Абай атамыздың 175 жылдығына орай дайындалған жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Абайдың қара сөздеріне
мультипликация
Орындаған: 4 «Б»сынып оқушысы Сарсенова Руфаида
Ғылыми жетекшісі : Амангелдиева Гүлзина Амангелдіқызы
Информатика пәні мұғалімі,магистрАтырау қаласы Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп
1 слайд
Абайдың қара сөздеріне мультипликация Орындаған: 4 «Б»сынып оқушысы Сарсенова Руфаида Ғылыми жетекшісі : Амангелдиева Гүлзина Амангелдіқызы Информатика пәні мұғалімі,магистрАтырау қаласы Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп
2 слайд
Жұмыстың өзектілігі: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH
бағдарламасында мультипликация құрастырып, мектеп жасына дейінгі балаларға
және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) ұлы
жазушының шығармаларын дәріптеу.
Жұмыстың
мақсаты •
Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып
оқушыларының қызығушылығын зерттеу;
•
Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне шолу және
импровизация жасау;
•
SCRATCH бағдарламасын зерттеу;
•
Анимация құру және бағдарламада орындау
Жұмыстың
міндеттері
Күтілетін
нәтиже •
Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының
қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама жүргізу;
•
Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқу;
•
SCRATCH бағдарламасымен танысу және спрайт, командалармен жұмыс
жүргізу;
•
Спрайт үшін керек суреттерді жинақтау;
•
Анимацияға керекті әуендерді іздеу және жазу;
•
SCRATCH бағдарламасында программа құру.
Абай атамыздың тәлім-тәрбиесі мол қара
сөздеріне мультипликация құрастыру арқылы,
балалардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.
2 слайд
Жұмыстың өзектілігі: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH бағдарламасында мультипликация құрастырып, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) ұлы жазушының шығармаларын дәріптеу. Жұмыстың мақсаты • Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеу; • Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне шолу және импровизация жасау; • SCRATCH бағдарламасын зерттеу; • Анимация құру және бағдарламада орындау Жұмыстың міндеттері Күтілетін нәтиже • Мектеп жасына дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама жүргізу; • Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқу; • SCRATCH бағдарламасымен танысу және спрайт, командалармен жұмыс жүргізу; • Спрайт үшін керек суреттерді жинақтау; • Анимацияға керекті әуендерді іздеу және жазу; • SCRATCH бағдарламасында программа құру. Абай атамыздың тәлім-тәрбиесі мол қара сөздеріне мультипликация құрастыру арқылы, балалардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.
3 слайд
Абай атамыздың көркемдік, әлеуметтік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара
сөздері . Қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның әдебиет әлеміндегі көркемдік
қуатын, философиядағы даналық сауатын ерекшелеп көрсететін шығармасы. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері мазмұны жағынан бір бағытта жазылмаған, әр
түрлі. Оның алты-жетеуі қысқа болса, кейбіреуі мазмұн, тақырып жағынан ауқымды болып
келеді. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде шығарманың көркемдігіне ғана емес, оның тереңдігіне,
логикалық мәніне зер салған.
Бұл зерттеуде біз Абай
шығармаларындағы тәрбие,
ізгілік, баланың тұлға болып
қалыптасуына әсер ететін
қазақ халқының мінез-
ерекшелігін, қазақ ұлтының
әдет-ғұрып, салт - дәстүр,
жастардың адал еңбек етуі
жөніндегі жазылған қара
сөздеріне талдау жасап,
айшықтап,
мультипликация, яғни
анимация арқылы мектеп
жасына дейінгі балаларға
және бастауыш сынып
оқушыларына (мектепалды
даярлық, 1-2 сынып)
анықтап көрсетеміз. Бұл зерттеу неге қажет деген
сұрақ туындауы мүмкін. Дана
Абай өз ұлтының болашағын
ойлап, кейінгі ұрпақтың
саналы болуын өз
шығармаларына арқау еткен
адам. Абай атамыз қазақ
халқының тағдырында өзінен
кейін де өзі секілді көкірегі ояу
жастардың дүниеге келетініне
сенді. Міне, сол жастарға өзі
бітіре алмаған ісін
жалғастыруы үшін және оларға
тағы да көмек ретінде осы қара
сөздерін жазып кеткен еді.
Абайдың қара сөздерінің
тақырыптық ерекшеліктерін
дәріптеу мақсатында зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын
«Абайдың қара сөздеріне
мультипликация» деп атадық. Мультипликация жасау үшін
Scratch ойын бағдарламалау
ортасы қолданылды. Себебі,
Scratch – өте қарапайым,
түсінікті және балаларға
қызықты бағдарламалау тілі
болып табылады. Scratch
тілінде күрделі кодтар жоқ. Ең
керегі – оқи алу және санауды
білу. Scratch онлайн
платформасымен танысу және
онда жұмыс жасап, бағдарлама
құру логикалық және
креативті қабілеттерді
дамытады. Ал бағдарламалау
барысында: жобаны әзірлеу,
мәселелерді шешу
стратегияларын қалай
қолдану керектігін біле
аламыз.
3 слайд
Абай атамыздың көркемдік, әлеуметтік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның әдебиет әлеміндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық сауатын ерекшелеп көрсететін шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері мазмұны жағынан бір бағытта жазылмаған, әр түрлі. Оның алты-жетеуі қысқа болса, кейбіреуі мазмұн, тақырып жағынан ауқымды болып келеді. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде шығарманың көркемдігіне ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Бұл зерттеуде біз Абай шығармаларындағы тәрбие, ізгілік, баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін қазақ халқының мінез- ерекшелігін, қазақ ұлтының әдет-ғұрып, салт - дәстүр, жастардың адал еңбек етуі жөніндегі жазылған қара сөздеріне талдау жасап, айшықтап, мультипликация, яғни анимация арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) анықтап көрсетеміз. Бұл зерттеу неге қажет деген сұрақ туындауы мүмкін. Дана Абай өз ұлтының болашағын ойлап, кейінгі ұрпақтың саналы болуын өз шығармаларына арқау еткен адам. Абай атамыз қазақ халқының тағдырында өзінен кейін де өзі секілді көкірегі ояу жастардың дүниеге келетініне сенді. Міне, сол жастарға өзі бітіре алмаған ісін жалғастыруы үшін және оларға тағы да көмек ретінде осы қара сөздерін жазып кеткен еді. Абайдың қара сөздерінің тақырыптық ерекшеліктерін дәріптеу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Абайдың қара сөздеріне мультипликация» деп атадық. Мультипликация жасау үшін Scratch ойын бағдарламалау ортасы қолданылды. Себебі, Scratch – өте қарапайым, түсінікті және балаларға қызықты бағдарламалау тілі болып табылады. Scratch тілінде күрделі кодтар жоқ. Ең керегі – оқи алу және санауды білу. Scratch онлайн платформасымен танысу және онда жұмыс жасап, бағдарлама құру логикалық және креативті қабілеттерді дамытады. Ал бағдарламалау барысында: жобаны әзірлеу, мәселелерді шешу стратегияларын қалай қолдану керектігін біле аламыз.
4 слайд
Зерттеу жұмысын бастау кезінде ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларға және
бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) сауалнама жүргізу
арқылы зерттеу тақырыбы аясында қызығушылық деңгейлерін айқындап алдық. Өйткені,
жобаның алдағы уақытта қолданысқа енгізілу мүмкіндігін анықтағымыз келді.
3 сұрақтан тұратын сауалнама
Google Forms платформасында
құрылды. Төмендегі сілтеме
оқушылар мен балабақша
тәрбиешілеріне
ұсынылды.
https://docs.google.com/
forms/d/
1Cto1NiLb2JkL4fpTyEhJl
UAo3ii-
XnbwvHghTp8b5NA/edit?
usp=sharing Сауалнама
қорытындысы
бойынша үшінші
негізгі сұраққа
(«Тәрбиелік мәні бар
мультфильмдер сізді
қызықтыра ма?»)
барлық қатысушылар
100% «Иә» деп жауап
берген Бұдан шығатын
қорытынды,
Абайдың қара
сөздеріне
негізделген
тәрбиелік мәні бар
мультипликация
құрастыру өзекті
және маңызды
екені көрінеді.
4 слайд
Зерттеу жұмысын бастау кезінде ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) сауалнама жүргізу арқылы зерттеу тақырыбы аясында қызығушылық деңгейлерін айқындап алдық. Өйткені, жобаның алдағы уақытта қолданысқа енгізілу мүмкіндігін анықтағымыз келді. 3 сұрақтан тұратын сауалнама Google Forms платформасында құрылды. Төмендегі сілтеме оқушылар мен балабақша тәрбиешілеріне ұсынылды. https://docs.google.com/ forms/d/ 1Cto1NiLb2JkL4fpTyEhJl UAo3ii- XnbwvHghTp8b5NA/edit? usp=sharing Сауалнама қорытындысы бойынша үшінші негізгі сұраққа («Тәрбиелік мәні бар мультфильмдер сізді қызықтыра ма?») барлық қатысушылар 100% «Иә» деп жауап берген Бұдан шығатын қорытынды, Абайдың қара сөздеріне негізделген тәрбиелік мәні бар мультипликация құрастыру өзекті және маңызды екені көрінеді.
5 слайд
Басты беттегі
спрайттарға тышқанды
шерту арқылы
қолданушы Абайдың қара
сөздерін таңдап, соған
сәйкес ұсынылған
мультипликацияны көре
алады. Мысалы, жетінші
қара сөзін таңдаған кезде,
келесідей бейнекөрініске
өтеді
«Абайдың жетінші қара
сөзі» спрайтының
анимациялық қозғалысы
үшін келесідей бағдарлама
коды енгізілді. Домбыра үнімен көркемделген
бейнекөріністер керемет
ерекше әсер қалдырады
Төмендегі
бағыттауышты
басқаннан соң, төмендегі
бейнекөрініс
ашылады(10-сурет). Ең
маңызды бағдарламалау
коды мен анимациялар
осы бейнекөріністі жасау
үшін қолданылды.
Себебі, мұнда атасы мен
немересінің, әкесі мен
анасының диалогы
өрбиді. Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз.
«Бағдарламалаудың» не екенін түсінуге оңай әртүрлі операторлар бар. Солардың көмегімен
интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазып бастадық. Бағдарлама оны басып,
жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану
оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі
идеяларын сізге үйретеді.
Өз жұмысымда
мен, ең алғашқы
басты бетті
мынадай түрде
көркемдедім
5 слайд
Басты беттегі спрайттарға тышқанды шерту арқылы қолданушы Абайдың қара сөздерін таңдап, соған сәйкес ұсынылған мультипликацияны көре алады. Мысалы, жетінші қара сөзін таңдаған кезде, келесідей бейнекөрініске өтеді «Абайдың жетінші қара сөзі» спрайтының анимациялық қозғалысы үшін келесідей бағдарлама коды енгізілді. Домбыра үнімен көркемделген бейнекөріністер керемет ерекше әсер қалдырады Төмендегі бағыттауышты басқаннан соң, төмендегі бейнекөрініс ашылады(10-сурет). Ең маңызды бағдарламалау коды мен анимациялар осы бейнекөріністі жасау үшін қолданылды. Себебі, мұнда атасы мен немересінің, әкесі мен анасының диалогы өрбиді. Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз. «Бағдарламалаудың» не екенін түсінуге оңай әртүрлі операторлар бар. Солардың көмегімен интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазып бастадық. Бағдарлама оны басып, жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі идеяларын сізге үйретеді. Өз жұмысымда мен, ең алғашқы басты бетті мынадай түрде көркемдедім
6 слайд
4 Шығармашылық ойлай білу1
2
3
5 Логикалық ой-өрісін кеңейту
Жүйелі сараптау ; Ж обалау
Технологияны жылдам пайдалану білу
Т иімді өз інше әрекет етуScratch бағдарламалау ортасында жоба жасау
арқылы оқушылар төмендегідей дағдыларды
меңгереді
6 слайд
4 Шығармашылық ойлай білу1 2 3 5 Логикалық ой-өрісін кеңейту Жүйелі сараптау ; Ж обалау Технологияны жылдам пайдалану білу Т иімді өз інше әрекет етуScratch бағдарламалау ортасында жоба жасау арқылы оқушылар төмендегідей дағдыларды меңгереді
7 слайд
Осылайша, Scratch бағдарла мала у ортасын бағдарлама
жасау тілінен гөрі шығармашылық жұмыс құралы
ретінде пайдалана аламыз және осы бағдарла мала у
ортасы тілінің қарапайымдылығы программалау негізін
оңай үйренуге мүмкіндік береді. Кезегінде мен де
әртүрлі әдебиеттерді, кітаптарды қолдана отырып, өз
мақсатыма жету үшін бағдарлама кодын жазуды меңгере
алдым. Маған интернет желісіндегі әртүрлі сайттар,
әдебиеттер көмектесті. Әсіресе, Эл Свейгарттың
«Программирование для детей. Делай игры и учи язык
Scratch!» деп аталатын Эксмо баспасында 2017 жылы
жарық көрген туындысының электронды нұсқасын
қарай отырып, бағдарлама кодын жазу кезінде
қиындықтар болмады Scratch бағдарла мала у ортасында
бағдарлама жасауды меңгере алдым
7 слайд
Осылайша, Scratch бағдарла мала у ортасын бағдарлама жасау тілінен гөрі шығармашылық жұмыс құралы ретінде пайдалана аламыз және осы бағдарла мала у ортасы тілінің қарапайымдылығы программалау негізін оңай үйренуге мүмкіндік береді. Кезегінде мен де әртүрлі әдебиеттерді, кітаптарды қолдана отырып, өз мақсатыма жету үшін бағдарлама кодын жазуды меңгере алдым. Маған интернет желісіндегі әртүрлі сайттар, әдебиеттер көмектесті. Әсіресе, Эл Свейгарттың «Программирование для детей. Делай игры и учи язык Scratch!» деп аталатын Эксмо баспасында 2017 жылы жарық көрген туындысының электронды нұсқасын қарай отырып, бағдарлама кодын жазу кезінде қиындықтар болмады Scratch бағдарла мала у ортасында бағдарлама жасауды меңгере алдым
8 слайд
Қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар)
Жоба құрудағы тақырыбымның өзектілігі
және алға қойған мақсатым « Абай
Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH
бағдарламасында мультипликация құрастырып,
мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш
сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2
сынып) ұлы жазушының шығармаларын
дәріптеу» болғандықтан, айтар ұсынысым
еліміздің телеарналарында Абай атамыздың
тағылымы мол, тәрбиенің қайнар көзі саналатын
қара сөздеріне негізделген мультфильмдер
құрастырылып, көрсетілсе... Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Абайдың
әдеби мұрасы «Рухани жаңғырудың» бағдарына
айналуы қажет. Абайдың бүгінгі күнде
басшылыққа, бағыт-бағдарға алатын көптеген
насихат сөздері бар, соны терең оқу керек, түсіне
оқу керек, түйсікпен оқу керек. Ұлы ақынның
мұраларын бүгінгі күннің талабына сай
пайдалана білу қажет. Қаншама уақыт өтсе де,
Абай мұралары сарқылмас қазына болып қала
бермек және өз өзектілігін күні бүгінге дейін
жойған жоқ, келешекте те жоймақ емес. Қорыта айтқанда, осы бағдарламаны
жасай отырып, біз ұлы ақынымыз
Абай Құнанбайұлының қара
сөздерінің мән-маңызы әлі де зор
екенін ұғындық. Халқымыздың
мәңгілік қазынасы болып саналатын
ақын мұрасын тағы бір ой елегінен
өткізе келе, адамгершілікке
баулитын, ізгілікті тәлім-тәрбиеге
негізделген қара сөздерінен келешек
ұрпақтың рухани күш-қуат алуына
мультипликация жасақтау арқылы өз
үлесімізді қостық деп есептеймін.
8 слайд
Қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар) Жоба құрудағы тақырыбымның өзектілігі және алға қойған мақсатым « Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен SCRATCH бағдарламасында мультипликация құрастырып, мектеп жасына дейінгі балаларға және бастауыш сынып оқушыларына (мектепалды даярлық, 1-2 сынып) ұлы жазушының шығармаларын дәріптеу» болғандықтан, айтар ұсынысым еліміздің телеарналарында Абай атамыздың тағылымы мол, тәрбиенің қайнар көзі саналатын қара сөздеріне негізделген мультфильмдер құрастырылып, көрсетілсе... Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Абайдың әдеби мұрасы «Рухани жаңғырудың» бағдарына айналуы қажет. Абайдың бүгінгі күнде басшылыққа, бағыт-бағдарға алатын көптеген насихат сөздері бар, соны терең оқу керек, түсіне оқу керек, түйсікпен оқу керек. Ұлы ақынның мұраларын бүгінгі күннің талабына сай пайдалана білу қажет. Қаншама уақыт өтсе де, Абай мұралары сарқылмас қазына болып қала бермек және өз өзектілігін күні бүгінге дейін жойған жоқ, келешекте те жоймақ емес. Қорыта айтқанда, осы бағдарламаны жасай отырып, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің мән-маңызы әлі де зор екенін ұғындық. Халқымыздың мәңгілік қазынасы болып саналатын ақын мұрасын тағы бір ой елегінен өткізе келе, адамгершілікке баулитын, ізгілікті тәлім-тәрбиеге негізделген қара сөздерінен келешек ұрпақтың рухани күш-қуат алуына мультипликация жасақтау арқылы өз үлесімізді қостық деп есептеймін.
9 слайд
Назарларыңызға рахмет!
9 слайд
Назарларыңызға рахмет!