Адам мінезі 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырып: Адам мінезі.
1 слайд
Тақырып: Адам мінезі.
2 слайд
Құндылық : Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет
ету, жанашырлық, шынайылық.
2 слайд
Құндылық : Сүйіспеншілік. Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамгершілік
қасиеттер туралы білімдерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге
үйрету.
Дамытушылық : Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін
дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету. Дамытушылық : Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік : Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.
4 слайд
4 слайд
5 слайд
Жағымды күйге келу.
«Нұрға бөлену»
5 слайд
Жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру.
1. №9 - сабақ. Қажетті сөздердің ішінен жақсы мінезге тән қасиеттерді
теріп жазыңдар.
Қажетті сөздер : кішіпейілділік, қырсықтық, адалдық, ақкөңілділік,
мақтаншақтық, жауапсыздық, қайсарлылық, мейірімділік, ұстамдылық,
ашуланшақтық, жігерлілік.
2. Келесі сабақ. №10, «Халық суретшісі» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Әбілхан өз арманына жету үшін қандай әрекеттер жасады?
2. Әбілханды мақсатына жеткізген қандай қасиет?
3. Мінезді қалай жақсартуға болады?
4. Өз бойыңдағы қасиеттерді қалай ашып жүрсің?
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру. 1. №9 - сабақ. Қажетті сөздердің ішінен жақсы мінезге тән қасиеттерді теріп жазыңдар. Қажетті сөздер : кішіпейілділік, қырсықтық, адалдық, ақкөңілділік, мақтаншақтық, жауапсыздық, қайсарлылық, мейірімділік, ұстамдылық, ашуланшақтық, жігерлілік. 2. Келесі сабақ. №10, «Халық суретшісі» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Әбілхан өз арманына жету үшін қандай әрекеттер жасады? 2. Әбілханды мақсатына жеткізген қандай қасиет? 3. Мінезді қалай жақсартуға болады? 4. Өз бойыңдағы қасиеттерді қалай ашып жүрсің?
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі.
«Адамның жақсысы — адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»
Абай Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —
ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің
негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси
қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік,
қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?
2. Сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіздер? Кімге?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі. «Адамның жақсысы — адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» Абай Құнанбаев Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Сұрақтар: 1. Сүйіспеншілік дегеніміз не? 2. Сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіздер? Кімге? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
8 слайд
Мұғалім сыйы Нағыз жомарттылық (Аңыз әңгіме)
Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафари Таиар бір
құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл,
бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте
бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған
бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші
бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың
қасына жақындап сұрайды:
- Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін
күшікке бердің?
– Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп
жүр.
– Жарайды, ал өзің аш жүресің бе, не жейсің енді,- деп сұрайды хазіреті.
– Аш жүріп, сабыр сақтаймын, - дейді құл.
Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт
деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де
артық» — дейді де, құрма бағын да және осы құлды да қожайынынан
сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да
ішіндегілерімен бірге құлға сыйға тартады. Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа
біреу айтқан екен:
– Абдуллаһ, Сен қазір одан да жомарт болдың.
– Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін
берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім емес пе? — деген екен
Абдуллаһ хазірет.
8 слайд
Мұғалім сыйы Нағыз жомарттылық (Аңыз әңгіме) Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафари Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды: - Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің? – Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр. – Жарайды, ал өзің аш жүресің бе, не жейсің енді,- деп сұрайды хазіреті. – Аш жүріп, сабыр сақтаймын, - дейді құл. Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық» — дейді де, құрма бағын да және осы құлды да қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге құлға сыйға тартады. Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен: – Абдуллаһ, Сен қазір одан да жомарт болдың. – Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім емес пе? — деген екен Абдуллаһ хазірет.
9 слайд
Сұрақтар:
1. Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың
жомарттығын өзінің жомарттылығынан жоғары
санады?
2. Өздерің жомарттық танытқан кісілерді
кездестірдіңдер ме?
3. Әңгімеден не түсіндіңіз?
9 слайд
Сұрақтар: 1. Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомарттығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады? 2. Өздерің жомарттық танытқан кісілерді кездестірдіңдер ме? 3. Әңгімеден не түсіндіңіз?
10 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма.
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
Тапсырма: «Мақалды жалғастыр»
1. Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
... .... .... .... .... .... ....
(Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап)
2. Біреу, біреуге ....
(Біреу, біреуге сүйеу)
3. Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға ... ....
(Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы)
4. Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар. Кегі жоқ.
(Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар. ... ...)
10 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: «Мақалды жалғастыр» 1. Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, ... .... .... .... .... .... .... (Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап) 2. Біреу, біреуге .... (Біреу, біреуге сүйеу) 3. Сырласуға дос жақсы, Сыйласуға ... .... (Сырласуға дос жақсы, Сыйласуға жат жақсы) 4. Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар. Кегі жоқ. (Ақ сауыттың жағасы бар, Жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар. ... ...)
11 слайд
Еркін Нұржанов. «Анашым»
Елжіреп жататын ертегімде,
Есімде балапан күндерім.
Сол айтқан ертегі жетелеген,
Керемет түсінген түндерім.
Қайырмасы:
Шуақты нұрыңмен
Нұрбақыт ержеткен
Анашым аяулы сағындым
Кейелі бесіктен
Әлдилеп тербеткен
Келеді сәби боп танылғым
Ақниет арайлы келбетіңнен
Күтіп ем бақыттың ақтаным
Осынау дөңгелек жер бетінде
Өзындей асыл жан таппадым
Қайырмасы:
Жан ана әлемде сіздер үшін
Ешкім жоқ өзіңдей құрметті
Арналған ән арнап сіздер үшін
Бас иіп тұруға міндетті.
11 слайд
Еркін Нұржанов. «Анашым» Елжіреп жататын ертегімде, Есімде балапан күндерім. Сол айтқан ертегі жетелеген, Керемет түсінген түндерім. Қайырмасы: Шуақты нұрыңмен Нұрбақыт ержеткен Анашым аяулы сағындым Кейелі бесіктен Әлдилеп тербеткен Келеді сәби боп танылғым Ақниет арайлы келбетіңнен Күтіп ем бақыттың ақтаным Осынау дөңгелек жер бетінде Өзындей асыл жан таппадым Қайырмасы: Жан ана әлемде сіздер үшін Ешкім жоқ өзіңдей құрметті Арналған ән арнап сіздер үшін Бас иіп тұруға міндетті.
12 слайд
Үйге тапсырма.
1. №10 - сабақ. Суреттерге қарап, өз ойыңмен
бөліс. Қандай іс-әрекеттерді жақсы мінезге
жатқызуға болады? Жазып көрсет.
2. Келесі сабақ. №11, Әбен Нұрмановтың
«Уәде туралы» мәтінін оқып келу.
12 слайд
Үйге тапсырма. 1. №10 - сабақ. Суреттерге қарап, өз ойыңмен бөліс. Қандай іс-әрекеттерді жақсы мінезге жатқызуға болады? Жазып көрсет. 2. Келесі сабақ. №11, Әбен Нұрмановтың «Уәде туралы» мәтінін оқып келу.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды
өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін
қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде
тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде
өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды
тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [ 3 ] .
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [ 3 ] . Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.