Материалдар / "АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ" АТТЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ" АТТЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
мҰҒАЛІМ, СТУДЕНТ, ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Ақтөбе облысы білім басқармасы Ақтөбе гуманитарлық колледжі АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ Ордаба

1 слайд
Ақтөбе облысы білім басқармасы Ақтөбе гуманитарлық колледжі АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ Ордабаева Ансаған Мирболатқызы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Жетекшісі: Ниетбаева Кабира Туремуратовна Ақтөбе гуманитарлық колледжі, география және арнайы пәндер оқытушысы, педагогика магистрі

Мен «Өзін-өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша негізгі білім беретін колледж студент

2 слайд
Мен «Өзін-өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша негізгі білім беретін колледж студентімін. Біз қоғамдағы рухани және адамгершілік құндылықтар тек білім арқылы ғана қалыптасатынын теориялық және практикалық тұрғыдан да үйреніп келеміз. Сондықтан мен, болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде экологиялық мәселені өзін-өзі тану пәнімен интеграциялауды қарастырдым. Бұл болашақта менің бастауыш мектепте жаратылыстану және дүниетану пәндерін экологиямен де, өзін-өзі тану пәнімен де байланыстырудағы тәжірибемді жетілдіреді деп ойлаймын.

«Қоғамдағы рухани және адамгершілік құндылықтарды білім арқылы жандандырған дұрыс . Тек білім арқылы ғана біз қо

3 слайд
«Қоғамдағы рухани және адамгершілік құндылықтарды білім арқылы жандандырған дұрыс . Тек білім арқылы ғана біз қоғамдағы рухани байлықты қалыптастырамыз және әр адамның бойындағы ерекше қасиеттерді танып, игі істерді жүзеге асырамыз» С.А.Назарбаева

Адам - Жердің басты байлығы. Жердегі барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы - Адам. Бұл бәрімізге ақиқ

4 слайд
Адам - Жердің басты байлығы. Жердегі барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы - Адам. Бұл бәрімізге ақиқат.

Адамзат тарихының дамуы, ғылыми- техникалық прогресстің дамуы - қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты барынша шиел

5 слайд
Адамзат тарихының дамуы, ғылыми- техникалық прогресстің дамуы - қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты барынша шиеленістіріп, қоршаған ортаның бұзылуына, экологиялық мәселелердің пайда болуына алып келді. Сондай мәселелердің бірі – адам экологиясы .

АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ҰҒЫМЫНА БІРНЕШЕ АНЫҚТАМА БЕРУГЕ БОЛАДЫ: 1. Биосфера мен адамзаттың өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтар

6 слайд
АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ ҰҒЫМЫНА БІРНЕШЕ АНЫҚТАМА БЕРУГЕ БОЛАДЫ: 1. Биосфера мен адамзаттың өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы. 2. Адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру және қорғау туралы пән. 3. Адам экологиясы - адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әртүрлі салаларының басын біріктіреді. Осы анықтамалардан адам экологиясы негізінде дұрыс қарым-қатынас жасау, өзіне, басқа адамдарға, табиғатқа зиян келтірмеу, қиянат жасамау сияқты адами құндылықтар жатқанын байқауға болады.

Айтылған ойымыздың дәлелін «Адам экологиясы» ұғымын алғаш ұсынған ( 1921 ж.) американдық ғалымдар Р.Е.Парк пен

7 слайд
Айтылған ойымыздың дәлелін «Адам экологиясы» ұғымын алғаш ұсынған ( 1921 ж.) американдық ғалымдар Р.Е.Парк пен Э.В.Берджестің «адам экологиясы - адам және оның қоршаған ортамен қарым - қатынасының заңдылықтарын зерттейтін ғылым» деп қарастыруынан да байқауға болады.

Сонымен адам экологиясының негізгі түсінігі – адам денсаулығы. Адам материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы

8 слайд
Сонымен адам экологиясының негізгі түсінігі – адам денсаулығы. Адам материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы ғана емес, сонымен бірге өзінің шаруашылық әрекетімен қоршаған ортаның бұзылуына әсер етуші екені де шындық. Адамның денсаулығы, табиғат байлығы – баға жетпес құндылықтар. Адам - табиғаттың туындысы, сыйы және табиғатсыз өмір сүре алмайтыны да анық. Сондықтан табиғат пен оның байлықтарын бағалау, қорғау, оған қамқор болу - ақиқат. Ал ақиқат – жалпыадамзаттық құндылық негізі.

Қазіргі кезде адам экологиясы көптеген әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысады, олар: - философия; - әлеуметтану; - этика, эс

9 слайд
Қазіргі кезде адам экологиясы көптеген әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысады, олар: - философия; - әлеуметтану; - этика, эстетика; - педагогика, психология; - медицина; - демография; - тарих; - генетика; - биология; - экономика және т.б.

Адам экологиясы мен демография ғылымы халықты ұқсас тұрғыдан зерттейді. Демографияға қатысты халықтың туу мен өліміні

10 слайд
Адам экологиясы мен демография ғылымы халықты ұқсас тұрғыдан зерттейді. Демографияға қатысты халықтың туу мен өлімінің дұрыс көрсеткіші, өмірдің орташа ұзақтығын арттыруда адамның салауатты өмір салтын дұрыс ұстауы, денсаулық сақтау үшін күн режимін дұрыс ұйымдастыруы сияқты әрекеттер - адам денсаулығы үшін іс-жүзінде қолданылатын құндылықтар болып табылады. Енді адам экологиясының жекелеген ғылымдармен байланысын қарастырып көрейік ...

Адам экологиясының тарих ғылымымен байланысын аймақтар археологиясы, палеоэкология, палеопатология және этникалық э

11 слайд
Адам экологиясының тарих ғылымымен байланысын аймақтар археологиясы, палеоэкология, палеопатология және этникалық экология сияқты зерттеу нысандарының ұқсастығынан байқауға болады. Бұл - әр адамның ө з тегінің, отбасының, жақын және тағдырлас адамдардың тарихына қызығушылық танытуы, оған сүйіспеншілікпен қарауы және өзін-өзі дамытуы. Өйткені сүйіспеншілікпен жасалған әрекет адамға жан тыныштығын сыйлайды.

Адам экологиясын психология ғылымы зерттейтін адамның жаны, өзін-өзі ұстауы, жағымды ойлау, өзіне деген сенімділік,

12 слайд
Адам экологиясын психология ғылымы зерттейтін адамның жаны, өзін-өзі ұстауы, жағымды ойлау, өзіне деген сенімділік, ішкі жан тыныштығы сияқты мәліметтер де қызықтырады. Адамдардың психикалық ерекшеліктерін білу олардың қоршаған ортамен байланысын жақсартады, психологиялық жағдайына теріс әсер ететін факторларды жоюға көмектеседі. Ал биология ғылымы адам экологиясының өте маңызды бөлігі. Адам өз дене құрылысының биологиялық ерекшеліктерін білу арқылы, өз денсаулығына, дене мүсінінің сымбатты болуына сүйіспеншілікпен қарайтын болады.

Адам экологиясының медицинамен байланысы Адам гигиенасы - медициналық ғылым, қоршаған ортаның адам организміне (денс

13 слайд
Адам экологиясының медицинамен байланысы Адам гигиенасы - медициналық ғылым, қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмір ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді. Бұған елді мекендерді таза ұстау, адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту туралы нормативтер, талаптар, санитарлық шаралар және оларды орындаудағы дұрыс әрекеттер жатады.

Сонымен бірге адам экологиясы әлемдік табиғи ресурстар, әлемдегі азық- түлік жағдайы, халықаралық қоғамдық еңбек

14 слайд
Сонымен бірге адам экологиясы әлемдік табиғи ресурстар, әлемдегі азық- түлік жағдайы, халықаралық қоғамдық еңбек бөлінісі, кенттену, денсаулық сақтау, қоршаған орта, рекреациялық экономика сияқты экономика бағыттарымен тығыз байланысты. Өйткені экономиканың негізінде адамның шығармашылық күші, өркендеуі мен тұрақтылығы сияқты адами құндылықтар жатыр.

Адам экологиясын оқып-үйренудегі менің мақсатым - адам денсаулығын сақтау мен дамытуды, адамның физикалық және а

15 слайд
Адам экологиясын оқып-үйренудегі менің мақсатым - адам денсаулығын сақтау мен дамытуды, адамның физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерін сауықтыруды қарастыру. Пәнаралық әрі кешенді ғылым ретінде қарастырылатын адам экологиясы туралы білімімді тереңдету.

Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Жер – адамның өмір сүріп жатқан үйі, сол үйдің тұрақты әрі

16 слайд
Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.  Жер – адамның өмір сүріп жатқан үйі, сол үйдің тұрақты әрі таза болуы адамның сүйіспеншілігіне, дұрыс әрекетіне, ақиқатты тануына байланысты. Адам экологиясы қоршаған ортаны қорғау мәселесімен тығыз байланысты. Егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан қажетімізді аламыз және болашақта оқытатын балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға үйретеміз.

Адам табиғатқа мейірімділік, сүйіспеншілік және қамқорлық танытқан кезде, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай

17 слайд
Адам табиғатқа мейірімділік, сүйіспеншілік және қамқорлық танытқан кезде, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты мекен болады. Мен мақаламды Ш.Айтматовтың: «Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр», - деген сөзімен қорытындылаймын. Назарларыңызға рахмет!