Адалдық
Адалдық

#1 слайд
№29 жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы: «Білім келешегі:
Адал азамат –
Кәсіби маман»
Орындаған: Физика пәнінің
мұғалімі: Есейтова А.Т.
1 слайд
№29 жалпы білім беретін мектеп Тақырыбы: «Білім келешегі: Адал азамат – Кәсіби маман» Орындаған: Физика пәнінің мұғалімі: Есейтова А.Т.
#2 слайд
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Әл-Фараби
2 слайд
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби
#3 слайд
Кіріспе
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты
міндеті – тек білім мен дағды беру ғана емес,
сонымен қатар елжанды, әділ, адал және
кәсіби тұрғыдан қалыптасқан азаматты
тәрбиелеу. «Адал азамат – кәсіби маман»
қағидаты білім мен тәрбие жүйесінің өзегіне
айналуы қажет. Өйткені қоғамда
адамгершілік пен кәсібилікті қатар
ұстанатын тұлғалар ғана тұрақты даму мен
өркендеудің кепілі бола алады.Қазіргі
қоғамға тек білімді ғана емес, сонымен қатар
адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілікті
азамат қажет.
3 слайд
Кіріспе Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеті – тек білім мен дағды беру ғана емес, сонымен қатар елжанды, әділ, адал және кәсіби тұрғыдан қалыптасқан азаматты тәрбиелеу. «Адал азамат – кәсіби маман» қағидаты білім мен тәрбие жүйесінің өзегіне айналуы қажет. Өйткені қоғамда адамгершілік пен кәсібилікті қатар ұстанатын тұлғалар ғана тұрақты даму мен өркендеудің кепілі бола алады.Қазіргі қоғамға тек білімді ғана емес, сонымен қатар адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілікті азамат қажет.
#4 слайд
Қоғам дамуының басты тірегі —
сапалы білім мен тәрбие. Тек білімі
жеткілікті емес, сонымен қатар адал,
жауапты, кәсібилігі жоғары азаматтар
ғана ел болашағын жарқын ете алады.
Білім беру мекемелерінің бүгінгі
міндеті — білім алушыларды жан-
жақты дамыған, адал әрі кәсіби маман
етіп тәрбиелеу. Бұл бағытта жүйелі
жұмыс жүргізу маңызды.
Білім – қоғам дамуының басты тірегі.
Ал сапалы білім берудің мақсаты –
адал, білімді, кәсіби маман
қалыптастыру. Бұл бағыттағы тәрбие
мен оқыту барлық пәндерде, соның
ішінде физика ғылымында да маңызды
рөл атқарады. Физика – тек формула
мен есеп емес, ол – шындықты,
әділеттілікті, дәлдікті үйрететін пән.
Сол себепті бұл ғылым арқылы тек
білімді ғана емес, әділ әрі адал азамат
тәрбиелеуге мүмкіндік бар.
Білімнің өзі адалдықпен, әділеттілікпен ұштаспаса, оның
пайдасынан гөрі зияны көбірек болуы мүмкін.
Сондықтан ел болашағын қалыптастыратын тұлға — ең
алдымен, адал азамат, содан кейін кәсіби маман болуы
тиіс.
Адал азамат – қоғамның іргетасы.
4 слайд
Қоғам дамуының басты тірегі — сапалы білім мен тәрбие. Тек білімі жеткілікті емес, сонымен қатар адал, жауапты, кәсібилігі жоғары азаматтар ғана ел болашағын жарқын ете алады. Білім беру мекемелерінің бүгінгі міндеті — білім алушыларды жан- жақты дамыған, адал әрі кәсіби маман етіп тәрбиелеу. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу маңызды. Білім – қоғам дамуының басты тірегі. Ал сапалы білім берудің мақсаты – адал, білімді, кәсіби маман қалыптастыру. Бұл бағыттағы тәрбие мен оқыту барлық пәндерде, соның ішінде физика ғылымында да маңызды рөл атқарады. Физика – тек формула мен есеп емес, ол – шындықты, әділеттілікті, дәлдікті үйрететін пән. Сол себепті бұл ғылым арқылы тек білімді ғана емес, әділ әрі адал азамат тәрбиелеуге мүмкіндік бар. Білімнің өзі адалдықпен, әділеттілікпен ұштаспаса, оның пайдасынан гөрі зияны көбірек болуы мүмкін. Сондықтан ел болашағын қалыптастыратын тұлға — ең алдымен, адал азамат, содан кейін кәсіби маман болуы тиіс. Адал азамат – қоғамның іргетасы.
#5 слайд
Адал азамат – қоғамның іргетасы.
Әрбір қоғамның
дамуы – ондағы
жеке тұлғалардың
адамгершілік
қасиеттеріне тікелей
байланысты. Сол
қасиеттердің
ішіндегі ең құндысы
– Адалдық.
Адал азамат – ел
болашағының кепілі,
қоғамның тірегі, үлгі
тұтар тұлға.
Адалдық – бұл
шынайылық, әділдік және
ар-ұятты сақтай отырып
өмір сүру. Ол адамның
ішкі мәдениеті мен
тәрбиесінің көрсеткіші.
Адал азамат – баршаға үлгі
бола отырып, ел бірлігін
сақтауға, әділдіктің
орнауына, болашақ
ұрпақтың дұрыс бағыт
алуына ықпал етеді.
Мұғалімнің өз кәсібіне деген адалдығы, оқушыға әділ баға қоюы,
әріптестермен сыйластықта болуы – бәрі педагогтің кәсіби әдеп
кодексінің негізі.
5 слайд
Адал азамат – қоғамның іргетасы. Әрбір қоғамның дамуы – ондағы жеке тұлғалардың адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол қасиеттердің ішіндегі ең құндысы – Адалдық. Адал азамат – ел болашағының кепілі, қоғамның тірегі, үлгі тұтар тұлға. Адалдық – бұл шынайылық, әділдік және ар-ұятты сақтай отырып өмір сүру. Ол адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Адал азамат – баршаға үлгі бола отырып, ел бірлігін сақтауға, әділдіктің орнауына, болашақ ұрпақтың дұрыс бағыт алуына ықпал етеді. Мұғалімнің өз кәсібіне деген адалдығы, оқушыға әділ баға қоюы, әріптестермен сыйластықта болуы – бәрі педагогтің кәсіби әдеп кодексінің негізі.
#6 слайд
Кәсіби маман – ел дамуының кепілі.
Кәсіби маман – бұл тек белгілі бір
салада жұмыс істейтін адам емес, ол –
білімін үнемі жетілдіріп отыратын,
жаңашылдыққа ұмтылатын,
жауапкершілігі жоғары тұлға.
Ұстаздың міндеті – білім берумен қатар,
тұлғаның адами бейнесін қалыптастыру
Болашақ маман өз ісінің шебері ғана емес, елге,
қоғамға адал қызмет ететін тұлға болуы керек.
Бүгінде мемлекетіміз жастарды түрлі бағытта
қолдап, олардың сапалы білім алып, бәсекеге
қабілетті болуына жағдай жасауда. Бұл
мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, болашақта
білікті маман болу – әрбір жастың парызы.
Қорытындылай келе, ел дамуы кәсіби
мамандарсыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір
азамат өзінің мамандығына шынайы беріліп, ел
игілігі үшін еңбек етуі керек.
6 слайд
Кәсіби маман – ел дамуының кепілі. Кәсіби маман – бұл тек белгілі бір салада жұмыс істейтін адам емес, ол – білімін үнемі жетілдіріп отыратын, жаңашылдыққа ұмтылатын, жауапкершілігі жоғары тұлға. Ұстаздың міндеті – білім берумен қатар, тұлғаның адами бейнесін қалыптастыру Болашақ маман өз ісінің шебері ғана емес, елге, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болуы керек. Бүгінде мемлекетіміз жастарды түрлі бағытта қолдап, олардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасауда. Бұл мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, болашақта білікті маман болу – әрбір жастың парызы. Қорытындылай келе, ел дамуы кәсіби мамандарсыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір азамат өзінің мамандығына шынайы беріліп, ел игілігі үшін еңбек етуі керек.
#7 слайд
Педагогтің кәсіби
әдеп кодексі
Педагогтің кәсіби әдеп кодексі –
мұғалімдердің қызмет барысында ұстануға
тиіс мінез-құлық нормаларын белгілейтін
құжат. Оның мақсаты:
-Педагогтің мәртебесін көтеру;
- Әдептілік пен жауапкершілікті
қалыптастыру;
- Оқушылардың ар-намысы мен
құқықтарын құрметтеу;
- Жұмыс барысында сыпайы, әділ,
мәдениетті болу;
- Қызметте жеке пайда көздемеу;
- Кәсіби дамуға ұмтылу;
- Әріптестермен және ата-аналармен
ынтымақтастықта болу.
-Педагогтің кәсіби әдеп кодексі —
ұстаз беделін арттырып, білім беру
сапасын нығайтатын маңызды құрал.
Әдеп нормаларын сақтау арқылы
мұғалім өз ортасына оң ықпал етіп,
жас ұрпаққа нағыз үлгі бола алады.
Ұстаздың үлгісі — баланың
болашағына әсер ететін басты
факторлардың бірі екенін естен
шығармау қажет.
7 слайд
Педагогтің кәсіби әдеп кодексі Педагогтің кәсіби әдеп кодексі – мұғалімдердің қызмет барысында ұстануға тиіс мінез-құлық нормаларын белгілейтін құжат. Оның мақсаты: -Педагогтің мәртебесін көтеру; - Әдептілік пен жауапкершілікті қалыптастыру; - Оқушылардың ар-намысы мен құқықтарын құрметтеу; - Жұмыс барысында сыпайы, әділ, мәдениетті болу; - Қызметте жеке пайда көздемеу; - Кәсіби дамуға ұмтылу; - Әріптестермен және ата-аналармен ынтымақтастықта болу. -Педагогтің кәсіби әдеп кодексі — ұстаз беделін арттырып, білім беру сапасын нығайтатын маңызды құрал. Әдеп нормаларын сақтау арқылы мұғалім өз ортасына оң ықпал етіп, жас ұрпаққа нағыз үлгі бола алады. Ұстаздың үлгісі — баланың болашағына әсер ететін басты факторлардың бірі екенін естен шығармау қажет.
#8 слайд
Білім беру жүйесінің тиімділігі –
жоспарлы әрі мақсатты
жұмыстың нәтижесі. Осы тұрғыда
стратегиялық жоспар — білім беру
ұйымының ұзақ мерзімді дамуын
айқындайтын негізгі құжат. Ол
оқу-тәрбие процесінің барлық
бағытымен тығыз байланысты.
Әрбір педагог пен әкімшілік
стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге сәйкес жұмыс істеуге
міндетті.
Стратегиялық жоспардың негізгі
мақсаты – білім сапасын арттыру. Бұл
үшін педагогтің жеке жоспарымен,
мектепішілік бақылау және тәрбие
жоспарымен сәйкестік қажет. Әрбір
жоспарланған іс-шара, жоба немесе
курс мектептің даму мақсатына
бағытталуы керек.
Бүгінгі стратегиялық құжаттарда цифрлық білім беру, инклюзивті орта қалыптастыру,
қауіпсіздік мәдениеті сынды маңызды бағыттар бар. Мұғалім мен әкімшілік осы бағыттарды
іс-шаралар мен күнделікті қызметке енгізе отырып, жоспармен тығыз байланыста жұмыс
істеуі керек. Стратегиялық жоспар – жай құжат емес, ол білім беру ұйымының жол картасы.
Әрбір педагог өз жұмысының стратегиялық құжатпен байланысын түсініп, нәтижеге
бағытталған әрекет жасағанда ғана білім беру сапасы мен тәрбие тиімділігі артады
Стратегиялық жоспармен
байланысы.
Цифрландыру және инклюзия
бағыттары
8 слайд
Білім беру жүйесінің тиімділігі – жоспарлы әрі мақсатты жұмыстың нәтижесі. Осы тұрғыда стратегиялық жоспар — білім беру ұйымының ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын негізгі құжат. Ол оқу-тәрбие процесінің барлық бағытымен тығыз байланысты. Әрбір педагог пен әкімшілік стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыс істеуге міндетті. Стратегиялық жоспардың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру. Бұл үшін педагогтің жеке жоспарымен, мектепішілік бақылау және тәрбие жоспарымен сәйкестік қажет. Әрбір жоспарланған іс-шара, жоба немесе курс мектептің даму мақсатына бағытталуы керек. Бүгінгі стратегиялық құжаттарда цифрлық білім беру, инклюзивті орта қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениеті сынды маңызды бағыттар бар. Мұғалім мен әкімшілік осы бағыттарды іс-шаралар мен күнделікті қызметке енгізе отырып, жоспармен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Стратегиялық жоспар – жай құжат емес, ол білім беру ұйымының жол картасы. Әрбір педагог өз жұмысының стратегиялық құжатпен байланысын түсініп, нәтижеге бағытталған әрекет жасағанда ғана білім беру сапасы мен тәрбие тиімділігі артады Стратегиялық жоспармен байланысы. Цифрландыру және инклюзия бағыттары
#9 слайд
Физика – әділет пен дәлдіктің ғылымы
Физика заңдары
өзгермейді, олар
объективті шындыққа
негізделген. Бұл қасиет
физиканы оқушыларға
адалдық пен
нақтылықты үйрететін
құралға айналдырады.
Эксперимент
нәтижесін бұрмалау –
шындыққа қарсы
әрекет.
- Есепті дұрыс әдіспен
шығару – әділ жол.
- Физикалық
шамаларды нақты
өлшеу –
жауапкершілік пен
адалдықты талап
етеді. яғни, физика
арқылы оқушы
әділеттілікке,
тәртіпке,
жауапкершілікке
тәрбиеленеді.
І
Физика пәнінде адалдықты
қалыптастыру жолдары
- Жасанды интеллект,
виртуалдық зертханалар
сияқты жаңа технологияларды
қолдану арқылы ашық және
әділ бағалау жүйесін енгізуге
болады.
- Зертханалық жұмыстарда
оқушыларға дәлдік пен
шынайылықтың маңызын
үйрету керек.
- Жоба, реферат, ғылыми
жұмыс жазу кезінде плагиатқа
жол бермеу, авторлық
жауапкершілік түсіндірілуі
тиіс.
9 слайд
Физика – әділет пен дәлдіктің ғылымы Физика заңдары өзгермейді, олар объективті шындыққа негізделген. Бұл қасиет физиканы оқушыларға адалдық пен нақтылықты үйрететін құралға айналдырады. Эксперимент нәтижесін бұрмалау – шындыққа қарсы әрекет. - Есепті дұрыс әдіспен шығару – әділ жол. - Физикалық шамаларды нақты өлшеу – жауапкершілік пен адалдықты талап етеді. яғни, физика арқылы оқушы әділеттілікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиеленеді. І Физика пәнінде адалдықты қалыптастыру жолдары - Жасанды интеллект, виртуалдық зертханалар сияқты жаңа технологияларды қолдану арқылы ашық және әділ бағалау жүйесін енгізуге болады. - Зертханалық жұмыстарда оқушыларға дәлдік пен шынайылықтың маңызын үйрету керек. - Жоба, реферат, ғылыми жұмыс жазу кезінде плагиатқа жол бермеу, авторлық жауапкершілік түсіндірілуі тиіс.
#10 слайд
«Білім келешегі: Адал
азамат – кәсіби маман»
ұстанымы — бүгінгі
білім беру жүйесінің
негізгі бағыттарының
бірі. Бұл тұжырым
жастарды тек пәндік
біліммен
қаруландырумен
шектелмей, олардың
бойында адалдық,
әділдік, жауапкершілік,
кәсіби шеберлік сияқты
адамгершілік
құндылықтарды қатар
қалыптастыруды
көздейді.
Қорытындылай келе,
еліміздің болашағы —
білімді, адал және
кәсіби тұрғыда
дайындалған жастардың
қолында. Олар —
Қазақстанның ертеңгі
дамуының тірегі.
Сондықтан да білім
берудегі басты
басымдық — адал
азаматты, кәсіби
маманды қалыптастыру
болмақ.
Физика пәні – тек
ғылыми пән емес, ол
тұлға тәрбиелеудің
құралы. Бұл пән арқылы
біз оқушыларды
адалдыққа, дәлдікке,
жауапкершілікке баули
аламыз. Сонымен қатар,
физиканы меңгеру
болашақта кәсіби білікті
маман қалыптастыруға
негіз болады.«Білім
келешегі: Адал азамат –
Кәсіби маман» идеясы
физика пәнінде нақты
жүзеге асырыла алады.
Қорытынды
10 слайд
«Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» ұстанымы — бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл тұжырым жастарды тек пәндік біліммен қаруландырумен шектелмей, олардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, кәсіби шеберлік сияқты адамгершілік құндылықтарды қатар қалыптастыруды көздейді. Қорытындылай келе, еліміздің болашағы — білімді, адал және кәсіби тұрғыда дайындалған жастардың қолында. Олар — Қазақстанның ертеңгі дамуының тірегі. Сондықтан да білім берудегі басты басымдық — адал азаматты, кәсіби маманды қалыптастыру болмақ. Физика пәні – тек ғылыми пән емес, ол тұлға тәрбиелеудің құралы. Бұл пән арқылы біз оқушыларды адалдыққа, дәлдікке, жауапкершілікке баули аламыз. Сонымен қатар, физиканы меңгеру болашақта кәсіби білікті маман қалыптастыруға негіз болады.«Білім келешегі: Адал азамат – Кәсіби маман» идеясы физика пәнінде нақты жүзеге асырыла алады. Қорытынды
#11 слайд
Білім мен адалдық –
жарқын болашақ кепілі
Білімділік пен адалдық – кәсіби табыс пен
қоғамның дамуының негізгі қозғаушы күші.
Әрбір жас азаматтың саналы таңдауы –
еліміздің жарқын болашағының кепілі.
11 слайд
Білім мен адалдық – жарқын болашақ кепілі Білімділік пен адалдық – кәсіби табыс пен қоғамның дамуының негізгі қозғаушы күші. Әрбір жас азаматтың саналы таңдауы – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
шағым қалдыра аласыз













