Абайдың "Толық адам ілімі " презентация
Абайдың "Толық адам ілімі " презентация

#1 слайд
•
Балалар кітапханасы» жобасы аясында:
Абайдың «Толық адам» ілімі
•
Д өңгелек үстел, пікір алмасу
1 слайд
• Балалар кітапханасы» жобасы аясында: Абайдың «Толық адам» ілімі • Д өңгелек үстел, пікір алмасу
#2 слайд
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да
ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім, Мыңмен жалғыз
алыстым, кінә қойма! Абай
болашақ ұрпаққа сөзін осылай
арнады. Бұл – өткеннің құлазыған
ғасырларынан өзіне бейтаныс,
басқа, бірақ жарқын болашаққа
сенімді жол салған данышпан
ақынның айтқан сөзі еді .
2 слайд
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл – өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған данышпан ақынның айтқан сөзі еді .
#3 слайд
Өзі өлсе де сөзі өлмеген ұлы Абайдың
ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-
ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасай бермек.
Оның біз білетін 200-ге жуық өлеңі, 3 поэмасы, 45
қара сөзі бар. Бірақ қанша уақыт өтсе де өміршеңдігін
жоғалтпайтын осы мұраларды оқып, ұғыну, ақынның
парасат-пайымына, білім биігіне жету – күрделі үрдіс.
Осындай сәтте Елбасымыздың: «Абай біздің ұлттық
ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз
Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым
мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан
киелі ұғым болмауға тиіс», деген сөзі ойы¬ма
оралады да тұрады. Міне, бұл – ұлттың бүгінгі
барына бойлауы үшін өре мен қабілет қажет болса,
халқының асылы мен жасығын ажыратуға, бағзысы
мен болашағын салмақтауға саналы ұрпақ керек
екендігінің айқын дәлелі
3 слайд
Өзі өлсе де сөзі өлмеген ұлы Абайдың ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан- ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасай бермек. Оның біз білетін 200-ге жуық өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар. Бірақ қанша уақыт өтсе де өміршеңдігін жоғалтпайтын осы мұраларды оқып, ұғыну, ақынның парасат-пайымына, білім биігіне жету – күрделі үрдіс. Осындай сәтте Елбасымыздың: «Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», деген сөзі ойы¬ма оралады да тұрады. Міне, бұл – ұлттың бүгінгі барына бойлауы үшін өре мен қабілет қажет болса, халқының асылы мен жасығын ажыратуға, бағзысы мен болашағын салмақтауға саналы ұрпақ керек екендігінің айқын дәлелі
#4 слайд
•
Қарасөздің хас шебері Абай өзінің
отыз сегізінші сөзінде былай дейді:
«Күллі адам баласын қор қылатын үш
нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік,
үшіншісі - залымдық». Бұл
қарасөзінде
адамның бойындағы рухани
құндылықты төмендететін
қасиеттерден алыс
болу үшін ғылым-білім үйренуге
талпыныс жасауға жол көрсетіп,
насихат
айтады.
4 слайд
• Қарасөздің хас шебері Абай өзінің отыз сегізінші сөзінде былай дейді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - залымдық». Бұл қарасөзінде адамның бойындағы рухани құндылықты төмендететін қасиеттерден алыс болу үшін ғылым-білім үйренуге талпыныс жасауға жол көрсетіп, насихат айтады.
#5 слайд
Адамды қор қылатын үш нәрсеге керісінше рухани жағынан
кемелдендіретін толық адам ұғымын адами құндылықтың ең жоғарғы
сатысына қойып: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек» деп, толық адам мәнін ашатын адамгершілік қасиеттерді
саралайды. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттің жоғарғы шыңындағы
осы үш қасиетті біріктіріп, оны өрісі кең әлеуметтік күшке жетелейтін
ғылымдеген тұжырымға келеді. Адам баласына керекті үш нәрсе ыстық
қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен зерделеп, толық адамға тән
қасиетті айрықша сипаттайды. Мұндағы, «ыстық қайрат» - үнемі ізденісте
болып, алға ұмтылу, «нұрлы ақыл» - ізгілікті іс жасауда жан-жағына сәуле
беріп, Алла берген ақылды жақсылыққа жұмсау, ал «жылы жүрек» - иманды
болу жолында адамдарға құрметпен қарау, мейірім сыйлау, адамдардың мұң-
мұқтажын, көңіл-күйін түсіне білу. Абай іздеген толық адам осы
қасиеттерден туындайтын, тұла бойы тұнған ар, ұят, пенделіктен қол үзген
рахымды, еңбекқор, қанағатшыл имандылық жолындағы азамат болып
табылады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген
тұжырымы, ақынның толық адам хақындағы негізгі ұстанымының түйіні.
5 слайд
Адамды қор қылатын үш нәрсеге керісінше рухани жағынан кемелдендіретін толық адам ұғымын адами құндылықтың ең жоғарғы сатысына қойып: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адам мәнін ашатын адамгершілік қасиеттерді саралайды. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттің жоғарғы шыңындағы осы үш қасиетті біріктіріп, оны өрісі кең әлеуметтік күшке жетелейтін ғылымдеген тұжырымға келеді. Адам баласына керекті үш нәрсе ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен зерделеп, толық адамға тән қасиетті айрықша сипаттайды. Мұндағы, «ыстық қайрат» - үнемі ізденісте болып, алға ұмтылу, «нұрлы ақыл» - ізгілікті іс жасауда жан-жағына сәуле беріп, Алла берген ақылды жақсылыққа жұмсау, ал «жылы жүрек» - иманды болу жолында адамдарға құрметпен қарау, мейірім сыйлау, адамдардың мұң- мұқтажын, көңіл-күйін түсіне білу. Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын, тұла бойы тұнған ар, ұят, пенделіктен қол үзген рахымды, еңбекқор, қанағатшыл имандылық жолындағы азамат болып табылады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген тұжырымы, ақынның толық адам хақындағы негізгі ұстанымының түйіні.
#6 слайд
Абай мұрасымен толығып, бірін бірі
кіріктіре берсін деп тілейік. Абайдың тәні
қара жердің қойнауында болғанымен,
рухы қазақтың сайын даласында, ұлан-
байтақ аспанында мәңгі жасайтыны анық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: қазақ
халқы көк нөсер ақындарынан, дарабоз
жазушылары мен данышпандарынан,
тектілерінен кенде болмаса да, Абай біреу
екені ақиқат. Абай – әлі де жұмбақ әлем,
биік шың. Абайдың мәңгі өлмейтін
туындылары қазақ елін тербей түссі
6 слайд
Абай мұрасымен толығып, бірін бірі кіріктіре берсін деп тілейік. Абайдың тәні қара жердің қойнауында болғанымен, рухы қазақтың сайын даласында, ұлан- байтақ аспанында мәңгі жасайтыны анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: қазақ халқы көк нөсер ақындарынан, дарабоз жазушылары мен данышпандарынан, тектілерінен кенде болмаса да, Абай біреу екені ақиқат. Абай – әлі де жұмбақ әлем, биік шың. Абайдың мәңгі өлмейтін туындылары қазақ елін тербей түссі
#7 слайд
•
Жасыратыны жоқ, қазіргі жастарымыздың екі құлағы
тығындаулы, көздері компьютермен тұмшалаулы, ойларының
арнасы «айфон», «смартфон», «айпадтармен» бітеулі. Осындай
қоғам дертіне шалдыққан жастардың санасын сауықтыру, ойын
жарықтандыру, қиялын өрістету, ақылын асылдандыру үшін Абай
шығармаларын оқуға, Абай туындыларын зерделеуге, Абайдан
шыққан ақылға бұра аламыз ба? Міне, бұл – үлкен маңызды
мәселе. Ұрпағымыз білімді, халқымыз парасатты, мәдениетті болу
үшін жастар тәрбиесімен айналысып жүрген мамандар осы жағын
терең ойластырса... Рас, Абай – суалмайтын, тартылмайтын дария.
7 слайд
• Жасыратыны жоқ, қазіргі жастарымыздың екі құлағы тығындаулы, көздері компьютермен тұмшалаулы, ойларының арнасы «айфон», «смартфон», «айпадтармен» бітеулі. Осындай қоғам дертіне шалдыққан жастардың санасын сауықтыру, ойын жарықтандыру, қиялын өрістету, ақылын асылдандыру үшін Абай шығармаларын оқуға, Абай туындыларын зерделеуге, Абайдан шыққан ақылға бұра аламыз ба? Міне, бұл – үлкен маңызды мәселе. Ұрпағымыз білімді, халқымыз парасатты, мәдениетті болу үшін жастар тәрбиесімен айналысып жүрген мамандар осы жағын терең ойластырса... Рас, Абай – суалмайтын, тартылмайтын дария.
шағым қалдыра аласыз













