубәкір Кердері Әбубәкір Кердері қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол өз заманының оқыған,

#10 слайд
6. Әбубәкір Кердері  Әбубәкір Кердері қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол өз заманының оқыған, білімді азаматы ретінде Орал, Ақтөбе, Ор қалалары маңындағы қазақ ауылдарында ұстаздық етіп, бала оқытты. Оның өлеңдер жинағы 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.   Ақын өз поэзиясында бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды. Ел үшін жан аямай күресуге шақырады: «Жаман қалып, жақсының еті қызар, Алаштап қырға шық та, ұран шақыр!»   Ақын өзінің шығармаларында ислам іліміне көп назар аударып, қазақ даласында дінді нығайтуды қолдады. Ол мықты хан билігі кезеңін аңсады. Ақын өлең-жырларында отандастарын оқу мен білім, ғылым мен өнерді меңгеруге шақырды. Қоғам өміріндегі білімнің орны мен маңызы туралы: «Бай білімсіз болса кедейшілікке ұшырайды», – деп ескертеді.  

10 слайд

Файл форматы:
pptx
15.01.2025
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі