Материалдар / Адам организіміне қызанақтың пайдасы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам организіміне қызанақтың пайдасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам организіміне қызанақтың пайдасы. Таза табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2019
720
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
СҚО Үлгілі ауылы Үлгілі орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: “ Қызанақтың адам организміне пайдасы ” Бағыты: Таза табиғи ор

1 слайд
СҚО Үлгілі ауылы Үлгілі орта мектебі Ғылыми жоба   Тақырыбы: “ Қызанақтың адам организміне пайдасы ” Бағыты: Таза табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау Жетекшісі : Қабиден Динара Қуанышызы Ғылыми жоба орындаушысы : Айтболат Айтмқхамед 4 сынып оқушысы

Аннотация Назарларыңызға ұсынылып отырған жұмыс қызанақ (орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro -

2 слайд
Аннотация Назарларыңызға ұсынылып отырған жұмыс қызанақ (орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған) көкөнісінің химиялық құрамын зерттеп, морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін және адам организміне пайдасын анықтайды. Әлемде белең алып отырған әр түрлі ауруларды дәрілік өсімдіктер, көкөністер арқылы емдеу және алдын алу шараларын жүргізу - өзекті мәселе. Сондықтан өмір талабына сай салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше көмектеседі. Қазіргі кезде химиялық, таза табиғи немесе синтетикалық дәрілердің орнына дәрумендерге бай көкөніс дақылдарын пайдаланудың әлдеқайда жақсы нәтижелілігі көрсетіледі.

Кіріспе Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан т

3 слайд
Кіріспе Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу - Насыр әл - Фараби, Әбу - Әли ибн - Сина, Беруни. Әл - Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген т. б. ғылымдар халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі - дәрмектің 78%, ішек - қарын, бауыр дәрілерінің 75%, ауруларының шипалы дәрі - дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай - ақ, бау - бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

• Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп ш

4 слайд
• Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарды. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады. Ерте заманнан - ақ ата - бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі - дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі - дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі - дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында. Өсімдіктерден жасалатын дәрі - дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін ең алдымен оларды жан - жануарларға қолдану жолымен тәжірибе жасау арқылы зерттеп тексереді.

Қызанақ Ғылыми топтастыруы Дүниесі: Өсімдіктер Кіші дүниесі: Tracheobionta Бөлімі: Magnoliophyta Табы: Magnoliopsida Кіші табы:

5 слайд
Қызанақ Ғылыми топтастыруы Дүниесі: Өсімдіктер Кіші дүниесі: Tracheobionta Бөлімі: Magnoliophyta Табы: Magnoliopsida Кіші табы: Asteridae Сабы: Solanales Тұқымдасы: Solanaceae Тегі: Solanum Түрі: S. lycopersicum Екі-есімді атауы Solanum lycopersicum L. Синонимдері Lycopersicon lycopersicum Lycopersicon esculentum

Қызанақ Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итал

6 слайд
Қызанақ Қызанақ  – жемісі жеуге жарамды,  біржылдық  немесе  екіжылдық  шөптесін өсімдік. Орыс тілінде  «помидор»  атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал  «томат»  атауы француздардан  «tomate»  деген сөзінен аударылған. Отаны  Оңтүстік Америка , бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында  Испания ,  Португалия , кейін  Италия  мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады .

Қызанақ- жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-25 0 С, түнде-12-15 0 С. Температура 15 0 С төменд

7 слайд
Қызанақ- жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз-20-25 0 С, түнде-12-15 0 С. Температура 15 0 С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 10 0 С өсуін тоқтатады, ал-1,5 0 С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 33 0 С – қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 35 0 С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-30 0 С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 11 0 С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 8 0 С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.

• Қызанақ (Lycopersіcon) [1] , томат , помидор — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде ж

8 слайд
• Қызанақ  (Lycopersіcon) [1] ,  томат ,  помидор  — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін  өсімдіктер (кейде жартылай бұта).  Оңтүстік Америкадан  таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7).  Қазақстанда  1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см- ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар , С витамині, В, РР тобының витаминдері,  каротин  бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары:  Белый налив 241 ,  Ранний 80 ,  Ақтөбелік 85 ,  Глория , т.б. сорттары  Батыс Қазақстан ,  Қостанай , Шығыс Қазақстан ,  Қарағанды ,  Павлодар , т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік,  фитофториоз , макроскориоз , т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Топырақты дайындау және тыңайту • Қызанақтарға механикалық құрамы бойынша жеңіл, 2%-тен жоғары гумуспен қамтылған топырақтар

9 слайд
Топырақты дайындау және тыңайту • Қызанақтарға механикалық құрамы бойынша жеңіл, 2%-тен жоғары гумуспен қамтылған топырақтар жарамды.  Оңтайлы  pH 6—7. Қызанақтар үшін еріп ағушы, ауа жіберушілігі нашар жерлер жарамсыз.  Жерді дайындау,  күздегі 27-30 см-ге жырту  және ерте көктемде тырмалаумен тырнауға  байланысты.  Тағы көшеттерді көшіріп егер алдында егу алдыңғы тырнауды жүзеге асырады. Органикалық тыңайтқыштарды ізашар астына  30—40 т/га балғын көң ретінде  енгізген жақсы, бұл қоректік заттарды пайдалануды оңтайландырады.  Минералдық тыңайтқыштарды топырақтың жалпы агрохимиялық  анализі негізінде енгізген жөн.  Фосфорлық және калийлық тыңайтқыштарды күздік тырнау астына P2О5 100—110 K2О 170—190 кг ә.з./га енгізеді. Азоттық тыңайтқыштарды көктемнен бастап вегетация кезеңі бойына  бірнеше кезеңде (негізінен 3—4) енгізу керек. Бұл ретте бір га-ға азот мөлшері N 100—120 кг ә.з. көлемінде болу керек. Тыңайту кезінде кальций мөлшеріне көңіл аудару қажет. Егер ол жеткіліксіз болса, немесе қол жетерліксіз болса, өсімдікті Са-ды жоғары қамтыған минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Көшетті өсіру • Өсіру үдірісі топырақтар қосындысымен толтырылған жәшікке дәндерді егуден басталады. Егер алдында топырақты

10 слайд
Көшетті өсіру • Өсіру үдірісі топырақтар қосындысымен толтырылған жәшікке дәндерді егуден басталады. Егер алдында  топырақты тыңайтады  және  5 см сайын таңбалайды, дәндерді 1 см тереңдікте  1 см сайын отырғызады. Көшетті екпе көшеттерді айырып отырғызусыз өсіруге болады, бұл ретте дәндерді тікелей қыш құмыраға отырғызады. Дәндерді отырғызғаннан кейін көгерулердің пайда болуы кезінде  оңтайлы температура — 24—26°С.  Тұқымдықтардың ашылғаны кезінде температураны күндіз 18—20°С –ға дейін,  түнде 15—16°С дейін төмендетеді. 7—10 күннен соң шуақты күндері температураны 20—22°С дейін, бұлтты күндері 18—19°С дейін  және түнде  17—18°С дейін көтереді. Айырып отырғызу бірінші шынайы жапырағы шыққаннан кейін  басталады. Қыш құмыралар диаметрі — 8—10 см. Ауыстырылып отырғызылған көшет екпелерін жылы сумен суарып, 2 күнге қараңғылатады.  Гүл түйнектерде бірінші шашақ пайда болған кезде температураны күндіз 18—20°С дейін, түнде 16°С дейін түсіреді. Топырақтың оңтайлы температурасы  18—20°С.  Отырғызар алдында 10 күн бұрын  суаруды азайтады,  температураны түсіреді, бұл өсімдіктің шыңдалуына  көмектеседі. Сабақтардың қалыңдап кетуі мен көлеңкеленуі  биіктігінің тез өсуіне алып келеді, бұл көшет сапасына жағымсыз әсер етеді. Жарық тек жапырақтарға емес, сонымен қатар сабақтарға түсуі керек. Бұндай жағдайда қалыптасқан гүл шоғарлары, жеміс байламын құрмайтын, азғантай гүлге ие болады. Көшет жасы қыш құмыра көлеміне, өсіру мерзіміне, өсіру жағдайына байланысты және 8-10 аптаны құрайды.  Айырып отырғызғаннан соң  өсімдіктер арасындағы ара-қашықтық жапырақтар бірін-бірі жауып тұрмайтындай болу керек.  Көшет 8-11 шынайы жапырақ фазасында болғанда, оны тұрақты орнына көшіреді. Отырғызу сызбасын таңдау кезінде, ұсынылған  м²  2—2,5  өсімдік қалыңдығын  ұстанған жақсы  (екіқатарлы сызба бойынша 70+50×80—90 см, немесе бірқатарлық  60—70×80 см), ал қалың отырғызу қосымша артықшылықты бермейді.

Өсімдікті күту Вегетация кезінде ауаның оңтайлы температуралық режимі — 16—28°С. Жер температурасы: жазда: 20—23°С, қыста: 16—

11 слайд
Өсімдікті күту  Вегетация кезінде ауаның оңтайлы температуралық режимі — 16—28°С. Жер температурасы: жазда: 20—23°С, қыста: 16—18°С. Күндізгі және түнгі температура арасындағы оңтайлы айырмашылық 6—8°С-ны құрайды.  Егер өсімдіктің өсуі баяуланып қалса, түнгі температураны көбейтеді, бұл  биомассаның қарқынды өсуіне көмектеседі. Қызанақ үшін оңтайлы  күн ұзындығы 14-16 сағатты құрайды. Вегетация кезеңінде  температураның 13—15°С-ға дейін түсуі, байламдарының түсуіне және  гүл түйнектерінің ашылмауына алып келеді.  +10°С  температурасында өсуі тоқтайды, 0,5°С –да гүлдері мен жемістері өледі. +30°С температурасында тозаңдарының стерильденуі болады.  Жеміс байлануларының жақсаруы үшін  гүл шоғырларын сілкиді.  Жапырақ қуыстарындағы  барлық  өсінді  алынады, тек бас сабақ қалады. Егер ұшы сынып қалса, соңғы өсінді бас өркенді алмастырады.  2 метрлік биіктікке жеткенде  өсімдікті будандастырады (бұл уақытқа дейін 11 шашақ қалыптасады). Шашақтарды қалыптастырған дұрыс.

Тыңайту • Негізгі құюды күзде жасайды - бұл минералдық қоректендірудің (Р, К) шамамен 70% құрайды. Калийлық тыңайтқышпен құю

12 слайд
Тыңайту • Негізгі құюды күзде жасайды - бұл минералдық қоректендірудің (Р, К) шамамен 70% құрайды. Калийлық тыңайтқышпен құю K2SO4 20—25 кг/га дейін жүзеге асырылады, pH жоғары болған кезде бұл мөлшерді көтеруге болады. Көктемде, отырғызар алдында бастапқы тыңайту береді (монокалий фосфат және  аммиактық селитра 300 кг/га). Бұндай сызбада өсімдікті 3-4 апта бойы қоректендірмейді.  Тыңайту жүйесі  жер анализіне негізделуі  және  өсімдіктің даму кезеңі мен  ауа райы жағдайларын есепке алуы керек. Шамамен 20 кг/м² дайын өнім алу үшін жылыжай т...