400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«5-сыныпқа қадам, жаңа ортаға бейімделу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 5-сынып оқушыларының жаңа оқу ортасына психологиялық бейімделуіне жағдай жасау, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру және бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
Психологиялық тренинг Тақырып:«5-сыныпқа қадам, жаңа ортаға бейімделу»

#1 слайд
Психологиялық тренинг Тақырып:«5-сыныпқа қадам, жаңа ортаға бейімделу»

1 слайд

Қатысушылар: 5-сынып оқушылары Ұзақтығы: 45 минут Тренинг түрі: топтық психологиялық тренинг Жауапты: мектеп психологы Мақсаты:

#2 слайд
Қатысушылар: 5-сынып оқушылары Ұзақтығы: 45 минут Тренинг түрі: топтық психологиялық тренинг Жауапты: мектеп психологы Мақсаты: 5-сынып оқушыларының жаңа оқу ортасына психологиялық бейімделуіне жағдай жасау, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру және бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауына ықпал ету.  

2 слайд

Міндеттері: оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік жасау; сыныпта достық және өзара қолдау атмосферасын қалыпта

#3 слайд
Міндеттері: оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік жасау; сыныпта достық және өзара қолдау атмосферасын қалыптастыру; жаңа ортаға байланысты қобалжу мен сенімсіздікті азайту; оқушылардың өзін еркін сезінуіне жағдай жасау; өз эмоцияларын тануға және жағымды түрде білдіруге үйрету; топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.  

3 слайд

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар маркерлер стикерлер доп немесе жұмсақ ойыншық; ватман түрлі түсті қарындаштар смай

#4 слайд
Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар маркерлер стикерлер доп немесе жұмсақ ойыншық; ватман түрлі түсті қарындаштар смайликтер.

4 слайд

Тренинг барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі – «Жылы шеңбер» Уақыты: 3 минут Оқушылар шеңбер болып тұрады. Психологт

#5 слайд
Тренинг барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі – «Жылы шеңбер» Уақыты: 3 минут Оқушылар шеңбер болып тұрады. Психологтың сөзі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ танысып, 5-сыныптағы жаңа өміріміз туралы сөйлесеміз. Бұл жерде әрқайсың өз ойларыңызды еркін айта аласыздар. Бір-бірімізді тыңдаймыз, мазақ етпейміз және бір-бірімізге құрметпен қараймыз». Тренинг ережелері: 1. Бір-бірін тыңдау. 2. Сөзді бөлмеу. 3. Бір-бірін сынамау және мазақ етпеу. 4. Белсенді қатысу. 5. Құпиялылықты сақтау. 6. Бір-біріне құрметпен қарау.  

5 слайд

2. «Менің есімім және менің қасиетім» Уақыты: 5 минут Әр оқушы өз есімін айтып, өзінің бір жақсы қасиетін атайды. Мыс

#6 слайд
2. «Менің есімім және менің қасиетім» Уақыты: 5 минут Әр оқушы өз есімін айтып, өзінің бір жақсы қасиетін атайды. Мысалы: • «Менің есімім – Айдана. Мен мейірімдімін». • «Менің есімім – Әли. Мен көңілдімін». • «Менің есімім – Аружан. Мен жауапкершілікті баламын». Мақсаты: өзін таныстыру, өзін бағалауды дамыту және сыныптастарымен байланыс орнату.  

6 слайд

3. «Менің көңіл-күйім» Уақыты: 5 минут Психолог түрлі көңіл-күйді білдіретін смайликтерді көрсетеді. Оқушылар бүгінг

#7 слайд
3. «Менің көңіл-күйім» Уақыты: 5 минут Психолог түрлі көңіл-күйді білдіретін смайликтерді көрсетеді. Оқушылар бүгінгі көңіл-күйіне сәйкес смайликті таңдайды. Сұрақтар: •Қазір көңіл-күйің қандай? •Неліктен осы смайликті таңдадың? •Мектепке келгенде өзіңді қалай сезіндің? •5-сыныпта саған не ұнайды? Мақсаты: эмоционалдық жағдайды анықтау және өз сезімін сөзбен жеткізуге үйрету.  

7 слайд

4. «Ортақ ұқсастықтар» Уақыты: 7 минут Оқушылар 3–4 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Әр топ өз мүшелеріне ортақ 3 ұқ

#8 слайд
4. «Ортақ ұқсастықтар» Уақыты: 7 минут Оқушылар 3–4 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Әр топ өз мүшелеріне ортақ 3 ұқсастықты табады. Мысалы: • бәріміз спортты жақсы көреміз; • бәріміз музыка тыңдағанды ұнатамыз; • бәріміздің сүйікті пәніміз – дене шынықтыру. Әр топ өз нәтижесін сыныпқа таныстырады. Мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген қызығушылығын арттыру және ортақ қасиеттерді анықтау.  

8 слайд

5. «Бірге біз мықтымыз» Уақыты: 7 минут Оқушыларға ватман және маркерлер беріледі. Тапсырма: «Біздің сынып қандай бо

#9 слайд
5. «Бірге біз мықтымыз» Уақыты: 7 минут Оқушыларға ватман және маркерлер беріледі. Тапсырма: «Біздің сынып қандай болғанын қалаймыз?» Оқушылар ватманға өздерінің қалаған сыныптарын бейнелейді немесе сөздер жазады. Мысалы: Достық – Құрмет – Көмек – Сенім – Бірлік – Қауіпсіздік – Көңілділік Соңында психолог: «Біздің сыныпта әр оқушы өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуі үшін не істеуіміз керек?» – деп сұрайды. Мақсаты: сыныптық бірлікті және өзара жауапкершілікті қалыптастыру.

9 слайд

6. «Менің күшті жақтарым» Уақыты: 5 минут Әр оқушыға қағаз беріледі. Оқушылар қағазға: «Менің 3 жақсы қасиетім» дег

#10 слайд
6. «Менің күшті жақтарым» Уақыты: 5 минут Әр оқушыға қағаз беріледі. Оқушылар қағазға: «Менің 3 жақсы қасиетім»  деген тақырыпта үш қасиетін жазады. Мысалы: •ақылдымын; •достарыма көмектесемін; •спортқа қызығамын; •жауапкершілігім жоғары; •шығармашылмын. Қалаған оқушылар өз жазғандарын сыныппен бөліседі. Мақсаты: өзін-өзі бағалауды көтеру және жағымды қасиеттерін байқауға үйрету.  

10 слайд

7. «Қолдау шеңбері» Уақыты: 5 минут Оқушылар шеңберге отырады. Әр оқушы қасындағы сыныптасына жақсы тілек айтады. Мы

#11 слайд
7. «Қолдау шеңбері» Уақыты: 5 минут Оқушылар шеңберге отырады. Әр оқушы қасындағы сыныптасына жақсы тілек айтады. Мысалы: •«Саған сабағыңда сәттілік тілеймін!» •«Әрқашан көңілді бол!» •«Жақсы дос болайық!» •«5-сыныпта жақсы оқуыңа тілектеспін!» Мақсаты: позитивті қарым-қатынасты дамыту, бір-біріне қолдау көрсету дағдысын қалыптастыру.

11 слайд

8. Рефлексия «5-сыныптағы алғашқы қадамым» Уақыты: 5 минут Әр оқушыға стикер беріледі. Оқушылар сөйлемдерді аяқта

#12 слайд
8. Рефлексия «5-сыныптағы алғашқы қадамым» Уақыты: 5 минут Әр оқушыға стикер беріледі. Оқушылар сөйлемдерді аяқтайды: «Бүгін мен...» • жаңа дос таптым; • өзімді жақсы сезіндім; • сыныптастарымды жақынырақ таныдым; • өзім туралы жаңа нәрсе білдім; • 5-сыныпқа сенімдірек қарай бастадым. Стикерлер «Біздің 5-сынып» атты плакатқа жапсырылады.

12 слайд

Психологтың қорытынды сөзі: «Балалар, 5-сынып – сендердің өмірлеріңдегі жаңа кезең. Жаңа пәндер, жаңа мұғалімдер, жаңа талаптар

#13 слайд
Психологтың қорытынды сөзі: «Балалар, 5-сынып – сендердің өмірлеріңдегі жаңа кезең. Жаңа пәндер, жаңа мұғалімдер, жаңа талаптар болуы мүмкін. Кейде қиындықтар да кездеседі. Бірақ кез келген қиындықты жалғыз шешудің қажеті жоқ. Бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетсек, 5- сыныптағы өміріміз қызықты әрі жағымды болады. Әрқайсыңның өзіңе тән жақсы қасиеттерің бар. Сол қасиеттеріңді дамытып, бір-біріңді құрметтеп жүріңдер!»

13 слайд

Күтілетін нәтиже Тренинг соңында оқушылар: • сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасауға дағдыланады; • жаңа ортада өзін сенімді

#14 слайд
Күтілетін нәтиже Тренинг соңында оқушылар: • сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасауға дағдыланады; • жаңа ортада өзін сенімді сезінуге мүмкіндік алады; • өздерінің жағымды қасиеттерін анықтайды; • сыныптағы өзара құрметтің маңызын түсінеді; • эмоцияларын білдіру және көңіл-күйін анықтау дағдыларын дамытады; • топпен жұмыс жасауға бейімделеді; • сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға үлес қосады.

14 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қазан
85
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі